Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? «Радиациялы? ж?не химиялы? барлау ж?не ба?ылау аспаптары»»
Алғашқы әскери дайындық пәнінен практикум-семинарға арналған
Сабақтың тақырыбы: « Радиациялық және химиялық барлау және бақылау аспаптары».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың радиациялық және химиялық аспаптардың құрылымын, қасиеттері мен арналуын, жұмыс принциптерін, аспаптарды күтіп ұстау және сақтау ережелері туралы білімдерін пысықтау.
Дамыту:
Оқушылардың ой-өрісін, іскерлігін, шығармашылық қаблетін және АӘД пәніне қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:
Патриоттық сана-сезім қалыптастыру және әскери тәртіпке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: меңгеру сабағы;
Сабақтың түрі: зерттеу сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Жаңа оқыту технолногияны қолдану.
Керекті құрал-жабдықтар:
- ДП-5В – дозиметрлік аспабы; химиялық барылау әскери аспабы(ХБӘА); компьютер, проектор, суреттер, үлестірме карточкалар. .
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі;
Үй тапсырмасын қайталау;
3. Негізігі бөлім.
Жаңа тақырып.Зерттеу сабағы. 4.Қорытындылау. Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:- 10 мин.
1) Взвод командирдің рапорты.Сәлемдесу. Әнұранды орындау. Түгелдеу. Оқушылардың сыртқы киімдерін тексеру. Взводты екі топқа бөлу.
Тірек сызбанұсқасымен жұмыс – оқушылар сызбанұсқа бойынша сипаттама береді.
Негізгі бөлімі- 30 мин.
Аспаптармен танысу-15 мин
Радиациялық (ДП-5В) және химиялық (ХБӘА) барлау, бақылау аспаптармен танысу.
Бес минөттан кейін аспаптармен алмасу. Оқушылар аспаптарды зерттейді.
Дәптермен жұмыс.
Презентация және түсіндіру бөлімі -10 мин
Мұғалім ДП-5В және ХБӘА аспаптардың құрылымымен, тағайындалуымен, жұмыс принциптерімен қосымша таңыстырады.
Мұғалім ренгенометр- радиометрін көрсетеді және аспаптың гамма – сәулелену бойынша әртүрлі заттардың радиоактивті зақымдануы гамма-радиация деңгейлерін өлшеуге арналғанын түсіндіреді. Гамма-сәулелену қуаты (радиация деңгейі) аспаптың тиісті белгісі орналасқан кеңістік нүктесі үшін миллирентгенмен немесе 1 сағаттағы рентгенмен анықталады. Бұған қоса, бета-сәулеленуді табу мүмкіндігі де болады.
Аспапты жұмысқа дайындау кезінде:
кезектілікті сақтай отырып қоректендіру көзін қосу, ажыратып- қосқыш тұтқасын «Режим бақылау» жағдайына қою, бұл ретте аспап меңзері боялған секторда орнығуы тиіс;
қоректендіру бөлігінің қақпағын жабу, қаптама белдікті тағу жіне аспапты кеудеге орнату, оған бас телефондарын қосу;
детекторлау блогының экранын «К» жағдайына (контроль-бақылау) қою.
Қосымша диапазондар ажыратып-қосқыш тұтқасын х1000, х100, х10, х1, х0,1 қосымша диапазонына кезектестіре әкелу. Бұл ретте х1000, х100 қосымша диапазондарында меңзер ауытқымауы мүмкін, бірақ телефонда шықылдар естіледі және аспап меңзері тербелуі тиіс;
экранды «Г» жағдайына қою, ұзартқыш тіректі белдікке бекіту.
Аспаптың барлық қосымша диапазондарда дыбыстық сигналдандыру болады.Есептеудің кепілдік берілетін ділдігін алу үшін қажетті аспап көрсетулерін белгілеу уақыты (қлшеу уақыты) 45 сек-тан аспайды.
Аспапты қоректендіру үш КБ-1 қоректендіру элементтерімен жүзеге асырылады. Межелікті жарықтандыру үшін тағы да бір осындай элемент пайдаланылады. Жинақталым қалыпты жағдайларда жаңа элементтерді пайдаланған кезде 55 сағ-тан кем емес уақыт ішінде үздіксіз жұмыс істеуге қаблетті.
Аспапта кернеуі 12 және 24 В тұрақты тоқтың бөгде қоректендіру көздерінен қоректендіруге мүмкіндік беретін көшпелі кернеу бөлгіш бар. Аспаптың массасы 3,2 кг-нан аспайды.
Алдымен ХБӘА-ның сыртқы бейнесін көрсету керек және оның ауада , жергілікті жерде, сондай-ақ техникада зарин, заман, иприттің, сондай-ақ ауада \/ газының, фосгеннің, дифосгеннің, көгерткіш қышқылы мен хлорцианның булары бар екендігін анықтауға арналғанын түсіндіру керек. Массасы – 2,2 кг-дай.
Аспап жинақталымына үш түрлі индикаторлық түтікшелер кіреді: заман, зарин мен
\/ газының бар екенің анықтауға арналған бір қызыл сақина мен қызыл нүкте; фосген, дифосген, көгерткіш қышқылы мен хлорцианның бар екендігін анықтауға арналған бір сары сақина. УЗ-ны анықтау кезінде қоршаған ауа температурасы төмен болса индикаторлық түтікшелерді қыздырғыштарда -10 град.С-тан + 15 С-қа дейін қыздыру қызметін атқарады. Температура +15 С-тан төмен болған кезде спиртке түтікшелерді қыздыру үшін; температура 0 С және одан төмен болған кезде заман үлгілі УЗ-ға түтікшелерді қыздыру үшін; индикаторлық түтікшелердегі ампулалардың құрамын еріту үшін пайдаланылады.
Екі-үш оқушыдан аспап құрылысын қалай меңгергенін сұрап тексереді.