kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алдымен с?й арда?та ата-ана?ды

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашы?  т?рбие  са?атыны?  та?ырыбы:

«Алдымен  с?й, арда?та  ата-ана?ды»

Саба?ты?  ма?саты: Халы?ты?  педагогиканы  ж?не  Ислам  діні, ??ран 

аяттары  мен  хадистерін   келтіре  отырып, о?ушыларды 

ата-аналарын    ??рметтеуге, с?юге, сыйлау?а  баулу.

Саба?ты?  ?дісі: баяндау, пікір  алмасу, ?деби-музыкалы?  композиция.

Саба?ты?  т?рі: «Иман  айнасы» ба?дарламасыны?  желісінде.

Саба?ты?  к?рнекілігі: Ата-ана  жайлы  на?ыл  с?здер, суреттер т.б.

Саба?ты?  жоспары: та?тада ілінулі

Саба?ты?  барысы:  (Баяу  музыка  ойналып  т?рады)

         М??алім: ?ымбатты  ?стаздар, ата-аналар, о?ушылар! Б?гінгі  бізді?  т?рбие  са?атымызды?   та?ырыбы: «Алдымен  с?й, арда?та  ата-ана?ды» - деп  аталады.

                           1-о?ушы: Ислам  дінінде  ата-ана?а    ?атты  м?н  беріліп, адамзатты?   ішіндегі  е?  ?адірлі  де, сыйлы  жан   ретінде  ??рмет  к?рсетілген. ??ран  аяттары  мен  хадистерінде  ата-ананы  сыйлау, олар?а  ?арсы  келмеу, ?ол?абыс  болып, айт?анын  екі  етпеу, ?артай?анда  к??ілдеріне  ?аяу  т?сірмей, ?ам?орлы?  к?рсету  м?селелері  жиі  айтыл?ан.

Мысалы: ??ранда  Алла?  та?ала: «Біз   адам  баласына  ата-анасына  жа?сылы?  жасауды  б?йырды?».

«Біз  адамдар?а  ата-анасымен  жа?сы  ?арым-?атынаста  болуды  б?йырды?. Себебі  анасы  оны   ?иыншылы?тар?а   т?зе  отырып, ??рса?ында  к?теріп  ж?рді. Ту?аннан  кейін  екі  жыл  емізеді. (ЕЙ; адамдар!) Алдымен  ма?ан, сосын  ата-аналары?а  ал?ыс  айты?дар. Со?ында  ма?ан  ?айта  ораласы?дар»,-дейді.

2-о?ушы: «Ал, егер  оларды?  бірі  немесе  екеуі   де  ?олдары?да  т?р?ан   кезде  ?артайса, олар?а «У?»  деп  айтпа. Сондай-а?, олар?а  зекіме  ж?не  сыпайы  с?йле. Мейіріммен  ??ша?  жайып  былай  деп  д??а  жаса : «О,Раббым! Олар  мені  кішкентай  к?німде  ?алай  м?пелеп  ?сірген  болса, оларды  солай  мейірімі?е   б?лей  г?р».

3-о?ушы: Алла?    Елшісіні?  иман  м?селесінен  кейін  е?   к?п  то?талатын   та?ырыптарыны?  бірі-ата-ананы?  а?ысы  еді. Е?  жа?ымды   ??лшылы?  ата-ананы  ?астерлеу.   М?хаммед  Пай?амбарымызды?  хадистерінде  ата-ананы?  а?ысын  ?теуді?  м?мкін  еместігін  ескерткен  хадистері  ар?ылы  ?мбетін  ата-ана?а  ?арсы  келуден  са?тандырып, ?арсы  келуді  ?лкен  к?н??а  балайды.

М??алім: о?ушылармен,ата-налармен ?осымша  ??гіме  ж?ргізеді.

          ( «Ата?а  не  ?ылса?   алды?а  сол  келер»  к?рініс)

         М??алім  та?тадан   ата-ана  мен  балаларды?  міндеттері  жайлы  айтып  береді.         Сонан  со?  о?ушылар?а:   «Анасына  ?арсы  келген  бір  жасты?  со??ы  демінде   иманнан  айырылып  ?алу  ?атеріне  ?шырауы»  жайында  ты?дату.

          О?ушыларды?  ата-аналары  жайында  жаз?ан  ?ле?дері  мен  шы?армаларына  кезек  беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алдымен с?й арда?та ата-ана?ды»

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:

«Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды»

Сабақтың мақсаты: Халықтық педагогиканы және Ислам діні, құран

аяттары мен хадистерін келтіре отырып, оқушыларды

ата-аналарын құрметтеуге, сүюге, сыйлауға баулу.

Сабақтың әдісі: баяндау, пікір алмасу, әдеби-музыкалық композиция.

Сабақтың түрі: «Иман айнасы» бағдарламасының желісінде...

Сабақтың көрнекілігі: Ата-ана жайлы нақыл сөздер, суреттер т.б.

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру.

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

3. Оқушылар ойлары.

4. «Соқыр ана» өлеңі.

5. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» көрініс

6. Ата-ана туралы мақал-мәтелдер.

7. Ата-ананың пікірі мен анкетаға жауабы.

8. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

9. Оқушылардың ата-аналарына арнаған әндері...

Сабақтың барысы: (Баяу музыка ойналып тұрады)

Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды» - деп аталады.

Иә, ата-анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек, бала- ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана жатта жалынып, құдайдан перзент тілеген, перзент көргенде жүрегі жарылардай қуанған, содан кейін «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін»- деп әлпештеп өсірген, перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде, мойындарына бұршағын салып, «өзімді алып, баламды аман қалдыр»-деп құдайға жалбарынған, өздерін балалары үшін құрбан еткен.

«Балалы үй-базар, баласыз үй - мазар», «Бала – ата-ананың бауыр еті»-деген мақалдарда ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігі жатқан жоқ па?

Ата-ананың көз қуаныш-

Альдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі,-деп ұлы Абай атамыз баланың ата-анасының қуанышы, гүлденген үміт арманы екенін тебірене жырлайды.

Әлемге әйгілі ғұламалар мен ақындардың ата-ана махаббаты, перзент парызы жайында тебірене айтпағаны, жазбағаны аз деуге болады. Олардан қалған асыл сөздер қаншама?

Ал, ата-ананың қадірі жайында Ислам дінінде не дейді, соған құлақ түрейік:

1-оқушы: Ислам дінінде ата-анаға қатты мән беріліп, адамзаттың ішіндегі ең қадірлі де, сыйлы жан ретінде құрмет көрсетілген. Құран аяттары мен хадистерінде ата-ананы сыйлау, оларға қарсы келмеу, қолғабыс болып, айтқанын екі етпеу, қартайғанда көңілдеріне қаяу түсірмей, қамқорлық көрсету мәселелері жиі айтылған.

Мысалы: Құранда Аллаһ тағала: «Біз адам баласына ата-анасына жақсылық жасауды бұйырдық».

«Біз адамдарға ата-анасымен жақсы қарым-қатынаста болуды бұйырдық. Себебі анасы оны қиыншылықтарға төзе отырып, құрсағында көтеріп жүрді. Туғаннан кейін екі жыл емізеді. (ЕЙ; адамдар!) Алдымен маған, сосын ата-аналарыңа алғыс айтыңдар. Соңында маған қайта ораласыңдар»,-дейді.

2-оқушы: «Ал, егер олардың бірі немесе екеуі де қолдарыңда тұрған кезде қартайса, оларға «УҺ» деп айтпа. Сондай-ақ, оларға зекіме және сыпайы сөйле. Мейіріммен құшақ жайып былай деп дұға жаса : «О,Раббым! Олар мені кішкентай күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, оларды солай мейіріміңе бөлей гөр».

3-оқушы: Аллаһ Елшісінің иман мәселесінен кейін ең көп тоқталатын тақырыптарының бірі-ата-ананың ақысы еді. Ең жағымды құлшылық ата-ананы қастерлеу. Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадистерінде ата-ананың ақысын өтеудің мүмкін еместігін ескерткен хадистері арқылы үмбетін ата-анаға қарсы келуден сақтандырып, қарсы келуді үлкен күнәға балайды.

4-оқушы: Осы тұрғыда айтылған хадистерінде Хақ елшісі былай деген:

«Кімде-кім ата-анасына сүйіспеншілік пен жылы шырай танытып қараса, сол көзқарасының өзі оны «Хажж - мәбрур» жасағандай сауапқа кенелтеді. Хажж-мәбрур дегеніміз - адамды анадан жаңа туылғандай пәк, күнәсіз қалыпқа түсіретін, Аллаһ тағаланың ризашылығына сай орындалған қажылық».

5-оқушы: «Анаңа құрмет көрсетуден кенде қалма. Оның көңілін табудың жолын қарастыр. Егер, осылай жасасаң қажылыққа да, умраға да барғандай сауап аласың ».

6-оқушы: Адамзаттың ардақтысы хазірет Пайғамбарымыздың осы

хадистеріне сүйеніп, Шал ақын:

Мекке менен Мәдине жолдың ұшы,

Алыс сапар дейді ғой барған кісі.

Ата менен анаңды құрметтесең,

Мекке болып табылар үйдің іші, - деп халыққа өсиетін айтса, Шортанбай ақын:

Атаңды сыйла анаңмен

Меккені іздеп таппаққа, -деп ата-ананы сыйлауға үндейді.

7-оқушы: Ертеде грек жұртының ұлы ғалымы Плотон : «Кімде-кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен енесі секілді «қымбатты қонағы» болса ол үйіне құдайдың одан артық өкілі келді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, ата-аналары оның отбасының құты болып табылады »,- деген екен.

8-оқушы: әке-шешенің айтқан ақылын тыңдап, олардың істеріне, сөздеріне кейіс білдірмей, олар ашуланса, ренжісе сабырлылық сақтап, кішіпейіл, кешірімшіл болуы керек. Себебі: Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед: «Алла тағаланың разылығы – ата-ананың разылығында, Алла тағаланың ашуы – ата-ананың ашуында» -деген.

9-оқушы: Бір кісі пайғамбарға келіп: «Я,Расулулла, менің анам жүре алмаушы еді. Мен ол кісіні арқалап, көтеріп жүріп қажылықтың шарттарын толық орындаттырдым. Енді, менің анамның хақысынан құтылдым ба?» - деп сұрады.

Сонда пайғамбарымыз «сен тек қана анаңның бір рет қиналған толғағынан ғана құтылдың»,-деген екен.

10-оқушы: Ислам дінінде ең үлкен күнәлар: «Алла тағалаға серік қосу, кісі өлтіру, жалған куәлік беру және ата-ананы ренжіту»-делінген. Яғни, ата-ананы ренжіту Алла тағала алдында кісі өлтіру мен жалған куәлік беру секілді ауыр күнә. Үлкенге ізет – бұл Алланың әмірі.

11-оқушы: Хақ елшісі бір хадисінде ақырзаман жақындағанда аналар өздерінің мырзаларын туады. Яғни, перзенттің бойында ата-ананы сыйлау деген қасиет қалмай, керісінше оларға өздерінің дегенін істетіп, дөрекілігімен қабақтарына кірбің түсіріп, жандарын жаралайтынын айтады. Міне, осы хадистің сырын терең түсінген ата-бабамыз келешек ұрпаққа мұндай қателікке ұрынбауы үшін:

Сыйлай бергіл көнені,

Сыйламаған күң қылар,

Өзін тапқан енені, - деп өшпес өсиетін қалдырған.


(«Соқыр ана» әнін тыңдату арқылы оқушының пікірлерін тыңдау).

Оқушы ойын қорыту мақсатында В.А.Сухомлинскийдің сөзін оқып беру:

...Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың...

( «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер» көрініс)

12-оқушы: енді, ата-ана хақындағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.

  1. Ағайын – алтау,

Ана-біреу.

  1. Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атаңа ауыр жүк артпа.

  1. Баланың бас ұстазы - ата-анасы.


13-оқушы: 1. Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің,

Ағайының қадірін жалалы болғанда білерсің...

2. Атасы тұрып ұл сөйлегеннен без,

Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.

  1. Анадан артық дос бар ма?

Ашудан артық қас бар ма?


Мұғалім тақтадан ата-ана мен балалардың міндеттері жайлы айтып береді.

Сонан соң оқушыларға: «Анасына қарсы келген бір жастың соңғы демінде иманнан айырылып қалу қатеріне ұшырауы» жайында тыңдату.


Оқушылардың ата-аналары жайында жазған өлеңдері мен шығармаларына кезек беру.


Сабаққа қатысып отырған ата - аналармен сұхбат:

  1. Балалардың айтқан сөздерінен қандай ғибрат алдыңыз?

  2. Балаңыз екеуіңіздің ара-қатынасыңыз қандай?

  3. Ата-аналарға: «Баланың өмірі және оның мектептегі табыстары » - тест тапсырмаларын таратып беріп, қорытындасын шығару.



Мұғалім:
Қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

Ата-аналарыңызды ренжітіп, көңілдеріне қайғы салудан сақтаныңыз. Сүйтіп алла тағала алдында ауыр күнәға батудан сақ болыңыз. Өз балаңыздан қандай жақсылығын күтсеңіз, ата – анаңызға сондай жақсылық істеңіз. Себебі не берсеңіз, соны аласыз. Не ексеңіз, соны орасыз. Жақсылық қылсаң да өзіңе, жамандық қылсаң да өзіңе.


Ақ жаулақты , ақ шашты өз аналарымыз бен данагөй қарияларымызды ардақтайық, көңілдеріне қаяу, жүректеріне қайғы салмайық ,- деп «Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды » тәрбие сағатымызды балаларыңыздың тамаша әнімен аяқтасақ деймін.

Ән: «Әкем, анам»


Соңы...


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Алдымен с?й арда?та ата-ана?ды

Автор: Карибаев Данияр Жалелович

Дата: 18.02.2016

Номер свидетельства: 295421


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства