kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ынтыма?ты отбасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Балаларды ата - аналары мен бас ?осу кешіне ?атыстыра отырып, олар?а отбасы - Отанны? бір б?лшегі екендігін ??ындырып, ынтыма?пен шеберлікке, татулы?пен ?йымшылды??а т?рбиелеу.
Т?рі: Д?ст?рлі емес бос ?осу кеші
Керекті ??ралдар: мультимедия, ?нтаспа, суреттер.

Т?рбиеші: Ана? - к?ні?, ж?регі?,
?ке? - ?мір тірегі?.
Сен ба?ытты ?лансы?,
Б?рі са?ан ?уансын!
?же? - асыл арда?ы?,
Ата? - дала ?ор?аны?.
Сен ба?ытты ?лансы?,
Б?рі са?ан ?уансын!

- Армысыздар ??рметті ата - аналар, жанк?йерлер!
?ош келді?іздер, бізді? сайыс?а.
Адам барма ана с?тін татпа?ан,
Алуан - алуан ауыр сынды атта?ан.
Адалды?ты, ар - намысты са?та?ан,
Мен ?кені? сонысына ма?танам – деп ?рандатып б?гінгі «Ынтыма?ты отбасы» атты сайысына «Ж?лдыз», «?онжы?», «Бота?ан» мектепалды даярлы? ша?ын орталы? топтарыны? ата – аналары ?атыс?алы т?р. 4 топты? сайыскерлерін ??рметтеп орта?а ша?ырайы?.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ынтыма?ты отбасы»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

3 "ҚАРЛЫҒАШ" балабақшасының тәрбиешісі

Шакиева Манат Амирбековна



"Ынтымақты отбасы"

Мақсаты: Балаларды ата - аналары мен бас қосу кешіне қатыстыра отырып, оларға отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, ынтымақпен шеберлікке, татулықпен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Дәстүрлі емес бос қосу кеші
Керекті құралдар: мультимедия, үнтаспа, суреттер.

Тәрбиеші: Анаң - күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Әжең - асыл ардағың,
Атаң - дала қорғаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!

- Армысыздар Құрметті ата - аналар, жанкүйерлер!
Қош келдіңіздер, біздің сайысқа.
Адам барма ана сүтін татпаған,
Алуан - алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты, ар - намысты сақтаған,
Мен әкенің сонысына мақтанам – деп ұрандатып бүгінгі «Ынтымақты отбасы» атты сайысына «Жұлдыз», «Қонжық», «Ботақан» мектепалды даярлық шағын орталық топтарының ата – аналары қатысқалы тұр. 4 топтың сайыскерлерін құрметтеп ортаға шақырайық.

1. «Қонжықтар» тобы
2. «Қыран» тобы
3. «Жұлдыздар» тобы
4. «Інжу» тобы
Сайыскерлерімізді әділ бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстыру.

Тәрбиеші: Байқау 8 бөлімнен тұрады.
Армысыздар, жалпыңыз,
Сәлем беру салтымыз!
Сайыскерлер сайрайды,
Жеті атасын санайды.

1 бөлім. «Өзін - өзі таныстыру»
Сайыскерлер өздерін таныстырып шығады.

2 бөлім. «Ынтымағы жарасқан менің отбасым»
Ата - аналар мультимедиа көмегімен өз отбасын слайд арқылы баяндап береді.

3 бөлім. «Тұжырымды ой айтайық»
Әділқазылардың алдына келіп бір билеттен алып сұрақтарға жауап береді.

4 бөлім. «Мақал - сөздің мәйегі»
Бұл бөлімде кім қанша мақал айтады және де экранға мақалдың басы жазылған аяғын аяқтау керек. Әр отбасыға бір - бір мақалдан беріледі.

5 бөлім. «Баламызбен бірге ойнай отырып ойланайық»
Бұл бөлімде 4 ойын бар.

1 ойын: «Арқан тартыс» ойыны.
Ойын шарты: Арқан тартылады, жеңген топ келесі топты шақырады.

2 ойын: «Алақанынан мінезін таны»
Ойын шарты: Отбасы басшысының көзі таңылып, көрші отбасы басшысының мінезін айту.

3 ойын: «Балаңызды жүзінен таны»
Ойын шарты: Анасының көзі байланады, қаз - қатар отырған балалардың арасынан сипау арқылы өз баласын тауып алу керек.

4 ойын: «Көңіл күйді жаттықтыру»
Ойын шарты: Қоржыннан асық таңдап алады. Әр асықта тапсырма болады.
Бірінші асықта – жылап тұрған адамның кейпін көрсету
Екінші асықта – қатты күліп тұрған адамның кейпін көрсету
Үшінші асықта – өлең айтып тұрған адамның кейпін көрсету
Төртінші асықта – қатты таңғалып тұрған адамның кейпін көрсету
Бесінші асықта – билеп тұрған адамның бейнесін жасау.

6 бөлім. «Бала тілі бал»
Бөлімнің шарты: Балалар тәрбиеші берген сұрақтарға жауап береді.
1 сұрақ: Отбасы мүшелерін ата?
2 сұрақ: Қандай тағамды жақсы көресің?
3 сұрақ: Сен кімді жақсы көресің?
4 сұрақ: Отбасы жөнінде тақпақ айтып берші?

7 бөлім. «Көңілді күй сыйлайық»
Бөлімнің шарты: Әр отбасы өз өнерін көрсетеді.

Тәрбиеші: Бүгінгі күн әр шаңырақтың той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым еткен байқауымыздың соңында
Ақ тілекпен әділқазы сөз алар.
Әділ - қазылар қорытындысы беріледі. Сыйлықтармен марапаттау.
Жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі «Ынтымақты отбасы» атты танымдық сайысымыз аяқталды. Қатысқан ата - аналарға көп рахмет!
Сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ынтыма?ты отбасы

Автор: Шакиева Манат Амирбековна

Дата: 29.11.2015

Номер свидетельства: 259797


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства