kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлт қайраткері - Нұртас Оңдасынов

Нажмите, чтобы узнать подробности

Нұртас Оңдасыновтың өмір жолында және қиын сәттерде оның алдынан қазақ зиялылары жолықты, тәрбие берді, бағыт берді. Айтулы қайраткер тұлға Нұртас Оңдасынов жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ зиялыларынан – Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Ғани Мұратбаев, Сәдуақас Оспанов

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлт қайраткері - Нұртас Оңдасынов»

Ұлт қайраткері - Нұртас Оңдасынов

Нұртас Оңдасыновтың өмір жолында және қиын сәттерде оның алдынан қазақ зиялылары жолықты, тәрбие берді, бағыт берді. Айтулы қайраткер тұлға Нұртас Оңдасынов жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ зиялыларынан – Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Ғани Мұратбаев, Сәдуақас Оспанов, Әмин Жүсіпов, Мұхтар Әуезовтерден тәлім-тәрбие алған және олардың кеңестік кезеңдегі жалғасы екендігі анық, дейді нар тұлғаны зерттеп, оның еңбектерімен айналысып жүрген тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Еңсенов.

Нұртас Дәндібайұлы  1922-1927 жылдары Ташкент Орман шаруашылығы техникумында оқыған. Онда Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінен дәріс беріп, «Ел болам десең, бесіңіңді түзе» және «Білімді ел, биік ел» деген сөздерді ылғида айтып, олардың рухани зердесіне нұр қылып құйған екен. Үлкен ұстаз осылайша қазақ жастарының өмір жолына бағыт көрсеткен.

1926 жылы орман техникумында оқып жүрген кезде, Оңдасынов жолдас Коммунист (большевиктер) Партиясының мүшелігіне өтті. Келесі 1927 жылы Оңдасынов жолдас орман техникумын бітіріп, орман және су шаруашылығы мекемелерінің системасында бірнеше жыл ұдайы қызмет етті.

Ол 1930 жылы Ташкенттегі ирригациялық институтқа келіп түсті. Оның үш курсын бітіргеннен кейін Оңдасынов жолдас жұмысшы факультетінің оқытушысы және директоры болып істеді.
1934 жылдың Октябрь айында Оңдасынов жолдас Қазақстанға жіберілді. Мұнда ол алғаш Қазақстан орман шаруашылығы тресі бастығының орынбасары, одан соң бастық болып қызмет атқарды.

1936 жылғы августан 1938 жылғы февральға дейін Оңдасынов жолдас Қазақ ССР Егіншілік Халық Комиссариатының ағаш егу басқармасының бастығы болып, 1938 жылдың февралынан июль айына дейін еңбекшілер депутаттарының Шығыс Қазақстан облыстық Совет атқару комитетінің председателінің міндетін атқарды.

1938 жылы Шығыс Қазақстан облысының еңбекшілері Оңдасынов жолдасты Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты етіп сайлады, ал 1947 жылы ол республика Жоғарғы Советінің депутаттығына тағы да сайланды.

1938 жылдан бастап Н.Д.Оңдасынов республика Халық Комиссарлары Советінің председателі болып істейді, ал, Халық Комиссарлар Советі Министрлер Советі болып қайта құрылғанда  Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясы оны Қазақ ССР Министрлер Советінің Председателі етіп бекітті. Осы жоғарғы мемлекеттік қызметте ол қазіргі уақытқа дейін істеп келеді. 
Оңдасынов жолдас Коммунист (большевиктер) Партиясының қатарына алынғаннан бері партияның сара жолын большевиктік принципшілікпен және қажырлылықпен жүзеге асыруда. Ол Қазақстан Коммунист (большевиктер) партиясының ІІ, ІІІ, ІV сьездерінің жұмысына қатысты, 1938 жылдан бері Қазақстан К (б) ІІ Орталық Комитеті бюросының мүшесі болып келеді.

1939 жылы Оңдасынов жолдас Бүкілодақтық Коммунист (большевиктер) партиясының ХVІІІ сьезіне делегат болды. Мұнда ол БК(б)П Орталық Комитетінің Тексеру Комиссиясына мүше болып сайланды. 1941 жылы Алматы сайлау округінің еңбекшілері Оңдасынов жолдасты бірінші шақырылған ССРО Жоғарғы Советінің депутаты етіп сайлады.

1946 жылғы февральда ол екінші шақырылған ССРО Жоғарғы Советінің депутаттығына тағы да сайланды. ССРО Жоғарғы Советінің сессиясында Оңдасынов жолдас Одақ Советі председателінің орынбасары болып сайланды.

1947 жылы ол республика Жоғарғы Советінің депутаттығына тағы да сайланды.

Республиканың еңбекшілері Оңдасынов жолдастың Қазақ ССР Министрлер Советінің Председательдік қызметінде отырып Ленин-Сталин партиясының адал ұлы ретінде жүргізген зор мемлекеттік жұмыстарын жақсы біледі. Республиканың үкіметін басқара отырып және Совет Үкіметінің директивалары мен нұсқауларын мүлтіксіз жүзеге асыра отырып, ол Қазақ ССР шаруашылығы мен мәдениетін одан сайын өсіру жолында аянбай еңбек етіп келеді. 
Партия мен үкімет Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың жанқыярлық еңбегін жоғары бағалап, оны үш Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен наградтады. 576 Алматы қалалық сайлау округінің еңбекшілері Оңдасынов жолдасты ССРО Жоғарғы Советінің Одақ Советіне депутаттыққа кандидат етіп ұсынды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ұлт қайраткері - Нұртас Оңдасынов

Автор: Бейсекова Ақсауле

Дата: 26.10.2018

Номер свидетельства: 482226


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства