kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Орыстың халықтық-сахналық биіндегінегізгі аяқ қимылы "кілт"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытое занятие было проведено на семинаре-практикуме педагогов дополнительного образования ГККП "Центр внешкольной работы" отдела образования акимата г. Уральска

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Орыстың халықтық-сахналық биіндегінегізгі аяқ қимылы "кілт"»







Ашық сабақ




Орыстың халықтық-сахналық биіндегі негізгі аяқ қимылы «кілт» (ключ).



































Ашық сабақтын тақырыбы: Орыстың халықтық-сахналық биіндегі негізгі аяқ қимылы «кілт» (ключ).

Ашық сабақтын мақсаты:  Оқушыларға орыс халық биінің жайында түсінік беру,түрлерімен таныстыру. Аяқ, қол калпыларының ерекшелігін көрсету. Әрбір қимыл негізгі калпыларының айырмашылығын түсіндіріп, бимен көркемдеу.

Сабақтың барысы:

І.   Сәлемдесу.

ІІ. Станок жанындағы экзерсиз.

ІІІ.  Диагональ бойынша «Шэнэ».

IV.  Үй тапсырмасымен жұмыс.

V.  Үй тапсырмасын қорытындылау.

VI.  Зал ортасындағы этюд

VII. Жаңа сабақты түсіндіру.

VIII. Қорытынды бөлім.

IX.  Бағалау

X. Үй тапсырмасы

І. Сәлемдесу.

Зал ортасында Орыс биінің мәнерлі қимылымен сәлемдесу.

ІІ. Станок жанындағы экзерсиз.

Demi-plie - жартылай тізе бүгу (ию) және терең тізе (ию) айналым және айналамсыз аяқ позициясынан.

Battements tendus (батман тандю) керіп, созылған қозғалыстар-аяқтың түгел тартылып, созылуын жаттықтырады; тізеде, аяқ алқымында және башпайларды, аяқтардың күшін дамытады.

1 түрі – «аяқ үшы - өкше» - жұмыстық аяқ табаның қысқарту (III позицияға жұмыстық аяқты қосу арқылы, өкшеге жұмыстық аяқты ауыстыру кезінде demi-plie қосу арқылы); 2 түрі – аяқ ұшына жұмыстық аяқты тіреу аяқ өкшесін соғу арқылы; 3 түрі – аяқ ұшымен еденмен сырғытып жамбасты айналдыра. Battment tandus jetes (батман тандю жете) - керіліп-тартылған қозғалыс жасау, олар аяқтарымен ауада тартып ұстауға бейімдейді, жамбас-сан буынының күйін, жеңілдігін, қозғалғыштығын дамытады.

  • Жұмыстық аяқты шығару кезінде, тіреу аяқ өкшесін соғу арқылы кішкене лақтыру,

  • Пике арқылы кішкене лақтыру- екі соққы, табанды сақтыру (пур ле пье),

  • Алдына және артқа қарай сырғыта лақтырулар (баленсуар (тербелу), тіреу аяғының өкшесімен бірмезгілде соғу арқылы. Өкше жаттығулары

Табан жілік қозғалмалығының дамытады және бекітеді, қимыл аяқталғанға дейін тіреу аяғын тіземей жартылай отырып қимыл орындалады.

  • тіреу аяғын көтеру арқылы және жұмыстық аяқты «тақаға» жығару арқылы, барлық табанды еденге соғу арқылы;

  • жұмыстық аяқтан бірде тақаға, бірде аяқ ұшына кезек-кезектен шығару.

Flik- flak (флик-фляк)- оқушыларды чечеткалық қимылдарға дайындайды, сонымен қатар сирақ шынтақ буынының бұлшықеттерін бірде босаңсытуға, бірде қысқартуға үйретеді. Осы жаттығулардан кейін өкшеге күш салу жаттығуларын беру керек.

  • «өзіннен өзіне» дейін маскалар, жұмыстық аяқтан өкше соғуларын қосу, жартылай саусақпен соғуымен,

  • «өзіне» дейін маскалар, жұмыстық аяқтан өкше соғуларын қосу.

Жіпке әзерлену – тізе және жамбас буынның қозғалмалылығын арттыру.

  • жамбасты көтеру және аяқты алға және артқа қарай ауыстыру;

  • орыс және украин сипатта жамбасты көтеріңкі етіп жіпке әзірлену;

  • «жабық» және «ашық» бағытта жұмыстық аяқтың жамбасын бұрау.

Demi rond de jambe par terre – жерде аяқпен шеңбер жасау. Икемділікті, қозғалғыштықты және жамбас-сан буындарының күшін дамытады.

  • Еден арқылы аяқ ұшымен дөңгелек жасау;

  • Жұмыстық аяқтың тақасымен аяқпен дөңгелек жасау;

  • Тіреу аяғына жартылай отыруды қосу арқылы;

  • Тіреу өкшесін айналдыра отырып.

Бөлшектік тықылдату - бір орында тұрып және алға жылжып өкшемен үздіксіз жиі тарсылдатып соғу.

  • Соғу түрлері: қысқа, нақты, күшті;

  • Бөлшектік «кілтке» дайындалу (қарапайым және қиындатылған);

  • Жамбасты көтеріңкі түрде тақамен бөлшектеу және т.б. (орыс биі сипатында)

  • Соғу негізінде келесі соққулар: барлық өкшемен, тақамен, жартылай саусақпен (испан биінде сипатында).

Battement fondus (батман фондю) - еритін, ағатын батмандар- аяқтардың икемділігін, серпімділігін және күшін дамытады, қозғалыстарға жатықтық береді.

  • Жұмыстық аяқтан тіреу аяғына жартылай саусақта көтерілу арқылы,

  • 45 градус биіктігіне аяқты ашу арқылы төменгі айналмалар (petit fondu)

  • 90 градус биіктігіне аяқты ашу биік айналмалар (grand fondu).

Pas tortilla (па тортилле) - 90 градус биіктігіне аяқты жеңіл және тез ашу.

  • өкшені бірреттік айналдыру, өкшені екіреттік айналдыру;

  • жұмыстық аяқ барлық өкшесі соққысымен табан айналмасы.

Battment devellopes (батман девеллопе) - 90 градус биіктігіне жайылып, дамитын қозғалыс.

  • аяқты 90 градус биіктікті жұмсақ ашу

  • 90 градус биіктігінде қатты ашу;

  • Тіреу аяқтың өкшесімен соғу;

  • Тіреу аяғының екі соққысымен.

Grand battement jetes (гранд батман жете) – үлкен соққы күшпен және кернеусіз орындалады.

  • Жұмыстық аяққа ауыстыра отыру арқылы, «tombe» әдісі,

  • Жұмыстық аяқта шығыныңқы және қысқартылған әдіспен,

  • Passe жұмыстық аяқтық жетегімен үлкен соққулар,

  • Жұмыстық аяқтың серпімін арттыру арқылы үлкен соққулар

  • Тізеге түсе отырып үлкен соққулар.

Port de bras (пор де бра) - белгілі сипатта қолға және корпусқа жасалады.

ІІІ. Диагональ бойынша «Шэнэ».

Диоганаль бойынша (шенэ)- бұрыштан бұрышқа дейін мәнерлі орыс халқы биінің аяқ, қол калыптарының түрлеріменен айналу:

- «жәй шенэ» қол – халық биінің ІІ қалпында, аяқ – ІІІ қалыпта тұрып жәй айналу.

-«поперечный - қөлденең» қол – ІІ қалып, аяқ – V калпында тұрып, бұрылғанда көтеріп айналу.

-«подскок - секіру» қол – ІI қалпыдан бұрылғанда ІІІ қалпысына дейін, ал, аяқ – тік қалыптың І қалпысынан бұрылғанда, ашық қалыптың V қалпысынан өкшемен соғу арқылы айналу.

IV. Үй тапсырмасымен жұмыс

Үй тапсырмасы: Орыс биінде кездесетін «Дробь - попырлау және оның түрлері»

Зал ортасында 2/4,3/4,4/4 музыкалық өлшеммен еденді дірілдетіп соғу арқылы би этюды орындалады. «Дробь - топылау» этюдтында «Галоп», «Ковырялочка», «Моталочка» қимылдары кездеседі.

V. Үй тапсырмасын қорытындылау.

Этюдта жіберілген қателіктерді түзеп,биді барлық талапқа сай методикасын дұрыс орындау.

VI. Зал ортасындағы этюд

Зал ортасында орындалған этюдтар:

- Орыстардың ең көне биі — хоровод.

- Бариня биінен шағын этюд.

- Кадриль биі.

VII. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа тақырып: Орыс биіндегі негізгі аяқ қимылы «Кілт» (ключ).

Кілт дегеніміз - аяқпен еденге соғып және соққы жасап орындалатын қимыл.

Кілт – тек орыс биінде колданылады.

Бүгінгі танысатынымыз кілттердің түрлері. Кілт – 3 түрге бөлінеді: І.ІІ,ІІІ. Кілттерді орындағанда қол халық биінің IV қалпы яғни, белімізге ұстап орындаймыз. Музыкалық өлшем – 2/4.

1. І кілт – оң аяқты еденге соғып пауза сақтап, қайтадан оң және сол аяқты соғамыз, тағыда пауза сақтап, сол және оң аяқпен соғып аяқтаймыз.

2. ІІ кілт – оң аяқпен бірге сол аяқты жалғасып соғып, бірден оң аяқты үш рет тезірек соғып жіберіп сол аяқпен күтіп алып соғамыз, пауза сақтап қайтадан сол аяқты соғып оң аяқпен бітіреміз.

3. ІІІ кілт - оң аяқпен бірге сол аяқты жалғасып соғып,бірден оң аяқты үш рет тезірек соғып жіберіп сол аяқпен соғып пауза сақтап қайтадан сол аяқты үш рет соғып оң аяқпен бітіреміз.

- Кілттерді музыка арқылы орындау.

- Методикасын тексеріп орындау мәнерін қадағалау.

VIII. Қорытынды бөлім.

Жаңа сабақ сұрақ және орындау арқылы бекітіледі.

1. Кілт жайлы түсінігінді айт?

2. Кілттер қай халық биінде орындалады?

3. Музыкалық өлшемі?

4. І кілтті көрсет?

5. ІІ кілтті көрсет?

6. III кілтті көрсет?

IX. Бағалау

Үй тапсырмасы мен жаңа тақырып бойынша оқушылар бағаланады.

X. Үй тапсырмасы

1. Кілттердің методикасын уйде орындап,жаттап келу.

2. І,ІІ,ІІІ кілттерге этюд құрастыру.

Зал ортасындағы «Тәжім» қоштасу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ашық сабақ "Орыстың халықтық-сахналық биіндегінегізгі аяқ қимылы "кілт"

Автор: Салыхова Аягуль Гиззатовна

Дата: 28.05.2020

Номер свидетельства: 551799


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства