Мен Докина Гулжамига Отегалиевна А?т?бе мемлекеттік педагогикалы? институтын 2005 жылы бітірдім. Е?бек жолын 1994 жылдан бастадым.Бастауыш классм??алімі ?ызметін ат?арамын. 9жыл т?рбие ісі ж?ніндегі ?ызметін ат?ардым. 2015 жылдан бастап Хлебодаровка орта мектебінде Бастауыш класс м??алімі болып ж?мыс жасаймын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, бүгінгі сабақтан не күтетінін және басқа балаларға жақсы тілектерін айтады.
ІІ. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларға ақ қағаз таратылып, қажет болған кезде пайдалатындары ескертілді.
Мұғалім: -Балалар, тақтадағы ілулі суреттен жылдың қай мезгілін көріп тұрсыңдар?
-Жаз мезгілі.
-Оны қайдан байқадыңдар?
Ашық аспан және жердегі шөптердің жасыл екендігінен байқадық.
-Дұрыс, ендеше, менің бастаған жұмысыма сендер көмектеседі деп үміттенемін.
ІІІ. Мағынаны ажырат
Жазда барып өзеннің,
Жағасына бөгелдім.
Кім айтады, кәнеки,
Мен ол жерде не көрдім? (тау, өзен, ағаш, құс, гүл т.б)
Жазда тауға өрмелеп,
Шаршап талай бөгелдім.
Жан-жағыма мен кенет,
Қарап едім не көрдім? (күн, бұлт, жануарлар, аққу, тас т.б)
Балалардың айтқан жауаптарына байланысты суреттер плакатқа жапсырылады.
Қараңдаршы, қандай әдемі сурет шықты. Плакатта не бейнеленді? (табиғат)
Табиғат түрлерін еске түсірейік. (тірі, өлі табиғат)
Олай болса, суретке қарап табиғат түрлерін топтап, ақ қағазға схема түрінде түсіріңдер.
Тірі табиғат Өлі табиғат
Адам жануар өсімдік тау өзен бұлт тас т.б
ІҮ. Топтастыр
Балалар, тірі табиғаттың өсіп өнуі үшін не керек? Сіздердің алдарыңызға кесте берілді. Қажет сөздерді сызықпен қосасыздар. Жауаптарыңды мақал-мәтелмен жеткізуге болады.
Адам
Жануар
Өсімдік
су
ауа
жылу
еңбек
көлік
киім
баспана
білім
қорек
өсімдік
Мысалы: Ас – адамның арқауы.
Ү. Ой толғаныс
Үйдің суретін плакатқа жапсырып: - Мына өлі табиғатты ұмытып кетіппін.
-Жоқ. Ол табиғат емес.
-Неге табиғат емес?
-Ол зат.
-Оның зат екенін қайдан білдіңдер?
- Ол адамның қолымен жасалған зат.
-Адам. Адам дегеніміз кім?
-Ол тірі табиғат. Қозғалады, жүреді, еңбек етеді.
- Жануарлар да, құстар да осындай әрекет етеді. Олардан қандай айырмашылығы бар?
- Адам оқып білім алады. Ақылды, ойланады, сөйлейді т.б.
ҮІ. «Кім ұғымтал» ойыны. «Табиғаттың сыйлығы» тақырыбына суреттер бойынша ауызша әңгіме құрастыру (табиғаттың бізге берер сыйлығы көп екенін ұғындыру)
ҮІ. Салыстыру
Интербелсенді тақтадан ағашты сындырып жатқан бала мен ағашты баптап жатқан бала суреттері көрсетіледі. Әр сурет бойынша балалар өз ойларын айтып, салыстырады.
«Венн» диаграммасы
Жақсы бала жаман бала
- Сендер адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді санамалап айтып шықтыңдар. Олай болса бойымыздағы білімімізді, күш жігерімізді табиғатты қорғауға жұмсайық.
ҮІІІ. Тыңдай отырып сурет салу
Үнтаспадан «Қарындаш» өлеңін тыңдай отырып, сурет салу тапсырылады.
Мынау - сары қарындаш, Мұнымен күнді бояймын. (күн суретін салу) Мынау – қызыл қарындаш, Мұнымен гүлді бояймын. Мынау – жасыл қарындаш, Мұнымен жерді бояймын. Мен суретші боламын Қарындашты аламын, Неше түрлі бейнені Әдемілеп саламын. Осылай әсем табиғат суретін салу.
ІХ. Қорытынды
Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды, ендеше, оны қорғауымыз керек. Табиғатты қорғау - өз Отанымызды қорғау. Сондықтан, әсем табиғатымызды қорғайтын, елін, жерін сүйетін азаматтар болады деп, сіздерге «Табиғат сақшысы» деген белгіні беремін.