kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Асыл м?ра- математиктер ?лемінде».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Асыл м?ра- математиктер ?лемінде».

Ма?саты: ?аза? халы? шы?армашылы?ы материалдары негізінде о?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.

Міндеттері: 1) 20 к?леміндегі сандарды н?мірлеу туралы білімдерін бекіту ж?не есептеу да?дыларын ?алыптастыру;

2)?лтты? м?ралар?а аялы к?з?арасты ?алыптастыру, адамгершілікке т?рбиелеу;

3) Логикалы? ойларын, тап?ырлы?тарын, есте са?тау ?абілеттерін дамыту.

  Та?таны? алдына ?рбір асыл м?раны? отаулары ?ойылып, оларды? іші с?ндік –?олданбалы ?нер туындыларымен, буклеттермен, кітапшалармен безендіріледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Асыл м?ра- математиктер ?лемінде». »

Сыныптан тыс қызықты математика сағаты



Тақырыбы: «Асыл мұра- математиктер әлемінде».

Мақсаты: Қазақ халық шығармашылығы материалдары негізінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Міндеттері: 1) 20 көлеміндегі сандарды нөмірлеу туралы білімдерін бекіту және есептеу дағдыларын қалыптастыру;

2)Ұлттық мұраларға аялы көзқарасты қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу;

3) Логикалық ойларын, тапқырлықтарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тақтаның алдына әрбір асыл мұраның отаулары қойылып, олардың іші сәндік –қолданбалы өнер туындыларымен, буклеттермен, кітапшалармен безендіріледі.

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Бастаушы: Балалар, қазір бізде –қызықты математика сағаты «Асыл мұра-математиктер әлемінде» тақырыбы бойынша өтеді. Сендер барлықтарың математиксіңдер, өйткені қандай есепті болмасын дұрыс шешесіңдер.

Қане, ендеше бәріміз хормен «Ойлан тап !» әнін айтып, қызықты сәтімізді бастайықшы.



Кел балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық...



Бастаушы: Сендер бүгін бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге жеткен асыл мұралары мен таныса отырып, соның негізінде математикадан білімдеріңді жетілдіресіңдер.

Ол үшін отауларды аралап, ондағы дүниелерді тамашалай отырып, білім қорымызды молайта түсейік. Отауларды аралау үшін бізге жетекші керек. (Осы кезде есіктен Жұмбақбай ата кіреді.

Оқушылар: Сәлеметсіз бе, атай ?

Жұмбақбай атай: Бұл –математиктер әлемі ме? (Иә) Онда адаспаған екенмін . Мен Жұмбақбай аталарың боламын. Сендерді бабаларыңның қалдырып кеткен қазыналарымен таныстыруға арнайы келдім және өздеріңе арналған «Жұмбақ » тапсырмаларым бар.



Бастаушы: Жұмбақбай атай сіздің келгеніңізге біз өте қуаныштымыз. Алдымызда тұрған құпия отауларды аралайтын жетекші іздеп тұр едік, сіз біздің ойымыздан тура шықтыңыз.

Жұмбақбай атай: «Математика –ғылымдардың атасы», «Ескісіз жаңа болмайды , есепсіз дана болмайды »,- деп халқымыз бекер айтпаған.



Ендеше, бірінші отау –«Мақал –мәтелдер » отауын тамашалайық .

Оқушылар ( хормен): Көп көрген ата-бабамыз ,

Солардан тәлім аламыз.

Екі топ кезекпен мақал-мәтел айтып жарысады. Қай топ айта алмай қалса , сол топ жеңілгені. Мақал-мәтелдерде міндетті түрде сан болу керек.



Екінші отау-«Жұмбақтар мен жаңылтпаштар» отауы .

Оқушылар (хормен):

Жаңылтпаштар айтамыз жаңылмай,

Жұмбақтарды шешеміз қалдырмай.







Жұмбақбай атай: Кәне, балалар. Енді сендердің білімдеріңді сынап көрейік . Сандардың атауларын дұрыс айта аласыңдар ма? Ендеше маған мына жаңылтпаштарды айтып беріңдер .

Ұшып кетті үш құс,

Ұшып келді ұшқыш.



Он қап,

Он қапты қақ.

(бірнеше жаңылтпаштар айтылады)

.

Жұмбақбай атай: Енді сендердің ой-өрістерің қандай екенін тексерейік .Ол үшін жұмбақтар шешейік.



Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді. (аптаның 7 күні)



Туысқан бес кісі,

Бірінен бірі кіші.

Бәрінің аты бір ,

Ең кішісі шеткісі. (бес саусақ)



Жұмбақбай атай: -Барлығы дұрыс. Сендер тапқыр, ой-қрістерің кең балалар екенсіңдер.Енді келесі отауға көшейік. Ата –бабамыз бізге қандай мұра қалдырып кеткен екен?!



Үшінші отау - «Санамақтар» отауы.

Оқушылар (хормен):Он саусақты санап ақ,

Үйренеміз санамақ.

Жұмбақбай атай: Ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен мұраларының бірі –санамақ. Мен математикалық санамақ –есеп оқимын.Сендер жауабын табыңдар.

Бәрі қанша құс болды?

Мынау да бір санамақ,

Өздерің көр саралап:

Төбеден төрт бөктергі,

Аңдыпты қос кептерді.

Секем ап бір дауыстан,

Безектеп бес сауысқан

Алты белден асыпты,

Тым-тырақай қашыпты.

Ұш үкі үркіп ұшыпты,

Тасқа құлап түсіпті. (14)

-Өте дұрыс. Сендер санамақты да дұрыс, шештіңдер. Тағы кім қандай санамақ біледі? (Оқушылар өздері білетін санамақтарын айтады).



Төртінші отау – «Қызықты ойын» отауы.

Барлығы бірге:Кел ,балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер,

Бізде қызық ойын бар,

Барлығың ден қойыңдар.

Ойнаңдар да ойлаңдар

Думандатып тойлаңдар.



Жұмбақбай атай: - Біздің ойнайтын ойынымыз «Хан талапай »ойыны.

Ойынның шарты: Мен қолымдағы асықтарды шашамын.Бұл асықтардың әрқайсысында сан жазылған. Сендер бір-бірден асықтарды алып , сол сан бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер. Кәне, бастайық!



Талапай-ау, талапай,

Табылды ойын алақай,

Алшысынан асайық,

Талапайға басайық, -деп асықтарды шашу.

Оқушылар жазылған сандар бойынша жауап береді.



№1 , 15 бұл 9 және ...

№2 , 12 бұл 7 және ...

№3 ,16 бұл 9 және ... т.с.с.



Бесінші отау- «Ата – баба дәстүрі» отауы.



Оқушылар (хормен) : Ата –баба дәстүрін сүйеміз,

Көңілге оны түйеміз.



  • Қазақ халқында үш, жеті деген сан өте киелі сан. Сол сандарға байланысты сұрақтар қойылады.

1. - Үш биді атаңдар. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би).

2. - Үш дананы атаңдар. ( Абай, Ыбырый, Шоқан).

3. – Жеті атаны атаңдар. ( Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене).

4. – Жеті күнді атаңдар.( Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).

5. – Жеті қазынаны атаңдар. (Ер жігіт , сұлу әйел, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт,берен мылтық, ілім-білім).



Бастаушы: Жұмбақбай атай, сізге көп рахмет. Бүгін біз білімімізді молайттық, ата-бабаларымыздың асыл мұраларымен таныстық. Ендеше атайға алғысымызды айтайық.

Оқушылар: Рахмет.

Жұмбақбай атай балаларға бата береді.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
«Асыл м?ра- математиктер ?лемінде».

Автор: Оспанова Рахат Мардашевна

Дата: 07.01.2015

Номер свидетельства: 151043


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства