Ма?саты: ?рбір жеке т?л?аны ?з ортасында, ?зге ортада еркін сезіне алу?а ?йрету, айналсында?ылар мен ?арым - ?атынас орнату?а жа?а м?мкіндіктер табу.
?атысушыларды? ?з ойын ашы? жеткізуді, бір - біріні? пікірін ??рметтеу, сезіміне бейімдеу.
Жеке т?л?аны? рухани ?суіне т?рбиелік - педагогикалы? жа?дай жасай отырып, ?мірді? ??ндылы?ын ??ыну?а т?рбиелеу.
М??алім – ата - ана – о?ушы арасында?ы ?арым - ?атынасты ны?айту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Алдымен с?й, арда?ты ата-ана?ды! »
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Ақсоғым ауылы
Восход жалпы орта білім беретін мектебінің физика-информатика пәнінің мұғалімі Адиетова Лунара Жанарбекқызы
Тақырыбы: «Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды!»
Сыныбы: 7
Мақсаты: әрбір жеке тұлғаны өз ортасында, өзге ортада еркін сезіне алуға үйрету, айналсындағылар мен қарым - қатынас орнатуға жаңа мүмкіндіктер табу. Қатысушылардың өз ойын ашық жеткізуді, бір - бірінің пікірін құрметтеу, сезіміне бейімдеу. Жеке тұлғаның рухани өсуіне тәрбиелік - педагогикалық жағдай жасай отырып, өмірдің құндылығын ұғынуға тәрбиелеу. Мұғалім – ата - ана – оқушы арасындағы қарым - қатынасты нығайту.
Көрнекі құралдар: нақыл сөздер, мақалдар,суреттер, слайд, карточкалар, қорабшалар, т.б.
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Мұғалім:Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар , ұстаздар және оқушылар!
Алдымен сүй, адақта ата-анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейірімінен ананың жасалады. – демекші бүгінгі «Алдымен сүй, ардақта ата – анаңды !» атты ашық тәрбие сағатымызды жүректеріндегі бар мейірім шапағаты мен махабатын, қолдарындағы бар байлығы мен тәлім тәрбиесін, бар өмірін өз перзентіне арнап өтетін ата – аналарымызға арналады. Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар «Әке - асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жақын, ең жылы ата-ананың алақаны, мейірімі, қайырылымдығы.
Ендеше тәрбие сағатымызға қатысушы оқушылар мен ата-аналарды ортаға шақырамын.
ІІ.Тренинг «Шаттық шеңберіне шақыру» (ата-аналар мен балалар бір-бірлерінің есімдерін атап,есімдерінің бірінші әріптеріне сәйкес есімідеріне сипаттама береді)
Мұғалім:өте жақсы, барлықтарыңызға көп-көп рахмет.Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. «баламның мандайына кірген шөңге, менің мандайыма кірсін » деп, өз перзентері үшін отқада түсуге дайын болатында ата-аналырымыз. Олар сендерді әлемде жоқ гаухар тасқа, көктегі періштеге, аспандағы жарқыраған жұлдызға тенейді.
Ал сендер ата-аналарыңды кімге теңер едіңдер? Үйге берілген тапсырмаларыңды ортаға шығып таныстырыңыздар.
ІІІ.«Менің отбасым» суреттер көрмесі. (Балалар өздерінің ата-аналарын бейнелеген суреттерін таныстырады)
«Ана сүтін, анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда, борышыңды өтей алмайсын» деп халқымыз айтқандай, ана туралы, әке туралы жыр,дастан жазсақта, оларға деген махабатымызбен ыстық ықыласымызда шек болмауы керек. Ата-ана туралы ой толғанысран айтпаған, тарих бетіне қалдырмай кеткен ұлы ғұламалар жоқ шығар. Халқымызда ата-анаға, балаға , бала тәрбиесіне арналған небір асыл сөздері бар. Мақал – мәтелдерді қайталап көрейік. Мен сендерге басын айтайын сендер жалғасын табыңдар.
IV.«Сөз асылы - мақал»
Балалы үй – базар , баласыз үй-қу мазар
Ер бала – ата –анаға таяу,
Қыз бала – үйге жаққан бояу
Құз балапаны үшін – тұзаққа түседі,
Адам баласы үшін – отқа түседі.
Дүниеде бал тәтті,
Балдан да бала тәтті.
Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.
Қарағайға қарап тал өсер,
Ата-анаға қарап бала өсер
Әке көрген оқ жонар,
шеше көрген тон пішер.
Үйінде ұл қызы бардың,
Көгінде сөнбес жұлыдызы бар
Ана сүтін ақтамағанды, ешкім жақтамайды
Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілесің
Әдепті бала – ата-анасын мақтар,
Әдепсіз бала – ата-анасын қақсатар
Мұғалім: Жарайсындар балалар, ата-бабамыздан қалған байлығымыздың бірі осы мақал-мәтелдер, оларды тек жаттап қана қоймай мән-мағынасын түсініп, өмірлік ұран етіп жүруіміз керек деп ойлаймын.
V.«Сөз түйін»
Мұғалім: мен осы отырған үш топқа үш түрлі тапсырма берем 3 минут ішінде орындауларыңыз керек.
Ата-аналардан құрылған топқа
«Бала деген кім ?»(постермен жұмыс)
Жағдаятық тапсырма.
Кешкі ас ішіліп болған соң, ас үйде ыдыс жуылмай қалады, Өйткені теледидардан жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткен соң қызыңыз сізге «мама ыдысты таңертең жуа салайыншы» сіз не деп жауап берер едіңіздер?
«Ата – анаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» - деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Ата – аналардың қарттар үйіне қоныс аударуын не себеп болады?
Ата – ана ол кім? (постермен жұмыс)
Мұғалім: рахмет жауаптарыңызға көп – көп рахмет.
Ия ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асып, пікілес боу бұл керемет емеспе, Керісінше ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін бала, ата-анасының сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді. Бірақ ата-аналарымыз әрқашанда баласына тәлім-тәрбие беруден шаршаған емес, қандай бала болмасын еркелетіп, көкке көтереді.
Ал сол теректің жемістерін балаларына теңеуге болама?
Ендеше көріп тұрғандарыңдай, ата – аналарыңмен сіздердің араларыңда жай қарапайым ғана көпір тұр, сол көпірді, өз қолдарыңмен гүлдендірейік.
VI. «Гүлденген көпір»
(Әр оқушының қолына екі гүлден береміз, сол гүлдерге ата-аналарыңа арналған жылы лебіздеріңді жазасыңдар)
Жарайсыңдар, ата-аналарыңа деген ыстық ықыластарың мен ақ тілектеріңді тек жүректеріңде емес, күнделікті өмірде де білдіріп жүрулерің керек деп ойлаймын.
VII. «Сиқырлы жүрек»
Енді соңғы тапсырма бұл сиқырлы жүрек деп аталады.
Сиқырлы жүрек деп сендер кімнің жүрегін айта аласыңдар?
Әрине ата-аналарыңның!
Ендеше сол ата-аналарыңның жүрегінен, бір – бір жүрекшеден алып, ішінде не жазылғанын оқып, жалғастырыңдар!
VIII. Қорытынды: Сонымен балалар біз бүгін сендермен бір үлкен тақырып аясында ой бөлістік. Бімегендеріңізді бір-бірлерімізден білдік. Ойларымызды ашық айттық, жүректегі сезімдерімізбен бөлістік, бұның бәрі ата-аналардың арқасы. Ол үшін алдымен ата-анамызды ардақтап, құрметтеп, сыйлау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпайық. Тәрбие сағатымызды қорытындылау сөзін оқушыларға беремін.
Оқушылар: Ән: «Анашым»
Мұғалім: Құрметті ата-аналар мен ұстаздар бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет!