kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Атаны? с?зі- а?ылды? к?зі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: Аталардан ?ал?ан ?ла?атты,?ибрат аларлы? с?здерді балалар?а ??ындыру,сол с?здерден ?неге алу?а баулу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Атаны? с?зі- а?ылды? к?зі»

Сабақтың мақсаты:Аталардан қалған ұлағатты,ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру,сол сөздерден өнеге алуға баулу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер.

Жоспары:

1.Кіріспе

2.Аталы сөз-баталы сөз.

3.Ескірмейтін есті сөз

4.Жақсы деген немене,жаман деген немене?

5. «Асылдың сөзі-ақылыдң кені»

6.Қорытынды.


Барысы:

Кіріспе.

Біздің ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты,ғибрат аларлық тамаша тәлім тәрбие берерлік өсиет сөздер көп. Бүгінгі таңдағы жас ұрпақ сіздердің міндеттеріңіз осы қасиетті сөздермен танысып,оның мән-мағынасын жете ұғынатын дәрежеге жету болып табылады.

Ата тәлімі .

Арман деген не?-деп сұрапты қария баладан

Бала : Ата, арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы.Құс ұшсам дейді,қыз көрікті болсам дейді,жігіт бақытты болсам дейді,қарт жүзге келсем дейді,ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді.

Ата: Арманына адаспаған жетеді,адасқан жете алмайды.Арманына ақылды жетеді,ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қария.

-Бақытты болу оңай ма?-депті қарт.

Ата жары жақсы болса,бақыты жанында-депті жігіт.

-Жоқ,балам ақыл басында болса,бақытжанында болады.Ақыл адамда азаптандамазақтан да,құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең,ақылдықты үйрен,неақылды қызға үйрен.

-Дос табу оңай ма?-депті қарт.

-Ата дос табу ақылдыға оңай,ақымаққа қиын-дейді жігіт.

-Жоқ,балам, (үйде қонақ,қарт, бала қадірлі Елде хан)өмірде дос табу ақылдыға қиын,ақымаққа оңай. Жақсылығы жоқ достың қастыы аяқ астындажатады.

Есіңде болсын досың ақылды болса ,өзің дана боласың,досың бала блса өзің шала боласың.

-Өмірде не жетім ?-деп сұрапты қарт.

-Ата-анасы жоқ бала жетім-депті жігіт.

-Дұрыс балам, өмірде ата-анасы жоқ жетім ,өмірде жеті жетім бар .Халқына сенімсіз болса хан жетім,суы жоқ құдық жетім,ұлы жоқ әке жетім,қызы жетесіз болса, шеше жетім,досы жоқ жігіт жетім,шәкіртсіз ұстаз жетім,өмірде жетім болсам есірме ақылды жетім кеңесуге құмар, ақылсыз жетім егесуге құмар.

- Аталы сөз кімге керек?

Ата ,аталы сөз ақындарға керек.

Жоқ,балам аталы сөз бәріне керек. Есіңде болсын,ақылдыға-аталы сөз дана болу үшін керек,жақсыға –ақылды болу үшін керек.Берекелі сөз бесіктегі балаға әсер етеді.Өмірде аталы сөзді тауып айту қиын.Аталы сөз ақылдыдан шығады. Есекті ақырған дауысынан таниды,ақымақты айқайынан таниды.Ақымаққа ақыл айтсаң мазақ қылады,ақылдыны мазақ қылсаң жалтақ болады.Аталы сөз өсетін жасқа,өнерлі жанға керек.Өнер талантты өсіреді,өсек талантты өшіреді.Өмірде аталы сөз бәріне керек.Ата ақиқатты айтады,әке ақылдықты айтады,ана жақсылықты айтады.

Ескірмейтін есті сөз

Бірде жетес шешеннен «Адамның,жердің, сөздің сәні не?»-деп сұрапты.Сонда Жетес:

Адам сәні -өнер,білім,ақылы.

Жердің сәні-жеміс,өнім,дақылы –депті

Мақал –мәтел сайысы(екі топқа бөліп жарыстыру)

Жақсы деген немене, жаман деген немене?

Жақсы деген кісінің алды-арты бірдей жарық болар,

Жақсы деген ісінің бас-аяғы бірдей анық болар.

Жаман деген кісінің алды-арты бірдей жаяу болар,

Жаман деген ісінің бас-аяғы бірдей дау болар.

Жақсы бала айтқаныңды құлақ салып ұғады,

Төсегінен тұра салып таза ауаға шығады.

Жақсы бала ол анық істемейді шалалық,

Тап-таза боп жуынып ,алады ол таранып.

Жаман бала құрысып,өз-өзінен тырысып,

Түске дейін жатады,шешесімен ұрысып.

Жақсы бала әрдайым деп ұятқа қалмайын деп С

Сабағына барады күнделікті дап-дайын

5. «Асылдың сөзі-ақылыдң кені»

«Жеті жетіні білгенді адам дейді» дегендей қазақы жеті ұғымды атау керек.

Жеті қазына,жеті жоқ, жеті ғалам, жеті жетім, жеті жау деген не?

Жауаптары:

Жеті ата-ата,әке,бала,немере, шөбере, шөпшек, немене.

Жеті жоқ-жылқыда өт жоқ,

Құста сүт жоқ

Таста тамыр жоқ

Тасбақада талақ жоқ

Аспанда тіреу жоқ

Жерде өлшеу жоқ

Аллада бауыр жоқ.

Жеті ғалам-күншығыс, күнтабыс,түстік, терістік, аспан жоғары ғалам,жер орта ғалам,жер асты төменгі ғалам.

Жеті жетім-тыңдалмаған сөз жетім

Киюсіз қалған бөз жетім

Басшысыз қалған жер жетім

Иесіз қалған ел жетім

Аққу,қазсыз көл жетім,

жерінен айырылған ер жетім.

Жеті қазына-ер жігіт,әйел,ақыл, ат ,бүркіт, мылтық, тазы.

Жеті жау- зілзала,жұт,індет,тіл,ақымақ бала, құрғақшылық,соғыс.

Қорытынды:

Халқымыздың асыл қазыналарын есте ұстап, өмірде қолдана біліңдер.Кең пейіл,дархан еліміздің,адамгершілік асыл қасиеттерін бойларыңа сіңрген,әдепті де саналы ұрпақ болып өсе беріңдер.Осындай аталарыңнан алған өнегелерің ұзағынан сүйіндірсін.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Атаны? с?зі- а?ылды? к?зі

Автор: Адилева Динар Маратовна

Дата: 17.05.2016

Номер свидетельства: 327642


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства