Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
««Аталы с?з – баталы с?з». »
Сабақтың тақырыбы: «Аталы сөз – баталы сөз».
Сабақтың мақсаты: Бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді
балаларға ұғындыру.Оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу.Бата туралы оқушыларға айту.
Сабақтың көрнекілігі: «Аталы сөз – баталы сөз» кітабы
«Дәстүр» журналы. Қазақ халқының салт-дәстүрлері, кітабы Алматы 2004ж.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ.
Кешегі өткен қариялардан ,ғұлама ойшылдар мен шешен - билерден , ақын – жыраулар мен сал- серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда
Бата – адам баласына тек жақсылық тілеу, халық тарихында ертеден қалыптасқан дәстүр.Ата – бабаларымыз өмір тәжірибелерінен халықтық, әдет – ғұрып болып қалыптасқан дәстүрлерінен үлгі етіп ұрпақтарына үйретіп отырған, тілек тілеп, бата беріп жастарды жақсы жолға бастаған.
Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиетнама.Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір – біріне деген мейірім – шапағатын , сүйіспеншілігін білдіру. Береке – бірлікке шақыру, үлкен –кішінің жолын ашу «жауынменен»жер көгерер , батаменен ер көгерер» деп халық батаны киелі сөз деп , жоғары бағалайды, жастар жаттап , жадында сақтайды.
Бата-қарт адамның ризалық сезімін, сүйікті ой- тұжырымдарын , жақсы тілектерін білдіреді.