kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба?: М.Ма?атаев "А??улар ?йы?та?анда"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілі мен ?дебиеті п?ні? м??алімі

Д?мшебаева Мейрамг?л Базаралдиевна

Саба?ты? та?ырыбы:  М.Ма?атаевты? «А??улар ?йы?та?анда» поэмасы.

Саба?ты? ма?саты:

  1. Сезіммен ?ле? ?рлеген жыр пара?ы –М??а?али жайлы т?сініктерін тере?дету;
  2. Поэманы жаттау, с?ра?тар, тапсырмалар орындау ар?ылы бекіту.

      3) Эстетикалы? ба?алау ?абілетін, м?нерлеп ж?не шы?армашылы?пен о?у да?дыларын дамыту.

      4)А?ын тілімен салын?ан таби?ат суреті ар?ылы о?ушыларды? таби?ат?а деген адамгершілік ?арым –?атынасын ?алыптастыру.

Саба?ты? типі: аралас

Саба?ты? т?рі: Д?ст?рлі.

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, іздену, т?сіндіру, ой тал?ы.

П?наралы? байланыс: ?нер, ?аза? тілі.

Саба?ты? к?рнекілігі: Слайд, интерактивті та?та, ?осымша о?улы?тар, на?ыл с?здер.

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і:

а)  О?ушылармен с?лемдесу, т?гендеу, саба??а назарларын аудару;

?)  Психологиялы? сергіту с?ті;

 О?ушылар бір-біріне жа?сы тілектер айта отырып, с?ттілік тілейді.

ІІ. ?й тапсырмасын с?рау:

1. Поэманы о?ыту, мазм?ндау.

2. М.Ма?атаевты? кез-келген бір ?ле?ін жат?а с?рау.

ІІІ. Саба?ты? мазм?ны:

Саба?ты Сейнолла Серік?алиевті? мынандай с?зімен бастаймын: « М??а?али м?расы, маржан поэзиясы болаша? ?рпа?тарды? еншісі, ?астерлеп ?адірлейтін ?азынасы». Осы М??а?алиды? бізге жеткен ?азынасы «А??улар ?йы?та?анда» поэмасы. Осы ?азынаны ?аншалы?ты ме?гергендігімізді  б?гінгі саба?ымызда бай?айы?.

1. Де?гейлік тапсырмалар.

1-де?гей (о?ытушылы? де?гей).

а) Поэманы о?ып мазм?нын айты?ыз.

?) Поэмадан жат?а ?зінді о?ы?ыз.

2-де?гей (алгоритімдік де?гей)

а) Поэманы б?лімдерге б?ліп, ?р б?лімге ат ?ойы?ыз.

?) Поэмада?ы кейіпкерлерге мінездеме бері?із.

3-де?гей (эврестикалы? де?гей)

а) А??уды неге ?асиетті ??с деп айтады?

?) Б?л поэмадан ?андай т?лімдік-танымды? ?неге алу?а болады?

4-де?гей (шы?армашылы? де?гей)

а) Бас?а ?андай поэмаларды білесі?дер?

?) Поэма та?ырыбына с?зж?мба? шешу.

1. М.Ма?атаев ?ай айда туыл?ан?

2. М.Ж?мабаевты? «Батыр Баян» поэмасында?ы Баянны? інісі.

3. Лиро-эпикалы? жанрды? бір т?рі.

4. Поэмада?ы б?л о?и?а ?андай к?лді? ?асында болды?

5. М.Ма?атаев ?ай ауылда д?ниеге келді?

2. Академиялы? дау-дамай.

О?ушылар ?здерін поэмада?ы кейіпкерлерді? образына кіріп, ша?ын к?рініс к?рсетеді.

К?рініс: «Махаббат диологы»

(«?ош махаббат» драмасынан ?зінді ?ою)

(инеценировка сипатында)

                 а) Автор бейнесіндегі о?ушы:

Ей, к?надан п?к жас жандар,

?апелімде ?ателікке баспа?дар!

?осыларсы? ?ол ?стасып саспа?дар,

Махаббатпен ойна?анды таста?дар

Ей, к?надан п?к жас жандар!

?апелімде ?ателікке баспа?дар!

Ал к?рі?дер, ол туралы дастан бар

?) «Махаббат диологі»(екі о?ушы орындайды)

 

  -??с боп ?шып жо?алсам не етер еді??

 -Сені іздеумен м??гілік ?тер едім

 -От?а т?сіп ?ртенсем, не етер еді?

 -К?л боп бірге со?ы?нан кетер едім

 

 -Б?лдырасам са?ымдай не етер еді??

-Жел боп ?уып, а?ыры жетер едім

-?ай?ы ?келсем басы?а не етер еді??

-?ойшы с?улем б?рінде к?теремін

3. Ассоциация

Б?л топтасытыру кезінде М??а?алиды? бойында?ы тамаша ?асиеттерін аны?таймыз.

 ?арасаз ?ара шал?ын ?ле?де ?стім,

Жыр жазсам о?ан ж?ртым еле?десті?

?лсе ?лер М??а?али Ма?атаев,

?лтіре алмас алайда ?ле?ді  ешкім,-

деп поэзия ??діретіне сеніп кеткен-

«М??а?али ?андай а?ын ?»

                                                       Журналист

                         А?иы? а?ын                                          Лирик

                                                 М??а?али

            С?нбес ж?лдыз                               ?стаз

                                                   ?дебиетші

4. Бес жолды ?ле?

М??а?али?а еліктеп ?ле? жолдарын шы?арып к?рейік.

О?ушылар?а бір –екі шума?ты ?ле? жолдарын шы?арту.

5. Тест

Балалар, осы тест ар?ылы саба?ымызды ?орытындылаймыз.

1.М??а?алиды? д?ниеге келген жылы?

А) 1930жыл    ?)1932жыл     в)1931жыл

2. ?кесіні? есімі.

а)?ыдырбай   ?)   Са?и     б)С?лейман

3. М??а?али 1954-1962ж.ж. аралы?ында ?андай ж?мыс ат?арды?

а)Теледидарда журналист болды    ?)Радиода диктор   б)Ж?мыс істеген жо?

4.М??а?алиды «Поэзия гуманизмі» деп ата?ан кім?

А)Н.Тілендиев   ?)М.?уезов    б) А.Нысаналин

5.М??а?алиды? композитор досы.

А) ?.Т?жібаев     б) Брусиловский    в) Н.Тілендиев

IY.  ?орытындылау

Поэзия ?леміне сам?ады?,

?ділетті к?ксеуден еш талмады?.

А?ындарды? а?иы?ы атанып,

Ел аузында м??гі ?алды жаз?аны?.

?зі? еді? ?ле? жырды? тарланы,

Шо? ж?лды?дай биік ту?ан арманы.

?уат алдым, жырлары?нан н?р алдым,

?олдасын деп М??а?али аруа?ы.

Орындалмай ?алды ?анша арманы,

Жас а?ындар ?нері?ді жал?ады.

?рпа?тары? есіне алып ?зі?ді,

Жау?ар жырмен м?сіні?ді сомдадым.

      Y. ?йге тапсырма:  «Жетім к?л а??улары» - эссе жазу.

                                           «А?ын ж?не а??у» та?ырыбына ?ле? жазу.

       YI. Ба?алау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?: М.Ма?атаев "А??улар ?йы?та?анда"»

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

Сабақтың мақсаты:

1) Сезіммен өлең өрлеген жыр парағы –Мұқағали жайлы түсініктерін тереңдету; Поэманы жаттау, сұрақтар, тапсырмалар орындау арқылы бекіту.

2) Эстетикалық бағалау қабілетін, мәнерлеп және шығармашылықпен оқу дағдыларын дамыту.

3)Ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы оқушылардың табиғатқа деген адамгершілік қарым –қатынасын қалыптастыру.



Сабақтың түрі: Бекіту, қайталау.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену, түсіндіру, ой талқы.

Пәнаралық байланыс: өнер, қазақ тілі.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, қосымша оқулықтар, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару;

ә) Психологиялық сергіту сәті;

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айта отырып, сәттілік тілейді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Поэманы оқыту, мазмұндау.

2. М.Мақатаевтың кез-келген бір өлеңін жатқа сұрау.







ІІІ. Сабақтың мазмұны:

Сабақты Сейнолла Серікқалиевтің мынандай сөзімен бастаймын: « Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы болашақ ұрпақтардың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы». Осы Мұқағалидың бізге жеткен қазынасы «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Осы қазынаны қаншалықты меңгергендігімізді бүгінгі сабағымызда байқайық.

1. Деңгейлік тапсырмалар.

1-деңгей (оқытушылық деңгей).

а) Поэманы оқып мазмұнын айтыңыз.

ә) Поэмадан жатқа үзінді оқыңыз.


2-деңгей (алгоритімдік деңгей)

а) Поэманы бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қойыңыз.

ә) Поэмадағы кейіпкерлерге мінездеме беріңіз.



3-деңгей (эврестикалық деңгей)

а) Аққуды неге қасиетті құс деп айтады?

ә) Бұл поэмадан қандай тәлімдік-танымдық өнеге алуға болады?



4-деңгей (шығармашылық деңгей)

а) Басқа қандай поэмаларды білесіңдер?

ә) Поэма тақырыбына сөзжұмбақ шешу.

1. М.Мақатаев қай айда туылған?

2. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баянның інісі.

3. Лиро-эпикалық жанрдың бір түрі.

4. Поэмадағы бұл оқиға қандай көлдің қасында болды?

5. М.Мақатаев қай ауылда дүниеге келді?

2. Академиялық дау-дамай.

Оқушылар өздерін поэмадағы кейіпкерлердің образына кіріп, шағын көрініс көрсетеді.

Көрініс: «Махаббат диологы»

(«Қош махаббат» драмасынан үзінді қою)

(инеценировка сипатында)





а) Автор бейнесіндегі оқушы:

Ей, күнадан пәк жас жандар,

Қапелімде қателікке баспаңдар!

Қосыларсың қол ұстасып саспаңдар,

Махаббатпен ойнағанды тастаңдар

Ей, күнадан пәк жас жандар!

Қапелімде қателікке баспаңдар!

Ал көріңдер, ол туралы дастан бар

ә) «Махаббат диологі»(екі оқушы орындайды)



-Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?

-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім

-Отқа түсіп өртенсем, не етер едің

-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім



-Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

-Жел боп қуып, ақыры жетер едім

-Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

-Қойшы сәулем бәрінде көтеремін



3. Ассоциация

Бұл топтасытыру кезінде Мұқағалидың бойындағы тамаша қасиеттерін анықтаймыз.

Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-

деп поэзия құдіретіне сеніп кеткен-

«Мұқағали қандай ақын ?»



Журналист

Ақиық ақын Лирик



Мұқағали

Сөнбес жұлдыз Ұстаз

Әдебиетші





4. Бес жолды өлең

Мұқағалиға еліктеп өлең жолдарын шығарып көрейік.

Оқушыларға бір –екі шумақты өлең жолдарын шығарту.

5. Тест

Балалар, осы тест арқылы сабағымызды қорытындылаймыз.

1.Мұқағалидың дүниеге келген жылы?

А) 1930жыл ә)1932жыл в)1931жыл

2. Әкесінің есімі.

а)Қыдырбай ә) Сағи б)Сүлейман

3. Мұқағали 1954-1962ж.ж. аралығында қандай жұмыс атқарды?

а)Теледидарда журналист болды ә)Радиода диктор б)Жұмыс істеген жоқ

4.Мұқағалиды «Поэзия гуманизмі» деп атаған кім?

А)Н.Тілендиев ә)М.Әуезов б) А.Нысаналин

5.Мұқағалидың композитор досы.

А) Ә.Тәжібаев б) Брусиловский в) Н.Тілендиев



IY. Қорытындылау

Поэзия әлеміне самғадың,

Әділетті көксеуден еш талмадың.

Ақындардың ақиығы атанып,

Ел аузында мәңгі қалды жазғаның.

Өзің едің өлең жырдың тарланы,

Шоқ жұлдыөдай биік туған арманы.

Қуат алдым, жырларыңнан нәр алдым,

Қолдасын деп Мұқағали аруағы.



Орындалмай қалды қанша арманы,

Жас ақындар өнеріңді жалғады.

Ұрпақтарың есіне алып өзіңді,

Жауһар жырмен мүсініңді сомдадым.



Y. Үйге тапсырма: «Жетім көл аққулары» - эссе жазу.

«Ақын және аққу» тақырыбына өлең жазу.

YI. Бағалау



















































Бақанас мектеп - интернаты







Б а я н д а м а





Тақырыбы: «Көркем әдебиет арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту»







Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Дүмшебаева М.Б.





Көркем әдебиет арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту



Мектептегі негізгі тұлға – мұғалім. Бала өмірінде ол ерекше рөл атқарады. Егер бала мұғалімді жақсы көрсе , онда ол оқуды да, сабақты да, мектепті де жақсы көреді. Мұны мұғалімнің беделі деп түсінуіміз керек.

Мұғалім беделін көтеретін факторлардың ішіндегі ең негізгілерінің бірі –сабақ процесі. Сабақтың типологиясын терең білу , оған өзіндік талдау жасау бірінші қажеттілік. Бүгінгі заман талабына сай мұғалім алдына қойылып отырған мәселе, ол-оқушылардың танымдық қабілетін дамыту.

Сабақтың біріңғай үш мақсатының ең негізгісі- танымдық аспект. Бұл:

  1. Әр оқушыны өз бетінші білім алуға үйрету.

  2. Білімді меңгертудің мынадай негізгі талаптарын орындауды қамтамасыз ету: толықтық, жүйелілік, оперативтік, тереңдік. Саналылық, беріктік.

  3. Мынадай дағдыларды қалыптастыру: білім дағдыларын қатесіз, дәлме-дәл бірнеше рет қайталау нәтижесінде автоматты түрде орындауға жету.

  4. Мынадай біліктерді қалыптастыру: қандай қызмет болса да табыста аяқтауды қамтамасыз ететін білім мен дағдыларды үйлестіру.

Екінші мақсаты –тәрбиелік аспект.Бұл:

  1. Дүниетанымды қалыптастыру.

  2. Белгілі бір адамгершілік қасиеттерді , рухани байлықты , эстетикалық , еңбек сүйгіштік дағдыларды қалыптастыру.

  3. Пәнге деген көзқарасты, білімге құштарлықты тәрбиелеу.

Үшінші – дамыту аспектісі.

  1. Сөз байлығын дамыту. Оқушының жалпы интелектуалдық дамуының көрсеткіші болып табылады.Оның бірнеше этапы бар:

а)Сөздік қорын байыту және күрделендіру.

ә) Сөздік мазмұндық функциясын күрделендіру, жаңа білімді игеру арқылы сөздің жаңа мағынасын түсіну.

б) Сөздің коммуникативтік қасиеттерін күшейту.

в) Оқушылардың көркем образды меңгеруі, тілдің мәнерлік қасиетін меңгерту.

Осы үшінші аспетіні негізге ала отырып, көркем әдебиет арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту жұмыстарын ұйыдастыруға болады.

Жазушы, драматург, педагогика, психология және әдістеме саласында ірі еңбектер жазған Ж.Аймауытов: «Баланың ынтасын ояту үшін оқытатын нәрседе бір жаңалық керек» ,-деген екен.

Бүгінгі күнде сан түрлі технологияларды меңгеру жолындағы мұғалімдер ізденістерін жазушы осылай бір-ақ тұжырыммен білдіргендей.

Оқушылардың ынтасын, дүниетанымын дамытуда көкем әдебиеттің маңызы зор. Оқушыларды өз бетінше көркем шығармалар оқуға баулуда, оқырмандардың дағдысын қалыптастыруда сыныптан тыс оқулардың рөлі ерекше. Көркем әдеби кітаптарды оқушыларға ұсыну, оқуды талап етудегі мақсат –кітаппен жұмыс істеуге үйрету, оқыған материалдың ішінен ең негізгі, басты мәселелерді ұғынуы, еске ұстау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ үрдісінде соңғы жылдары «Көркем әдебиет арқылы оқушылардың танымдық деңгейін дамыту» тақырыбында оқыту әдістемесінің мынадай міндеттерін көрсетіп жүр:

  1. Оқушыларға көркем шығармадағы қоғамдақ-әлеуметтік жағдай, тарихи оқиғалардың сипатталу ерекшелігін түсіндіру.

  2. Шығармадағы образдар , адам тағдырының бейнеленуі.

  3. Оқушылардың білгілі бір көркем туынды арқылы өзіндік пікір қалыптастыруы, қорытынды жасауы.

  4. Әдебиет пәні бойынша берілетін білімнің тарих, құқықтану, география пәндерімен сабақтастығын жүзеге асыру.

  5. Оқулықта берілетін мәтіндердің мазмұнына сай оқушыны ізденіс жұмыстарына жұмылдыру.

Әдебиет пәні басқа пәндерге қарағанда қиялдау, армандау, еліктеу, әсерлену, шабыттану, сезім сияқты психологиялық рең ерекше орын алған пән. Оқушының табиғи қабілетін дамыту үшін баланың оқулықтағы мәтінде не үзіндіні жаттап білгеннен гөрі, шығармашылық әрекеттері арқылы өз бетінше тануға ұмтылуы маңызды. Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқытудан басталады.

Балаға көркем туындыны оқытпай әдебиеттен білім беру мүмкін емес. Көркем туындыны жай оқып шығу емес, одан алған әсері, туынды оқушы жүрегіне , сезіміне әсер етті ме , соны білу –мұғалім үшін маңызды мәселе. Әр мұғалім шәкірті көркем туындыны оқыды ма, оқыса одан қандай әсер алды, соны біліп отырғаны жөн. Ол үшін мынандай жұмыстар жүргізуге болады. Бақылау ретінде ауызша жазбаша сұрақтар арқылы тексеру.

  1. Өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндату не қысқаша тезис жазу.

  2. Негізгі кейіпкерлерді жинақтау. Бір кейіпкердің іс-әрекетін баяндап беру.

  3. Көркем шығармадағы ұлттық құндылықты табу.

  4. Жазбаша викторина жүргізу.

  5. Сынақ үлгісінде ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру.

  6. Бүкіл сыныпқа ортақ тапсырма: көркем туындыдан алған әсерін қысқаша баяндап беру.

Жаңа сабақты бастамас бұрын тақырып бойынша берілетін ізденіс жұмыстары, ұсынылатын көркем әдебиеттің тізімдерін, басты назарға бағыт берілуі керек. Сыныптан тыс оқуларда мектеп кітапханасының атқарар жұмысы зор. Жаңа кітапты насихаттау, әңгімелер өткізу арқылы оқуға қызықтырады. Балаларға кітап оқудың көмекші нұсқауын мұғалім береді.

Мысалы:

Автор. Кітаптың аты. Қашан оқыдым? Басты оқиғалар. Негізгі кейіпкерлер. Өзіме ұнағандар.10-сынып әдебиет оқулығанда ұлы ақын Абай шығармаларына бөлінген сабақтарды өткенде қосымша 1995 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Абай» энциклопедиясын оқыту тиімді. Мұнда ақынның шығармалары , аударма туындылары , өскен ортасы, ата тегі, шығармаларындағы жер-су атаулары жайында мәліметтер бар. Сонымен бірге оқушылар энциклопедиясында берілген ақынның отбасы мүшелерінің сақталған суреттері, мұражай үйіндегі бүгінгі күнге жеткен ең құнды заттың бірі -1885 жылы П.Лобанский қарындашпен салған Абай суретімен танысады. Абайдан қалған мол мұраның қазақ оқырмандарына толық жинақ болып құралып шығуына анық еңбек сіңірген Көкбай Жанатайұлы туралы көлемді мәліметтермен танысады.

Ақынның «Ескендір» поемасы тақырыбын өткенде осы кітаптың 228-230-беттегі мәліметтерді оқуға беру керек. Мұнда ақынның шығыс классиктерінің ұлы мұраларына баруда қолданған шығармашылық ізденіс жолдары салыстырыла көрсетірген.

10-сыныптағы қазақ әдебиеті оқулығы ХІХ ғасырдың қиын да қызықты, күрделі әдеби кезеңдерді қамтиды. Берілетін білімнің шамасына лайықты күрделі болуы оқушының ақыл-ой қабілеті мен таным мүмкіндіктерінің деңгейін көрсетеді.

Білімнің шамаға лайықты күрделі болуы оқушы тілін, зейінін дамытуда ерекше маңызды екендігі жөнінде Л.С.Выгодский, Д.Б.Элконин т.б. ғалымдар өз зерттеулерінде дәлелдеген.

Сондықтан Абай шығармаларына арналған тақырыптарды өткенде А.Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі», Қ.Жұмалиевтің «Абайға дейінгі қазақ порзасының тілі» т.б. еңбектерін ұсыну қажет. Осы тақырыптарды өз деңгейінде жақсы меңгерген оқушыларға 11-сыныпта «Абай жолы» романын өткенде , Абай бейнесін сан қырынан тануы жеңілірек болады. Жаңа тақырыпты қандай көлемде , қандай деңгейде өту қажеттігін анықтау үшін мұғалім оқушылардың әдеби шығармалар жөніндегі бұрынғы білім қорын анықтап алу керек.

Сонымен қатар, мектепте «Үздік оқырман» байқауын ұйымдастарып отыруға да болады.Оқушылардың оқырман кортатекасымен танысқандарын, қандай кітап оқығандарын, қандай кітапты оқығанды ұнататындығын, не қызықтыратындығын анықтауға болады. Осы байқау нәтижесінде әрбір ұстаз бен ата –ана өз балалаларының танымдық деңгейін байқайды. Әр түрлі поэзиялық кештер, жазушы-ақындармен кездесу ұйымдстыру арқылы оқушыларды көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыруға болады.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов : «Әр адамның ең жақын досы бала күнінен... бірге еретін өмір досы, ұзақ досы кітап болғанда, сол нәрлі достық, ең әуелі, әдебиет кітабымен достасудан басталады дегені бар. Әдебиет пәні рухани азық: ой өрісте , сезімде, білімде әр жақты тереңдік, идеялық беріктік, адамгершілік қасиетте шынайы өнегелік, үлгілік қасиеттерді қалыптастырады.

Қорыта келгенде, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру ұстаз шеберлігіне байланысты. Сол үшін мұғалім баланың қабілетін танып, қойылатын талабының орындалатынын болжай білуі керек. «Ұстаз ақылды болса, шәкірт дана болады» деген халық сөзі бекер айтылмаса керек.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? саба?: М.Ма?атаев "А??улар ?йы?та?анда"

Автор: Д?мшебаева Мейрамг?л Базаралдиевна

Дата: 15.03.2016

Номер свидетельства: 306058


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства