kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алтын те?ге" ашы? т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Солт?стік ?аза?стан облысы, У?лиханов ауданы, Морты? ауылы

Морты? орта мектебі

Орыс тілі ж?не ?дебиеті м??алімі

Нурова Кенже Сатвалдиновна

6-сынып о?ушыларына арнал?ан "Алтын те?ге" атты ашы? т?рбие са?аты

1) Білімділік: О?ушыларды ?лтты? те?гені? шы?у тарихымен таныстыру. 
2) Т?рбиелік: О?ушыларды р?міздерімізді ??рметтеуге, т?уелсіз ?аза? еліні? жетістіктерін, тарихын білуге т?рбиелеу. 
3) Дамытушылы?: О?ушыларды? ?зіндік к?з?арастарын ?алыптастырып, шы?армашылы??а біліктерін дамыту. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алтын те?ге" ашы? т?рбие са?аты»

Сынып: 6

Тақырыбы:«Алтын теңге» 
Мақсаты: 
1) Білімділік: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру. 
2) Тәрбиелік: Оқушыларды рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеу. 
3) Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылыққа біліктерін дамыту. 
Түрі: тәрбие сағаты, танымдық ойын 
Ойынның көрнекілігі: Интерактивтітақта, суреттер, нақылсөздер, алтын теңге, үлестірме карточкалар. 
Сабақтың барысы: 
1) Ұйымдастыру кезеңі. 
Кіріспе. 
а) І-ші кезең: Бәйге кезеңі. ә) ІІ-ші кезең: Мақал сөздің мәйегі. б) ІІІ-ші кезең Блиц сұрақ.(көрермендерге) в) ІҮ-ші кезең «Білгенге маржан» видео тапсырма. 
Ойын барысы: 
Кіріспе.
1-ші жүргізуші: – Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Алтын теңге» танымдық ойынына қош келіпсіздер. Бүгінгі танымдық ойында сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.
Балалар, ойынымызға белсене араласып, зейін қойып тындай отырыңыздар, ойын барысында қазір алатын ақпараттарыңыз бойынша да сұрақтар болатынын айта кетейік.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Олай болса, Қазақстан Республикасының да айрықша белгісі ұлттық валютасы теңге. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. 
Ақша-асыл қазына, халық байлығы. 
Ал, 1991жылы еліміз Тәуелсіздігін алғаннан соң Елбасының Жарлығымен Тәуелсіз елдің өзіндік айрықша валютасы болу керектігі аталды. Сөйтіп, Ұлыбританиядағы «Харисан енд санс» компаниясына тапсырыс жасалып, 1993 жылдың 12 қарашасында елімізге ұлттық валютамыз теңге енгізіліп, Елбасының бұйрығы бойынша 1993ж. 15 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы аумағында теңге валютасы айналымға енгізілді. Ал, алғашқы тиындарымыз Германияда жасалынды.
Қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Мендібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлелов. 
Ең алғашқы бекітілген теңге купюраларының бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Бүгінгі күні Алматы қаласында ақша шығаратын фабрика жұмыс істейді және Өскемен қаласында металлургия заводында монеталар шығарылады.

Құрметті оқушылар, тәуелсіздігімізді білдіретін бірінші белгі ұлттық теңгеміздің шығу тарихын да есімізге түсірдік. Олай болса, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

«Бәйге» кезеңі.
1.Ұлы тұлғалары бар, Керек құнды кағаздар (теңге).
2.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан сайланды? (1991жылы1 желтоқсанда)
3.Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар.(Ту, Елтаңба жәнеӘнұран)
4.Қандай жағдайда тулар көтеріліп, мемлекеттің әнұраны орындалады?
(Екіжағдайда: 1 ) Мемлекет басшысының сапары кезінде; 2) Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда
5.Қазақстан Республикасы әнұранының авторларын ата? (Ж. Нәжмиденов, Н.Назарбаев, Ш. Қалдаяқов)
6.Қазақстан Республикасы туының авторы кім?(Ш. Ниязбеков)
7.Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы кім?(Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)
8.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай жылы қабылданды? (1993 жылы, 15 қараша)
ІІ-ші кезеңі «Мақал сөздің мәйегі» кезеңіне кезекті берейік. Бұл кезеңде сіздерге мына экраннан мақал мәтелдер беріледі, сол мақалдардың бос орындарын сіздер қажетті сөздермен толықтырасыздар. Сіздерге көмек ретінде тапсырманың бірінші жолында қажетті сөздеріңіз бар. 
Мақал - мәтелдер 
Берілген мақал - мәтелдер арасындағы бос орынға төмендегі сөзді жаз. 
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып, сом, ақшасыз) 
1. _____ тиыннан өсер (теңге). 
Жылқы құлыннан өсер. 
2. Есепсіз ______ жоқ (дүние). 
3. Алтын тапсаң _______ ал (санап). 
4. Ақша кетуге тырысады, 
________ ұстауға тырысады (есеп). 
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар (дария). 
6.______ оңай, жинауқиын (шашу). 
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ (құлып). 
8. ______ да сұрауы бар (судың). 
9. Ақшада ____ жоқ (көз). 
10. Ар - намысы таза адамның ______ аз болады (ақшасы). 
11.Мың____ болғанша 
Бір қылды басың болсын (сом). 
12.Базарда бәрі бар, 
__________ешкім бермейді. (ақшасыз) 


ІІІ-ші кезең.Блиц сұрақ.
Құрметті көрермендер сіздер де белсене қатысуларыңызға болады.Өз жауаптарыңызды екі топтың біріне берулерінізге болады. 
1.Қазақстанның ұлттық валютасы қашаненгізілді?(1993 жылқарашаның 15-і)

2.Қандай валюта халықаралық болып саналады? (евро, доллар) 
3.Теңгеге дейінгі Қазақстанның ақша валютасы қалай аталған? (рубль)

4.Монеталар және басқа да ақша белгілері туралы ғылым қалай 
аталады? (нумизматика) 
5.Қазіргі кезеңде Қазақстан территориясында қандай номиналды 
Банкноттар қолданыста? (200, 500,1000,2000, 5000, 10000) 
6.Бүгінгі күні Қазақстан территориясында қандай монеталар қолданыста жүр? (1,2,5,10,20,50,100) 
7.Алғашқы Қазақстан теңгесі қайда басылды? Англияда " Харрисон және оның ұлдары" компаниясында ) 
8.Алғашқы Қазақстан тиыны қайда басылды? (Германияда) 
9.Ақшаны қайда жинауға болады? (банкте) 
10.Монеталар бүгінгі таңда қайда шығарылады. (Өскемен қаласында, монета сарайында) 

ІҮ. «Білгенге маржан» Видео тапсырма.

Құрметті қатысушылар экранға назар аударайық.

Осымен біздің соңғы тапсырмамыз аяқталды. Енді тиындарды санауға көшелік.

Назарларыңызға бүгінгі тәрбие сағатына дайындаған көріністі ұсынамыз.

Жеңімпаз топты мараппатайық.


- Сонымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Қатысушыларға белсенділік танытқан үшін алғыс білдіремін. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!








Мақал - мәтелдер
Берілген мақал - мәтелдер арасындағы бос орынға төмендегі сөзді жаз. 
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып, сом, ақшасыз)
1. _____ тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ______ жоқ. 
3. Алтын тапсаң _______ ал. 
4. Ақша кетуге тырысады, 
________ ұстауға тырысады. 
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.
6.______ оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ. 
8. ______ да сұрауы бар. 
9. Ақшада ____ жоқ. 
10. Ар - намысы таза адамның ______ аз болады. 
11.Мың____ болғанша 
Бір қылды басың болсын. 
12.Базарда бәрі бар, 
__________ешкім бермейді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Алтын те?ге" ашы? т?рбие са?аты

Автор: Нурова Кенже Сатвалдиновна

Дата: 09.04.2016

Номер свидетельства: 316932


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства