Сабақтың түрі: Саяхат сабақ Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, топтық , сұрақ-жауап Көрнекіліктер: Елді мекендер атауы, пойыздың суреті, қима қағаздар. Пән аралық: Қазақ әдебиеті, дене шынықтыру
Барысы: I Ұйымдастыру кезеңі 1)Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 2)Шырылдады қоңырау.
Біз сабақты бастаймыз, Партамызға отырып . Өзара көз тастаймыз, Табыс тілеп көзбенен Жаңа білім алуға, Алға қадам бастаймыз! Мұғалім: -Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты түрлі тапсырмаларды орындай отырып, щығармашылық,іскерлік қабілеттерімізді арттыру. Сабақтың ережесі: 1.Тыныштық сақтау 2.Бірін-бірі тыңдау 3.Өз ойын ашық айту 4.Уақытты үнемдеу 5.Мадақтау
-Жақсы балалар, мына суреттен кімді көріп отырсындар?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Оқушылар елбасы туралы білетіндерін ортаға салады.
- Дұрыс, елбасымыз Н.Назарбав Еліміздің эканомикасы мен халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жыл сайын халқына жолдау жолдайды. Біздің бүгінгі сабағымыз елбасы жолдауындағыдай өркендеген, дамыған елді –мекендерге саяхат жасау арқылы өтеді. Ал, саяхатқа пойызбен барамыз. Пойызға отыру үшін не алуымыз керек? - Билет алуымыз керек.
– Олай болса, атақты математиктардің тапсырмаларын орындауымыз керек. (суреттегі математиктер туралы айтып, орындайды) 1-математик: Үйден қандай тапсырма орындап келдің? 2-математик: Сұрақтар: 1.Математикада неше амал бар? 2.Қосу амалы туралы не білесің? 3.Азайту амалы туралы не білесің? 4.Көбейту амалы туралы не білесің? 5.Бөлу амалы туралы не білесің? 6.Қосындыны санға көбейту ушін не істеу керек? - Өте жақсы балалар, олай болса қосындыны санға көбейту тақықырыбында алған білімдерімізді бүгін пысықтаймыз. Ұлы математиктер сендердің білімдеріңізге таң-тамаша болып саяхат-пойызға билеттерінің берді. – Саяхатқа шықпас бұрын сабағымыздың алдымен үлгі жоспарын жасап алайық. Бүгінгі өтілетін тапсырмалардың әшәнде ең оңайын және қиаламыз деген тапсырмаларды анықтап алайық. (Әр топтың топ басшысы өз ойларын ортаға салады)
- Өте жақсы олай болса сәттілік тілеп, пойызға отырамыз. Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазамыз. Саяхатымызды Абай ауылынан бастаймыз. (Абай ауылы білетіндерің ортаға салады) Тапсырмасы: - №1тапсырма дұрыс жауабын тап. (1-бағанын тақта, 2-бағанын жәй тақтада плакатта орындайды)
- Балалар, Ахмет ауылына да келіп қалыппыз.Бұл ауылдың естулерің бар ма? (Оқушылар өздерінің білетіндерімен бөліседі) Тапсырмасы: - №2тапсырманы жарысып орындандар! ( Екі топ алдарыңдағы дайын бетшеде орындап, бір-бірден оқиды)
- Ахмет ауылын да білімдерімізбен таң қалдырдық. Пойызымыз Шоқан ауылына келіп қалды. Осы ауылға барып көрген оқушы барма? (Оқушылардың ойларын тыңдау)
Тапсырмасы:
№3 тапсырманы өз бетінше әр топтан бір оқушыдан тақтаға орындауға шақырамын. Қалғандарыңыз орындарынызда орындауға болады. (Түсіндіреді, сұрақтарға жауап береді)
-Өте жақсы балалар Шоқан ауылының халқы сендерге рахмет айтты. Енді міне, Ыбырай ауылына да келіп жеттік. (Ыбырай ауылы туралы білетіндерің ортаға салады)
Тапсырмасы: №6 тапсырмадағы теңдеулердің ішінен күрделі теңдеулі тауып орындаңдар. (Орындамас бұрын теңдеу деген не, еске түсіру)
-Балалар, Ыбырай ауылының халқы сендерге дән риза. Олай болса, пойызымыз келесі ауылға жеткенше бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті. (Туған жер.Отан туралы тақпақтар айту)
- Тамаша балалар, әркімнін туған жері. Отаны өзіне ыстық. Олай болса, өзіміздің туған қаламыз Жамбылға соғып кетейік. (Жамбыл қаласытураты білетіндерін ортаға салады) Тапсырмасы: 1-топ №7тапсырмасының 1-шісін. 2-топ №8тапсырманыдап 1-шісін орын көріңдер. (Екі топтан 1оқушыдан тақтада орындайды, талдайды, сұрақтарға жауап береді)
-Өте жақсы балалар, халқымыз рахметін айтып жатыр. Пойызымыз Сәкен кентіне жетті. (Сәкен туралы білетіндерін ортаға салды) Тапсырмасы:
Мұғалім: -Шапшаңдығымызды тексеріп көреміз бе? Олай болса №9тапсырмаға қараймыз. Уақыт кетті. (Әр топ ауызша орындайды, жауаптарының санына қарай ұпай беріледі) - Өте жақсы балалар, енді пойызымыз Бейімбет ауылына келді. Ол туралы не білесіңдер? (Оқушылар өз білгендерін айтады)
Тапсырмасы:
-Зерттеу өзгешілігі бар немесе үйреншікті емес тапсырмаларды 1 минутта орындап көрсін.
-Олай болса, оқулығымыздағы №10тапсырманы 1-топ, №11 тапсырманы 2-топ топпен біріге орындайсыңдар. Уақыт кетті.
-Бейімбет халқы сендерге дән риза екендерін айтты. Саяхатымызды жалғастырамыз. Пойызымыз Ілияс ауылдарына да жетті. (Оқушыларды тыңдау) Тапсырмасы: Математикалық жұмбақ: Кітапханада 3бөлме , Әр бөлмеде 10шкаф, Әр бөлмеде 5сөре, Санай алсаң егерде, Айтып берші анықтап, Қанша болды сөресі?( 3*10*5=150)
Қорытындылау. –Өте жақсы балалар,міне көптеген елді мекендерге саяхат жасадық. Енді Қарағанды қаласына соғып,үйге тапсырма ала кетейік. (Қарағанды туралы білетіндерін ортаға салады) -Мына тапсырманы орындасақ, үй тапсырмасын алып, ауылға қайтамыз. Тапсырма: -Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектің мәнін тап.
I топ IIтоп ( 6+10)*5(10+7)*3 (әр топ қорғайды) Үйге тапсырма: -Өте жақсы, олай болса үй тапсырмасын аламыз. I топқа:№4.№ 7(2) Iiтопқа:№5,№8(2)
Рефлексия.
-Облысымыздың көптеген елді мекендерін араладық,тапсырмаларын орындадық. Саяхатымыз ұнады ма? -Ұнады -Олай болса,топ басшысы барлық жинағын ұпайларын санаңдар.
Бағалау. (топ басшысы ұпайларын айтады, тобындағы оқушыларға жеке баға береді ) Мұғалім:
-Сендер болашақта осындай дамыған елде өмір сүресіңдер. Егер осылай оқып, білімді азамат боласыңдар, Қазақстанның тәуелсіздігін, Туын биікке ұстайтын, Елбасымыздың сенімін ақтайтын азамат болады еген сеніммен сабағымызды аяқтаймыз.