Просмотр содержимого документа
«Урок-игра "?аза?ша?ыз ?алай,Жас дос!" »
Сайыстың тақырыбы: Қазақшаңыз қалай, Жас дос ! Мақсаты: Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде дұрыс сөйлеуге үйрету.Мақал-мәтелдер,тұрақты тіркестерді айтқызу, оқушылардың танымдық деңгейін көтеру.Тіл мәдениетін қалыптастыру.
Тілге деген қызығушылығын арттыру.Қазақ тілін құрметтеуге, сүюге,тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі : интерактивті тақта
Өту барысы: Мұғалім сөзі
Көп тіл білсең,көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар,
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
-Ал, құрметті оқушылар, енді тілді ардақтап, сол тілде сауатты сөйлеп,ойымызды жеткізе білсек,нұр үстіне нұр.Оны біз бүгін өткелі отырған сайысымызда көз жеткіземіз.Сайысқа 2 топ қатысады: 10 А және 11 А сынып оқушылары.Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
I кезең: Таныстыру ( Презентация 3-5 минут ).
Аты-жөні
Туған жылы,айы,
күні
Туған жері
Ұлты
Оқитын
мектебі,
сыныбы
Бос уақыты
Ермегі
ІI кезең: «Мықты болсаң, тауып көр». Тұрақты тіркестерді құрып, мағынасын ашу, мысал келтіру; ІІI кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр». Мақал-мәтелдің жалғасын табу ІV кезең: «Ойлы болсаң, озып көр». Берілген сөзтіркесінің мағынасын бір сөзбен ашу
V кезең: Тілдің қасиеттілігін байқау үшін 2 топ мүшелерінің өнерлерін тамашалау.( Ән айту,өлең оқу,көрініс көрсету) Сайысты қорытындылау: Жеңімпазды анықтау, марапаттау. Тілім менің! Тілім үшін мың өліп, тірілді елім, Аралыммен, арыммен қатар қойып, Тілді қорғау – парызым бүгін менің! –дегендей, бүгін 10-11-сыныптар арасында өтетін сайысымызды назарларыңызға ұсынамыз! Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. 1 – «Зерде» тобы 2 – «Зерек» тобы
Әділқазылар алқасымен таныстырайық:
1.
2. Экранда берілген тапсырмаларға қай топ бірінші жауап берсе, сол топқа ұпай қосылып отырады. Әділқазылар алқасы, жауабына қарай бағалап отырыңыздар.
1-кезең.Таныстыру.
2– кезең. «Мықты болсаң, тауып көр».Орысша баламасын айту. 1. Ілінбеу – беті, көзі, аузы, қолы Көзі ілінбеу – ұйықтамау 2. Асу – құлақ, бет, жақ, ауыз Құлақ асу – тыңдау, назар аудару 3. Жету – қолы, құлағы, мақсатқа, көзі Көзі жету – анық білу 4. Тістеді – қолын, білегін, бармағын, тырнағын Бармағын тістеді – өкінді 5. Тасу – ажар, көңіл, бой, қол Көңілі тасу – қуану, шаттану 6.Жүрек-бауыр,су, өкпе Су жүрек-қорқақ
3– кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр». 1. Туған жердей жер болмас,--------------------------- 2. Көз қорқақ---------------------------------- 3.Ырыс алды---------------------------- 4.Жақсыдан үйрен,------------------- 5.Тазалық –саулық негізі.---------------------- 6.Дос жылатып айтады,------------------------- Тілдің қасиеттілігін байқау үшін 2 топ өнерлерін тамашалайық!
4– кезең. «Ойлы болсаң, озып көр». 1.Төбесі көкке жетті (қуанды) 2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ) 3. Қой аузынан шөп алмас (жуас) 4. Қабағынан қар жауды (ашуланды) 5. Бетінен оты шықты (ұялу) 6. Ит өлген жер (алыс) 7. Төбе шашы тік тұрды (қорықты) 8. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
5-кезең. Тілдің қасиеттілігін байқау үшін 2 топ өнерлерін тамашалайық!
Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. «Біздің тіл- өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан –жүйеңді жадыратып, жүрегіңе тиімді, қысылтаяң, қатал жағдайда қайрап, егеп, «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін, ерге, елге медет болатын тіл», -деп даңқты атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, тілді құрметтеу, елді құрметтеу, ұлтыңды қастерлеу болып табылады. Ана тілінің құдіретін ұмытпай, оны келешек ұрпаққа таза күйінде жеткізу – біздің міндетіміз. Ана тілінің мөлдір әлемін лайлатпай, тұнық күйінде қолданайық, жас достар!