Мотивациялық-оятушылық іс-әрекетке итермелеу | Балалар, орындарнымыздан тұрып, бір-біріміздің қолымызды кезекпен алып, үш тілде амандасайық «сәлем, привет, hello » Міне, осындай көңіл – күймен сабағымызды бастаймыз. бүгінгі сабағымызда біздің дастарханымызға тамақтар қайдан келетіні туралы әңгімелесеміз. Ендеше сендермен сабағымызда кездесетін сөздерді үш тілде қайталап шығайық. Май- масло- butter, нан-хлеб-breat , шай- чай-tea , қант- сахар-sugar, жұмыртқа-яйцо-egg , шұжық- колбаса -sausag ,ет- мясо -meat , сүт- молоко- milk, тұз- соль-salt , ірімшік- сыр-cheese , пайдалы- полезный-useful , сатып алды- купил-buy . | Мұқият зейін қойып тыңдайды Тәрбиешімен бірге қайталайды |
Ұйымдастырушылық –ізденушілік | Шаттық шеңбер Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз. Біз талапты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан. - Балалар, айтыңдаршы дастарқанның сәні не? Дұрыс айтасыңдар. - Адамдардың сүйіп ішітін сусыны не? Дұрыс айтасыңдар. - Шай дәмді болу үшін шайға не қосады? - Шайымыз тәтті болу үшін не қосамыз? - Осы тағамдарды біз қайдан сатып аламыз? - Қандай дүкеннен? - Дұрыс, азық-түлік дүкенінен сатып аламыз. Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы «Азық-түлік дүкенінде» деп аталады. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Тақтадағы «Азық-түлік дүкенінде» суреттерге көңіл аудару. Сурет:“Азық- түлік дүкенінде” балалар, суретке қарап сөлемдер құрастырайық. (балаларға сұрақтар арқылы көмек көрсету) Мынау азық- түлік дүкені. Дүкен орталықта орналасқан. Дүкенде нан, сүт, қант, жұмыртқа, ірімшік, айран бар. Дүкенге Қанат пен Марат келді. Қанат нан мен шай сатып алды. Марат айран сатып алды. Дүкеннің іші жарық және таза. Мақал мәтелмен таныстыру: Ас- адамының арқауы Дастарханда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ Нан - қастерлі тағам. Қоқымын оның шашпа, Жерге түссе, баспа. (Ә. Бастаубаев) Сергіту сәті: Отырып-тұру Кәне қызық ойындар Қатарласа қойыңдар Отырыңдар, тұрыңдар, Маған мойын бұрыңдар. Қолымызды жазайық, Құстай қанат қағайық. Аяқты бір басыңдар Кәне тағы - тағы да Қол соғайық жабыла Кәне тағы - тағы да! «Дұрыс бұрыс» ойыны Мақсаты: балалардың азық-түлік дүкені туралы білімдерін кеңейту. Шарты: дұрыс жауап айтылғанда қолдарымен шапалақтайды, дұрыс емес жауап айтылғанда бастарымен шайқайды. -Азық-түлік дүкенінде нан сатылады. -Азық-түлік дүкенінде пианино сатылады -Азық-түлік дүкенінде қант сатылады -Азық-түлік дүкенінде шай сатылады -Азық-түлік дүкенінде бұлт сатылады -Азық-түлік дүкенінде сүт сатылады. -Азық-түлік дүкенінде киімдер сатылады. -Азық-түлік дүкенінде кәмпит сатылады -Азық-түлік дүкенінде қалам, дәптер сатылады. -Азық-түлік дүкенінде айран, қаймақ сатылады. «Азық-түлік дүкені» Мазмұнды –рөлді ойынын ойнату арқылы сабақты қорытындылау . Балалар сөрелер, тамақ түрлері, өлшеңіз, тізім, сапа,беріңізші,барлығының құны , тағы не аласыз? таңдап алды. Сөздерін қолдана отырып ойын ойнайды Олар екі топқа бөлінеді жартысы дүкен сатушысы ал екінші топ сатып алушы болады. | Шаттық шеңберін орындайды Нан, шәй, сүт қант дүкеннен азық-түлік Мұқият зейін қойып тыңдайды . Балалар сөйлемдер құрайды. Тәрбиешімен қайталайды Сергіту сәтін орындайды. Тәрбиешімен бірге қимылдарды қайталайды.
Ойын ойнайды Балалардың жауаптары |