(2 түрлі, қызғалдақ, раушан құрастырмалы гүл күлтешелері таратылып, топқа бөлініп отырады)
2.Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» (Баяу әуен ойналады) 3 мин
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет. Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
3. Үй тапсырмасын тексеру. ( Мәтінмен жұмыс) 3 мин
Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:
- Ана неліктен балалардың көңіл күйін бұзғысы келмеді?
- Балалар саяхатқа жиналғанда анаға қандай ой келді?
- Балалардың саяхаттан бас тартуына олардың қандай қасиеттері себеп
болды?
- Балалар өздерінің ойларын неге құпия ұстады?
Сабақ барысын талдау:
4. Дәйексөз. 2 мин
«Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар »
Абай Құнанбаев
5. Әңгiмелеу. 1. «Ана махаббаты» аңыз әңгіме15 мин
1 тапсырма екі топқа ана тақырыбына арналған өлеңді толықтырып көр:
І топ
Аялай біл, сен деп соққан жүректі,
.... таси берсің, дәулетің.
Айналамда нәзік жанды...,
.... бір-бірінен көмекті.
Аялай біл, сен деп соққан жүректі,
Әрқашанда таси берсің, дәулетің.
Айналамда нәзік жанды адамдар,
Аямайды бір-бірінен көмекті.
ІІ топ
Ауырмашы мәңгі соқсын...,
... қанша рет өтті түндерің
Сүріңгенде күш беріп...,
Қалайша сен барда мен қартаямын?
Ауырмашы мәңгі соқсын жүрегің,
Ұйқысыз қанша рет өтті түндерің
Сүрінгенде күш беріп аяладың,
Қалайша сен барда мен қартаямын?
2 тапсырма Тірек сөздер беріледі сол сөздерді пайдаланып «Ана - өмірдің- гүлі,тіршілік басы» атты шағын эссе жазу.
Тірек сөздер: Аяулы, ардақты, алақаны, ақ сүті,мейірімді,қымбат,мәпелеген, әлдилеген, кең пейіл,қамқор, күн шуағы, нұр шашады.
3 тапсырма
1. Мен үшін ананың ….қымбат
2. Мен үшін әке ….
3. Отбасындағы бала..
7. Дәптермен жұмыс. Тест
8. Топпен ән айту. 4 минАна туралы жыр
Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі
9. Үй тапсырмасы.
№ 16- сабақ: Мәтінмен жұмыс. С. Байжановтың «Адамды сүйе біл» әңгімесін оқып келу.
Дәптермен жұмыс. № 15 -сабақ «Өздеріңнің жақындарыңды қалай қуантар едіңдер?» ойтолғау жазып келу.
10. Қорытындылау. « Менің түйгенім», бағалау. 3 мин
11. Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин
Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Өзіңді тану» жаттау бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.
Сұрақтар:
Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?
Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсын?
Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?
Сабақ бары
сын талқы
лау:
4. Әңгімелесу
«Мен қандаймын?», «Жақсы болу-өзіңнен»-деген өлең жолдарындағы ойларды айқындау түсу үшін сұрақ қойылады.
Жақсы болу –өзіңнен, Жамандық көрсең біреуден,
Жаман болу –өзіңнен. Мен қандаймын ?- деп ойла.
Өзіңді өзің ая да, Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңнен үйрен,өзіңнен. Өзіңсің ақыл айнасы.
Жақсылық көрсең біреуден, Тиеді саған мәні бар,
Мен қандаймын?- деп ойла. «Өзіңді тану»пайдасы.
Дәйексөз
«Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің» А.Пивен
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылар суреттегі алма ағашында көрсетілген өзін-өзі танудан үйренген құндылықтар туралы түсініктерін айтып береді.Олар әдептілік,білім,қайырымдылық,достық,табиғат,Отан,денсаулық,
отбасы,махаббат,бірлік сынды құндылықтар.
Дәптермен жұмыс
Кіші шеңберлердің ішіндегі әріптерден мейірім,қамқорлық,тазалық,денсаулық,рақмет,кешіріңіз деген сөздерді құрап,торкөздерге жазыңдар.
«Біз бақытты баламыз» өлеңін жаттап келіңдер. Келесі сабаққа «Балапан» әңгімесін оқып келу.
6. Қорытындылау. Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Өзін-өзі тану сабақтары арқылы өзін, басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады. Сүйіспеншілік, отбасы жақсылық, достық, бақыт, білім сияқты ең асыл құндылықтар.
Балалардың денесі, ойы сергітіледі.
Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша 3 минуттай отырады.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Сарыкемер орта мектебі №2 сабақ
Мерзiмі:
Тақырып:Біз осындай баламыз
Құндылық:мейірімділік
Қасиеттер:сүйіспеншілік,мейірім,ізгілік
Мұғалiм: Беккулиева Маржан
Сынып: 2 «А» ,«Ә», «Б», «В»
Сабақ мақсаты: «Өзін-өзі тану»адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
2-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру ;
өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру ;
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Біз бақытты баламыз» жаттау «Балапан» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.
Сұрақтар:
Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?
Сендер жазғы демалыс кезінде қандай қамқорлық істер жасай алдыңдар? Енді сол туралы әңгімелеп беріңдер.
Сабақ барысын талқылау:
Әңгімелесу
Балалар суреттерге қарап және берілген сұрақтарды қолдана отырып, «Біз осылай өсеміз» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
Өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсуі үшін не қажет?
Адамның дамуына не ықпал етеді?
Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер байқадыңдар?
Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсыңдар?
5. Дәйексөз
Мұғалім тақтаға «Өзіңді тану арқылы өмірдің ақиқатын түсінесің» халық даналығы, деп жазып қояды.
- «Өзіңді тану арқылы өмірдің ақиқатын түсінесің»делінген халық даналығында үлкен мән бар. Шынайы өмірде жағымды да, жағымсыз да құбылыстар, әрекеттер кездесуі мүмкін. Соларды ажырата білу аркылы өмірдің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, жақсы өмір сүруге, адамдарға және айналамызға қуаныш, бақыт сыйлай білуге үйренеміз.Балалар дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындагы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазып алады.Өзін-өзі танудың жақсы сөздерін еске түсіру мақсатында үйге мынадай тапсырма беріледі.
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Ойын. «Мен қандай баламын?»
Өзін-өзі танудың 2-сыныптағы алғашқы сабағы болғандықтан өзін-өзі тануды алдымен өзінен бастау керектігін оқушылардың есіне түсіру мақсатында мынадай ойын ұйымдастырылады..
Ойынның шарты бойынша мұғалім мынадай тапсырма береді: «Айнаға қарап тұрып, өздеріңнің бір жыл ішінде қалай өзгергендерің туралы ойланыңдар». Мейлі ол, сыртқы келбеті болсын, мейлі ол ішкі ойлары болсын, мейлі ол, ақылдары мен адамгершілік қасиеттері болсын, мейлі ол жақын, туыстарымен, достарымен қарым-қатынастары болсын. Ойлануга 1-2 минут уақыт беріледі. Оқушылардың ойын жетелеу үшін мұғалім мынадай сұрақтар қоюы мүмкін:
1 -сыныпта сен нені жақсы көруші едің? Ал қазір ше?
Не істей алмаушы едің? Ал қазір қолыңнан не келеді?
Былтыр сен нені армандадың? Ал биыл ше?
1 - сыныпта досың қанша еді? Ал қазір ше? Балалардың жауаптары.
Топпен ән айту. 3 мин.
«Біз осылай өсеміз» Сөзі: М.Әлімбаев Әні:И.Нүсіпбаев
Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Кел балалар күлейік» өлеңін жаттап келіңдер. Келесі сабаққа «Бос қайық» аңыз әңгімесін оқып келу.
Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Сарыкемер орта мектебі №3 сабақ
Мерзiмі:
Тақырып:Көңіл күйімізді басқара білейік
Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану
Қасиеттер: ұстамдылық, сабырлық, ризашылық
Мұғалiм: Беккулиева Маржан
Сынып: 2 «А» ,«Ә», «Б»
Сабақ мақсаты: «Махаббат», «бақыт», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Көңіл күйімізді көтере білейік» жаттау «Бос қайық» аңыз әңгіме бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.
Сұрақтар: Бүгінгі көңіл күйлерің қандай?
Аңызда адамның қандай көңіл күйі сөз болады?
Өздерің қандай қорытынды жасар едіңдер?
Сабақ барысын талқы
лау:
Әңгімелесу
Оқушылардың айналасындағы адамдардың, өзінің көңіл күйі туралы сезінгендерін ортаға салып айтулары үшінсұратар қойылады.
Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?
Адамдардың көңіл күйі сендерге қалай әсер етеді?
5. Дәйексөз
Мұғалімтақтага«Кулкі- көңіл ажары»қазақ халық мақалы, деп жазып қояды.
- Адам әр түрлі жағдайларға байланысты ренжуі, жабырқауы, қабағының қатыңқы болуы, тіпті ашулануы мүмкін. Сондай жағдайларда адамның жылы шырай танытуы, жымиып қарауы, күлімсіреуі, қандай сөзді, істі болмасын күліп тұрып қабылдауы көңілді сергітіп жібереді. «Күлкі - көңіл ажары» деген осы. Бүдан басқа да халық арасында күлкі өмірді ұзартады, деген сөз бар. Өйткені барлық уақытта да көңілді жүрсең, өміріңнің үзақ болатыны да сөзсіз. - Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз «Көңіл күйімізді басқара білейік» деп аталады. Бұл дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап, өзімізді ұстай білуімізді және өзімізге, айналамызға қуаныш сыйлауымызды білдіреді. Ол үшін алдымен көңіл күй сезімдерін ажыратып білуіміз керек.
Балалар дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындагы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазып алады.
Оқушылар «бір, екі, үш» деп санап үш топқа бөлінеді. 1-топ «Айым», 2-топ «Күнім», 3-топ «Жұлдызым» деп аталады. Осытоптар сабақ басталғаннан аяқталғанға дейінгі тапсырмаларды топ болып орындайды. Сабақ соңында жеңімпаз топ анықталады.
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. «Көңіл күйім қандай?»
Балалардың жауаптары жаттығу арқылы бекітіледі.
Мұғалім адамның әр түрлі көңіл күйін бейнелейтін суреттерді үшке бөліп (үш тоща арнап) тақтага іледі. Әр топ өз тапсырмалары бойынша берілген суреттердегі адамның көңіл күйін ажыратады. Мұғалім мынадай сұрақ қояды?
• Балалар, қай көңіл күйдегі адамның бет әлпеті сендерге ұнады? Неліктен?
Алынған жауаптарды мүғалім өз ойымен түйіндейді.
- Дұрыс айтасыңдар! Көңілді, қуанышты адамның жүзі де әдемі. Қараған сайын қарағың келеді. Ал ашулы адамның жүзі де адамды өзіне тартпайды. Сондықтан қолдан келгенше ашулы сезімдерімізді ақылмен іштей жеңіп, көңілді жүргеніміз дұрыс. Ол біздің адамдарға, айналаға деген махаббатымызды (сүйіспеншілігімізді) оятады және бақытты өмір сүруімізге көмектеседі.
«Өзін-өзі танудың» өнегелі сөздерін үш топ кезектесіп оқиды және өз сөздерімен мағынасын түсіндіреді.Бет әлпетіне қарап адамдарды жайдары, жылы жүзді, түсі суық, ренжулі деп ажыратуға болады. Жақсы көңіл күй адамға қуат береді. Ал сабырлы болу - адамның әр түрлі жағдайларда өзін ұстай білуі, ұстамды болуы.
7.Топпен ән айту. 3 мин.
«Біз көңілді баламыз» Сөзі: Е.Өтетілеуов
Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Тиін мен қасқыр» аңыз әңгімесін оқып келу.
9. ҚорытындылауСоңғы тыныштық сәтi. 3 мин. «Көңіл күйімізді басқара білейік» деп аталады.Бұл дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап,өзімізді ұстай білуімізді қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап,өзімізді ұстай білуімізді жәнеөзімізге,айналамызға қуаныш сыйлауымызды білдіреді. Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғаттың сұлулылығы соншалықты, караған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай үшқан құстарға қызыға қараймыз. Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап оның үшар басына шыққымыз келіп кетті. Сол сәтте Табиғат-анамыз естіп тұрғандай, бізді әр түрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі шашақ шашып, нүрға бөленген қандай ғанибет! Біздін түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз-мәйрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бүрынғысынан да құлпырып кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылылыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде етіп, бұрынғы қалпымызға келейік.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспар
Мектеп: Сарыкемер орта мектебі №4 сабақ
Мерзiм:
Тақырып: Көңіл күйімізді басқара білейік
Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану
Қасиеттер: ұстамдылық, сабырлық, ризашылық.
Мұғалiм : Беккулиева Маржан
Сынып 2 «А», «Ә» , «Б»
Сабақ мақсаты: «Махаббат», «бақыт», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Тиін мен қасқыр» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1.Тиін неліктен үнемі көңілді жүреді?
2.Жақсы көңіл күйде жүру үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
Сабақ барысын талқылау:
4Әңгімелесу
Оқушылардың айналасындағы адамдардың, өзінің көңіл күйі туралы сезінгендерін ортаға салып айтулары үшінсұратар қойылады.
Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?
Адамдардың көңіл күйі сендерге қалай әсер етеді?
5. . Дәйексөз
Мұғалімтақтага«Өмір деген жарыста, шаттанған, дос қалыспа!, деп жазып қояды.Адам әр түрлі жағдайларға байланысты ренжуі, жабырқауы, қабағының қатыңқы болуы, тіпті ашулануы мүмкін. Сондай жағдайларда адамның жылы шырай танытуы, жымиып қарауы, күлімсіреуі, қандай сөзді, істі болмасын күліп тұрып қабылдауы көңілді сергітіп жібереді. Бүдан басқа да халық арасында күлкі өмірді ұзартады, деген сөз бар. Өйткені барлық уақытта да көңілді жүрсең, өміріңнің үзақ болатыны да сөзсіз.
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сахналау «Мен әртіспін» Мынадай тапсырмалар беріледі:
Қуанышты күйді көрсететін көрініс
Ренішті күйді көрсететін көрініс
Таңғалуды сипаттайтын көрініс
7.Топпен ән айту. 3 мин.
«Біз көңілді баламыз» Сөзі: Е.Өтетілеуов
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Табанды бала» аңыз әңгімесін оқып келу.
9. Қорынындылау Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
«Көңіл күйімізді басқара білейік» деп аталады.Бұл дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап,өзімізді ұстай білуімізді қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап,өзімізді ұстай білуімізді жәнеөзімізге,айналамызға қуаныш сыйлауымызды білдіреді.
Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
Өзiн-өзi тану сабағының жоспар
Мектеп: Сарыкемер орта мектебі №5 сабақ
Мерзiм:
Тақырып: Оқуға құштарлық
Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану
Қасиеттер: білімді, еңбекқор
Мұғалiм : Беккулиева Маржан
Сынып 2 «А», «Ә» , «Б»
Сабақ мақсаты: «Білім», «махаббат», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеті: Білімділік:оқу-білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру; Дамытушылық:оқуға, білім алуға деген ынталарын дамыту; Тәрбиелік:кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. 3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Табанды бала» аңыз әңгіме бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1. Бала өз мақсатына қалай жетті?
2. Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?
Сабақ барысын талқылау:
4. Әңгімелесу
-Адамға білім не үшін қажет?
-Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?
-Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыз?
--Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?
5. Дәйексөз
Балалардың жауаптары сабақтың дәйексөзімен туйінделеді.
Мұғалім тақтаға «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» Қазақ халық мақалы , депжазып қояды.
- Балалар, кітап оқу арқылы білімді боласың. Білімді адам -ол күшті адам. Өйткені адам білімнің арқасында өмірдің ақиқатын танып біледі. Көп білсең адамдарға ақыл-кеңес бере аласың, сыйға бөленесің. Біліміңнің көп болғандығынан барлық жағдайларда сөзбен, ақылмен жеңе аласың. Сондықтан да халық «Білекті бірді жығар, білімді мынды жығар» деп айтқан.
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Дәптермен жұмыс
Жоғарыда айтылып, талқыланған әңгімеден түйген ойлар дәптерде берілген тапсырма арқылы бекітіледі.
- Бақытты балалар елінің суреті арасынан жазу жазылатындай етіп бос қалдырылған жолдарға олардың бақытты болуына нелер көмектескенін жазыңдар. Балалар тапсырманы дәптерде орындайды, орындап біткен соң жария етеді.
Білім адам игілігіне қызмет етеді. білім алу қызығушылық, еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет етеді.
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғаттың сұлулылығы соншалықты, караған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай үшқан құстарға қызыға қараймыз. Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап оның ұшар басына шыққымыз келіп кетті. Сол сәтте Табиғат-анамыз естіп тұрғандай, бізді әр түрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып,
аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі шашақ шашып, нүрға бөленген қандай ғанибет! Біздін түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз-мәйрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бүрынғысынан да құлпырып кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылылыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде етіп, бұрынғы қалпымызға келейік.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспар
Мектеп: Сарыкемер орта мектебі №6 сабақ
Мерзiм:
Тақырып: Оқуға құштарлық
Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану
Қасиеттер: білімді, еңбекқор
Мұғалiм : Беккулиева Маржан
Сынып 2 «А», «Ә» , «Б»
Сабақ мақсаты: «Білім», «махаббат», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеті: Білімділік:оқу-білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;Дамытушылық:оқуға, білім алуға деген ынталарын дамыту;Тәрбиелік: кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Кітаптың жыры» аңыз әңгіме бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1. Неліктен кітапты «ұстаз» деп атаймыз?
2. Кітаппен қалай дос болуға болады?
Сабақ барысын талқылау:
4. Оқулықта берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, мүмкіндігінше жаттап алыңдар:
«Оқу – білім бұлағы».
«Білім – өмір шырағы».
«Оқу инемен құдық қазғандай».
«Оқу түбі - тоқу»
5.Дәйексөз «Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ»
Балалар, кітап оқу арқылы білімді боласың. Білімді адам – ол күшті адам. Өйткені адам білімнің арқасында өмірдің ақиқатын танып біледі. Көп білсең адамдарға ақыл-кеңес бере аласың, сыйға бөленесің. Біліміңнің көп болғандығынан барлық жағдайларда сөзбен, ақылмен жеңе аласың . сондықтанда халық «Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ» деп айтқан.
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
3топқа бөлініп, білім туралы мақал-мәтел айтып жарысады.
Дәптермен жұмыс
Берілген суреттерді пайдалана отырып, сөзжұмбақты шешіңдер.
7.Топпен ән айту. 3 мин.
«Кел, билейік!» Сөзі: М.Әлімбаев
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Өнерлі жігіт» аңыз әңгімесін оқып келу.
9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
Өзiн-өзi тану сабағының жоспар
Мектеп: Сарыкемер орта мектебі №7 сабақ
Мерзiм:
Тақырып: Менің ұстаздарым
Құндылық: ақиқат. Өзін-өзі тану
Қасиеттер: сыйлау, құрметтеу
Мұғалiм : Беккулиева Маржан
Сынып 2 «А», «Ә» , «Б»
Сабақ мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық»адамгершілік құндылыктары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
1. мұғалім еңбегі туралы түсінік беру;
2. оқушының мұғалімге деген сүйіспеншілігін арттыру;
3. мұғалімді сыйлауға және оның еңбегін құрметтеуге, тәрбиелеу
Иә, мұғалім - шәкіртіне ең жақын адам. Ол шәкірттерін үнемі биіктерден көргісі келеді.
-Ал сендер ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер? Балалардың жауаптары.
- Иә, шәкірттерінің тек қана жақсы жақтарынан көрінуі, үлкен жетістіктерге жетуі - ұстаз үшін үлкен қуаныш.
5.Дәйексөз «Білім ~ өмір шырағы» қазақ халық мақалы, деп жазып қояды.
Қалай ойлайсындар, не үшін адамзат күндіз тіршілік етіп, түнде үйқыға кетеді?
Не үшін білімді күнмен, шырақпен салыстырады?
• «Білім - өмір шырағы» дегенді қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптары.Жарық адамға қаншалықты қажет болатын болса, білім де адамға соншалықты қажет. Қараңғыда әрекет ету, өмір сүру қандай қиын болса, білімсіз адам боп жүру де сондай қиын. Өйткені сыртың адам болып жүргеніңмен, көп нәрсені білмегеніне, ажырата алмағаныңа, тани алмағанына іштей қиналасың. Өмірдегі құбылыстар мен әрекеттерді, құндылықтарды танып білу, ажырата алу біліммен келеді. Білімді жарықпен, шырақпен салыстыратыны сондықтан. Ал мүғалім осы білімді шәкіртке жеткізуші болып саналады.Балалар дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім»айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазып алады.
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Ойын. «Күн мен түн»Мұғалім сабақтың дәйексөзінің мағынасын ашуға септігін тигізетін мынадай ойынды ұйымдастыруына болады.
«Түн» дегенде балалар партаға бастарын қойып, көздерін жұмады. «Күн» дегенде түрлі қимылдар жасайды. «Күн» дегенде ойын жүргізуші жануарлардың, қүстардың, түрлі мамандық иелерінің қимылдарын немесе дыбыстарын салуды үсынады. Мысалы: ұшқан көбелектің, ызыңдаған масаның, аттың шабысын, жүргізушінің, күйшінің, әншінің қимылдарын салғызады. Осылайша «Күн», «Түн» сөздері, қимылдар алма-кезек қайталанып отырады.
Балалар, енді бір сәт тынышталып,көзіміздіжұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші..(сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші(сәл кідіріс жасаймын)Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
Өзiн-өзi тану сабағының жоспар
Мектеп: Сарыкемер орта мектебі №8 сабақ
Мерзiм:
Тақырып: Менің ұстаздарым
Құндылық: ақиқат. Өзін-өзі тану
Қасиеттер: сыйлау, құрметтеу
Мұғалiм : Беккулиева Маржан
Сынып 2 «А», «Ә» , «Б»
Сабақ мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық»адамгершілік құндылыктары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
1. мұғалім еңбегі туралы түсінік беру;
2. оқушының мұғалімге деген сүйіспеншілігін арттыру;
3. мұғалімді сыйлауға және оның еңбегін құрметтеуге, тәрбиелеу
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Бақша ағаштары» әңгіме бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1. Бақша ағаштарының түзу және қисық өсулерінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
2.Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
3.Әкесінің әңгімесінен кейін баласы қандай қорытынды шығаруы мүмкін?
Сабақ барысын талқылау:
4. ӘңгімелесуОсы сабақта айтылатын негізгі ой әңгімелесу барысындажәне дәйексөзді түсіндіру барысында ашылады.
Ұстаз дегенде кімдерді түсінесіңдер?
Сендер кімдерді өздеріңе «ұстаз» санайсындар? Балалардың жауаптары.
-Дүрыс айтасыңдар. Тәрбие, тәлім, білім, ақыл беретін адамдарды біз ұстаз дейміз. Ата-ана - ұстаз, мұғалім - ұстаз, үлкендер - ұстаз. Олар біздің жақсы адам болып өмір сүруімізге көмектеседі.
5. Дәйексөз тақтаға «Өмірдің өзі де ұстаз», «Ұстазы жақсының , ұстамы жақсы» халық даналығын, түсіндіреді.Балалар, жалпы біз кімнен немесе неден, тәлім-тәрбие, өнеге алсақ, үйренсек өзімізге соларды ұстаз санаймыз. Біз өмірден көп нәрсе үйренеміз. Өмірден көру арқылы қателіктерді болдырмауды, адамға жат қасиеттерді бойымызға сіңірмеуді, зиянды әрекеттерді жасамауды үйренеміз. Ең бастысы жақсы өмір сүруді ажыратып білеміз. Сондықтан «Өмірдің өзі де ұстаз» деген халык даналығы бекерге айтылмаған.Балалар, енді дәптердің соңында берілген «Менің дәйек сөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйек сөзді жазыңдар.
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақ барысында берілген тақырыпқа қатысты негізгі ойлар шығармашылық жумыста ұсынылған тапсырмаларды орындау арқылы бекітіледі.
1-тапсырма. Ойлан, тап!Ребусты шешіңдер.
Мұғалім тақтаға плакатқа салынган ребусты іледі.Ұлу „ сиыр ,„ тарақ ,„ „ қаз. Шешуі: ұстаз.2-тапсырма.«Ұстазды мақтау»Тақтаға сызылған «ұстаз» (ортасындағы дөңгелек ішіне «ұстаз»деген сөз жазылады, жан-жақтарынан кун шуақтары тәрізді сызықтар шығарылады)сұлбасының сызықтарын оқушылар «ұстаз кім?» сұрағына беретін жауаптарымен толтырады. Оқушылар кезектесіп айтады. Мүғалім тақтаға жазып отырады. Содан соң бәрі бірге қайталап айтады. Мысалы: ұстаз - ақылшы, ұстаз - қамқоршы, ұстаз - мүғалім, ұстаз -кітап.
7.Топпен ән айту. 3 мин.
«Ұстазым » Сөзі: Ш.Смаханұлы, Әні:И.Нүсіпбаев
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Үш дос» әңгімесін оқып келу.
9. Қорытындылау.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Ия шәкірттерінің тек қана жақсы жақтарынан көрінуі, үлкен жетістіктерге жетуі - ұстаз үшін үлкен қуаныш
-Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
Өзiн-өзi тану сабағының жоспар
Мектеп: Сарыкемер орта мектебі №9сабақ
Мерзiм:
Тақырып: Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет
Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану
Қасиеттер: сыйлау, құрметтеу,қамқорлық
Мұғалiм : Беккулиева Маржан
Сынып 2 «А», «Ә» , «Б»
Сабақ мақсаты: «Сыйластық», «құрмет»адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
1. үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру.
2. сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; 3. үлкендерді сыйлауға,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Үш дос» әңгіме бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту. Сұрақтар:
1.Балалар неліктен бірге ойнай алмады?
2.Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның боыйнда қандай қасиеттер болуы керек?
Сабақ барысын талқылау:
Әңгімелесу
Бұл сұрақтар арқылы оқушылардың қоғамда,отбасында және достары мен туыстары, басқа адамдар арасында қарым-қатынастарын қалыптастыруға,адам өміріндегі мәнін терең түсіне бастауына жетелейді.
-Өзіңді,өзгені құрметтей білесің бе?
-Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
-Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
5. Дәйексөз
Шығармашылъқ жұмыс бойынша айтылган оқушылардың пікірлері' дәйексөздің мағынасын түсіндіру арқылы түйінделеді. Мұғалім тақтаға «Адал дос - өмірлік дос» халық даналығы, деп жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.
- Достар бір-біріне шынын айтса, досы үшін қай жағдайда болмасын шыдамдылық танытса, досының мүддесін өзінікінен де жоғары койса - онда олар адал дос болады және бір-біріне әрқашан да сенеді. Бір-біріне сенген достар ұзақ достаса алады. Сондыктан да халық «Адал дос - өмірлік дос» деп айтады.
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Ойын – жаттығу. «Құрмет - ізет»
Тақтаға жапырақсыз ағаштардың суреті салынған плакаттарды іледі. Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтарын таратып береді. Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың достарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында дәптердегі тапсырма орындалады.
1-тапсырма:
«Менің айтар ақылым».Бос жолдарға қарындасыңа(сіңлі),ініңе арнап ақыл хат жаз.
Балалар тапсырмаларын орындап болғаннан кейін жария етеді.
7.Топпен ән айту. 3 мин.
«Құрметтеймін » өлеңін бірге айтады.
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Рақмет, ата!» әңгімесін оқып келу.
9. Қорытындылау.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.Өмірде адамдар бірін-бірі сыйлап,кешіре білсе, түсіне білсе, жақсы қарым-қатынас жасауға, ізгілікке жеткізеді. Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғаттың сұлулылығы соншалықты, караған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай үшқан құстарға қызыға қараймыз. Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап оның үшар басына шыққымыз келіп кетті. Сол сәтте Табиғат-анамыз естіп тұрғандай, бізді әр түрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі шашақ шашып, нүрға бөленген қандай ғанибет! Біздін түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз-мәйрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бүрынғысынан да құлпырып кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылылыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде етіп, бұрынғы қалпымызға келейік.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспар
Мектеп: Сарыкемер орта мектебі №10 сабақ
Мерзiм:
Тақырып: Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет
Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану
Қасиеттер: сыйлау, құрметтеу,қамқорлық
Мұғалiм : Беккулиева Маржан
Сынып 2 «А», «Ә» , «Б»
Сабақ мақсаты: «Сыйластық», «құрмет»адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
1. үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру.
2. сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
3. үлкендерді сыйлауға,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. 3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Рақмет, ата!» әңгіме бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1.Гүлнардың үлкенді сыйлағаны, кішіге ізет көрсеткендігі қай жерде байқадың?
2.Атай Гүлнарға қандай ізет көрсетті?
Сабақ барысын талқылау:
Әңгімелесу
Балалар, бас иіп сәлемдесу, бас иіп алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай жымиып бас ию - адамға деген құрметті,сыйластықты білдіреді. Адамға деген құрметің жымиып тұрып амандасудан басталады. Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді. Бүгін біз осы жайында «Үлкенге кұрмет, кішіге ізет» тақырыбында әңгімелесеміз.
5. Дәйексөз Оқушылардың пікірлері дәйексөздің мәнін тусіндіру арқылы қорытындыланады.
Мұғалім тақтага «Құрмет пен ізетті білсең, өзара сыйластыққа иесің» халық даналыгы, деп жазып қояды.
- Құрмет үлкен адамға көрсетілетін сыйластықты қарым-қатынас. Ізет - үлкендердің кішілерге көрсететін сыйластықты қарым-қатынасы. Үлкендер кішілерге ізет көрсетсе, кішілер үлкендерді құрметтесе, адамдар арасында өзара сыйластық болады. Өзің сыйласаң, сені де сыйлайды. Сондықтан жастайыңнан үлкенді құрметтеуді, үлкен болғанда кішіге ізет жасауды білсең, өмір бойы сыйлы болып өтесің. «Құрмет пен ізетті білсең, өзара сыйластыққа иесің» деген сөздің мағынасы осы.
- Балалар, енді дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазыңдар.
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сюжетті суреттер
Шығармашылық кездесу кезінде өзіңді қызықтырған сұрақ қойғың келді. Ол..
Сенің досың сыныптастарына ренжіп қалды. Себебі..
Сабақ үстінде досыңа қызық әңгіме айтқың келді...
Сахналау
Осы өлеңді үш оқушы (автор, бір кісі, қария) рөльдерде мәнерлеп оқып шығады.
Кісілік-кішілік
Әбдікәрім Ахметов
- Кісілікке тән қасиеттер туралы айтып беріңдер.
-Кішілікке тән қасиеттер туралы айтып беріңдер.
Балалардың жауаптары.
7.Топпен ән айту. 3 мин.
«Бақытты балалар әні » өлеңін бірге айтады.
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Кешірім» әңгімесін оқып келу.
9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
Өзiн-өзi тану сабағының жоспар
Мектеп: Сарыкемер орта мектебі №12 сабақ
Мерзiм:
Тақырып: Кешірімді бала-кішіпейіл бала
Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану
Қасиеттер: кішіпейіл, кешірімді болу
Мұғалiм : Беккулиева Маржан
Сынып 2 «А», «Ә» , «Б»
Сабақ мақсаты: «Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
Міндеті:
1. кішіпейілділік, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту;
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Автобуста» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1.Әңгімеден қандай ой түюге болады?
Сабақ барысын талқылау:
4.Әңгімелесу
«Кешірімді болу деген не? »деген сұраққа толық жауап таба алады.
-кешірім жасау –татуласуға бірінші қадам жасау;
-кешірім жасау-кішіпейіл болу;
-кешірім жасау- қателікті мойындау;
-кешірім жасау- өзара түсінісу;
-кешірім жасау-ренішті ұмыта білу.
Дәйексөз
Кешірім-ізгіліктің белгісі Халық даналығы
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Оқушыларға жағдаяттық тапсырмалар ұсынылады.Әр жағдаяттың шешімін талқылау барысында балалар өзін және өзгелерді бағалауға,үйренеді.
Суреттерде берілген жағдаяттарды талдап, шешімін табыңдар.
-Ғазиз асығып келе жатып,дәлізде мұғалімді қағып кетті.
-Арсен мен Маулен дүкеннің қабырғасын сурет салып ойнады.Арсен болса, қашып кетті.
-Дәулет сабаққа кешігіп қалды.
-Алпамыс байқамай Құралайды соғып кетті.
-Кімнен қалай кешірім сұрауға болады?
7.Топпен ән айту. 3 мин.«Күн күледі» өлеңін бірге айтады.
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Өсиет әңгіме» әңгімесін оқып келу.
9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
Өзiн-өзi тану сабағының жоспар
Мектеп: Сарыкемер орта мектебі №11 сабақ
Мерзiм:
Тақырып: Кешірімді бала-кішіпейіл бала
Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану
Қасиеттер: кішіпейіл, кешірімді болу
Мұғалiм : Беккулиева Маржан
Сабақ мақсаты: «Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
Міндеті:
1. кішіпейілділік, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту;
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Кешірім» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1.Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?
2.Атай қандай жақсы қасиет танытты?
3.Өздерің атайдың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Сабақ барысын талқылау:
4.Әңгімелесу
-Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?
-Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде қандай күйде боласыңдар?
-Кешірім сұрауды достықты сақтауға көмектескен кездерің болды ма?
5. Дәйексөз
Мұғалім сабақтың тақырыбын дәйексөздің мағынасын түсіндіру арқылы да таныстыра алады.
Мұғалім тақтага «Кешірім - сыпайылың белгісі, татулық негізі» халық даналығы, деп жазып қояды.
- Балалар, өткен сабақтарда айтылған адамдардың бір-бірімен келісімге келуі, жарасуы бір-бірінен кешірім сұрауына, бірін-бірі кешіре білуіне байланысты ренжіскен жағдайда кешірім сүрау достарды, туыстарды татуластырады. Ағаттық өткен іске үлкеннен де кішіден де кешірім сұрай білу сыпайылықты білдіреді. «Кешірім - сыпайылық белгісі, татулык негзі» дегеннің мағынасы осында. Біз бүгін «Кешірімді бала -кішіпейіл бала» тақырыбында әңгімелесеміз. Балалар, енді дәптердің соңында берілген «Менің дәйек сөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы
Берілген бетке осы дәйексөзді жазындар.
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Ойын. «Құнды қасиеттер»
Оқушыларды кешірімді, кішіпейіл болуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырылады..
Оқушылар парта қатарларына қарай 2 топқа бөлінеді. 1-топ — «Кешірім - сыпайылық белгісі» тақырыбында (үлкендер мен балалар рөлінде) әдептілікті, кішіпейілділікті, 2-топ — «Кешірім - татулық негізі» (достар немесе сыныптастар рөлінде) тақырыбында достықты сахналастырып көрсетеді.
7.Топпен ән айту. 3 мин.
«Бақытты балалар әні » өлеңін бірге айтады.
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Автобуста» әңгімесін оқып келу.
9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
Өзiн-өзi тану сабағының жоспар
Мектеп: Сарыкемер орта мектебі №13 сабақ
Мерзiм:
Тақырып: Келісім түбі-жарастық
Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану
Қасиеттер: тату,шыдамдылық
Мұғалiм : Беккулиева Маржан
Сабақ мақсаты: «Достъқ»,«сыйластъқ»адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Өсиет әңгіме» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1.Әңгімеден қандай ой түюге болады?
Сабақ барысын талқылау:
4.Әңгімелесу
«Кешірімді болу деген не? »деген сұраққа толық жауап таба алады.
-кешірім жасау –татуласуға бірінші қадам жасау;
-кешірім жасау-кішіпейіл болу;
5. Дәйексөз
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Оқушыларға жағдаяттық тапсырмалар ұсынылады.Әр жағдаяттың шешімін талқылау барысында балалар өзін және өзгелерді бағалауға,үйренеді.
Суреттерде берілген жағдаяттарды талдап, шешімін табыңдар.
-Ғазиз асығып келе жатып,дәлізде мұғалімді қағып кетті.
-Арсен мен Маулен дүкеннің қабырғасын сурет салып ойнады.Арсен болса, қашып кетті.
-Дәулет сабаққа кешігіп қалды.
-Алпамыс байқамай Құралайды соғып кетті.
-Кімнен қалай кешірім сұрауға болады?
7.Топпен ән айту. 3 мин.
«Бала тілегі» өлеңін бірге айтады.
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Піл мен маймыл» әңгімесін оқып келу.
9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғаттың сұлулылығы соншалықты, караған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай үшқан құстарға қызыға қараймыз. Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап оның үшар басына шыққымыз келіп кетті. Сол сәтте Табиғат-анамыз естіп тұрғандай, бізді әр түрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі шашақ шашып, нүрға бөленген қандай ғанибет! Біздін түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз-мәйрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бүрынғысынан да құлпырып кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылылыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде етіп, бұрынғы қалпымызға келейік.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспар
Мектеп: Сарыкемер орта мектебі №14 сабақ
Мерзiм:
Тақырып: Келісім түбі-жарастық
Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану
Қасиеттер: тату, шыдамды.
Мұғалiм : Беккулиева Маржан
Сынып 2 «А», «Ә» , «Б»
Сабақ мақсаты: «Достъқ»,«сыйластъқ»адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Піл мен маймыл» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:
1. Адам қандай келісімге шақырды?
2.Ертегіде кімдердің достығы жарасты?
3.Жапалақ неліктен жалғыз қалды?
4.Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?
Сабақ барысын талқылау:
4.Әңгімелесу
-кешірім жасау- қателікті мойындау;
-кешірім жасау- өзара түсінісу;
-кешірім жасау-ренішті ұмыта білу.
5.Дәйексөз
«Келісім достыққа жеткізер, достық бақытқа жеткізер» Адамдар бір-бірінен кешірім сұрап, бірін-бірі тыңдап, түсінісіп келісімге келе алса, достары көп болады. Досы көп адам - ол жалғыз емес. Басына қиындық туған жағдайдың өзінде достары көмектеседі. Сондықтан ол адам қиындық, көңілсіздік дегенді білмейді. Барлық уақытта да көңілді, қуанышты, бақытты. «Келісім достыққа жеткізер, достық бақытқа жеткізер» деген осы.Дәйексөзде берілген ой үй тапсырмасын орындау барысында пысықталады.Тапсырмада берілген адасқан әріптерді орнына қойып, берілген сөзді табыңдар. Әріптерді орнына қойғанда «Келісім түбі - жарастық» сөзі шығады.
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Жаттығу. «Достық нұры»
Оқушылардың татулық, келісім туралы ойларын бекіту үшін жаттығу орындалады.
Балалар арасында ренжіскен сәттерде бірін-бірі түсінбей калып, сол уақытта келісімге келгісі келмесе де, уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататындары да болады. Ал біз сондай көңілсіз соттерді болдырмау үшін бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсінісу үшін қандай қарым-қатынаста болу қажеттігін білеміз. Қанеки, өзімізді тексеріп көрейікші. Қазір мен тақтаға достықтың шапағын ілемін. Ал бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы үшін берілген сөздерді ашып оқып, «нұр таратамыз». Әр қағазда шыдамдылық, татулық, бірлік, келісім, сыйластық, жарастық, достықдеп жазылған. Балалар әрбір қағаз орамын ашып, ішінде жазылған сөзді оқиды, тақтаға жапсырады. Сонда тақтада шуақ шашқан күн пайдаболады.
Осы шуаққа алақан тосып, нұрын сезінейік. Айтылған қасиеттер бойымызда болып, аталған әрекеттерді жасай алсак бір-бірімізбен келісіп, жарастықта бола аламыз.
7.Топпен ән айту. 3 мин.
«Бала тілегі» өлеңін бірге айтады.
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Ырыс алды-ынтымақ» әңгімесін оқып келу.
9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
Өзiн-өзi тану сабағының жоспар
Мектеп: Сарыкемер орта мектебі №15 сабақ
Мерзiм:
Тақырып: Күш бірлікте.
Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану
Қасиеттер: тату, шыдамды.
Мұғалiм : Беккулиева Маржан
Сынып 2 «А», «Ә» , «Б»
Сабақ мақсаты:: «Бірлік » ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
бірлік туралы түсінік беру;
көпшіл болу іскерліктерін дамыту;
бір-біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.
Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Піл мен маймыл» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:
1. Адам қандай келісімге шақырды?
2.Ертегіде кімдердің достығы жарасты?
3.Жапалақ неліктен жалғыз қалды?
Сабақ барысын талқылау:
4.Әңгімелесу- Оқушылардың достық қарым-қатынастары мен достық сезімдерін арттыру мақсатында релаксациялық тәсіл жүргізу. Теңіз толқындарының, қарсы ескен самалдың дыбыстары үнтаспадан етіледі.- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Өзіміздің қолымызбен дайындалған қайық үлкен кемеге айналып кеткендей. Біз бәріміз бірге сол кемеге отырып «Достық аралына» жүзіп барамыз. Табиғи таза ауамен терең тыныстаймыз. Қоңыр салқын самал бетімізді желпіп өткендей. Су сыңғырлары, толқын тербелісі бізді ерекше жақсы сезімге бөлейді. Біз бір-біріміздің қолымыздан қысып, бірге екендігімізге мақтанып қоямыз. Теңз ортасына да жеттік. Бізді әрі қарай «Достық аралына» жеткізуге көмекке дельфин келеді. Дельфин бізді достық аралына жеткізеді. Аралда «Достық туы» желбіреп тұр. Біз дельфинге рахмет айтып, таңбалы тасқа армандап жүрген бір тілегімізді жаза алатынымызға қуанып тұрмыз. Сол тілекті жазуға тапсырмаларды бірігіп орындау арқылы жететіндігімізді ойлап, сыныптастарымызға ризашылығымызды білдіріп, тағы да бір рет қолдарымызды қысып қоямыз (қатар тұрған баланың). Енді бәріміз бұрынғы қалпымызға келейік.
5.Дәйексөз
Аңыз-әңгімені оқушылардың өздеріне оқыту. Қарияның өсиетіне назар аудартып, оқушылардың сұрақтарға берілген жауаптары арқылы олардың да пікірлерін білу және бірлік ұғымының мәнін ұғындыру.
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
- Сыныпта қандай жұмыстарды бірлесе атқаруға болады?
- Егер сыныптағы қыздар екі топқа бөлініп жүрсе, олардың бірге жүруі үшін сендер қандай әрекет жасар едіңдер?
- Айдос пен Жандосты сыныптас құрбылары араларына қоспайды. Сендер көпшіл болсаңдар оларды қалай қосар едіңдер?
- Сыныптағы оқушылар тату, бірлікте болуы үшін не істеу керек? Тапсырма орындалып біткен соң қайық бөліктері бір-біріне жабыстырылады.
7.Топпен ән айту. 3 мин.
Сабақты балалардың бір-біріне бірлік туралы тілек айтуымен аяқтау.
8.Үй тапсырмасы. 2 мин.
9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!