kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А? жаулы?ы ананы?

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                  Та?ырыбы: «А? жаулы?ы ананы?»

Ма?саты: О?ушылар мен ата-аналар арасында?ы  ?арым-?атынасты аны?тау барысында

      білімдерін арттыру.

Ана жайлы ?ла?атты с?здер,?ле?дер мен ма?ал-м?телдер ар?ылы ана мейірімін,жа?сылы?ын т?сіндіре отырып балаларды? тіл байлы?ын,с?здік ?орын дамыту.

Ата-ананы ??рметтеуге,?адірлеуге,ана?а деген с?йіспеншілігін арттыру?а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі:сайыс саба?

Саба?ты? ?дісі:с?ра?-жауап,ойындар,жа?даяттарт.б.

Саба?ты? к?рнекілігі:Суреттер,на?ыл с?здер,?има ?а?аздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А? жаулы?ы ананы? »

Тақырыбы: «Ақ жаулығы ананың»

Мақсаты: Оқушылар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты анықтау барысында

білімдерін арттыру.

Ана жайлы ұлағатты сөздер,өлеңдер мен мақал-мәтелдер арқылы ана мейірімін,жақсылығын түсіндіре отырып балалардың тіл байлығын,сөздік қорын дамыту.

Ата-ананы құрметтеуге,қадірлеуге,анаға деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:сайыс сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,ойындар,жағдаяттарт.б.

Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,нақыл сөздер,қима қағаздар.

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Кіріспе

2. Таныстыру

3. Мақал-мәтелдер жарысы

4. «Домино»ойыны

5. «Менің отбасым»сурет салу

6. «Ұшқыр ойдан,ұтымды жауап»жағдаяттар шешу

7. Шығармашылық тапсырма

8. «Жорға»сұрақ-жауап

9. Арман –тілектерін айту

1. Кіріспе Психалогиялық дайындық

Құрметті ата-аналар,ұстаздар «Ақ жаулығы ананың» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Ана-жүрек,жүректі құдіретте,

Ана-тірек,тіректі сен құрметте.

Ана-шыңың, шыңыңа сағынып жет,

Ана-күнің күніңе табынып өт.

Ана тіршіліктің гүлі,отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.Өмірде анаға деген сағыныш,оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас.

Әділ қазы алқаларын сайлау

Ұлы орданың ұлағатты жүрегі,

Қамқоршысы,қуат,айбын,тірегі.

Ағасындай болып әрбір баланың,

Жүрегінде мәңгі өмір сүреді- дей келе мектебіміздің директоры Е.Қ.Абумаликовке сөз кезегін береміз.

1.«Таныстыру»

Гүл көңілдер қуаныштар өрілді,

Жанарлардан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әні үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді-дей келе «Таныстыру»кезеңі

1-отбасы-----------------------

2-отбасы-----------------------

3-отбасы-----------------------

4-отбасы-----------------------

5-отбасы-----------------------

2-бөлім. Мақал-мәтел жарысы

«Қазақ халқы ойға көсем,тілге шешен,

Өнер алды қызыл тіл »деп ұққан халықпыз.мақал сөздің мәйегі ғана емес, ұлт тәрбиесі-ендеше оқушылар мақалдың басын айтады,жалғасын аналар жалғастырады.

  • Баланың білегі ауырса-----------ананың жүрегі ауырады.

  • Ана алдында құрмет--------ата алдында қызмет.

  • Әдептілік белгісі----------иіліп сәлем бергені.

  • Білегі күшті бірді жығар------білімі күшті мыңды жығар.

  • Отансыз адам-----------ормансыз бұлбұл.

3-бөлім. «Домино»қорапшаның ішіндегі сөздерден сөйлем құрап шығару.

* Түлкіге қоянды табу қиындыққа түседі. «Қоян»

* Шопан атаны нағыз батыр десе болады. «Шопан еңбегі»

* Сондықтан тоқылдақ орман емшісі деп есептеледі. «Тоқылдақ»

* Жылқының жүйрігі және жорғасы болады. «Жылқы»

* Ал жалқау Көктөбет түк ойлаған жоқ. «Қысқа дайындық»

4-бөлім. «Менің отбасым»сурет салу, 3 минут уақыт беріледі салған суреттерін қорғау.

Ана жарық сыйлаған жан екенсің,

Ана-шуақ шашатын таң екенсің.

«Ана-өмір, ана-бақыт, ана-жүрек» ,

Деп соққан жүрегімнің әні екенсің- Ән орындайтын-------------

Ана деген үш ақ әріп тіршілік,

Үш әріптен үлбірейді гүл шығып.

Үш ақ әріп дүниеге танытқан,

Үш ақ әріп қойған мені жыршы ғып.

5-бөлім.«Ұшқыр ойдан,ұтымды жауап»жағдаяттар шешу.Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар.Ана қарызы алтынға бөлеуді,ақ орда салудықаламайды,ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға артық тарту таралғының қажеті жоқ.

1-сұрақ.Алақай мен «5»алдым.Мұғалім бізге не айтқанын білесің бе?-деп балаңыз өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойнына сыймай анасына айтып жатыр.Бірақ күндер өте береді.Алақай бес алдым деген баланың қуанышты сөздері сирек естілетін болды.Сіздің ойыңыз қандай?

2-сұрақ.Қызы мектептен келіп анасына сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді десе,анасы-сенсіз де басым ауырып тұр,мазамды алма депті.Сіз не деп жауап берер едіңіз?

3-сұрақ.Менің қызым*балам*озат оқушы,үй шаруашылығымен айналысқаннан гөрі,бос отырғанды жақсы көреді.Ештеңе істегісі келмейді,Оны қалай қызықтыруға болады?

4-сұрақ.Балаңыздың беті-қолы тырналған,көзі көгерген,үстіндегі көйлегі жыртылған.Үйіңізге келіп бір баламен төбелесіп қалғанын айтты,Сол сәттегі сіздің іс әрекетіңіз?

5-сұрақ.Баламыз екеуіміз өте суықпыз.Ол өте тұйық.Үйде ашылып ештеңе айтпайды,ата-анам мені бәрібір түсінбейді деп ойлайды.Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз?

6-бөлім Шығармашылық тапсырма

Қызды бүгін той сайыс

Ортамызды ашайық.

Ән мен күйді төгілтіп

Інжу-маржан шашайық.

Әр отбасы үй тапсырмасынорындау,өз өнерлерін көрсету

Балдырған-балықтың балғын күні,

Балдырған-қуаныш пен шаттық үйі

Балдырған бақыт кешкен балалардың,

Жайраңдап,қырда ашылған қызыл гүлі.

7-бөлім «Жорға»Ата-аналар мен балаларға арналған сұрақтар.

Жақсы өнер көрмекке,

Болсын бізге халайық.

Не үйрендік,не білдік,

Қане ортаға салайық

1.Бес асылды атаңыз?-----талап,еңбек,терең ой,қанағат,рахым

2.Сақина мен жүзіктің айырмашылығы неде?сақинада тас жоқ

3.Бес дұшпанды атаңыз?-өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,

мал шашпақ.

4.Төрт түліктің пірлерін атаңыз?

5.Үш байлықты атаңыз?---ден саулық,ақ жаулық,бес саулық.

Ән мен күйді төгілтіп

Інжу- маржан шашайық,

Жиналған жұрт таң қалсын,

Өнерден шашу шашайық!

8-бөлім Қорытынды

Жеміс ағашы-Арман,тілек!

Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі,

Жақсы ұрпақ-еліміздің шын тілегі.

Ортаға шығып,қанекей тілек айтсын,

Орнасын деп бар әлемде тыныштық.

Әділ-қазы алқаларына сөз кезегі беріледі

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгілде біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше,

Осымен бүгінгі кеш аяқталды.

Мұғалім сөзі:

Анасыз өмірімнің мәні бөлек,

Анасыз ақындардың әні бөлек.

Аналар бұл өмірдің тіректері,

Ана деп соқсын бала жүректері-деп ақындарымыз жырлағандай, «Ақ жаулығы ананың»атты сайыс сабағымыз жабық деп жариялаймыз. Қош сау болыңыздар.


Бала бесікте бекиді,

Шаңырақта шыңдалады,

Сөйлегенде жетіледі,

Жазғанда төселеді.

Сұрақ-жауап

1.Бес асылды атаңыз?

2.Сақина мен жүзіктің айырмашылығы неде?

3.Бес дұшпанды атаңыз?

4.Төрт түліктің пірлерін атаңыз?

5.Үш байлықты атаңыз?---

6. Тамақ пісірер алдында қазанға ең бірінші не салады?

7.Теңізде қандай тастар болмайды?

8.Жұмулы көзбен не көруге болады?

9.31 ақпан күні не болды?

Спринт сұрақтары

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Ерб

Тоқ

Нұр

Ерас

Нұрз


2.Буын дегеніміз не?







3.Қосудың компоненттерін ата?







4.Бұрыштар нешеге бөлінеді?







5.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?







6.Жуан жауысты дыбыстарды ата?







7.Азайтудың компоненттерін ата?







8.Екі лақтың неше құлағы бар?







9.1кг мақта ауыр ма 1кг темір ауыр ма?







10.Сөз неден құралады?







11.Сызықтардың қандай түрлері бар?







12.Дыбыстарды не істейміз?







13.Қыс айларын ата?







14.Сөйлем неден құралады?







15.Теңдіктерге мысалдар келтір?







16.Есептің құрамды бөліктерін ата?







17.Ешкінің төлі не?







18.4+5----қосындысы нешеге тең?







19.Теңсіздікке мысалдар келтір?







20.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?







21.Шағала –сөзінде неше буын бар?







22.2 құлынның неше аяғы бар?







23.Өрнектер нешеге бөлінеді?








Бала бесікте бекиді,

Шаңырақта шыңдалады.

Сөйлегенде жетіледі,

Жазғанда төселеді.

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Ән шашу: «Анашым» Бейшенбаева Ақжан

«Ана» Турсынбай Ерболат



Қорытынды:Сайыста белсене қатысып,өнерін көрсеткен отбасын әділ –қазы алқалары марапаттау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
А? жаулы?ы ананы?

Автор: Жанабаева Бибигуль Урикбековна

Дата: 12.05.2015

Номер свидетельства: 210410


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства