kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

7 сынып?а арнал?ан саба? жоспарлары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Поурочные планы составлены на основе  общеобразовательной программы по экономике для 7 класса с казахским языком обучения. Поурочные планы отражают все этапы урока: цели, организационный момент, операционная деятельность,рефлексия. Для проверки усвоения знаний  и умений применяются тесты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«7 сынып?а арнал?ан саба? жоспарлары»

7 «А» сынып Сабақ жоспары № 11 « » 20 ---

Тақырып : « Табысты басқару »

Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың табысты басқару жолдары туралы білімдерін қалыптастыру.

Алған білімдерін өмірде пайдалана білу қабілеттерін дамыту.

Адамгершілікке, үнемділікке тәрбиелеуге

Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс дәптері, сұрақтар, карточкалар

Сабақтың түрі: Жана тақырып оқу

Сабақтың әдісі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй жұмысын сұрау

Бюджет деген не?

Отбасы бюджеті қалай құрылады?

Егер т абыстар шығыннан артық болса бюджетте не болады?

Егер шығындар табыстардан артық болса бюджетте не болады?

Егер табыстар мен шығындар тең болса бюджетте не болады?

Бюджетті тек бір айға жасауға болады ма?

Бюджетті тек қана отбасы жасай ма?

  1. Тақырыпқа көшу

Оқушылардың назары тақырыптың атына аударылады.

«Табысты басқару» дегенді қалай түсінеді?

Синоним сөздерді айтып шығады : дұрыс пайдалану, үнемдеу, тек қажетін таңдау, дұрыс таңдау жасау және т.б.

«Табысты басқару» деген алған қаржымызға мақсат қойып пайдалану. Табыстың үлкен бәлігін күнделікті қажетті заттар алуға жұмсағаныңызбен, болашақта аламын дейтін ірі бұйымдарды сатып алуды, алдын-ала жоспарлау керек.

Мысалы,машина сатып алу үшін, оқуды жалғастыру үшін әлде өз ісіңізді бастау үшін көп қаржы керек, сіз оны бірден сатып ала алмайсыз. Сондықтан да, осы мақсатқа жету үшін сізге сақтық қорын жасау керек.

Жеке бюджетті дайындағанда жасайтын келесі қадамыңыз өзіңіздің барлық табыс көздеріңіздің тізімін жасау болады. Бұған каникул немесе сабақтан бос кезеңінде істеген жұмыстарының жалақылары, күнделікті ұстауға ата-анаңыз берген ақша, сыйлыққа берілген ақша және жинақтағы ақшаның проценті кіреді.

  1. Бекіту: Карточкаларман жұмыс жасау

Табысты басқару дегенді қалай түсінуге болады?

Табысқа мақсат қою деген не?

Өз табыстарыңның тізімін жасау

«Табысты басқару» дегенге антонимдік тәсіл жасау

  1. Қорыту: Рефлексия

  2. Үй жұмысы: Бір айлық табыстын жоспарын құрып, оған мақсат қою







7 «А» сынып Сабақ жоспары № 12 « » 20 ---

Пән «Экономика» Тақырып : « Депозит, өмір қауіпсіздік жинағы »

Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың депозит, өмір қауіпсіздік жинағы туралы білімдерін қалыптастыру.

Алған білімдерін өмірде пайдалана білу қабілеттерін дамыту.

Адамгершілікке, үнемділікке тәрбиелеуге

Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс дәптері, сұрақтар, карточкалар

Сабақтың түрі: тақырып жалғастыру

Сабақтың әдісі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй жұмысын сұрау

Карточкаларман жұмыс жасау

Табысты басқару дегенді қалай түсінуге болады?

Табысқа мақсат қою деген не?

  1. Тақырыпты жалғастыру

Депозит деген не? Ойластыру, жауаптарын тыңдау.

Депозит бұл банкіге салынған салым. Депозиттік шотесепті не үшін ашады адамдар?

Әрине, өз ақшаларын өсіру үшін.

Депозиттің қандай жағымды жақтарын айта аламыз?

Ақша өседі Ақша ұрланбайды Ақша сақталады Ақша жоғалмайды



Депозит ашылғанда не ескерілуі қажет?

Оның мөлшері

Оның салыну мерзімі

Банктың жылдық сыйлық пайызы

Мысалға есеп келтіріледі: Депозит сомасы 200000 теңге

Мерзімі 3 жыл

Банк сыйлығы 10 % жылдық

3 жылдан салымшы қанша ақшаға ие болады?

Шешуі:

200000 х 10 : 100 = 20000 теңге ( 1 жылдық өсім)

20000 х 3 = 60000 теңге ( 3 жылдық өсімі)

200000 + 60000 = 260000 теңге ( 3 жылдан кейін алатын ақша сомасы)

Оқушылар өз бетінше есеп құрады.

Өмір қауіпсіздік жинағы деп нені айтады?

Бұл сақтандырудың негізгі мақсаты – асыраушысынан айырылған отбасын қаржы көмегімен қамтамасыздандыру болып табылады. Өмірді сақтандырудың үш текті саясаты бар: келісімді уақытқа, өмірлік сақтандыру және салым түрінде сақтандыру.

  • Келісімді уақытқа сақтандыру. Бұл сақтандыру түрі алдын ала келісімді уақыт аралығында сақтандырумен қамтамасыздандырады (әдетте 1,5,10 және 15 жыл) Бұл сақтандырулардың ішінде ең арзан түрі. Келісілген сақтандыру уақыты аяқталғанда, сақтандыру сомасын төлеу кепілдігі де аяқталады. Осы ары қарата жалғастыру үшін, сақтандыру жарнасын көбірек мөлшерде төлеу керек.

  • Өмірлік сақтандыру. Сақтандырудың бұл түрі бойынша сақтандыру жарнасы бір шамада өмір бойы төлеуге мүмкіндік береді. Өмірлік сақтандыру қаржы жинауға мүмкіндік береді және жинақ түрі болып табылады. Оның құны жылдан-жылға көбейе береді.

  • Салым түрінде сақтандыру. Бұл сақтандыру да келісімді уақытқа жасалады. Келісілген уақыттың соңында сақтандыру иесі сақтандыру сомасын қолына алады. Егер ол келісілген уақытқа дейін қаза болып кетсе, онда ол сома мұрагеріне беріледі.

Сомасы 50000 доллар сақтандырудың 16 жастағылар үшін айлық жарналары

Ер балалар

Сақтандыру түрі

Қыздар

13,50 доллар

1 жыл

11,5 доллар

14,00

5 жыл

11,50

31,5

өмірлік

26,5

Бекіту:

Депозит қалай есептеледі?

Депозиттің қандай ұтымды жақтары бар?

Сақтандырудың қандай түрлері болады?

Өмір қауіпсіздік жинағы деп нені айтады?

Қорыту: Бағалау

Үй жұмысы: Конспект жазу, мақмұндау












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
7 сынып?а арнал?ан саба? жоспарлары

Автор: Пусырханова Гульнара Джамсаповна

Дата: 14.01.2016

Номер свидетельства: 276740


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства