kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аталар с?зі-т?рбие к?зі

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??алімі: Г.?лм?рат

Та?ырыбы: «Аталар с?зі-т?рбие к?зі»


1-ж?ргізуші:            К?п жаса?ан ?ария

                                  А?ылы те?із-дария.

                                  К?п ?неге с?зі бар

                                  С?зі – со?па?, ?зі н?р.

                                  Ата салты – арда?ты,

                                  ?рбір с?зі – салма?ты.

                                  Сол с?здерді ??паса?

                                  Тістерсі? бір к?н барма?ты.

 2-ж?ргізуші: Аталар с?зі  - кешегі ?ткен ?ариялардан, ??лама ойшылдар мен  шешен-билерден, а?ын-жыраулар мен сал-серілерден м?ра, мирас болып ?ал?ан ?лы т?рбие ??ралы.

Мы? жылда бір-а? к?рінетін кометалардай сыры да, сезімі де тере?, т???иы? дана т?л?аларымыз ф?ни ?мірден баз кешіп, ба?илы? болып жатыр. ?йтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлы?ы, ?лия мен М?нш?к ерлігі, ?аныш пен ?лкей білімі, М?хтар мен ?абит, ?абидендерді? ?ні, Дінм?хаммедті? парасаты – б?гінгі ?рпа??а ?неге. Оларды? даналы? болжамы, ?ибрат аларлы? с?здері мен пайымдаулары б?гінде халы?пен ?айта ?ауышып, ж?регімізден орын алуда.

Бізді? ата-бабаларымыздан бізге жеткен к?птеген ?ла?атты, ?ибрат аларлы?тай тамаша т?лім-т?рбие берерліктей ?сиет с?здер бар.

“Аталар с?зі – т?рбие к?зі” атты сауалнама-??гімеміз ?арт ата мен жас жігіт арасында бол?ан ??гіме т?рінде ?теді. Я?ни, ?арияны? жігітке ?ой?ан сауалына жігітті? жауап беруі ж?не ?арияны? ол пікірді толы?тырып ?з ойын айтып беруін к?рсетеміз.

     1-бала: - Арман деген не? – депті ?ария.

- Ата арман дегеніміз а?ыл-ойды? шынды?ы. ??с  -?шсам дейді, бала - ?ссем дейді, ?ыз – к?рікті болсам дейді, жігіт – ба?ытты болсам дейді, ?арт – ж?зге  жетсем дейді, ?стаз – ш?кіртіне ?лгі болсам дейді.

Арманына адаспа?ан жетеді, адас?ан арманына жете алмайды.

Арманына а?ылды жетеді, а?ыма? б?л ?мірден т??іліп ?теді, - депті ?арт.

 2-бала- Ба?ытты болу о?ай ма? – депті ?арт.

- Ата, жары жа?сы болса, ба?ыты жанында – депті жігіт.

- Жо? балам, а?ыл басында болса, ба?ыт жанында болады. А?ыл адамды азаптан да, маза?тан да ??т?арады. ?мірде шын ба?ытты боламын десе?, а?ылдылы?ты ?йрен, не а?ылды ?ыз?а ?йлен.

 3-бала- Дос табу о?ай ма? – депті ?арт.

- Ата, дос табу а?ылды?а о?ай, а?ыма??а ?иын.

- Жо? балам, ?мірде дос табу а?ылды?а ?иын, а?ыма??а о?ай. А?ылдыны? досы аз, ?асы к?п, а?ыма?ты? досы к?п бол?анымен жа?сылы?ы жо?. Жа?сылы?ы жо? досты? ?асты?ы ая? астында жатады. Есі?де болсын, досы? а?ылды болса, ?зі? дана боласы?, досы? бала болса, ?зі? шала боласы?, - депті ?арт.

 4-бала- ?мірде не жетім? – депті ?арт.

- Ата-анасы жо? бала жетім – депті жігіт.

- Д?рыс балам. ?мірде ата-анасы жо? болса бала тірі жетім. ?мірде то?ыз жетім бар. Хал?ына сенімсіз болса – хан жетім. Ханы а?ылсыз болса – хал?ы жетім, ке?есшісі а?ылсыз болса - ?кім жетім, суы жо? - ??ды? жетім, ?лы жо? - ?ке жетім, ?ызы жетесіз болса - ана жетім, досы жо? -жігіт жетім, ш?кіртсіз – ?стаз жетім.

?мірде жетім болса? есірме. А?ылды жетім ке?есуге ??мар; А?ылсыз жетім егесуге ??мар. Егескен ел болмайды.

 

5-бала- ?йде кім, елде кім ?адірлі?

- Ата, ?йде ана, елде басты? ?адірлі – депті жігіт.

- Жо? балам, ?йде ?она?, ?арт, бала ?адірлі. Елде хан, ?кім, ?стаз ?адірлі. ?она?ты ?адірлеуді б?рі біледі. Бала ?йді? патшасы, балалы ?й

 

1-ж?ргізуші:  Алты алаш деген не?

О?ушы:          - Алты алаш деген – Алаш ханны? балалары – ?аза?, ?ара?алпа?, ?ыр?ыз, ?збек, Т?ркімен, Жайылхан.

 

2-ж?ргізуші:  Д?ниеде не жетім?

 

О?ушы:                   Жа?быр жаумаса – жер жетім,

                        Басшысы болмаса – ел жетім.

                        ??пас?а айтыл?ан – с?з жетім

     

1-ж?ргізуші:  Д?ниеде не т?тті, не ж?мса?, не ?атты?

О?ушы:          Ананы? с?ті т?тті. Ананы? ?олы ж?мса?. ?кені? ж?регі ?атты.

 

2-ж?ргізуші:  Д?ниеде е? жа?ыны? кім?

О?ушы:          Тату болса – а?айын жа?ын

                        А?ылшы болса – апайы? жа?ын

                        Бауырмал болса – іні? жа?ын.

                        Инабатты болса – келіні? жа?ын.

                        Алды?а тарт?ан адал асын,

                        ?имас жа?ын – ?арындасы?.

 

1-ж?ргізуші:  Енді біз сайысымызды ма?ал-м?тел айту т?рінде жал?астырамыз. Ма?алды біз бастаймыз, ?она?тар жал?астырып ая?тайды. Егер ?она?тар жал?астыра алмаса, кезекті о?ушылар алады. Та?дап алын?ан ма?алдар тіл, шешендік, ата-ана, ?л, ?ыз туралы айтылады.

     

(Ма?алдарды? бірінші б?лігін екі бастаушы кезек айтып, жал?асына жауап к?тіп т?рады)

 

1.  Таппаса? с?зді? ж?йесін ... (отына ?зі? к?йесі?)

2.  А?ылдыны? с?зі ?ыс?а, ... (к?пке болар н?с?а)

3.  Шешен с?з бастар, ... (батыр ?ол бастар)

4.  ?ылыш жарасы бітеді, ... (с?з жарасы бітпейді)

5.  К?п ішінде с?йлеген, ... (ой?а салмай с?йлеген)

6.  К?семдікті? белгісі, ... ( шешендікті? белгісі)

7.  К?п с?з – к?міс, ... (аз с?з – алтын),

8.  Жа?сы жігіт – аспанда?ы ж?лдыз ... (жа?сы ?ыз – жа?ада?ы ??ндыз).

9.  А?ылы? а?а?да болсын... (??ндызы? жа?а?да болсын).

10.          ?ке к?рген о? жонар ... (шеше к?рген тон пішер).

11.          ?ткір тіл – дарын ,... (?зын тіл жауы?)

12.          То?сан ауыз с?зді? ... (тобы?тай т?йіні бар)

13.          Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады).

14.          Жігіт болса? 7 ж?ртты? тілін біл ... ( немесе 7 т?рлі ?ылым біл)

 

Осыдан  со? сайысты?  ?орытындысы шы?арылады.

 

1-ж?ргізуші:  Міне, балалар, сендер т?лім-т?рбие аларлы?тай “Бабадан ?ал?ан асыл с?здер” ?те к?п екен. Сонды?тан  да ?лкендерді? ?р с?зіне зер салып, ?р с?зіні? астарына ??іле ?арай білу керек. ?сіресе ?йдегі ата-?желері?ні?, ата-аналары?ны? ?р с?зін ??ып, к?рі адамдарды? а?ылын, ?сиетін есте са?та?дар.

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аталар с?зі-т?рбие к?зі »



6 орта мектебі















«Аталар сөзі-тәрбие көзі»


8 а сыныбы










Г.Әлмұрат

















2014-2015 оқу жылы


Бекітемін: Г.Қ.Қыраубаева

Күні: 27.04.2015

Сыныбы: 8а

Мұғалімі: Г.Әлмұрат

Тақырыбы: «Аталар сөзі-тәрбие көзі»


1-жүргізуші:            Көп жасаған қария

                                  Ақылы теңіз-дария.

                                  Көп өнеге сөзі бар

                                  Сөзі – соқпақ, өзі нәр.

                                  Ата салты – ардақты,

                                  Әрбір сөзі – салмақты.

                                  Сол сөздерді ұқпасаң

                                  Тістерсің бір күн бармақты.

 2-жүргізуші: Аталар сөзі  - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен  шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.

Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең, тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда.

Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.

Аталар сөзі – тәрбие көзі” атты сауалнама-әңгімеміз қарт ата мен жас жігіт арасында болған әңгіме түрінде өтеді. Яғни, қарияның жігітке қойған сауалына жігіттің жауап беруі және қарияның ол пікірді толықтырып өз ойын айтып беруін көрсетеміз.

     1-бала: - Арман деген не? – депті қария.

- Ата арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс  -ұшсам дейді, бала - өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – бақытты болсам дейді, қарт – жүзге  жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіне үлгі болсам дейді.

Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды.

Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, - депті қарт.

 2-бала- Бақытты болу оңай ма? – депті қарт.

- Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында – депті жігіт.

- Жоқ балам, ақыл басында болса, бақыт жанында болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең, ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен.

 3-бала- Дос табу оңай ма? – депті қарт.

- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

- Жоқ балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, - депті қарт.

 4-бала- Өмірде не жетім? – депті қарт.

- Ата-анасы жоқ бала жетім – депті жігіт.

- Дұрыс балам. Өмірде ата-анасы жоқ болса бала тірі жетім. Өмірде тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса – хан жетім. Ханы ақылсыз болса – халқы жетім, кеңесшісі ақылсыз болса - әкім жетім, суы жоқ - құдық жетім, ұлы жоқ - әке жетім, қызы жетесіз болса - ана жетім, досы жоқ -жігіт жетім, шәкіртсіз – ұстаз жетім.

Өмірде жетім болсаң есірме. Ақылды жетім кеңесуге құмар; Ақылсыз жетім егесуге құмар. Егескен ел болмайды.

 

5-бала- Үйде кім, елде кім қадірлі?

- Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі – депті жігіт.

- Жоқ балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала үйдің патшасы, балалы үй

 

1-жүргізуші:  Алты алаш деген не?

Оқушы:          - Алты алаш деген – Алаш ханның балалары – Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.

 

2-жүргізуші:  Дүниеде не жетім?

 

Оқушы:                   Жаңбыр жаумаса – жер жетім,

                        Басшысы болмаса – ел жетім.

                        Ұқпасқа айтылған – сөз жетім

     

1-жүргізуші:  Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?

Оқушы:          Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты.

 

2-жүргізуші:  Дүниеде ең жақының кім?

Оқушы:          Тату болса – ағайын жақын

                        Ақылшы болса – апайың жақын

                        Бауырмал болса – інің жақын.

                        Инабатты болса – келінің жақын.

                        Алдыңа тартқан адал асын,

                        Қимас жақын – қарындасың.

 

1-жүргізуші:  Енді біз сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды біз бастаймыз, қонақтар жалғастырып аяқтайды. Егер қонақтар жалғастыра алмаса, кезекті оқушылар алады. Таңдап алынған мақалдар тіл, шешендік, ата-ана, ұл, қыз туралы айтылады.

     

(Мақалдардың бірінші бөлігін екі бастаушы кезек айтып, жалғасына жауап күтіп тұрады)

 

1.  Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)

2.  Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)

3.  Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)

4.  Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)

5.  Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген)

6.  Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі)

7.  Көп сөз – күміс, ... (аз сөз – алтын),

8.  Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз ... (жақсы қыз – жағадағы құндыз).

9.  Ақылың ағаңда болсын... (құндызың жағаңда болсын).

10.          Әке көрген оқ жонар ... (шеше көрген тон пішер).

11.          Өткір тіл – дарын ,... (ұзын тіл жауың)

12.          Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар)

13.          Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады).

14.          Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл ... ( немесе 7 түрлі ғылым біл)

 

Осыдан  соң сайыстың  қорытындысы шығарылады.

 

1-жүргізуші:  Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай “Бабадан қалған асыл сөздер” өте көп екен. Сондықтан  да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын, өсиетін есте сақтаңдар.

 

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Аталар с?зі-т?рбие к?зі

Автор: ?лм?рат Г?лжа?ан Са?ынай?ызы

Дата: 23.01.2015

Номер свидетельства: 160154


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства