ал?аш рет алатып отыр?ан мереке жайында т?сініктерін ?алыптастыру, ал?ыс туралы т?сінік беру, ?лкен - кішіге деген с?йіспеншілік, сыйласты? ?асиеттерін ке?ейту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ал?ысымды кімге айтсам екен»
Тақырыбы: «Бүгін алғысымды кімге айтсам екен».
Мақсаты: оқушыларға алғаш рет аталып отырған мереке туралы түсініктерін қалыптастыру, алғыс туралы түсінік беру, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілік, сыйластық қарым – қатынастарын дамыту, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі.
Өткен жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өте жақсы бастама көтерді. «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде – 1 наурызда – барлық ұлттың бір – біріне және осы адамдарды қабылдаған, аушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді» - деді Елбасы. Ал биыл Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, биыл көктемнің алғашқы күнінде еліміз тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болатын Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Негізгі бөлім. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай- ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Оқушылар жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдерді ешкімнен ешқашан аямығыздар. «Рахмет» сөзін жиі айтыңыздар. Адам баласы алғыс пен ризашылық естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұранын естен шығармаңыздар. Тек адамдарға ғана емес Табиғат Анамызға да мейірімді шуақты күні үшін, көңілді жаңбыры үшін, ақ қары мен ақ ұлпа бұлттары үшін де алғыс айтуды ұмытпайық.
Ой қозғау.
Жалпы алғыс айту дегеніміз не?
Қандай жағдайда алғыс айтамыз?
Алғысты қалай жеткізуге болады?
Алғыс алатын адам қандай болуға лайықты?
Сен қандай жағдаймен алғысқа бөлендің?
Кімге, не үшін алғыс айтқаның есімде ме?
Алғыс туралы мақал – мәтелдерді есімізге түсірейік.
Алғыс алған арымас, қарғыс алған жарымас.
Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден келеді.
Алтын алма, алғыс ал,
Алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы.
Ел алғысын алсаң, елеулісі боласың.
2.Шығарма. «Бүгін алғысымды кімге айтсам екен»
Ойын. Шеңберге тұрып бір – бірлеріне алғыс білдіру.
Ата- аналарға, ұстаздарға, достарына ыстық ықыластарын, жылы лебіздерін білдіру. (стикер арқылы тақтаға жапсыру)
Қорытынды. Сонымен балалар біз бүгін сендермен елімізде тұңғыш рет тойланып отырған «Алғыс айту күні» туралы ой бөлістік. Ата-анамызды, ұстаздарымызды, үлкен – кішіні ардақтап, құрметтеп, алғыс айта жүріп, алғыс алуды да ұмытпайық. Бүгінгі сынып сағатына атсалысып қатысқандарын үшін сендерге ризашылығымды білдіріп алғысымды айтамын. «Алғыс айту күніне» арналған сынып сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қортындылайын:
«Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар,
Әлемде Қазақстан бар,
Онық көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар,
Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар,
Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар!»