kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ұшқын» қоғамдастығының 2016-2017 оқу жылындағы есебі Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шақаман жалпы орта білім беретін мектебіндегі  «Ұшқын»

қоғамдастығының 2016-2017 оқу жылындағы есебі

Жаңартылған  білім – болашақтың   кепілі.

      Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Бүгінде, қазақ тілі -мемлекеттік тіл, орыс тілі -қарым- қатынас тілі және ағылшын тілі-әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ұшқын» қоғамдастығының 2016-2017 оқу жылындағы есебі Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.»

Шақаман жалпы орта білім беретін мектебіндегі «Ұшқын»

қоғамдастығының 2016-2017 оқу жылындағы есебі

Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Бүгінде, қазақ тілі -мемлекеттік тіл, орыс тілі -қарым- қатынас тілі және ағылшын тілі-әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.

Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.
Осыған орай, біздің мектептің ұстаздарының алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс- тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру.Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді көздейді.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұпта, топта жұмыс жасау, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білу және оны тиімді жүзеге асыру болып отыр. Биылғы жылы «Тәжірибедегі рефлексия» атты курсы да мектебімізде орын алды. Мектебіміздегі коучингтер мен тренингтер де осы твқырыптарға арналды.

Жаңа заман мұғалімінен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір ситуация үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын жан-жақты жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Өздерінін білім алу және білім беру үрдісіне кері байланыс жасауы оның болашақ педагогикалық тәжірибесіне ықпал етуі жәнемектеп мұғалімдерін кәсіби қоғамдастық аясында белсенді жұмыс істеуге дайын болуы дер едік. Біздің де қоғамдастықтың басты мақсаты:деңгейлік курстан алған білімдерін мектеп ішінде тарату. Қоғамдастық ішіндегі мғалімдердің тәжірибесімен алмасуы, тығыз байланыстары бірлесе жұмыс жасауға ықпал етеді.Кембридж бағдарламасын меңгерген мұғалімдер өздерінің атұарған жұмыстарын желі ішінде де тәжірибесін ұсынып отырды.ХХІ –ғасырдың ұстаздары бәсекеге қабілетті,білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыны тәрбиелеу үшін өз лөстерін қосуда.

Шақаман жалпы орта білім беретін мектебінде 30 мұғалім еңбек етуде. Соның үшеуі сертификатталған. (ІІ- негізгі ) деңгей- Айтишева Г.Г.бастауыш сынып мұғалімі-жоғары санатты, еңбек өтілі 35 жыл, және орыс тілі пәнінің мұғалімі Абылгазинова Г.Ж. – жоғары санатты, еңбек өтілі 24 жыл. ІІІ- негізгі деңгейдегі ұстазымыз Абеуова Айгуль Советқазыевна-ағылшын тілінің маманы.

2016-2017 оқу жылында. Шақаман жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұшқын» қоғамдастығы өз жұмысын жалғастырды. Қоғамдастық мүшелері 12 ұстаз.Өз жұмысын қоғамдастық жылдық жұмыс жоспарын құрудан бастады. Қоғамдастық жоспары, мұғалімдер тізімі, тәлімгер мұғалімдер мектеп әкімшілігімен бекітілді.Биылғы оқу жылында қоғамдастықтың жоспары бойынша әр-түрлі іс- шаралар өткізілді.Атап айтсақ: «Оқу мен оқытуда жаңа әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып,сапалы білімге қол жеткізу», « Оқыту мен оқуда ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Талантты және дарынды балаларды оқыту» «SMART мақсат деген не?», «ОМЖ, ҚМЖ жоспарлау», «Есімде қалған мұғалім» т.б. коучингтер мен тренингтер өткізілді.Жоспар бойынша тәлімгерлік жұмыс жүргізілді.Тізбектелген сабақ жоспарлары құрылып,ашық сабақтар берілді.Тәлімгерлік жұмыс қысқа және орта мерзімді жоспарлауынан басталды.Сабақтар беріліп, кері байланыстың болуы жөнінде айтылды.

Білім беру саласындағы қазіргі кезеңнің ең басты ерекшеліктері оқушылардың өздігінен жұмыс жасай білуіне жағдай жасау,оқушылар бірлесіп бағалауы бір-бірін тыңдай білуі  Осы орайда Айтишева Гульнар Газизовна тәлімгерлік жұмысын жалғастырып, 2 сыныпта бастауыш сынып мұғалімі Шакабаева Майгуль Толеубековнамен тізбектелген сабақтардың жоспарын құрып, ашық сабақтарын берді. Сабақты түрлендіріп оқыту арқылы жаңа әдіс тәсілдерді тиімді қолдануы баланы ізденіске ойын еркін жеткізуге ойын ашық айтуға бейімдедім.Сабақта 7 модульді тиімді пайдалану арқылы сабаққа деген оқушылардың ынта жігері арттыру арқылы жұмыс жүргізді.

2016-2017 оқу жылында мектепте Lesson Study зерттеу тобы құрылды, мақсаты, міндеттері, нысанаға алынатын сынып белгіленіп жұмыс жоспары жасалды.

Шығармашылық тобының мақсаты:

1 «а» класына Lesson Study зерттеу сабағын енгізу арқылы оқушылардың топта жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру .

Міндеттері:

-«Топ» пен Топтық жұмыс» ұғымын меңгерту,

- Топтық оқытудың өзара сенімділік,қолдау, келісімге келу,шыншыл болу басымдықтарына машықтандыру,

- Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың түрлері мен ерекшеліктерін тиімді пайдалану.

Күтілетін нәтиже:

Топтық оқыту формасы енгізіледі . Топта жұмыс жасай отырып, өзара сенімділіктерін арттырады. Топтық оқыту әдістемесімен танысып, әртүрлі стратегиялармен жұмыс жасайды.Сабаққа қызығушылықтары оянады, белсенділіктері артады.


Шығармашылық топтың құрамында деңгейлік курстарды аяқтаған үш сертификатталған мұғалім / Айтишева Г.Г ,Абылгазинова Г. Ж./2-деңгей/, Абеуова А.С. / 3-деңгей/, 1 сынып жетекшісі және мектеп психологы

Сыныпты бақылау барысында 3 зерттелетын А, В,С оқушылары белгіленді.

Топтың мүшелері әрбір сабаққа дайындалып, сабақ нәтижесін бірге талқылап отырды. А,В,С оқушыларды бақылау барысында өзгерістер байқалды.

Lesson Study зерттеу сабағы бойынша құрылған шығармашылық тобының жетістіктері:

1 «а» сыныбының сабақтағы белсенділігі өсті .

Оқушылар оқытудың топтық, жұптық формаларына дағдыланды.

Зерттеу сабақтары мектеп мұғалімдерінің қызықтырды.

Мектепішілік семинар-практикумда ашық сабақтар өткізіліп тәжірибе таратылды,

Lesson Study –әріптестік және кәсіби дамудың негізі екендігіне көз жеткіздік

Көшбасшылық кабілет -3оқушыда ашылды.

Төмен деңгейдегі 2 оқушының оқуға деген ынтасы оянды

Мектеп мұғалімдерімен ғана емес, ата-аналармен де жұмыс жүргізілді. Мақсаты: ата-аналарды мектепке тарту, оқу-тәрбие ісінеараластыру, әрекет ету үрдісіне жұмылдыру.Сол жұмыстар арқылы білім сапасын көтеру-басты мақсатымыз болды. «Бала тәрбиесіндегі жетістік – мектеп пен ата-ана байланысы» тақырыбына тренинг өткізілді. Тренинг аясында мектеп психологінің де көмегі тиді. Ата-аналар арасында түрлі сауалнамалар, топтық жұмыстар жүргізілді. Кері байланыстарында «Өмір ағашында» жазылған парақшалардан байқадық. Жас мамандармен де жұмыс жүргізілуде. Сабақтарында 7 модульді пайдалануға, оқушыларды қалай бағалауға деген срақтарына жауап табылды. Мұғалімдер арасында түрлі тақырыптағы коучингтер бұдан дейін өз жұмысын өзі жеке атқарып жүрген әріптестерің арасында ынтымақтастық орнатып, педагогикалық ұжымның ахуалын жақсартып келеді. Мектептегі педагог қызметкерлер жаңа форматтағы сабақтар өткізіп, қоғамдастықты дамыту бағытында жұмыстар жасап, өздерінің шеберліктерін арттырды.Өз сабақтарын жаңа коучингтерін түрлі сайттарға жариялап, сертификаттар алынды. Атап айтсақ Айтишева Г.Г. «Инфоурок» сайтында «.Исследование убеждений, сложившихся у учителей об идеальном учителе». Копилка уроков сайтында « Подготовка дифференцированных результатов урока», «О процессе менторинга, «Мінсіз мұғалім » , «Топтық жұмыс» тренингтерінің жоспарлары жарияланды. Мектеп тренеры Айтишева Гульнар Газизовна әріптестерімен көптеген тренингтер өткізді. Атап айтсақ «Сыныптағы қадағалау әдістері», « Оқудағы кедергілер»,

« Сабақтың инклюзивті болуы», « Диалогтік оқыту», « Бағалау. ӨӨБ, ОҮБ», «АҚТ ны пайдалану» т.б.

Абылгазинова Г.Ж. биылғы жылы « Шәкәрім оқулары» ғылыми –практикалық конференцияға 11 сынып оқушысы Мубаракова Айнагуль қатысып, 3 орынға ие болды. Жоспар бойынша ашық сабақтары да қызықты өтті. « Определение», « Определение выраженное прилагательным», « Овощи, фрукты. Обмен мнениями» 1 сыныпта , « Легко ли быть другом?» т.б. Абеуова Айгуль Советқазыевна «We are here Structure of to be doining to», «Traveling to Great Britan», «Holidays», т б. Жыл аяғында біздің метепте «Жаңартылған білім – болашақтың кепілі» атты дөңгелек үстелді жоспарлауда. Қорыта келе біз мынандай нәтижеге қол жеткіздік.


  • Жаңаша оқытудың мақсаты мен міндеттері, ерекшеліктері туралы ұстаздар түсінік алды;

  • Ата-аналар мектеп өмірінде үлкен өзгеріс бар екенін сезінді және соны қолдайтындықтарын білдірді;

  • Жаңаша оқу- балалардың жетістікке қадам екенін ұғынды.

Келесі оқу жылына жаңа жоспар құрып, қоғамдастықтың жұмысын әрі-қарай жалғастырып, оқушыларға сапалы білім беруге бағыттап, заманауи технологияларды пайдаланып ,одан әрі жандандыру, ықпал ету деп санаймыз. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттеліп отыр.Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болуы үшін, қажетті дағдыларды дамыту үшін, мұғалімдер тың ізденіспен еңбектенуі тиіс. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдыретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, болашаққа жетелеп, жақсы іс бастама алып отыр.



«Шақаман ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Айтишева Гульнар Газизовна











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Айтишева Гульнар Газизовна, Абылгазинова Гульжанат Жиенгазиновна

Дата: 04.05.2017

Номер свидетельства: 413257


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства