kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТИЗМГЕ Т?РБИЕЛЕУДІ? М?СЕЛЕЛЕРІ МЕН НЕГІЗГІ ?СТАНЫМДАРЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

В данной статье рассматривается проблема  патриотического воспитания подрастающего поколения на основе казахской этнопедагогики. В аспекте рассматриваемого вопроса выделены основные задачи и принципы патриотического воспитания в современных условиях.

In given article is considered problem of the patriotic education growing generations on base kazakhetnopedagogical. In aspect matter in question chosenned cardinal principles of the patriotic education in modern condition.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТИЗМГЕ Т?РБИЕЛЕУДІ? М?СЕЛЕЛЕРІ МЕН НЕГІЗГІ ?СТАНЫМДАРЫ »


ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДАРЫ


Шатырбеков Сакен Алькебаевич- балалар үйі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сейилханова Кундызай Орынхановна- бастауыш сынып мұғалiмі

Төлеби балалар үйі, ОҚО, Төлеби ауданы


РЕЗЮМЕ

В данной статье рассматривается проблема патриотического воспитания подрастающего поколения на основе казахской этнопедагогики. В аспекте рассматриваемого вопроса выделены основные задачи и принципы патриотического воспитания в современных условиях.

SUMMARY

In given article is considered problem of the patriotic education growing generations on base kazakhetnopedagogical. In aspect matter in question chosenned cardinal principles of the patriotic education in modern condition.


Әлем тарихында патриоттық тәрбие және әскери патриоттық туралы білім ғасырларға тамырымен терең кеткен. Әлемдегі өркениеттің дамуындағы ерекшеліктер дінмен, салт-дәстүрлермен, әртүрлі этникалық факторлармен өлшенген.

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында патриоттық тәрбие беруді қазақ этнопедагогикасының негізінде қарастыруды тиімді деп есептейміз. Өйткені жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс еуропалық және американдық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды. Сондықтан халықтық педагогика негізінде студенттердің бойына патриоттық сезімді қалыптастыратын болсақ, Қазақстаннның даму жолында өзінің сара жолы болады деп есептейміз. Қазақстан әрі батыс, әрі шығыс елі ерекше ортада тұрған көп ұлтты мемлекет.

Әрбір қоғамның даму, өрлеу сәттері болады. Біздерге де ойлануға тура келетін кездер келді деп ойлаймыз. Кең байтақ жеріміз бар қазақстандықтардың асқақтап шарықтауға мүмкіншілігі мол.

Қазіргі жағдайда ұрпақ тәрбиесінде халық педагогикасы мәселесін көтеріп жүрген Отандық ғалымдар еңбектеріне сүйенуге болады.

Қ.Б.Жарықбаев докторлық зерттеуінде қазақ халқының педагогикалық ой–пікірінің даму тарихын кезең–кезеңге бөліп қарастыра келе, «халықтық педагогика», «халықтық психология», «этнопедагогика», «этнопсихология», терминдерінің айырмашылықтарын нақтылайды.

С.Қалиев өзінің теориялық көптеген еңбектерінде қазақ халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көріністеріне тоқтала келе, оның озық үлгілерін осы күнгі тәлім–тәрбие барысында пайдаланудың жолдарын сөз етеді.

Сонымен қатар ғалым қазақ этнопедагогикасының ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеп, анықтауда диалектикалық философияны басшылыққа алу қажет деп есептейді. Бұл жерде ұлт мәдениеті мен ұлттық тәлім-тәрбие тарихын салт-сана, әдет-ғұрып (этнография), фолклористика, ұлттық психология мен ұлттық философия ғылымдарымен тығыз байланысты қарастырады.

Н.Ә.Назарбаев ұсынған жаңа ұлттық идеяның мазмұны да қоғамдық дамуға басқаша, осы заманғы тұрғыдан қарау үрдісіне сай айқындалған. «Көп ұлтты Қазақстанда жалпы ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол қазақ ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың теңдігін қамтамасыз ету» - деп жазды ол «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» - деген еңбегінде.

Бұл жерде екі мәселеге айрықша назар аударып қарастырамыз:

Бірінші - қоғамның көп ұлттылығын тұрақты бірлестіруші факторға айналдыру. Яғни, сырт қарағанда, әрқилы алауыздықтардың негізгі себебі болуға тиіс осалдықтардың өзінен, алға басуға күштірек қарқын беретін артықшылық жасау ниеті.

Екінші - қазақ ұлтының қоғам өміріндегі біріктіруші рөлінің атап көрсетілуі. Яғни, оның мемлекеттің тағдыры үшін, ең алдымен өзі жауапты екендігінің ашық айтылуы. әрине біріктірушілік міндетін атқару - қоғамның әртүрлі элементтері арасында жай байланысшы болу дегеннен гөрі күрделілеу ұғым, ол үшін солардың қоғамдық ортақ тірлігінің ұйқасында жаңа қауымдастық шын мәніндегі негізгі ұлттық тірегіне айналу керек.

Елбасы өзінің теориялық еңбектерінде, мақалалары мен сөздерінде «қазақстандық патриотизм» деген ұғымда әр қырынан ашып көрсетіп келеді. Ол үшін өз отандастарының, ғылыми тілмен айтуында қоғам организміндегі өзінің саяси еркіндігін айқын сезінетін және өз Отанын саналы түрде таңдаған азаматтар болуы шарт.

Сонда ғана әрбір азамат өзін мемлекетінің өткеніне, бүгініне және ертеңіне тікелей қатысын сезініп, Отан тағдыры үшін өзіне жеке жауапкершілік жүктелетінін терең пайымдайтын болады. Ел өміріне қатысты сан алуан проблемалардың баршаға бірдей жақын әрі түсінікті болуы да осыған байланысты.

Осы орайда қазақ ұлтының қоғамдағы біріктіруші рөлін күшейту деген қағидаға тағы бір орала кеткен жөн сияқты. Бұл процестің нәтижелі өрбуі тек қазақтарға ғана байланысты емес екендігін ашық айту керек.

Бұл ретте Ә.Нұршайықов «қазақстандық патриотизмді» қазақ ұлтының мүддесімен байланыстыра келіп басқа ұлттар мүддесін жоққа шығармайтын келелі пікір айтады. Ол азаматтардың құқықтық еркіндігі, басқа ұлттардың қазақ халқының дәстүрін сыйлауы, олардың қазақ мемлекетінің намысын қорғауы, қазақ елін жатсынбай, жүрегімен сүйе білуі, ұлттық тіл, діні, ділімізді сақтауға кедергі жасамай қолдау тауып жатса міне, осыларды қазақстандық патриотизмнің белгілері деп санайды.

«Патриотизм» ұғымын талдай келе ол: «патриотизм дегенде, әуел бастан ақ туған жерін, ана тілін, елдің әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеп, қастерлеген. Бұл патриоттық сезім ерте заманнан-ақ қалыптасқан Мұның терең мағынасына ұлтжандылық жатады», - деп көрсетеді.

Жоғарыдағы ой түйіндерінен байқағанымыз, бүгінгі күні бейбітшілік заманда, демократиялық бағыт ұстанған Қазақстанда патриотизмге жаңа көзқарас қалыптастыру мәселесі туындап отыр. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алған жылдары әскерден жаппай қашу бүгінде тоқталып Отанды қорғауға деген патриоттық сезім арта түсуде.

Патриоттық сезіммен, рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес мемлекеттің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.

Қазақтың патриоттық, отансүйгіштік тәрбиесі - тереңнен тамыр тартқан, халқымыздың сан ғасырлық болмысының, дүниетану көзқарасының, ақыл-ойы мен салт-дәстүр мәдениетінің көрінісі. Осыларды бойына дарытпай студенттерді алтын бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында бар күш-жігері мен ақыл қайратын жұмсайтын, отаншыл азаматтарды, яғни нағыз патриоттарды тәрбиелеп өсіру мүмкін емес. Сайып келгенде, студенттерді ұлттық тәрбие негізінде жан-жақты жетілген «Сегіз қырлы, бір сырлы» ұрпақ ретінде - лайықты ізбасар маман етіп тәрбиелеу. Біздің зерттеуіміздің өзегі болып отырған қазақ этнопедагогикасының негізінде патриоттизмге тәрбиелеу осы пайымдаулардан өрбиді. Мұндай көкейкесті ізгі мақсатты іске асыру жолында мынадай тәрбиелік ұстанымдар басшылыққа алынды:

Біріншіден, күні ертең болашақ маманның елін, жерін сүйетін намысшыл азамат болуын ойластыру. Бұл алдымен, қадірлі қариялардың, көпке сыйлы үлкендердің бата-тілектерінде, ырым-жораларында өзекті орын алады. Ақсақалдардың ұрпағына: «Жорытқанда жолың болсын!» деп бата беруі жақсы ниеттің сәулесі.

Мына арзан күлкі мен бос жүріс етек ала бастаған жеңілтек мәдениетке мойынсынбай өз ұлттық болмысын сақтап қалуды ойлаған әрбір саналы жан ата - баба дәстүрін сақтап, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді бойына дарытуы қажет.

Екіншіден, баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Бұл мақсаттағы ой-пікірлер қазақтың бесік жырлары мен салт-дәстүр жырларында, ертегі-аңыздары мен бата-тілектерінде, термелері мен өлеңдерінде мол кездеседі. Бұл ретте «Еңбек түбі - береке», «Бейнет түбі - зейнет», «Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар» деген тәрізді халық даналығын мысал ретінде алдыға тартсақ - та болады.

Үшіншіден, «Бірінші байлық - денсаулық» - деген қағиданы пір тұтқан халқымыз тән сұлулығына ерекше мән берген. «Тәні саудың - жаны сау!», «Тән жарасы мен жан жарасы - егіз», - деп дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Сәби жарық дүние есігін ашып келген сәттен бастап, оның шымыр да ширақ болып өсуіне ықпал жасаған. Ұлтымыздың қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұнымен көлемі жағынан тәрбиелік әрекет болып табылады.

Төртіншіден, халқымыз этнопедагогиканың ықпалы арқылы ұрпақ бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді орнықтыруға парасат иесі етіп тәрбиелеуге ұмтылған, ізгілікке, адалдыққа, ар - ожданды қастерлеуге, уәдеге берік болуға тәрбиелеген. «Жаным - арымның садағасы», «Жан сақтама, ар сақта», «Тәні сұлу - сұлу емес, жаны сұлу - сұлу» - деп арды, адалдық пен қасетті бәрінен жоғары қойған.

Біздің мақсатымыз халық ұғымындағы патриоттық тәрбие жөніндегі түсініктер, тарих елегінен өтіп қалыптасқан патриоттық тәрбие принциптерінің әдіс-тәсілдерінің мәнін ашып көрсету, оны бүгінгі студенттерді тәрбиелеу ісінде қолдану жолдарын қарастыруды этнопедагогика ғылымының өзекті проблемасы ретінде көрсете білу.

Бесіншіден, патриоттық сезімнен ажыратып алғысыз гуманизм этнопедагогикалық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. «Отан отбасынан басталады» деген даналыққа ұйыған халқымыз ұрпағын ата-ананы, үлкендер мен кішілерді құрметтеуге, елдің, халықтың қамқоршысы болуға үндеген. Мүгедектер мен жоқ жітіктерге, науқастар мен панасыздарға көмектесуді парыз деп білген.

Алтыншыдан, «Білім - таусылмас кен, өнер - өлмес мұра», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», «Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер», «Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы» т.б. көптеген мақал-мәтелдер тудырған халқымыз осынау құндылықтар - өнер мен ғылым тіршіліктің тұтқасы, өмір шамшырағы деп білген. Сондықтан халқымыздың өте бай ауыз әдебиеті нұсқаларындағы мақал-мәтелдердің мән-мағынасын өскелең, ұрпаққа насихаттап, санасына сіңіріп отыру қажет.

Жетіншіден, адам өмірі табиғат аясында өтетін болғандықтан, бабаларымыз ғұмыр бойы табиғатты аялауды мұрат тұтқан. Бүкіләлемдік тіршіліктің құдіретті төрт түрі бар. Олар: күн - ана, жер - ана , ауа мен су. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды. Сондықтан да адамзат күнді, жерді анадай ардақтайды, жер мен судың әулиелігін қастерлеп, әрекет жасап, қызығын көреді.

Сонымен біз жоғары оқу орындары студенттеріне патриоттық тәрбие беру теориясының жай-күйін талдай отырып, қазіргі кезде патриоттық тәрбие проблемаларын айқындауға талпыныс жасадық. Сондай проблемалардың бірі бүгінгі қоғамдық сұраныстың өсуіне байланысты жоғары оқу орындарында студенттерге патриоттық тәрбие беру болып табылады, ал оны шешудің бір жолы қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру екендігін анықтадық.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  • Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – қоғамдық идеологиялық бірлігінде. - Алматы: Қазақстан, 1993. – 33 б.

  • Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. - Алматы:Санат, 1995. – 25 б.

  • Нұршайықов Ә. Патриотизм қанға сіңген қасиет пе? // Ақиқат. - 2000. -№10. – 16 б.

  • Қалиев С. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. - Алматы: Білім, 2001. – 224 б.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТИЗМГЕ Т?РБИЕЛЕУДІ? М?СЕЛЕЛЕРІ МЕН НЕГІЗГІ ?СТАНЫМДАРЫ

Автор: Шатырбеков Сакен Алькебаевич, Сейилханова Кундызай Орынхановна

Дата: 06.11.2014

Номер свидетельства: 127347


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства