сөздер, слайдтар, кітап көрмесі, даналық сөздері, баннер.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, деректі бейнефильм
Барысы:
Слайдта «Жеңістің 70 жылдығына арналады», 1941 жылғы Ұлы Отан соғысының басталуы жайлы деректі фильм көрсетіледі.
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Соғыс сиқын біледі оны көргендер,
Сол апатқа төтеп берді ел мен жер
Тарих білед, залалы мен зардабын
О, адамдар?
Сондай соққы көрмеңдер.
1941 жылы маусым айының 21-де басталып, 1945 жылы жылдың 9 мамырында жеңіспен аяқталған Ұлы Отан соғысына қатысқан біздің бабаларымыз бен әжелеріміз. Олардың көпшілігі бүгінде біздің біздің арамызда жоқ, бірақ есімдері мен ерліктерін біз ешқашан ұмытпауымыз керек. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам қатысты. Соғыс кезінде Отан үшін, ел үшін талай боздақтар жанын пида етті. Олардың көпшілігі 17-18 жастағы өрімдей жастар еді. Басым көпшілігі Ұлы жеңісті көре алмай, кейінгі ұрпақтың бақыты үшін жат жерде көз жұмды. Ұлы Отан соғысы кезінде 100 қазақ ұлтының азаматы Кеңес Одағының батыры деген атаққа ие болды.
Олар - біздің мәңгілік мақтанышымыз, айбарымыз.
II. Батыр туралы сөз слайдта көрсетіледі.
Отанға қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, оның аты қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Комбат... Бұл мың басы.
Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Ол бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. Халық оны батыр деп атады.
Сәуірбек Бақбергенов
- Балалар, бұл кім жайында айтылған пікір?
(Слайдта Бауыржан Момышұлы көрінеді.)
І жүргізуші:
Кешіп өтіп кешегі от- жалыннан,
Дүниеге ерлігімен танылған,
Кең жауырынды, Талғардай тік иықты,
Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.
ІІ жүргізуші:
Қалтыраған атынан жау ордасы,
Панфиловтың жорықтағы жолдасы,
Даңқ туын майдандағы көтерген
Гвардия бөлімінің қолбасшысы
оқушы: Аты аңызға айналған Бауыржан ата 1910 жылы 24 желтоқсанда -Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында дүниеге келген.
оқушы: Бауыржан Момышұлының әкесі Момынәлі отбасында төртінші болып өмірге келген. Момынәлі 33 жасында Рәзия деген қызға үйленеді. Бауыржан анасын жақсы білмейді, себебі анасы 3 жасында қайтыс болған.
оқушы: Бауыржан 13 жасынан білім іздеп, Шымкент, Тараз қалаларында интернатта тәрбиеленді. Ол математикаға жетік болған.
оқушы: Алғашқы еңбек жолын мектепте мұғалімдіктен бастаған, 1932 жылы әскер қатарына шақырылып, ептілігі мен біліктілігі нәтижесінде офицерлік шенге ие болады. 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірген соң қаржыгер болып та қызмет атқарады.
оқушы: 1936 жылы әскери қызметке қайта оралған Бауыржан Момышұлы даңқты сардар, генерал-мойор И.В. Панфиловтың 316-атқыштар дивизиясының құамында офицерлік міндетін атқарып, соғыс жылдары батальон, полк командирі болады.
І жүргізуші: Мазасыз сол күндерде Бауыржан Момышұлы басқарған бөлімшелердің жау шабуылын қайтарып көрсеткен ерліктері аз емес. Оның батырлығымен көзге түскені де осы тұс. 1941 жылы Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді.
ІІ жүргізуші:
Ақ боранда азынаған, қақаған
Жаудың қолы Москваға тақаған.
Тайсалмады жау сұсынан жас қазақ
Мирас еткен батырлықты атадан.
Батырдың жыр күнделігінен...
6-оқушы:
Мақтанбаймын мастанып,
Бұндай абырой табысқа.
Қоян емен тығылар
Жау көргенде қамысқа.
Арыстан емен ақырған,
Данышпан емен ақылдан.
Қара қазақ ұлымын,
Жалпы жатқан елдегі
Бұқараның бірімін.
7-оқушы:
Баяндалған істерді
Мен істедім демеймін.
Мен істедім дегенше,
Мың істедім дегеймін.
Мың істеді дегенше,
Ер істеді дегеймін.
Мен мыңдікі болмасам,
Ер елдікі болмаса,
Кім істеді дер едім?
8-оқушы:
Оқты қағып құрыш тұлға төсімен,
Туған елі шыққан емес есінен.
Қуды жауды Москва түбінен,
Қашты дұшпан Бауыржандар елінен.
9-оқушы:
Ол қаһарман сүйген ерен Отанын,
Халық берген оған батыр атағын.
Ауыр сынның арқалаған азабын
Ерлігіңді жырмен алаулатамын.
І жүргізуші: Ер ерлігі еленбей қалған жоқ.
ІІ жүргізуші: Батыр әртүрлі деңгейдегі наградалармен марапатталды.
10-оқушы: 1942 жылы 6 маусымда «Қызыл ту» орденімен;
1944 жылы 6 маусымда «Москваны қорғағаны үшін» медалімен;
1945 жылы шілдеде І дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет
белігісі» ордендерімен;
«Қызыл жұлдыз» орденімен екі рет марапатталған.
11-оқушы: Соғыстан кейінгі кезінде: 1970 жылы «Еңбек Қызыл ту»
орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен;
1980 жылы «Халықтар достығы» орденін иеленді.
КСРО президентінің 1990 жылғы 11 желтоқсандағы Жарлығымен
Б. Момышұлына 1941-1945 жылдардағы соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
1995 жылы ҚР президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді.
2000- жылы «Ғасыр адамы» деп танылды
ІІ. Батыр бейнесі: (слайдта)
12-оқушы:
Баукеңнің қай суретіне қарасаң да, оның көз жанарының оттай өткір, баданадай үлкен екенін байқайсың. Көз көргендердің айтуынша, соғыс кезінде немесе ашуланған кезде бұл көздер найзағайдың отындай жарқылдаған. Бұл – Бауыржан батырдың ең басты ерекшелігі.
Бет әлпеті сұсты, маңдайы кең, шашы тікірейген қайратты, фото суреттерінде қос иығын қомдап, ұшуға дайын отырған қыран бүркітті көз алдыңа елестетеді. Қатулы сәтінде оған қарсы сөз айтпақ түгілі, көзіне тіке қарау мүмкін емес.
Мінезі тік. Жалған сөйлейтін, жасанды мінез көрсететін жандарға қаһарын төгіп, бірден меселін басып тастайды. Ал енді, әңгімесі жарасқан, көңілі түскен кісіге жайдары, жанашыр, ақкөңіл мінез танытады. Бала көрсе маңдайынан сипап, бауырына тартатын балажан.
Әрбір уақытын есептеп жүреді. Жас кезінен кітапты көп оқыған, үлкендерді сыйлаған, білімділердің сөзін құлақ қойып тыңдаған. Өз ұлты мен оның тілін, дәстүрін жанындай сүйген. Әрқашанда Отан үшін жанын қиюға дайын тұрған.
13-оқушы: Игерген өнерлері көп.Атап өтсек:
1.Құралайды көзге атқан мерген.
2.Турникке тартылу басқа спорт түрлерінен жетістіктерге жеткен.
3.Ат құлағында ойнаған шабандоз, атбегі.
4.Қарамағындағы жауынгерлерді тәрбиелеуде озық тәжірибе көрсеткен.
5. Әскери қолбасшылығы бөлек әңгіме.Генералдарға сабақ берген ұстаздығы бөлек әңгіме.
6.Кітаба әлемге тараған жазушы.
7. Көпшілікке белгісіздеу өнері – суретшілігі.
8. Бильярд ойынының шебері.
9. Сөзге шешен, тпақыр.
14-оқушы: Сонымен қатар Бауыржан атамыздың қаламынан шыққан «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Жонарқа», «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы» сияқты туындылары – жұртшылықтың қолдарынан тастамай оқитын, өзінен кейінгілерге өнеге ретінде ұсынатын маңызды қазыналарына айналды.
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатында: Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны Б. Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындыларына куә болдық.
Бауыржан Момышұлы – елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегесі ұрпаққа үлгі болатын ұлы тұлға. Туған еліміздің бақыты үшін күрескен қаһарман перзентін халқымыз шексіз сүйіп, өнегесін үлгі-құрмет тұта отырып, мәңгілік есте сақтаймыз.