Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? жоспары "Ма?ал-м?телдер"»
5-сынып
Пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер
Сабақтың мақсаты: білімділік - мақал-мәтелдер жөнінде теориялық ұғым беру, ерекшеліктері мен белгілерін меңгерту, есте сақтау әрекеттерін қалыптастыру. Мақал-мәтелдер халықтыңрухани қазынасы екендігі, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктері және мақалдың ғибраттық, өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданылатындығын түсіндіру; дамытушылық – қызықты грамматикалық тапсырмалар арқылы тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасау және таным белсенділіктерін таныту; тәрбиелік - мақал-мәтелдерді орынды пайдалана білуге, ұшқыр ойлы сөйлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Тұрақты тіркес пен еркін тіркестің қандай айырмашылықтары бар?
Олардың қандай ортақ белгілері бар?
Оқушылар жауабын толықтырып, үй тапсырмасын қорыту.
ІІІ. Жаңа түсінікті қалыптастыру.
Балалар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Ер есімі ел есінде», «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат». десем бұл не? Мақал-мәтелдер. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз мақал-мәтелдер.
Сабағымыздың мақсаты: Мақал-мәтелдер жөнінде мәлімет алу, мақал-мәтелдер халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті екенін ұғыну, мақал мен мәтелдің айрмашылығын түсіну, мақал-мәтелдерді орынды қолдана алуға дағдылану.
Интербелсенді тақтадан төмендегі сызба арқылы түсіндіріп өту.
Орындарын өзгертуге
Адалдыққа
тәрбиелейді келмейді
белгілі тұжырым
Мақал-мәтелдер
жасайды Жақсылыққа бастайды
теріс қылықтарды
әшкерелейдітарихи деректерді мысал
түрінде түсіндіреді
Тұрақты тіркестер сияқты мақал – мәтелдер де әбден қалыптасқан сөздердің тобы. Мақал – мәтелдің құрамындағы әр сөздің орны тұрақты болады.. ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді.
Мақал - мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты бір сөзбен көп мағына білдіреді. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мысалы: кең болсаң, кем болмайсың. Мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді де бірінші бөлімінде себеп немесе шарт, екіншісінде қорытынды пікір айтылады.
Мәтелдерде ой пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мысалы:біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.мақалдың мәтелден айырмашылығы – мағынасы ашық болмайды, ишарамен, тұспалмен айтылады, сөйлем аяқталмай, толымсыз болып қалады.
Мақал-мәтелдер тұрақты тіркес сияқты аз сөзбенкөп мағынаны береді.
Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, тұжырым жасайды.
Мәтел ой пікірді бейнелі әрі тұспалдап айтады.
Оқушылардың жауаптарын толықтыру.
Мақал-мәтелдердің негізгі белгілері:
Қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады.
Белгілі бір тұжырым, түйінді білдіреді.
Өсиет, ақыл мақсатында айтылып, жақсылыққа, еңбекке, бірлікке, адамгершілікке үндейді.
Мақал мен мәтелдің ерекшеліктерін интербелсенді тақтадан көрсету.
Оқулықпен жұмыс: І қатарға 127-жаттығу. Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек теріп жазасыңдар. Мысалы Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сәулесіне зәру – мақал. Жақсы адамға жау жоқ – мәтел.
ІІ қатарға 128-жаттығу. Мәтіннен қанатты сөздерді тауып, көшіріп жазыңдар. Мысалы: Ешкім батыр болып тумайды. Батырлықтың негізі бауырмашылықтан туады.
ІІІ қатарға 129-жаттығу. Адамның қасиеті туралы айтылатын үш мақал, үш мәтел тауып жазыңдар. Мысалы: Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын.
Карточкамен жұмыс: Жұппен жұмыс.
Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын жаз:
Тіл тас жарады, тас жармаса...
Білгенің бір тоғыз,...
Өнер алды - …
Үлкенге - құрмет,
Қар жауады деп қуанба,...
Қыздың көзі...
Семантикалық картамен жұмыс:
Мақал
Мәтел
Бас аман болса, бөрік табылады
+
Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар
+
Дария жанынан құдық қазба
Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер
Күш атасын танымас
Еңбек түбі – береке
Өнер алды – қызыл тіл
Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл
Анасын танымаған, Алласын танымас
Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады
Сергіту сәті:
Әрбір адам кімім?
Туысым, досым, жұрағатым.
Әрбір сабақ? Не істеу?
Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім? Не?
Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзім? Қандай?
Шындық, бірлік, адамдық.
Ой толғау жазу. Оқушылар мақал-мәтелдерді пайдаланып ой толғау жазады.
І қатар: Менің сүйікті пәнім
ІІ қатар: Менің сүйікті ақыным
ІІІ қатар: Менің сүйікті досым
І қатар: «Білім» сөзіне мақал құрастыру
ІІ қатар: «Жүрек» сөзіне мақал құрастыру
ІІІ қатар «Ақыл» сөзіне мақал құрастыру
Сабақты қорытындылау: венн диаграммасы.
Мақал
Ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Мәтел
Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Ой неғұрлым ашық айтылады
Екеуі де халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Екеуі де ойды нақты жеткізуге көмектеседі. Екеуінін де орнын ауыстыруға болмайды. Екеуі де жақсылыққа бастайды.
Мәтелдерде ой пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Ой ишара түрінде тұспалдап беріледі.
Үйге тапсырма:
І қатар:130- жаттығу. Достық, сыйластық, туыстық сезімдер туралы бес мақал мәтел жазу, олардың ішінен омоним, синоним, антоним болатын сөздердің астын сызыңдар.
ІІ қатар:131- жаттығу Өзің қалаған міқал, я мәтел негізінде ребус құрастыр.
ІІІ қатар:132- жаттығу. Ең қысқа мақалдарды тауып жазыңдар.
Үш қатарға жалпы тапсырма мақал-мәтелдер кітапшасын жасау.