Алма мен алм?ртты? ?лгі суретін немесе м?сінін к?рсетіп, сипаттайды.
Алма к?лемі домала?,алм?ртты? пішіні сопа?ша. Т?стері ?ызыл,сары,жасыл т?сті болады.
Жемістерді сипаттайды. Кел ермексазды ауада ?алай домала?тауды к?рсетеді.
Сергіту с?ті
Орнымызды т?райы?
?олды ?ол?а со?айы?
Бір отырып,бірі т?рып
Орнымызды табайы?.
?лгі суретпен ж?мыс
Балалар?а ?лгіні к?рсетіп,ж?мыс ретімен таныстырады.
?ызыл, сары, жасыл т?стерді та?датып,?алаулары бойынша жасатады.
Просмотр содержимого документа
«Алма мен алм?рт»
Технологиялық карта №1 Бекітемін:____________
Айы______________ аптасы__________________ күні________________________
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Алма мен алмұрт»
Мақсаты:
Білімділігі:Күзде пісетін жемістер туралы түсінік беру,алма мен алмұртты салыстыру арқылы пішіндегі айырмашылықты анықтау.
Дамытушылығы: саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын дамыту.
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа ,жнақылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: саяхат сабақ
Қос тілдік компонент: алма-яблоко,алмұрт-груша
Көрнекіліктер мен құралдар:ермексаз,тақтайша,сүлгілер,су
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс -әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы | Тәрбиеші балаларға табақтағы алма, апелсиндерді көрсетіп,сұрақтар қояды. Қандай домалақ заттарды білетіндерін сұрайды. | Сұрақтарға жауап береді. Олардың допқа,мәшиненің дөңгелгіне,күнге, сақинаға ұқсайтынын айтады. |
Іздену-құрастыру | Алма мен алмұрттың үлгі суретін немесе мүсінін көрсетіп, сипаттайды. Алма көлемі домалақ,алмұрттың пішіні сопақша. Түстері қызыл,сары,жасыл түсті болады. Жемістерді сипаттайды. Кел ермексазды ауада қалай домалақтауды көрсетеді. Сергіту сәті Орнымызды тұрайық Қолды қолға соғайық Бір отырып,бірі тұрып Орнымызды табайық. Үлгі суретпен жұмыс Балаларға үлгіні көрсетіп,жұмыс ретімен таныстырады. Қызыл, сары, жасыл түстерді таңдатып,қалаулары бойынша жасатады. | Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды. Қимыл-қозғалыс арқылы орындайды. Сәйкес түстерді таңдап,үлгі бойынша өздігінен мүсіндейді. |
Рефлексивті- түзетушілік | «Не жоғалды?» дидактмкалық ойын Тақтаға жемістердің суретін тізіп қойып,көздерін жұмғанда Орындарын өзгертіп қояды. «Не өзгерді?» деп сұрайды. Балалардың жұмыстарын мадақтайды. | Көздерін жұмғанда жемістердің орнының қалай өзгергенін айтады. Жұмыстарын ортаға жинайды,салыстырады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек | Жемістер жайлы |
Қандай түсініктерді игерді: | Алма мен алмұртты мүсіндеуді |
Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады:: | Ермексазды домалатуды,мыжу,шымшу әдістерін |
Картаны толтырған тәрбиеші: Темиртасова Б
Технологиялық карта №2 Бекітемін:____________
Айы______________ аптасы__________________ күні________________________
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Бақшадағы қызанақ пен қияр»
Мақсаты:
Білімділігі:көкөністердің адам ағзасына пайдасы туралы мағұлмат беру
Дамытушылығы: ермексазды алақан арасына салып есу,домалату тәсілдерін меңгерту
Тәрбиелігі: көкөністі жуып жеуге,тазалық сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету
Қос тілдік компонент: қияр-огурцы, қызанақ-помидор
Көрнекіліктер мен құралдар:ермексаз,тақтайша,сүлгілер,су
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс -әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы | Тәрбиеші балаларға табақтағы қияр мен қызанақты көрсетіп,сұрақтар қояды. Мынау нелар? Түстері қандай? Неге ұқсайды? Пішіндері қандай? Қандай домалақ заттарды білетіндерін сұрайды. | Сұрақтарға жауап береді. Олардың допқа,мәшиненің дөңгелгіне,күнге, сақинаға ұқсайтынын айтады. |
Іздену-құрастыру | Қызыанақ пен қиярдың үлгі суретін немесе мүсінін көрсетіп, сипаттайды. Қызанақтың көлемі домалақ,қиярың пішіні сопақша. Түстері қызыл, жасыл түсті болады. Көкөністерді сипаттайды. ермексазды ауада қалай домалақтауды көрсетеді. Сергіту сәті Орнымызды тұрайық Қолды қолға соғайық Бір отырып,бірі тұрып Орнымызды табайық. Үлгі суретпен жұмыс Балаларға үлгіні көрсетіп,жұмыс ретімен таныстырады. Қызыл, жасыл түстерді таңдатып, қалаулары бойынша жасатады. | Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды. Қимыл-қозғалыс арқылы орындайды. Сәйкес түстерді таңдап,үлгі бойынша өздігінен мүсіндейді. |
Рефлексивті- түзетушілік | «Не жоғалды?» дидактикалық ойын Тақтаға көкөністердің суретін тізіп қойып,көздерін жұмғанда Орындарын өзгертіп қояды. «Не өзгерді?» деп сұрайды. Балалардың жұмыстарын мадақтайды. | Көздерін жұмғанда жемістердің орнының қалай өзгергенін айтады. Жұмыстарын ортаға жинайды,салыстырады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек | Көкөністер жайлы |
Қандай түсініктерді игерді: | Қызанақ пен қиярды мүсіндеуді |
Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады:: | Ермексазды домалатуды,мыжу,шымшу әдістерін |
Картаны толтырған тәрбиеші: Темиртасова Б