Дамытушылы?: Ой-?рістерін ке?ейту, с?йлеу ?абілеттерін дамыту
Т?рбиелік: П?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру
Ж?ргізуші:
??рметті о?ушылар мен ?стаздар! Ел президенті айт?андай «Б?секеге ?абілетті мемлекет болу ?шін біз сауаттылы?ы жо?ары елге айналуымыз керек». Б?л міндетті ат?ару біздерге тікелей байланысты. ?азіргі білім саласына ?ойылып отыр?ан заман талабы – ?з ойы мен пікірі бар, шы?армашылы?пен ж?мыс жасай алатын, ?абілетті де ??зыретті т?л?аны т?рбиелеу. Осы жолда м??алімдер мен о?ушылар?а ?ойылатын міндеттер аса ?лкен. О?ушы ?андай болуы керек – деп с?ра? ?ойса?, ол б?секеге ?абілетті, ?азіргі заманауи экономикалы? ой-?рістері дамы?ан жан-жа?ты т?л?а болу керек. ?азіргі та?да?ы е? ?зекті м?селелерді? бірі – а?ша ?ызметтері. Осы та?ырып аясында ой б?лісіп, таразы?а салып к?релік:
Просмотр содержимого документа
«"А?ша ?ызметттері" атты пікірсайыс саба?ы»
Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығы
Дайындаған: «Қазына» үйірмесінің жетекшісі
Алдонгарова Айгүл
Дебаттың тақырыбы: Ақша қызметтері
Мақсаттыры:
Білімділік: Бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау
Дамытушылық: Ой-өрістерін кеңейту, сөйлеу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Жүргізуші:
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Ел президенті айтқандай «Бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек». Бұл міндетті атқару біздерге тікелей байланысты. қазіргі білім саласына қойылып отырған заман талабы – өз ойы мен пікірі бар, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын, қабілетті де құзыретті тұлғаны тәрбиелеу. Осы жолда мұғалімдер мен оқушыларға қойылатын міндеттер аса үлкен. Оқушы қандай болуы керек – деп сұрақ қойсақ, ол бәсекеге қабілетті, қазіргі заманауи экономикалық ой-өрістері дамыған жан-жақты тұлға болу керек. Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі – ақша қызметтері. Осы тақырып аясында ой бөлісіп, таразыға салып көрелік:
Мақсаты: барлық фактілік дәлелдерді ұсыну арқылы өз позициясына сәйкес конфликтілік жағдайын тудыру.
Міндеті: Әрбір спикердің сөйлеу уақытының шеңберден шықпауын, әдептілік этикасын сақтауын бақылауға алады.
Жақтаушы топ. Ақиқат тобы
Даттаушы топ: Парасат тобы
Дебат ойындарында оқушылардың ой ұшқырлылығы қарама-қарсы сұрақ сәтінде анық байқалады. Білімді, көп ізденетін оқушылардың өзіндік ой-өрісі ойын барысында көрінеді. Қыннан қылыш қылыш суырғандай сұрақтары қарсы топты ойландырып, өз кейстеріне күмән тудыратындай етулері керек.
Сайысымызды бастамас бұрын жеребе таратылып қай фракцияның бірінші бастайтыны белгілі болады
Сайысымыздың бөлімдері:
І. Таныстыру
Топ өздерін таныстырады. Капитан командалары сайланады.
ІІ. Ой түбінде жатқан сөз...
Негізгі кезең бұнда спикерлер аргументпен (дәлелдемелермен) мысалдар,
статистикалық мәліметтермен таныстырады.
Екі фракцияның ұсынысарымен қосымшалары.
ІІІ. Ой-таным.
Бұл бөлімде оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Сұрақтары нақты болу керек.
IV. Жүректен шыққан жылы сөз
Екі топқа сұрақ қойылады: «Егер сіз бинго ойынынан 5 миллион теңге ұтып алсаңыз, оны қайда және қалай жұмсар едіңіз?»
ІІІ. Қорытынды.
1. Залда отырған қатысушыларға 2 түсті карточка таратылады. Жақтаушы жақты қолдайтындар жасыл карточка, даттаушы жақты қолдайтындар көк карточканы жәшікке саламыз.
2. Төрешілер екі фракцияның сайыста жинаған сараптамалық дауыстарын жариялайды.
3. Қорытынды.
Хаттама №
Күні: 17.11.2015
Қатынасқан оқушылар саны: 14
Қатынасқан мұғалімдер саны: 10
Күн тәртібінде:
«Ақша қызметтері» тақырыбындағы дебаттың өткізілуі туралы Хабарламашы «Қазына» үйірмесінің жетекшісі А.Алдонгарова
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша әдістемелік бөлім меңгерушісі А.Қоңыров сөз алды:
«Экономикалық білім – болашақтың айнасы» атты «Қазына» үйірмесінің апталығында үйірме жетекшісі Алдонгарова Айгүл «Ақша қызметтері» тақырыбында дебат өткізді. Дебаттың мақсаты – оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, ой ұшқырлығына тәрбиелеу. Сабақ қызықты өтті, оқушылар белсенді қатысты, педагог пен оқушы арасында жүйелі байланыс болды.
Сөйлеушілер:
«Кәсіпкер» үйірмесінің жетекшісі Г.Мусагалиева:
Бүгін өткізілген дебат өте жақсы өтті, барлық оқушы белсенді қатынасты, ақша туралы жүйелі ойлар айтылды. Дебат өз мақсатына жетті деп ойлаймын, үйірме жетекшісіне тек шығармашылық табыстар тілеймін.
«Сән» үйірмесінің жетекшісі Ж.Изимова сөз алды:
Дебат жақсы өтті деп ойлаймын. Оқушылардың қатынасы жақсы, барлық оқушы белсенді қатынасты. Педагогтың өзін-өзі ұстауы, оқушылармен байланысы қанағаттанарлық. Педагогтың сөз саптауы ұнады.
Жоғарыдағы мәселелерді талқылай келе ҚАУЛЫ етеді:
Педагогтың оқушылармен байланысы одан әрі нығайтылсын.