kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Заманауи әдістемелер және Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

статья о казахском общественном деятеле, педагоге и писателе

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Заманауи әдістемелер және Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері»»



«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына арналған

«Заманауи әдістемелер және Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері»

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тілін меңгертудің әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскер. Ол өз заманында қарапайым қазақтың сауатын ашқан «Әліппе», «Сауат ашу», «Тілашар» т.б. оқу-құралдарын жазған. Олар күні бүгінге дейін әдістемелік және тілтанымдық тұрғыдан өз мәнін жоймаған құнды еңбектер.

Бүгінгі білім беру саласында біз қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы, «Инсерт» стратегиясы сияқты тағы басқа оқытудың түрлі әдістерінің ерекшеліктері, бүгінгі жаңашыл деп табылған оқыту технологияларының Ахмет Байтұрсынұлының жоғарыда аталған еңбектерінен бастау алатынын. Бұны біз ғалымның өз заманындағы балалар мен ересектердің сауатын ашуға арналған оқу құралдарынан да, шағын мақаларынан да оқығанбыз. Мысалы, оның бастауыш мектептеріне арналған «Әліпбиі» (Жаңа құрал) оқулығын жазуда көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік, өмірмен байланыстылық, т.б. дидактикалық ұстанымдарды, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алғанын анық көруге болады. Баланың ойлау қабілетін дамытумен қатар, оларды іс-әрекетке жаттықтыру қажеттігін де ескерген.

Қазіргі таңда біз жалпы білім берудің ең ұтымды тәсілі ретінде Блум таксомониясын басшылыққа аламыз. Блум таксомониясының 6 түрлі ережесі кез келген ақпаратты үйретудің ең ұтымды тәсілдері ретінде тәжірибеде дәлелденіп жүр. Себебі Блум таксомониясының 6 ережесі сын тұрғысынан ойлауда, яғни ойлау дағдыларын қылыптастыруда, жетілдіруде әдістемелердің бірі делінеді. Осы Блум таксономиясындағы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысы жайында өз заманында сан жылдар бұрын айтылып кеткен А.Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алаған. Ағартушы әдіскер «Ана тілінің әдісі» атты мақаласында ана тілін үйрету әдістерін былайша бөледі:

1) Кей әдістердің негізі қосу, жинау болады, барша ол негізді әдістер жалпылау (синтез) немесе жиылыңқы әдіс теп аталады.

2) Кей әдістердің негізі талдау, айыру болады. Ол негізді әдістердің бірі жалқылау (анализ) немесе айырыңқы әдіс деп аталады.

3) Кей әдістің негізінде қосу да, талдау да болады. Ондай әдістер жалқылаулы-жалпылаулы немесе айырыңқы-жиылыңқы деп аталады.

Ғалым үйренушіге дайын ақпаратты бергеннен гөрі, алдына қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына мүмкіндік беру аса маңызды деп көрсетеді. Бұл категориялар қазақ тілін оқулықтарын құрастыруда да, сабақ әзірлемелерін жасауда да басшылыққа алған жөн.

Оған қоса Ахмет Байтұрсынұлының бұл еңбегінде қазіргі әдістемеде білім алушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, дамыту мақсатында сөйлеу әрекеттерінің 4 түрі (жазылым, оқылым, айтылым, тыңдалым) арқылы тілді меңгертудің әдістері жайында ой-пікірлерін де табуға болады. Ғалым «үйретуді» өнер деп бағалайды. «Үйрету өнер болған соң, ана тілін үйрету – бұл да өнер. Олай болса өнерлерде болған сындар мұнда болмақ» – дегені сөзсіз ақиқат. Әдіскер тіл үйретуге мыналарды жатқызады:

1) оқылым – оқу үйрету;

2) жазылым – жазу үйрету;

3) айтылым – сөйлеу үйрету.

Сөйлеу әрекетінің төрт түрі Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралының» өн бойында кездеседі. Мысалы:

- оқылым әрекеті буындап оқу, тұтас оқу арқылы; 

- жазылым әрекеті сөздерді буындау, тасымалдау, көшіру, құрастыру, сөзден сөз тудыру арқылы;

- айтылым әрекеті сұрақтарға жауап беру арқылы; 

- тыңдалым әрекеті жаңылтпаштарды есте сақтап, жатқа жазу арқылы жүзеге асырылады.

Ауызша тіл мен жазба тілдегі норманың арақатынасы жайында Ахмет Байтұрсынұлының екі бөлімнен тұратын «Тіл жұмсары» мен «Оқу құралында» баяндалған. Әдіскер-ғалым өтілген мағлұматтарды ауызекі тіліне жеңіл де қысқа ауызша сауалдармен бекітуді де естен шығармаған. Мысалы:

1) әріп пен дыбыс бір ме?

2) қайсысы көрінеді, қайсысы естіледі?

3) ұқсас дыбыстардың әріптері ұқсас бола ма?

Ғалым «Жаза білу үшін тілдегі дыбыстарды тани білу керек. Ол дыбыстарға арналған әріптерін тани білу керек. Таныған әріптерін жаза білу керек. Жазған әріптерін дыбысымен атай білу керек» деп әріп пен дыбысты айырудың әдіс-тәсілдерін нақты мысалдармен көрсетеді.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқытудан жаңартылған білім мазмұнына ауысқан білім беру жүйесінде «Білім алушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану» қағидасы басшылыққа алынып жүр. Оқытудың бұл жүйесі де Ахмет Байтұрсынұлының «Баулу мектебі» атты мақаласында» баяндалады.

Осылайша қазіргі жаңашыл деп танылып жүрген технологиялардың түр түрін ғұлама ағартушының еңбектерінде көрініс табады. Бұдан біз сан жылдар бойы жұртшылыққа ұсынылмай, әділ бағаланбай келген Ахмет Байтұрсынұлының оқу ағарту саласындағы әдістерінің өзектілігіне көз жеткізуімізге болады.

Улберген Кусаинова

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №16 жалпы білім беретін мектебі» КММ






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Заманауи әдістемелер және Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері»

Автор: Кусаинова Улберген Рамазановна

Дата: 02.02.2022

Номер свидетельства: 599465


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства