kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Армансыз адам-?анатсыз ??спен те?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушылар санасына арман туралы т?сінік ?алыптастыру, с?йлеу ж?не тіл м?дениетін дамыту, білімділікке, отанс?йгіштікке т?рбиелеу.

К?рнекілігі: интерактивті та?та, с?ра?тар, бейне баян.

Саба? барысы:

 1 – ж?ргізуші Айша:

 Армысыздар, б?гінгі т?рбие шарамыз?а ?атысушы ?стаздар мен о?ушылар!

М??гі лаулап жану ?шін ?аламда,

?лкен ба?ыт табу ?шін ?аламда,

?лкен болып ?алу ?шін ?аламда,

?лкен арман керек екен адам?а,- деп толымды талант, с?з шебері М?хтар а?амыз жырла?андай, адам?а ?міт отын жандыратын ол - арман.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Армансыз адам-?анатсыз ??спен те?»



Өзін-өзі тану сабағының сыныптан тыс сабақ жоспары

Мектеп «Социалистік Еңбек Ері Қ.Әбсәметов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар

орта мектеп» КММ

Күні Тақырыбы: Армансыз адам- қанатсыз құспен тең.

Мұғалімі: Мумбаева Ү. М сыныбы- 9 «а», оқушы саны -27





Мақсаты: Оқушылар санасына арман туралы түсінік қалыптастыру, сөйлеу және тіл мәдениетін дамыту, білімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

мұғалім сөзі

Көрнекілігі: интерактивті тақта, сұрақтар, бейне баян.


Сабақ барысы:

1 – жүргізуші Айша:

Армысыздар, бүгінгі тәрбие шарамызға қатысушы ұстаздар мен оқушылар!

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға,- деп толымды талант, сөз шебері Мұхтар ағамыз жырлағандай, адамға үміт отын жандыратын ол - арман.



2 – жүргізуші Абылай:

Біз күн сайын «Нағыз өмір» туралы армандаймыз. Егер терең ойлайтын болсақ, шындығында адамға арман керек - ақ, ол бізге бағыт, күш - қуат береді, үмітімізді жалғап отырады. Сол айтпақшы, бүгінгі біздің сабағымыз жарқын болашақтың бейнесі – АРМАН туралы болмақ.

Ендеше 9 «а» сыныбының дайындаған «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Мына өмірде жүрегіңде, бойыңда ыстық қан барда,

Болмысты да, болмасты да болады деп арманда,

- деп ақын Мұқағали да арман жайлы жырлаған...


1 – жүргізуші Айша:

Ал, Жыр керуені алға жылжыған сайын Мұхтар Шаханов шығармалары жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай түседі. Ақынның өзі жырлағандай адамға үміт отын жандыратын, үміт отын маздататын арман керек екенін сөз өрнегімен дәлелдеген.


1 – жүргізушіАйша : Абылай, мен осы жерде арман туралы аңыз айтсам деп отырмын.

- Арман деген не? – деп жігіт қарияға сауал қойған екен. Сол кезде қария:

- Арман дегеніміз ақыл - ойдың шындығы. Құс – ұшсам дейді, бала – өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – жүректі болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіме үлгі болсам дейді. Арманға адаспаған жетеді, адасқан жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, – деп қарт жауап беріпті.


Оқушыларды ойландыру мақсатында

2 – жүргізуші Абылай:

Ақ қанатты құсым деймін сені,

Аспаннан жерге түсірмеймін сені.

Мәрмәрден мәңгі мүсіндеймін сені,

Ей, Арманым! – деп өнерге өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған сан қырлы талантты ақын Исрайыл ағамыз арманды ақ қанатты құсқа, мәрмәр мүсінге теңейді. ал, біздің сыныптастарымыздың арман туралы ойлары қандай екен?

Осы жерден сыныптастарымыздың арман туралы пікірлерін білсек қайтеді?!

Арман дегеніміз не?

Арманға қол жеткізу үшін қандай қасиеттер керек?

Арманға қол жеткізу оңай ма?

(тақтаға сұрақтар шығарылады, оқушылар сол сұрақтар төңірегінде өз пікірлерін айтады)

1 – жүргізуші Айша:

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,

Тыңдағанда, көңілдің өсері бар, – деп Абай ақын жырлағандай Желдібаев ағамыздың шығармашылығындағы күйлердің адамның көңілін көтерердей қасиеті бар. Ендеше, сол күйге кезек берейік


«Ерке сылқым» күйі Орындайтын:

Бараков Шамшет

2 – жүргізуші Абылай:

Арман – алға жетелейтін жарық жұлдыз, адам адал еңбек етіп, қиындыққа мойымай, қажырлылық танытқанда ғана өз мұратына жетеді, яғни арманы жүзеге асады. Әйтпесе, арман қиялға айналып, келешектің қамы болмай, ақиқат өмірден алыс, тек ойлап қана ұғатын адам санасындағы әлемге айналады.


1 – жүргізуші Айша:

Иә, қай адамда болсын өзiнiң арманы болады. Сол армандарына жеткiсi келеді. Арманына жету үшін алдына үлкен мақсаттар қояды. Егер, адамның арманы болмаса, ол алға ешқашан жылжымас едi. Армансыз адам - қанаты жоқ құспен тең дегендей, қанатсыз құс секiлдi ешқашан биікке ұша алмайды. Адам баласы армандау арқылы ғана жетістікке жетеді екен. Менің бұл сөзімді мына бейнеролик те растайды.

(тақтада бейнеоролик көрсетіледі) Балет биі

2 – жүргізуші Абылай:

Осы көріністен кім не түйді? Бейнероликтегі қытайлық қыз бен жігіт денсаулығына қарамастан балет өнері арқылы өз арманына жетті.

Адамға өз арманын жүзеге асыру үшін қандай құндылықтар қажет деп ойлайсыңдар?

Арманды адам мүмкіндігімен шектеуге болама?

Неліктен??

Оқушылар ойымен бөлісу

(1 - 2 оқушы бейнероликтен түйген өз ойын айтады)


1 – жүргізуші Айша:

Өмірдің алды - ыстық, арты - суық,

Алды ойын, арт жағы мұңға жуық.

Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,

Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.

Ән «Армансыз күнім болмайды» Ж. Байырбекова.


Ән «Армансыз күнім болмайды» Ж. Байырбекова.

Барі қосылып айту

2 – жүргізуші Абылай:

Адамды санай берсең, көп арман да,

«Мінсіз бақ, сансыз дәулет» деп арманда

Мергенге түзу мылтық, оқ арманда

Тамақсыз табысы жоқ кәріптерге

Жалғыз күнгі тамақтың тоғы арман да.

(Ш. Құдайберді)

Достар, сіздердің осы сабақтан түйген өз ойларыңызды сіздердің шығармашылықтарыңыз бойынша түйіндесек.


(оқушылар өздерінің қиялындағы арман бейнесін қағаз бетіне түсіреді)

Шығармашылық тапсырма

2-3 оқушы оқиды.

1 – жүргізуші Айша:

Арман деген көп белес – біріне шықсаң, бірі бар деп Ғабит ағамыз адам арманының шексіз екендігін айтады. Осы бүгінгі сабағынан түйгеніміз – бәрі де өз қолымызда!!!

бейнеролик көрсетіледі.

2 – жүргізуші Абылай:

Талмасын қанат, сөнбесін үміт

Армандар алға жалғасын

Соқса да дауыл, өрт болсын өмір

Қанаттар балғын талмасын



1 – жүргізуші Айша:

Арманға бірге барайық,

Әуелеп әнге салайық.

Қазақ елінің кірпішін

Бәріміз бірге қалайық.

– - Армандарыңыз орындалсын! Біліммен, өнермен алға самғаңыздар! деп бүгінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз!


2 – жүргізуші Абылай: Қорытындылау үшін сөз кезегі Үміт апайға беріледі.

Сіздерге, отбасыларыңызға амандық, заманға тыныштық тілей отырып, көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

Мұғалім сөзі






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Армансыз адам-?анатсыз ??спен те?

Автор: У.М.Мумбаева

Дата: 23.02.2016

Номер свидетельства: 297468


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства