kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай жа??ан бір с?уле с?нбеу ?шін

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Білімділік: ?аза? хал?ыны? ?лы а?ыны Абай ??нанбаевты? ?мірі мен шы?армашылы?ымен таныстыру.

2. Дамытушылы?: С?йлеу м?дениетін ?алыптастыру. С?здік ?орын дамыту, тіл байлы?ын молайтып, ойлау, к?ру, сезіну, ?абылдау ?абілеттерін дамыту.

3. Т?рбиелік: Жа?сы мен жаман ?дет- ?ылы?тарды ажырата білуге, бойларына жа?сы ?асиеттерді жинай білуге, ?здігінен жетілуге талпын?ан, жауапкершілік сезімі, парызы бар ?негелі т?л?аны т?рбиелеу.

Барысы: 1. ?йымдастыру кезе?і.

                2. Негізгі б?лім

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай жа??ан бір с?уле с?нбеу ?шін»

Ғ. Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серкебаева Ляззат Байгановна

Тақырыбы: Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...

Мақсаты:

1. Білімділік: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.


2. Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сөздік қорын дамыту, тіл байлығын молайтып, ойлау, көру, сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.


3. Тәрбиелік: Жақсы мен жаман әдет- қылықтарды ажырата білуге, бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге, өздігінен жетілуге талпынған, жауапкершілік сезімі, парызы бар өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Негізгі бөлім

Армысыздар, қаламыздың асылдары,

Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

Жиналыппыз сәтті күн бәріміз де,

Үлкен- кіші, жасымыз, кәріміз де,

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,

Гүл- гүл жайнап, біздің, мына төрімізге.

Армысыздар, ардақты да қадірлі, аяулы да сымбатты ұстаздар, ата- аналар, оқушылар!

Бастауыш сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылып отарған «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Бұлақсыз сусындаған сан мың бала,

Шырақсыз сәулеленген ой мен сана.

Әдепті, абыройлы, жатық мінез,

Әрі ұстаз жеткіншекке, әрі пана,- дегендей алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры Абумаликов Ерлан

Қанатбайұлына беріледі.

Қадірменді ұстаздар, ата- аналар, оқушылар! «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.




Абай- ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздағы өшпес ерекше тұлға. Біртуар қайталанбас тұлғаның азаматтық, ақындық, халықтық мұрасы- айтылар ойға сыймас қыр- сыры мол дүние.


Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне- өзі орнатып ескерткішті,

Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?


Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жөн, құбақан құм, құла қырды,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?


(Сахнаға үлкен етіп салынған Абай суреті түсірілген. Абай оқушы, жасырынып тұрып, болашаққа өсиет айтып тұрғандай)

Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абай біреу- ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің, мерейі үстем. Абай- қазақ жерінің туын биік ұстап тұрған кемеңгер. Абай болашақ ұрпаққа өз өсиетін қалдырды.


Жүрегімнің түбіне терең бойла

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім

Мыңмен бірге алыстым, кінә қойма.


Иә, бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзі бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді.

Өзі өмір кешкен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болды. Ал қазір біз Абайды қазақ даласының, тіпті бүкіл шығыс халқының шамшырағы деп білеміз.

Абай ата! Қасиетті ұлы абыз, өзіңіз үміт еткен шеберлерің сіз туралы толғап, сіз туралы сыр шертпек. Қабыл ал, жас өрендеріңді,

ақ батаңды бер біздің талабымызға. Жатқан жерің, туған топырағыңның торқасынан тұрып, бір сәт болса да бізге орал, ортамызда бол.


Абай- біздің кемеңгер

Теңдесі жоқ, асқар биік шыңымыз.

Ақ ниетті, әділетшіл шынымыз

Асыл қазына ашылмаған сырымыз.

Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз.


Абай 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау ауданында туған. Атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. Абай 10- 12

жас арлығында мұсылманша хат таныған. Әкесі Құнанбай ұлын өзіне сенімді серік етпек болып, ел басқарудың қыр- сырын үйретеді. 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмек тигізеді. Ел- жұрт Абайды би етіп сайлайды.

Көрікті көңілде жыр, қолда қалам,

Өмірдің өріне өрлей басқан қадам.

Қазақтың өлеңінің ұлы атасы

Ол- Абай, мәңгі жасар ақын адам.


Ақын еді, ол жұртты аузына қаратқан,

Әрбір сөзі құйылғандай болаттан.

Ақын еді ол жұлдыз болып жарқыраған,

Қараңғы елдің ой- санасын оятқан.


Әуелден еңбексізді ұнатпады,

Туы еді надандықтың- құлатпағы.

Діншілдік- қараңғылық белгісі деп,

Еңбек, ғылым, шындыққа тұрақтады.


Абайдың ғылым туралы пікірі қандай және ғылым туралы жазған қандай өлеңін білесіңдер?


Ғылым Абайдың пікірінше, ғайыптан пайда болатын кездейсоқ құбылыс емес, ол шындықтың біртіндеп ашылуы, танылуы арқылы жиналып бірте- бірте қорланатып рухани қазына.


Ғалым болу- әрбір адамның өзіне тікелей байланысты құбылыс. Осы себепті де Абай:



Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз.


Тілеуің өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ,

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз.


Ойшыл ақын жас ұрпақты жаңа дәуір деңгейінде адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат тұтып күрес жүргізді.


Мұғалім. Ал енді осы өлеңдегі кейбір сөздердің маңызын түсініп, мағынасын ұғынуға ұмтылып көрелік. Ең алдымен бес дұшпанымызды сипаттап өтейік.

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.


Өсек- біреудің сыртынан сыпсыңдап өсек айту- жаман әдет, жиіркенішті қылық.Өсекші көбінесе өзін аспандатып, басқаны жерлеп, жамандап сөйлейді. Арасынан қыл өтпес достарды шағыстырып, ажыратып жібереді. Өсек сөз, өтірік сөз.


Өтірік- асқақты тыңдай, өтірікті шындай етіп, айтатын суайттар болады. «Өтіріктің құйрығы бір- ақ тұтам»- дейді. Олай болса, ақиқатын айтып, шын сөйлеген жөн емес пе, достар?!


Мақтаншақ- мақтаншақтық жағымсыз, жаман әдет. Кейбір бала өзінің түймедейін түйедей етіп, құр босқа гуілдеп мақтанады. «Өзін- өзі мақтаған, өлімнің қара басы»- дейтін халқымыз. Ендеше мақтаншақтық ешкімге әбиір әпермейді.

Еріншек- «Еріншектің ертеңі таусылмайды»- бұл көнеден қалған сөз. Еріншек, жалқау бала әрқашан өзгелердің соңында қалады, жарытып іс істемейді. Еріншек сабақты нашар оқиды.


Бекер мал шашпақ- Қазақ малмен күн көрген. Малы көп адамның тұрмысы да жақсы болған. Мал еңбекқор кісіге ғана жиылады. Ол тірнектеп, маңдай терін төгіп, жиған малын оңды- солды шашқан жан тақыр кедей ойламағандық, ақымақтық.


Ал енді, «Адам болам десеңіз, бес асыл іс көнсеңіз...»

Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым


Талап- «Талапты ерге нұр жауар» деп халқымыз тегін айтпаған болар. Талаптанған адам қандай қиын істі де орындай алады. мақсат- мұратына жетеді. Дүниеде талапсыздық жаман.


Еңбек- «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тілінбей» Абай ата осылай деген. Еңбек етумен тапқан нан дәмді, , еңбек етсең, күшіңе күш, ақылыңа ақыл қосылмақ. Еңбек кісіні шыңдайды, шымыр етеді.


Терең ой- Адамның хайуанаттардан артықшылығы әріден терең ойлай алады. Аспанда ұшқан ұшақ, суда жүзген кеме, жерде зулаған машина, пойыз- осылардың бәрін адам ойлап тапқан. Кісінің ақыл- ойы көп оқу арқасында жетіледі, оқу- ой толықтырады.


Қанағат- «Халқымызда тойсаң тоба ғыл» деген сөз бар. Аш көз, ашқарақ болма, сұғанақтық жасама. Ардан аттама. Ұяттан безбе.

Барға нысап, қанағат керек.

Рақым- рақым, мейірім, шапағат, қайырым мағынасы- жақын сөздер. Мейірімді жас үлкенді сыйлап, кішіні құрметтейді. Қатар құрбыларының көңіліне келетін, жүрегін жаралайтын ауыр сөз айтпаңдар. Қорғансыз жан- жануарларға қиянат жасамайық.

Көп ойламайық, шатылып- шатаспастан, оңамыз ба, Абайдан бата алмастан?! Қанеки білімді сол кісіден ізденелік?! Әдейі іздеп біз сізге келді делік. Өмір зая болмастық өнер үйрет, ақылыңды аяма бізге делік .

Абай елі, қазақ елі, жыр елі

Өлең -жырға толы еді жүрегі.

Ақындықтың пайғамбары- Абай деп,

Менің елім мақтан тұтып жүр еді.


Абай елі, қазақ елі, ән елі,

Үкілі әуен қыз- бозбала сәні еді.

Абай салған «Желсіз түнде жарық ай»

Тамаша әнмен ырғалады дәнегі.


Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай,

Жылқаманова Айгерімнің орындауында «Желсіз түнде жарық ай»

әнін қабыл алыңыз.


Таба аласың ұлы ақыннан бар дерек,

Әрбір сөзі ақынның бір дәрек.

Өзге жұрттан бұл Абайда бір бөлек,

Қор болады, зор болмайды қазағым.

Жүрмесе оны әулиеге тек теңеп.


Абай отыр бүгін жұртын мың жебеп,

Оны айтсақ жат та жүрер бізді елеп.

Құмырсқадай бір илеуге жиналған

Көптің басын қосуға ол тек себеп.


Абай елі, қазақ елі, күй елі,

Бабам сүйген күйді елім сүйеді.


Қорыта келгенде Абайдың бізге қалдырған өсиеттерін әрқашан есте сақтап ұстанып жүрейік.





Ғ. Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебі









Ұлт тірегі Елбасы




3 «А» сыныбы

Сынып жетекшісі: Серкебаева Л.









Тараз қаласы- 2015 жыл


Тақырыбы: Ұлт тірегі- Елбасы

Мақсаты: 1. Оқушыларға Нұрсұлтан ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

2. Оқушылардың ой- өрісін дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру,шығармашылық ізденісін дамыту.

3. Қазақстанның өркендеуіне үлес қосатын алғыр да білімді ұрпақ тәрбиелеу, туған тілін, туған жерін сүюге шақыру, тарихымызды бағалай білуге, ұлттық салт- дәстүрді қастерлеуге үйрету.

Көрнекілігі: Н.Назарбаевтің портреті, еліміздің рәміздері, слайд.

Жүргізуші.

Армысыздар, қаламыздың асылдары,

Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

Жиналыппыз сәтті күн бәріміз де,

Үлкен- кіші, жасымыз, кәріміз де,

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,

Гүл- гүл жайнап, біздің, мына төрімізге.

Армысыздар, ардақты да қадірлі, аяулы да сымбатты ұстаздар, ата- аналар, оқушылар! Бүгінгі 1 желтоқсан- Елбасы күнінің қарсаңында өткізгелі тұрған «Менің тұңғыш президентім» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!

Бұлақсыз сусындаған сан мың бала,

Шырақсыз сәулеленген ой мен сана.

Әдепті, абыройлы, жатық мінез,

Әрі ұстаз жеткіншекке, әрі пана,- дегендей алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры Абумаликов Ерлан

Қанатбайұлына беріледі.

Қадірменді ұстаздар, ата- аналар, оқушылар! «(Ұлт тірегі- Елбасы» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Бұл ертеңгілік үш бөлімнен тұрады:

І бөлім. Жолыңыз нұрлы болсын! Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны.

ІІ бөлім. Еңсесі биік елім бар.

ІІІ бөлім. Ой бөлістім халқыммен. Елбасының жүрекжарды тебіренісі.



Бүгінгі ертіңгілігіміз саясаттың суырылған дара саңлағы, бүкіл әлем мойындаған дара тұлға, алғыр басшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнаймыз.

Біз тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жылдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп көріп келген елміз. Бүгінгі күні тәуелсіздікке қол жеткен елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата- бабамыздың ұрпағын, елім, жерім деп армандап өткен, сол үшін талай тер төгіп, қан төгіп, мың өліп, мың тірілген, өзім жетпесем де, ұрпағым жетсе екен деп армандап өткен еңбегінің жемісі.

Халқымыздың ғасырлар тереңінен тамыр тартқан көшіміздің маңдайын түзеп, бағыт- бағдарын айқындайтын әйгілі үш жолы болды. Ол- Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Абылай ханның ақ жолы. Сол киелі ата- бабамыздың әруағы қолдап жаңа ХХІ ғасыр Нұрсұлтан Назарбаевтың нұрлы жолы болады деп кәміл сенеміз.

Мақтанышым- Көк байрағым, Ұраным,

Қырдағыны қалт жібермес Қыраным.

Сарқылмасын өзің ашқан бұлағың,

Жарқырасын өзің жаққан шырағың.

Елің үшін ұзақ ғұмыр сүре бер,

Құдайдан сол, күні- түні сұрарым.


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны

Әдеби монтаж. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

Әкесі Әбіш бау- бақша өсірудің білгірі, өте шаруақор, етік тігу өнерін игерген, диірмен тартқан кеңпейіл, еңбекқор кісі болатын.

Анасы- Әлжан малдың жайын білетін ашық- жарқын, мейірімді, өте сыйлы адам болатын.

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының, Рессей Федерациясы

әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

Әл- Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. Михаил Васильевич Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.


1960- 1969 жылдары- Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.


1969- 1973 жылдары -Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия- комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.


1973- 1977 жылдары- Қарметкомбинаттың партком хатшысы.


1977- 1979 жылдары- Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2- хатшысы.


1979- 1984 жылдары- Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің хатшысы.


1984- 1989 жылдары- Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.


1989- 1991 жылдары- Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы, 1990 жылғы ақпан- сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары кеңесінің төрағасы болды.


1990 жылдың сәуірінен- Қазақстан Республикасының Президенті.


1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен ( 98,7 % ) тоқсан жеті бүтін оннан жеті пайызбен жеңіске жетті.


1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтиже-сінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.


1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.


Н.Ә.Назарбаев- Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы.

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.


Жұбайы- Сара Алпысқызы Назарбаева. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.


Президенттің үш қызы бар: Дариға- саясат ғылымдарының докторы. Динара- Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қорғау қорын басқарады. Әлия- бизнеспен айналысады, «Элистрой» құрылыс компаниясын басқарады.


ІІ бөлім. Еңсесі биік елім бар.

Жүргізуші. Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып- көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!


Оқушы. Қайырлы Қазақстан ұланымыз,

Еліме лайық болу ұранымыз.

Шығарып қазақ атын бар әлемге,

Сөнбесін әрқашанда жыр- әніміз.


Бақытты елдің біз ұл- қызымыз,

Әркімнің маңдайдағы жұлдызымыз.

Елдерді бір- бірімен жалғайтұғын,

Болашақтың ертеңгі құндызымыз.

Қазақ аты береке, бірлік дер ем,

Қазақ осы бірлікті тірлік деген.

Сахараға бүгінде шықты қазақ,

Тәуелсіз бір тағалы жүйрікпенен.

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп қуанған,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!


Бүгінде қазағымның таңы атты,

Алу мақсат ел деп алғыс сауапты.

Әр отбасы, әр адам, әрбір қазақ,

Тәуелсіздікті сақтау үшін жауапты.


Біз- тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз, сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріммен аталарым сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіспіз.


Сәулесі бар нұрыңда таңғы үміттің,

Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың.

Даңқың артсын, егеменді елім менің,

Серігіне айналшы мәңгіліктің!


Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.


Қазақстан- Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұр ағамен егіз болар есімі.


Қазақстан- тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні.

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны.

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың

Нұрсұлтаның биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

Жүргізуші. Егемендік алғанға дейінгі тарихымыздағы қасіретті кезеңдерді былай қойғанда, Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі

тарихымызға үңілсек, жақсылықтарымыз бен жаңалықтарымыз көп. Асқақтаған Астана келбеті- сүйікті еліміздің өркендеуінің айғағы. Мұның бәрі- елдің ауыр жүгін арқалаған сенімді де алғыр басшы Н.Ә.Назарбаевтың көрегенділігі мен қырағылығының арқасы. Олай болса, «Ой бөлістім халқыммен», яғни Елбасының жүрекжарды тебіренісіне тоқталайық.


Оқушы. Бұл дүниеде біздің бірғана Отанымыз бар, ол- тәуелсіз Қазақстан.


Салтанатты жарасқан қаласы бар, байтағы ұшан- теңіз даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екенімізді мақтан етейік!


Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ.


Отаны бірдің- тілегі бір, жүрегі бір.


Елдің тағдыры- өз қолымызда.


Астанасына қарап елін таниды.


Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. Басымды иемін!


Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін күйе алады.


Кез келген мемлекеттің қуаты- халқында.


Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар.

Ең бастысы- бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар.

Сол күнге берік сенім бар!



Жүргізуші. Қорыта келгенде,

Тәуелсіз қазақстан- ұлы отаным,

Көк туымды қалайша сыйламаймын.

Тып- тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.


Елбасымыз алысты көрсін,

Ел- жұртымыз табысты болсын!

Қыздарымыз сұлу,

Ұлдарымыз намысты болсын.


Көршілеріміз тыныш болсын,

Таңдайтынымыз жұмыс болсын.

Малымыз төлдеп, егініміз көктеп,

Дастарқанымызға ырыс толсын!


Нарық қалтаны қақпайтын болсын,

Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын.

Қазақстанның барлық азаматтары,

Қазақша сөйлеп алға аттайтын болсын!


Балаларымыздың бағы жансын,

Қалаған білімін алсын.

Тілін, дінін, дәстүрін біліп,

Он саусағынан өнері тамсын!


Мәдениетіміз мәнді болсын,

Тұрмысымыз сәнді болсын.

Бәрін айт та бірін айт,

Дербестігіміз мәңгі болсын!

Аллаһу әкпар!


Осымен «Ұлт тірегі Елбасы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Көріскенше күн жақсы!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Абай жа??ан бір с?уле с?нбеу ?шін

Автор: Серкебаева Ляззат Байгановна

Дата: 12.05.2015

Номер свидетельства: 210318


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства