kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "Интелектуалды жекпе - жек"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:
Білімділік: О?ушыларды? информатика п?нінен ал?ан білімдерін жина?тау, ой - ?рісі мен танымды? ?абілеттерін дамыту, шы?армашылы??а баулу, ?з ойын еркін жеткізе білу да?дыларын ?алыптастыру
Дамытушылы?: ?з бетінше ж?мыс істеу да?дысын ?алыптастыра отырып, интернетті пайдалана білуге ?йрету
Т?рбиелік: О?ушыларды? компьютерге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, е?бекке т?рбиелеу, интернет ар?ылы а?парат алмаса білуге т?рбиелеу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Интелектуалды жекпе - жек"»

Ителлектуалды жекпе - жек

Тақырыбы: «Интеллектуалды жекпе - жек» информатикалық - интеллектуалды ойыны
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой - өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, интернетті пайдалана білуге үйрету
Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру, еңбекке тәрбиелеу, интернет арқылы ақпарат алмаса білуге тәрбиелеу
Түзету: Оқушыларға сергіту жаттығуын, көз жаттығуларын жасату және тапсырмаларды орындау барысында көзге күш түсірмеуді ескере отырып, қалдық көрулерін сақтау
Бағдарламалық - дидактикалық қамсыздандыру:
Компьютер, Windows жүйесі, Word программасы, Интернет желісі, Internet
Explorer программасы, Google браузері, презентациялық слайд, ребустар, кеспе қағаздар, сұрақ - жауап парақтары
Сабақтың типі: Практикалық элементтері бар сайыс сабақ
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс:
• Информатика ғылымы
• Интернет туралы түсінік
• Интернетпен байланысатын программаларын
• Интернеттің мүмкіндіктерін
Оқушылар үйренуі тиіс:
• Компьютерді тиімді әрі уақтылы қолдану
• Интернетпен байланысу тәсілдерін
• Интернеттен ақпаратты қабылдау, тарату
• Қабылдаған ақпаратты өз компьютерінде сақтау
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті ұстаздар, қонақтар және білім алушылар! Сіздердің компьютерді қаншалықты меңгергендеріңізді білу мақсатында ұйымдастырылған оқушылар арасында «Интеллектуалды жекпе - жек» атты информатикалық - интеллектуалды ойынды сайысына қош келдіңіздер!
Сайыс кезеңдері:
1. «Бәйге»
2. «Полиглот»
3. «Тапқырлық»
4. «Практикалық жұмыс»
5. «Бейне сұрақ»
Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын - толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
- дей келе Сіздермен бірге ойынға қатысатын топтармен таныс болайық.
ҒАЛАМТОР
WI FI /әр топ өздерін таныстырады/

Сергіту сәті /видео/
Бойымызды сергітіп ойынымызды бастайық.

І – бөлім «БӘЙГЕ»
Берілген түрлі анықтамалардың шешімін шапшаң жауап берген топ әр сұраққа 1 ұпайдан ие болады.

І - топтың сұрақтары:
1. Алғашқы есептеу құрылғысы. (саусақ)
2. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас. (интерфейс)
3. Монитор мен көздің арақашықтығы қандай болу керек? (60 - 70).
4. Принтер түрлері. (лазерлік, құйылмалы, матрицалық)
5. Өшірілген файлдар қай папкада сақталады? (корзина)

ІІ - топтың сұрақтары:
1. 8 биттен тұратын өлшем бірлік. (байт)
2. Ең алғашқы ЭЕМ қай жерде, қай жылы жасалды? (1946 ж. АҚШ - та)
3. ЭЕМ - нің бірінші буынында компьютерлер немен жұмыс істеді? (электрондық шамдар)?
4. Компьютер жанындағы өсімдік? (кактус)
5. Вирусқа қарсы программа (антивирус)

ІІ – бөлім «ПОЛИГЛОТ»
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Бір ұпай, шәкірт саған несібе.

Әр топ мүшесі слайдта көрсетілген құрылғыны үш тілде атап айту керек. Үш тілдегі жауабын дұрыс айтса 1 ұпай ал, бір дұрыс емес жауапқа 0 ұпай беріледі

1 - топтың сұрақтары:
1. Компьютердің енгізу құрылғысы, манипулятор. (тышқан - мышка - маус)
2. Жұмыс үстелінің негізгі мәзірі. (Бастау - Пуск - Start)
3. Терезені жабу батырмасының аты. (Жабу - закрыть - exit)

2 - топтың сұрақтары:
1. Сурет салу қаламы. (қарындаш - карандаш - pensil)
2. Құжатты сақтау батырмасының аты. (Сақтау - сохранить как - Save as)
3. Қажет емес символды алып тастау пернесі. (алып тастау - удалить - delete)

Сергіту сәті + көз жаттығуы /видео/
Бойымызды сергітіп ойынымызды әрі қарай жалғастырайық.
ІІІ – бөлім «ТАПҚЫРЛЫҚ»
Топ мүшесі дұрыс жауап берсе де, жауап бере алмаса да келесі ойыншы ойынды жалғастырады.

1 топқа
1) Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын (тышқан)
2) Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген (пернетақта)
3) Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер – курсор)

2 топқа
1) Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьютерден өшірген (мәтіналғы – сканер)
2) Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді. (Басып шығарғыш)

3) Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (Монитор)

Кеспе қағаз /Брайль тілімен/:
1 топқа
Қағаз бетінен алады,
Бірден компьютерге салады. (Мәтіналғы - сканер)

2 топқа
Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан. (Жүйелік блок)

ІV – бөлім «Практикалық жұмыс»
Бұл бөлімнің шарты бойынша топ мүшелері компьютерде жұмыс істеу керек. Берілген тапсырманы дұрыс орындаса 1 ұпай ал, бір дұрыс емес жауапқа 0 ұпай беріледі.

1 топқа:
• INTERNET EXPLORER браузері арқылы Қазақ хандығына 550 жыл толуына байланысты ақпарат алыңдар Word мәтіндік программасына көшіріп реферат дайындаңдар және сақтаңдар.
2 топқа:
• INTERNET EXPLORER браузері арқылы Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына байланысты мәліметті туып Word мәтіндік программасына көшіріп реферат дайындаңдар және сақтаңдар.

«Брайль тілін білесің бе?» бөлімі

Бұл бөлімнің шарты бойынша топ мүшесі компьютерде берілген мәтінді 1 минут ішінде оқып шығу керек. Дұрыс оқыса 1 ұпай ал, бір дұрыс емес болса 0 ұпай беріледі.
1 топқа:
• “Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін сөзінен шыққан. Ақпарат деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап - ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда.
2 топқа:
• Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернетке қосылуда білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.

Көз жаттығуы /слайд/
V – бөлім «Бейне сұрақ»
Бұл бөлімнің шарты бойынша Білімалушы тақтадағы слайдта көрсетілген суреттерді атау керек. Берілген тапсырманы дұрыс орындаса 1 ұпай ал, бір дұрыс емес жауапқа 0 ұпай беріледі.

Қорыту:
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз бажаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағыда үйренеміз аман болсақ!-
дей келе сайысымызды қорыта ұпайларымызды санап жеңімпазымызды анықтайық.

Әділқазы мүшелері топтардың ұпайларын есепке алғанша оқушылар сергіту жаттығуы орындайды.
Әр топтың жиналған ұпайларына қарап жеңімпаз топ анықталады. Жеңімпаз топ мақтау қағазымен марапатталады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ашы? саба? "Интелектуалды жекпе - жек"

Автор: Кунафина Арай Касымхановна

Дата: 10.06.2016

Номер свидетельства: 333875


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства