Сабақ: №23 | Мектеп: КММ «№117 ЖББМ» |
Күні: 07.02.2018 ж. | Мұғалімнің есімі: Темірбаева А.Д. |
Сынып: 5 «Г,Д,Е,Ж» | Қатысқандар: | Қатыспағандар саны: |
Тақырыбы | «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | А1. Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: |
Суреттер бойынша әңгімелей алады. |
Оқушылардың басым бөлігі: |
Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп және бір-біріне сұрақ қоя алады. |
Кейбір оқушылар: |
Мәтін бойынша жұмыс жасап, мәтінге тақырып қойып, жоспар құрай алады. |
Тілдік мақсат | Сабақ барысында пайдаланатын сөздер мен сөз тіркестер: жыр-мүшайра,жүлдегер,жеңімпаз,Одақ мүшесі,жыр-жинақ,жастар,жібек,сезім,үнтаспа,т.б. |
Алдыңғы оқу | Оқушылардың Тәуелсіз елдің Астанасы туралы әңгімелеу. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (ескертпелер) | Ресурстар |
Басы 7 минут | 1. Сәлемдесу. Психологиялық ахуал туғызу . Шаттық шеңбері. 2. Топқа бөлу. Жыр Жүлдегер Жеңімпаз 1 топ – жыр 2 топ – жүлдегер 3 топ – жеңімпаз Үй жұмысын тексеру: 9-тапсырма, 35-бет. Астанада тұратын досыңды қала күнімен құттықтап, ашықхат жаз. | АКТ, суреттер (қима қағаздар) |
Ортасы 30 минут | 1. Тақырыпқа байланысты сұрақтарды қоя отырып, жаңа тақырыпты анықтайды. Сұрақтар: Әдеби шығармаларды оқығанды жақсы көресіңдер ме? Қазіргі қандай жас ақындарды білесіңдер? Сенің өлең жазатын достарың бар ма? Сен қандай байқауларға қатыстың? Қандай жүлделерің бар? Қандай жырларды жатқа білесіңдер? Дұрыс, бүгінгі біздің сабағымыз «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы деп аталады. 2. Критерийлермен таныстыру: Суреттер бойынша әңгімелей алады. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп және бір-біріне сұрақ қоя алады. Мәтін бойынша жұмыс жасап, мәтінге тақырып қойып, жоспар құрай алады. 3.1,2-тапсырма, 36-бет. Сұрақтарға жауап бер. Сурет бойынша мәтін құра. Критерий Дескриптор Білу, түсіну | Берілген сұрақтарды оқып, аударады. | Сұрақтарға жауап береді. | | Қолдану | Суреттерді пайдаланып мәтін құрайды. | Мәтінді өз ойларын толықтырып баяндайды. | | 4. 3,5-тапсырма, 37,38-бет. Мәтінді түсініп оқы. Ақпараттың дұрыстығын тексер. Критерий Дескриптор Білу, түсіну | Мәтінді түсініп оқып аударады. | Мәтін мазмұны бойынша тақырып қояды. | | Қолдану | Мәтінге сүйеніп ақпараттың дұрыстығын тексереді. | Дұрыс және бұрыс ақпаратты түсіндіреді. | | Сергіту сәті: «Қарлы кесек» ойыны. Оқушылар шеңбер құрады. Бастаушы: «Тәуелсіздік нышандары» дегенді қалай түсінесің? – деп, қолындағы допты топтағы бір балаға лақтырады. Ол өз жауабын айтып, келесі балаға допты лақтырады, жауап бере алмай қалған жағдайда ойыншы шартын орындайды (қазақша ән, тақпақ, мақал-мәтел, би, т.б.). | (қима қағаздар) Смайликтер Оқулық, 36-бет Оқулық, 37,38-бет |
Соңы 8 минут | Рефлексия: Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? Бағалау: Құрастырылған дескрипторды жинап алып, бағалау. Үйге тапсырма: 4-тапсырма, 37-бет. Мәтінді пайдаланып сөздерден сөйлем құрап жаз. | |
Қосымша ақпарат | |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілетті жоғары оқушыға тапсырманы күрделендіру қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс |
Топ көшбасшысын тағайындаймын. Оқушылардың ойын, пікірін тыңдап, оларды мадақтау, идеяларына қол шапалақтау арқылы қолдау көрсетіледі. Қабілетті оқушыларға топпен жұмыс кезінде басшылық жасау ұсынылады. | | |
Рефлексия Сабақ мақсаттары нақты болды ма? Оқушылар бүгін нені оқып білді? Оқу ортасы қандай болды? Саралау бойынша менің жоспарланған жұмысым сəтті болды ма? Мен мерзімдерден ауытқып кеткен жоқпын ба? Мен өз жоспарымда қандай өзгертулерді жасадым жəне неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Қысқаша бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуда да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуда да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 1: 2: |