kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аягөз қалалық №5 бөбекжай - балабақша

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аягөз қалалық №5 бөбекжай - балабақша»


Қош келдің әз Наурызым!

Құрметті ата аналар, әріптестер, біздің кішкентай бүлдіршіндер және осы ертеңгілікке келіп отырған қонақтар. Бүгін «Балауса» тобында Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлағалы отырмыз. Көптен күткен Наурыз мерекесі де келіп жетті. Күн мен түнді теңеген бәрімізді қуанышқа бөлеген ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Бүгінгі біздің «Қош келдің әз Наурызым» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер! Наурыз мерекесі сіздерге жаңа бақыт, қуаныш, отбасымызға табыс әкелсін. Наурыз мерекемізе бүлдіршіндеріміздің дайындаған өлеңі бар екен.

Ән «Қошақаным» қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Уа, жараңдар, қараңдар

Көңілің бар алаңдар

Үлкен кіші ағаң бар

Наурыз тойы басталды

Бәрің бері қараңдар дей келе келесі кезекті балалардың тақпақтарына берейік.

Айкерім:

Уа, халайық ағайын

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық

Айлин:

Жылдың басы Наурыз

Жердің басы Наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр әніміз

Асылжан:

Наурыз келді жыл келді

Тірілтуге гүлдерді

Сәнденеді аналар

Сәбилермен бірге енді

Н.Мирас

Наурыз келді алақай

Кел билейік балақай

Бізде қарап тұрмайық

Тойға шашу шашайық

С.Айзере

Наурыз келді бұл мереке

Құтты болсын бұл береке

Қыдыр ата келсің

Жақсы тілек әкелсің

Жүргізуші: Балалар бізге бүгін қонаққа Қыдыр ата келіп қалыпты. Армысыз, қош келдіңіз Қыдыр ата. Бізідң балауса тобының қнерін тамашалаңыз!

Қыдыр ата: Армысыздар жамағат

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Қайда барсаң жолың болсын

Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын

Ұлыс береке берсін

Бәле жала жерге енсін

Ұлы халқым тоқ болмсын

Қайғы уайым жоқ болсын!

Жүргізуші:

Қорғаушысы жерімнің

Ізгі арман сенімнің

Өнері бар биі бар

Ер сұлтандары елімнің

Би «Қаражорға»

Жүргізуші: балалар бүгінгі наурыз мерекесін тойлауға тағы бір қонаымыз келе жатқан секілді. Қош келдіңіз , Алдар көсе

Мен Алдармын, Алдармын,

Сақалымды талдармын.

Сақал түгіл мұрт та жоқ,

Шайтанды да алдадым.

Сусыз жерде өсемін,

Сондықтан да Көсемін.

Ойын «Арқан тарту»

Алдар көсе ойын ойнатады

Жүргізуші:Ал, халайық тамсанайық

Бүлдіршіңдер ортада,

Өнерлерің көрсетсің аямай ақ

Келе жатыр, қол соғып қарсы алайық

Ән «Жау жау жаңбыр»

Жүргізуші:

Бауырласқа тәнтіміз

Бұзылмасын салтымыз

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз

Өзге ұлттай бізідң де

Бар дәстүр мен салтымыз

Ат қою рәсімі ата аналардың орындауында

Келесі кезекті балалардың тақпақтарына береміз

Асанәлі:

Жыл басы наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боянды

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды

Нұрбол:

Ұлыс бақты болсын

Әр күніміз жақсы болсын

Достығымыз берік болсын

Өнер білім серік болсын

Аида:

Наурыз келді нұр келді

Түгел аймақ түрленді

Бақшадағы апайлар

Тойға әзір боп үлгерді

Т.АйсұлтанАу жараңдар келіңдер

Той қызығын көріңдер

Наурыз айға бас иіп

Күнге сәлем беріңдер

Сырым:

Наурыз тойым, наурыз тойым

Құтты болсын халайық

Қане достар, қане достар

Шырқап әнге салайық

Р.Қарақат

Наурыз гүл көктем

Сенде ай арайлы

Күлімдеп күн көктем

Нұр шашып қарайды

Жүргізуші:

Бүгінде озық дәстүр салт санасын

Берік ұстап сүйетін от панасын

Бүлдіршіңдер ойнасын

Қуантып жолдас жора ата анасын

Ойын Қыз куу

Жүргізуші:

Бишілерде өнер көп

Билейді биді мәнерлеп

Қазақ биін көріңдер

Өнерге баға беріңдер

Би «Қамажай»

Тақпақтар:

Хорлан:

Ата бабам тойлаған

Наурызым армысың

Қызыққа еш тоймаған

Дархан дала қарлы шың

Ертөре

Келе жатыр жылымыз

Мейрамдаймыз мұны біз

Жас балаша нұрланып

Жадырайды күніміз

Тамирис:

Күттіріп келген жыл басы

Бізбенеен бірге жырлашы

Дастарханына елімнің

Береке ырыс сыйлашы

Нұрай:

Наурыз шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз

Ән салып жас кәріміз

Би билейік бәріміз

Нұрали:

Сәнді көктем нұрымыз

Наурыз тойы жырымыз

Көңіл гүлдей жайнасын

Тіршілік жаңа оянсын

Ән «Төлдер»

Қыдыр ата бата береді

Осымен «Балауса» тобының ертеңгілігі аяқталды






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Аягөз қалалық №5 бөбекжай - балабақша

Автор: Узукбаева Макпал Александровна

Дата: 22.03.2017

Номер свидетельства: 402441


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства