kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұраны Қара бура Есет батыр

Нажмите, чтобы узнать подробности

 топ

Есет Көкіұлы 1667 жылы дүниеге келген. Шежіреде оның тама руының Атамшал – Торым аталығынан шыққандығы анық көрсетілген. Кіші жүз бен Орта жүздің орыс патшасының қол астына өтуіне белсенді атсалысқан атақты Кіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу баласы.

            Әрі батыр, әрі аузы дұғалы Көкі өз ұлдарының болашағы жайлы: «Өзімнен өргеннің бір буыны тең болар, қалғаны қара болар» деген екен. Ал батырдың нағашы жұрты Әжібай би деп танылады.  Сол заманғы ұғым-түсінік бойынша батыр атанған адам алдымен өз аталығын, руын басқарып барып, үлкен деңгейге жетеді. Есет осылардың бәрінен өтіп, тархан дәрежесін алған, деңгейі биік, дәрежесі жоғары адам болған. Есет батырдың 17-18 жасында қолына найза алып, атқа қонғаны кіші жүз жеріне Еділ қалмақтары мен Жайық казактары төндірген қауіп-қатерлердің көбейіп кетуі кезіне сәйкес келген. Бұл кезеңді ұлы ғұлама Шоқан Уәлиханов былай сипаттайды: «.қазақ халқының өміріндегі қияметті кезең болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан килігіп, олардың ұлыстарын талқандап, малдарын айдап, адамдарын тұтас отбасымен тұтқындап алып кетті». 

Ғалымдар Есет батыр Көкіұлының бүкіл саналы ғұмырын екі кезеңге бөліп қарастырады:

 Алғашқысы – 1690-1710 жылдар аралығындағы уақыт. Бұл кезеңде батыр аюке бастаған Еділ қалмақтарының әскерімен шайқасып, қазақ жері үшін төнген қауіптермен күрес үстінде жүреді. Алғашында аталығының, кейін руының намысын қозғап атқа қонған бабаның Кіші жүзге аты шығатын тұсы осы. «Бөкенбай батыр, Арал батыр, Баймұрат батыр, Есет батырлар Аюке сияқты ханға күресу үшін бүкіл Кіші жүз әскерін біріктіре бастайды. Енді Есет аташалдық, яғни рулық деңгейден кішіжүздік деңгейге көтеріледі»,

 –  1710 жылдан бастап Есет батырдың өмірінің екінші кезеңі басталады. Мұнда ол бүкілқазақтық, жалпыұлттық мәселелерге араласып, жиындарға қатысады. Соның бірі – әйгілі Қарақұм құрылтайы. Мұқым қазақ баласы бас қосқан ұлы жиында екі мәселе қаралады: біріншісі – жоңғарларға тойтарыс беріп, жерден қуу, екіншісі – кіші жүзге хан сайлау.  Бірінші мәселе бойынша екіұдай тартыс туындап, күн ұзаққа созылады. Сондағы табын Бөкенбай батырдың іс-әрекеттері барша батырлардың басын біріктіреді делінеді. Осы құрылтайда кіші жүздің ханы етіп Әбілқайыр сұлтанды тағайындайды және осы 1710 жылдан 1748 жылға дейін Есет батырдың есімі хан Әбілқайырмен бірге аталады.  1722 жылдан бастап Жетірудің аға биі болып сайланған Есет батыр хақында ғылыми зерттеулер жазып, тарихи дәлдікті анықтаған ғалымдар батырдың «Қалмаққырылған» шайқасына қатысқанын алға тартады. «Осы шайқаста Есеттің бірнеше жерден басы жарылып жараланады. Жұрт оның басының мылжа-мылжасы шыққан шығар деп ойлайды. Шайқас аяқталып басын таңып жатқан батырды көргенде «Есеттің басы қатты ма, Алланың тасы қатты ма?» деген сөз ел арасында қанатты сөз ретінде тарап кеткен» дейді. 

Ал арада екі жыл өткенде Аңырақай маңында Әбілқайыр хан бастаған қазақ жасақтары жоңғарлардың қалың қолын талқандайды. Бұл ұрыста Есет батыр Кіші жүз құрамының туын көтерген атойшы болған деген деректер кездеседі. 1724 жылы Аюке хан өлгеннен кейін Әбілқайыр ханның жоспарымен Жем бойындағы қарақалпақтармен одақтасып, қалмақтарға қарсы шабуыл ұйымдастырады. Наурыз айында Әбілқайыр хан 13 мың сарбазбен Доржы Назаровтың иелігіндегі мекендерді шауып, 50 қалмақты, 500 түйені, 8000 қойды олжалайды. Ал осының құрамындағы Есет батыр бастаған 757 адамдық жасақ Лобжи ұлысына басып кіріп шабуыл жасайды.  1730 жылдардан бастап қазақ жерінің солтүстік батыс өлкесіндегі қазақ-башқұрт, қазақ-қалмақ байланыстары шиеленіп, тіпті асқынып кетеді. Бұл мәселені шешу үшін Кіші жүз ордасына башқұрт көсемі Алдар Есенгелдінің келуіне орай жиын ұйымдастырылып, оған орданың бек-билері, батырлары жиылып, мәселені талқыға салады. Әбілқайыр бастаған орда билеушілерінің шешімімен Ресей империясының атына хат жазылып, онда бодандық емес, бітімгершілік мазмұны баяндалады. Есет батырдың да осы топта болғаны айқын еді.  Ресей патша үкіметі тарапынан 1742 жылдың 30 тамызында тархан атағын Шақшақ Жәнібек батыр бірінші болып алады. Ал екінші рет тархан шені 1743 жылы 3 шілдеде берілгені тарихи факт.

Патша үкіметінің батырға тархан атағын беру туралы себептерін тарихшылар: тама Есет Көкіұлына

«Біріншіден, қазақтың қалың қауымы арасында, Жәнібек пен Есеттің үлкен абырой иесі екендігіне мән беріп, олардың елге ықпалының шексіз екендігін ескеріп, осы бір екі алыптың қолдары арқылы отарлау саясатын колданғысы келді;

екіншіден, осылайша қызғаныш тобына қақталатын қалған сұлтандардың, старшиналар мен билердің тархандық дәрежеге арманын қоздыру; сөйтіп оларды патша әкімшілігінің дегенін істеп, айдағанына көнетін құлақкесті құлына айналдыру;

үшіншіден, Жәнібек пен Есет батырға шен бере қолпаштай отырып, олар арқылы бүкіл қазақ жамағатын Ресейге, патша тағына бас идіріп ұстау,

төртіншіден, Жәнібек пен Есетті өз үйірлеріне тарту арқылы соңғы кезеңдерде патша өкіметінің саясатына қайшы келіп отырған Әбілқайыр ханды ең шынайы ортасынан айыру, сөйтіп халық арасындағы желісін сетінету.» –  деп түсіндіреді. 

ІІ топ

Автор сөзі. Көкі атамыздан екі ұл, екі қыз дүниеге келген. Ұлдары Есет батыр және Есен, қыздары Бәкі, Тәжі.  деректерге қарағанда Бәкі апамыздан атақты әулие Бекет ата туады. Ал, Тәжі апамыздан Жанқожа батырдың әкесі Нұрмұхаммед туған. Есет батырдан Ақмандай (Ақшал батыр), Қалдыбай, Қаржас, қыздары Ботакөз, Сәуле, Қаракөз.
Ақмандай (Ақшал батыр) әкесінің (Есеттің) «Ақмоншақ» деген атымен, мініп шауып жүріп ауылдан ұзап кеткенде, аңдып жүрген қалмақтар оны ұстап алады. Сол кеткеннен Ақмандай бала хабарсыз кетіпті. Өлі екені, иә тірі екені белгісіз, іздегенмен табылмапты.

Ал енді жазушы Әбдісаттар Оспановтың «Жанқожа батыр» атты кітабынан Тама Есет батырдың Жиеншары Жанқожаға айбалтасын бергені туралы қысқаша көрініс:

«Есет батыр баланы алдына алып, емірене бір иіскеді де, көпшілікке қарады.
Киікбай: –
«Жүрегі түкті жолбарыстан да қорықпас, аңшыдан қорыққан көкжал күндіз жорытпас» деген емес пе. Жанқожажанның жүрегінің түгі бар екен. Киіз астындағы кездік емес, жыңғыл екенін білмесе де, баланың әлден үлкендер сөзін аяқасты етпегеніне және басқалардай тайқақтамағанына куә болдыңдар. Бұл жаман неме жарады, - деп қалды Киікбай. «Жаман» деген сөзді қаламады ма, бала атасына қабағын түйе қарады.

 Тархан сөзін сабақтады. 

Жаңа ғана Жылқайдар бидің айтқан ши борбайларының арасынан да халқым деп қабырғасы қайысар ерлер шығады әлі. Бізден кейінгі ұрпақтың қамын мына Нұрмұхаммед пен Дабылдар ойласа, олардың орнын Жанқожалар баспасына кім кепіл. Мұхитта ыққан желкенсіз қайықтай дәрменсіз қазақтың жыртысын өз ұрпақтары жыртпаса, кім жыртады?! Сол ұрпақтарға – мына Ақмырза, Жанқожа, Ақтандарға жолын берсін құдайым!
– Әмин!
– Айтқаныңыз келсін!
– Батыр бабаларының рухы қолдасын! 
Есет тізесіне отырған Жанқожаның басынан сипады да:

– Шекті менен Жетіру қашаннан-ақ шетендеріміз іргелес, өрісіміз өкшелес, құдандалы-жекжат ек. Біріміз сүрінсек, біріміз сүйеп едік. Осы татулықтың жігін ажыратар ортақ жауымызға сілтенер мына айбалтамды бүгін Жанқожажанның білегіне іліп кеткім келіп отыр.
Ол баланың жүзін өзіне қаратты. 
Тархан  – «
Балам, мынау жау мен жаман адамға ғана сілтенер қару. Егер орнын тауып қолданбасаң, өкінішке қалдырады. Сондықтан тек қажетті жерде ғана көтергейсің. «Қолымда қаруым бар» деп қателікке қадам басуға болмайды. Түсіндің бе, балам?»
Жанқожа басын изеді. Нағашысы оның оң білегіне айбалтасының бауын ілдірді. Бала орнынан тұрып, үйіне қарай беттеді. Сүйретіле берген айбалтасын қосқолдай көтеріп, бауырына қысып алды. Отырғандар оның сыртынан сүйсіне қарап қала берді. Ешкім ешнәрсе айтпады.
 Автор. 
Енді, міне, Жанқожасы алпамсадай жігіт болды. Содан бері ол нағашы атасы қарына қыстырып кеткен қасиетті айбалтаны ешқашан тастаған емес».
 

ІІІ топ

Есет батырды бір рудың, не бір тайпаның батыры деп қарамай, исі қазақ халқының қас батыры, пір тұтар әулиесі деп бағалауымыз керек. Расында да бүгінде халық Есетті батыр ғана емес, оны әулие деп те құрметтейді. Өйткені, оның әулиелік те қасиеті болған. Оған бүгінгі күнге дейін жанына жәрдем тілеп, қабіріне түнеушілер бар. Есет әулиенің әсер ететін ауру түрлері: бала көтермеу, қан қысымы, жүрек, буын аурулары. Есеттің басына қойған ескерткішті қызыл белсенділер бұздырып тастайды. Қорытындысында бұзуға себепкер болғандар да, бұзғандар да аман қалмаған. Ескерткішті қолымен бұзған екі орыс автокөлігі аударылып, батырдың қорымы тұсында апатқа ұшырайды. Қастарында отырған бірінің әйелі оларға «әулиенің киесіне қаласыңдар, бұзбаңдар» деп жалынса да оның тілін алмаған екен. Сол әйел ғана әулие киесінен аман қалыпты.

Есет батыр 1749 жылы 82 жасында дүниядан қайтыпты. Қайтыс болар алдында халқын жинап:
– Халқым, бәріңе ризамын, он бесімнен атқа отырып, елді қорғадым. Жайықтан ата-қонысыма жауды өткізгенім жоқ. Енді дүниеден өтер күн де жақын. Мені жерлегенде әдет-ғұрып бойынша басымды құбылаға қаратпай, аяғымды батысқа, басымды шығысқа қаратып жерлеңдер. Бізді «тағы халықтар» деп атап, табанына салғысы келген Ресей патша залымдары мен қанқұмарларын өлсем де табаныммен тіреп жатайын,-депті.

Есетбатыр  Бестамақ ауылының төбесі, Елек өзенінің бойында Ақтөбе қаласының оңтүстік-шығысында 35 шақырымдық жерде жерленген. Бұл төбешікке Есет Көкіұлына 1750 жылдары кесене тұрғызылған. 1979 жылы сол жердің жергілікті тұрғындары ұлы батырға ақ кірпіштен құлыптас орнатты. Құлыптастың биіктігі 1,7 метр, ені 3 метр, ұзындығы 5 метр. Алайда ақырында құлыптасты орнынан түсіруге бұйрық берілді.

Бүгінгі күннің кесенесі 1992 жылы 325 жылдығын тойлауда салынған. Кесене қызғылт түсті Маңғыстау жерінен шыққан ұлутастан салынған. Кесене биіктігі 11 метр ені 5 метр. Кесененің сәулеттік қалпі киіз-үй кейпінде, сол өңірлерден өтетін, алыстан жолаушыға көріну үшін салынған.  Кесене күмбезінің негізі текше тәрізді. Құрылыстың Батыс қабырғасында батырдың толық бойы кескінделген (мүсін биіктігі 3 метр). Кесененің жоғарғы жақ арқауы эпиграфиялық фриз сияқты келтірілген. Бөлме ортасында алғашқы мола асты үйінді бар, ұлутас тастарымен айналасы безендірілген тастабыт қорапшасы бар. Шығыс қабырғада мемориалды стела және екі араб қолтаңбасынан тақтайша бар.Кесене тарихи ескерткіш түрінде тіркелген, туристік бағыттама түрінде және мемлекеттің қорғауында орналасқан. Кесенеге тас жол және Елек өзені арқылы өтетін көпір салынған. Мұнда қажыға барушыларына жатақ үй салынған. Бөлек арнайы бөлмелер мен қонақтарды қабылдау бөлмелері және намаз бен демалу үшін арнайы бөлмелер бар. Құрбан шалуға және ас дайындауға орындар бар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұраны Қара бура Есет батыр»

Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі












ашық тәрбие сағаты




Өткізген: Б.Т.Трумова




2017-2018 оқу жылы

Сабақтың мақсаты

Тәрбиеленушілерді батыр бабаның ерлік істерімен таныстыру, үлгі ету, батыр бабаның ерлігіне тереңірек үңіле отырып ой өрісін дамыту, Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге, батыл болуға тәрбиелеу.

Күтілетін

нәтижелері

  • Ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша өз ойына талдау жасай біледі.

  • Ұсынылған проблема бойынша түйіндеме жасай алады;

  • Тақырып бойынша рефлексия жасай алады;

  • Таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды

Сабақтың әдіс тәсілдері

  • СТО, акпараттық – коммуникативтік технология, әңгіменің түрлері, топтық жұмыс

Сілтеме

  • Интернет материалдары

Түйінді идея

  • « Батыр елі үшін туады, елі үшін өледі!»

Ресурстар

  • АКТ, суреттер, А3, маркер, бейнефильм



САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

Ресурстар

РЕСУРСТАР

І. Басы



.

  • Тәрбиеленушілермен амандасады

  • Суреттер арқылы топқа бөлінеді

  • 1-топ. Дулыға

  • 2-топ. Сауыт

  • 3-топ. Қалқан

  • Бейнефильм «Қарабура»

Амандасады

топқа бөлінеді



Суреттер





Бейнефильмді қарап тақырыпты анықтайды, мақсатын айтады


Суреттер



Бейнефильм

ІІ. Ортасы

1 топ. Есет батырдың өмірі және жауынгерлік өмір жолдары туралы.



2 топ. Есет батырдың жиеншары Жанқожа батырға айбалтасын беруі (ролдік ойын).



3топ. Есет батыр кесенесі.


Постер жасап қорғайды




Шағын көрініс жасайды




Қорытынды жасайды


А3, маркер, мәтіндер



Суреттер, интербелсенді тақта

Постер, маркер


Аяғы









1 топ. Есет батыр кім? (дұрыс, дұрыс емес)



2 топ. Сәйкестендіру.

Тәуке хан «Айбатың аса түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың болсын».

Жәнібек батыр 1742 жылы 30 тамызда тархан атағын бірінші болып алған

Әбілхайыр хан бірге өскен досы, ақылшысы, көмекшісі

Есет батыр 1743 жылы 3 шілдеде тархан атағын алған



3 топ Венн диаграммасы

Есет батыр Көкі ұлы

Есет батыр Көтібар ұлы


Тапсырмаларды орындайды

Постер, маркер



Сәйкес тест













Венн диаграммасы

Интер белсенді тақта

Постер

маркер

Рефлексия

Балалар, елін жерін сүйетін азамат болып шығу үшін кандай бала болуымыз керек?

Білімді, өнерлі, ақылды, тәртіпті, еңбек сүйгіш, жаксы спортшы.





Кері байланыс

«Қара жәшікке» (портфель, ет тартқыш, мусор шелегі суреттері) салады

  • Сабақта не ұнады?

  • Іздену керек.

  • Не ұнамады?

Стикерге жазып тақтаға жапсыруды тапсырады.

Кері байланыс жасайды

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойын стикерге жазып тақтаға іледі.



Стикер

Стикер, калам, тақта









І топ

Есет Көкіұлы 1667 жылы дүниеге келген. Шежіреде оның тама руының Атамшал – Торым аталығынан шыққандығы анық көрсетілген. Кіші жүз бен Орта жүздің орыс патшасының қол астына өтуіне белсенді атсалысқан атақты Кіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу баласы.

Әрі батыр, әрі аузы дұғалы Көкі өз ұлдарының болашағы жайлы: «Өзімнен өргеннің бір буыны тең болар, қалғаны қара болар» деген екен. Ал батырдың нағашы жұрты Әжібай би деп танылады.  Сол заманғы ұғым-түсінік бойынша батыр атанған адам алдымен өз аталығын, руын басқарып барып, үлкен деңгейге жетеді. Есет осылардың бәрінен өтіп, тархан дәрежесін алған, деңгейі биік, дәрежесі жоғары адам болған. Есет батырдың 17-18 жасында қолына найза алып, атқа қонғаны кіші жүз жеріне Еділ қалмақтары мен Жайық казактары төндірген қауіп-қатерлердің көбейіп кетуі кезіне сәйкес келген. Бұл кезеңді ұлы ғұлама Шоқан Уәлиханов былай сипаттайды: «...қазақ халқының өміріндегі қияметті кезең болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан килігіп, олардың ұлыстарын талқандап, малдарын айдап, адамдарын тұтас отбасымен тұтқындап алып кетті». 

Ғалымдар Есет батыр Көкіұлының бүкіл саналы ғұмырын екі кезеңге бөліп қарастырады:

Алғашқысы – 1690-1710 жылдар аралығындағы уақыт. Бұл кезеңде батыр аюке бастаған Еділ қалмақтарының әскерімен шайқасып, қазақ жері үшін төнген қауіптермен күрес үстінде жүреді. Алғашында аталығының, кейін руының намысын қозғап атқа қонған бабаның Кіші жүзге аты шығатын тұсы осы. «Бөкенбай батыр, Арал батыр, Баймұрат батыр, Есет батырлар Аюке сияқты ханға күресу үшін бүкіл Кіші жүз әскерін біріктіре бастайды. Енді Есет аташалдық, яғни рулық деңгейден кішіжүздік деңгейге көтеріледі»,

–  1710 жылдан бастап Есет батырдың өмірінің екінші кезеңі басталады. Мұнда ол бүкілқазақтық, жалпыұлттық мәселелерге араласып, жиындарға қатысады. Соның бірі – әйгілі Қарақұм құрылтайы. Мұқым қазақ баласы бас қосқан ұлы жиында екі мәселе қаралады: біріншісі – жоңғарларға тойтарыс беріп, жерден қуу, екіншісі – кіші жүзге хан сайлау.  Бірінші мәселе бойынша екіұдай тартыс туындап, күн ұзаққа созылады. Сондағы табын Бөкенбай батырдың іс-әрекеттері барша батырлардың басын біріктіреді делінеді. Осы құрылтайда кіші жүздің ханы етіп Әбілқайыр сұлтанды тағайындайды және осы 1710 жылдан 1748 жылға дейін Есет батырдың есімі хан Әбілқайырмен бірге аталады.  1722 жылдан бастап Жетірудің аға биі болып сайланған Есет батыр хақында ғылыми зерттеулер жазып, тарихи дәлдікті анықтаған ғалымдар батырдың «Қалмаққырылған» шайқасына қатысқанын алға тартады. «Осы шайқаста Есеттің бірнеше жерден басы жарылып жараланады. Жұрт оның басының мылжа-мылжасы шыққан шығар деп ойлайды. Шайқас аяқталып басын таңып жатқан батырды көргенде «Есеттің басы қатты ма, Алланың тасы қатты ма?» деген сөз ел арасында қанатты сөз ретінде тарап кеткен» дейді. 

Ал арада екі жыл өткенде Аңырақай маңында Әбілқайыр хан бастаған қазақ жасақтары жоңғарлардың қалың қолын талқандайды. Бұл ұрыста Есет батыр Кіші жүз құрамының туын көтерген атойшы болған деген деректер кездеседі. 1724 жылы Аюке хан өлгеннен кейін Әбілқайыр ханның жоспарымен Жем бойындағы қарақалпақтармен одақтасып, қалмақтарға қарсы шабуыл ұйымдастырады. Наурыз айында Әбілқайыр хан 13 мың сарбазбен Доржы Назаровтың иелігіндегі мекендерді шауып, 50 қалмақты, 500 түйені, 8000 қойды олжалайды. Ал осының құрамындағы Есет батыр бастаған 757 адамдық жасақ Лобжи ұлысына басып кіріп шабуыл жасайды.  1730 жылдардан бастап қазақ жерінің солтүстік батыс өлкесіндегі қазақ-башқұрт, қазақ-қалмақ байланыстары шиеленіп, тіпті асқынып кетеді. Бұл мәселені шешу үшін Кіші жүз ордасына башқұрт көсемі Алдар Есенгелдінің келуіне орай жиын ұйымдастырылып, оған орданың бек-билері, батырлары жиылып, мәселені талқыға салады. Әбілқайыр бастаған орда билеушілерінің шешімімен Ресей империясының атына хат жазылып, онда бодандық емес, бітімгершілік мазмұны баяндалады. Есет батырдың да осы топта болғаны айқын еді.  Ресей патша үкіметі тарапынан 1742 жылдың 30 тамызында тархан атағын Шақшақ Жәнібек батыр бірінші болып алады. Ал екінші рет тархан шені 1743 жылы 3 шілдеде берілгені тарихи факт.

Патша үкіметінің батырға тархан атағын беру туралы себептерін тарихшылар: тама Есет Көкіұлына

«Біріншіден, қазақтың қалың қауымы арасында, Жәнібек пен Есеттің үлкен абырой иесі екендігіне мән беріп, олардың елге ықпалының шексіз екендігін ескеріп, осы бір екі алыптың қолдары арқылы отарлау саясатын колданғысы келді;

екіншіден, осылайша қызғаныш тобына қақталатын қалған сұлтандардың, старшиналар мен билердің тархандық дәрежеге арманын қоздыру; сөйтіп оларды патша әкімшілігінің дегенін істеп, айдағанына көнетін құлақкесті құлына айналдыру;

үшіншіден, Жәнібек пен Есет батырға шен бере қолпаштай отырып, олар арқылы бүкіл қазақ жамағатын Ресейге, патша тағына бас идіріп ұстау,

төртіншіден, Жәнібек пен Есетті өз үйірлеріне тарту арқылы соңғы кезеңдерде патша өкіметінің саясатына қайшы келіп отырған Әбілқайыр ханды ең шынайы ортасынан айыру, сөйтіп халық арасындағы желісін сетінету...» –  деп түсіндіреді.


ІІ топ

Автор сөзі. Көкі атамыздан екі ұл, екі қыз дүниеге келген. Ұлдары Есет батыр және Есен, қыздары Бәкі, Тәжі. деректерге қарағанда Бәкі апамыздан атақты әулие Бекет ата туады. Ал, Тәжі апамыздан Жанқожа батырдың әкесі Нұрмұхаммед туған. Есет батырдан Ақмандай (Ақшал батыр), Қалдыбай, Қаржас, қыздары Ботакөз, Сәуле, Қаракөз.
Ақмандай (Ақшал батыр) әкесінің (Есеттің) «Ақмоншақ» деген атымен, мініп шауып жүріп ауылдан ұзап кеткенде, аңдып жүрген қалмақтар оны ұстап алады. Сол кеткеннен Ақмандай бала хабарсыз кетіпті. Өлі екені, иә тірі екені белгісіз, іздегенмен табылмапты.

Ал енді жазушы Әбдісаттар Оспановтың «Жанқожа батыр» атты кітабынан Тама Есет батырдың Жиеншары Жанқожаға айбалтасын бергені туралы қысқаша көрініс:

«Есет батыр баланы алдына алып, емірене бір иіскеді де, көпшілікке қарады.
Киікбай: –
«Жүрегі түкті жолбарыстан да қорықпас, аңшыдан қорыққан көкжал күндіз жорытпас» деген емес пе. Жанқожажанның жүрегінің түгі бар екен. Киіз астындағы кездік емес, жыңғыл екенін білмесе де, баланың әлден үлкендер сөзін аяқасты етпегеніне және басқалардай тайқақтамағанына куә болдыңдар. Бұл жаман неме жарады, - деп қалды Киікбай. «Жаман» деген сөзді қаламады ма, бала атасына қабағын түйе қарады.

Тархан сөзін сабақтады. 

– Жаңа ғана Жылқайдар бидің айтқан ши борбайларының арасынан да халқым деп қабырғасы қайысар ерлер шығады әлі. Бізден кейінгі ұрпақтың қамын мына Нұрмұхаммед пен Дабылдар ойласа, олардың орнын Жанқожалар баспасына кім кепіл. Мұхитта ыққан желкенсіз қайықтай дәрменсіз қазақтың жыртысын өз ұрпақтары жыртпаса, кім жыртады?! Сол ұрпақтарға – мына Ақмырза, Жанқожа, Ақтандарға жолын берсін құдайым!
– Әмин!
– Айтқаныңыз келсін!
– Батыр бабаларының рухы қолдасын!
 
Есет тізесіне отырған Жанқожаның басынан сипады да:
– Шекті менен Жетіру қашаннан-ақ шетендеріміз іргелес, өрісіміз өкшелес, құдандалы-жекжат ек. Біріміз сүрінсек, біріміз сүйеп едік. Осы татулықтың жігін ажыратар ортақ жауымызға сілтенер мына айбалтамды бүгін Жанқожажанның білегіне іліп кеткім келіп отыр.
Ол баланың жүзін өзіне қаратты. 
Тархан – «
Балам, мынау жау мен жаман адамға ғана сілтенер қару. Егер орнын тауып қолданбасаң, өкінішке қалдырады. Сондықтан тек қажетті жерде ғана көтергейсің. «Қолымда қаруым бар» деп қателікке қадам басуға болмайды. Түсіндің бе, балам?»
Жанқожа басын изеді. Нағашысы оның оң білегіне айбалтасының бауын ілдірді. Бала орнынан тұрып, үйіне қарай беттеді. Сүйретіле берген айбалтасын қосқолдай көтеріп, бауырына қысып алды. Отырғандар оның сыртынан сүйсіне қарап қала берді. Ешкім ешнәрсе айтпады...
Автор.
Енді, міне, Жанқожасы алпамсадай жігіт болды. Содан бері ол нағашы атасы қарына қыстырып кеткен қасиетті айбалтаны ешқашан тастаған емес».


ІІІ топ

Есет батырды бір рудың, не бір тайпаның батыры деп қарамай, исі қазақ халқының қас батыры, пір тұтар әулиесі деп бағалауымыз керек. Расында да бүгінде халық Есетті батыр ғана емес, оны әулие деп те құрметтейді. Өйткені, оның әулиелік те қасиеті болған. Оған бүгінгі күнге дейін жанына жәрдем тілеп, қабіріне түнеушілер бар. Есет әулиенің әсер ететін ауру түрлері: бала көтермеу, қан қысымы, жүрек, буын аурулары. Есеттің басына қойған ескерткішті қызыл белсенділер бұздырып тастайды. Қорытындысында бұзуға себепкер болғандар да, бұзғандар да аман қалмаған. Ескерткішті қолымен бұзған екі орыс автокөлігі аударылып, батырдың қорымы тұсында апатқа ұшырайды. Қастарында отырған бірінің әйелі оларға «әулиенің киесіне қаласыңдар, бұзбаңдар» деп жалынса да оның тілін алмаған екен. Сол әйел ғана әулие киесінен аман қалыпты.

Есет батыр 1749 жылы 82 жасында дүниядан қайтыпты. Қайтыс болар алдында халқын жинап:
– Халқым, бәріңе ризамын, он бесімнен атқа отырып, елді қорғадым. Жайықтан ата-қонысыма жауды өткізгенім жоқ. Енді дүниеден өтер күн де жақын. Мені жерлегенде әдет-ғұрып бойынша басымды құбылаға қаратпай, аяғымды батысқа, басымды шығысқа қаратып жерлеңдер. Бізді «тағы халықтар» деп атап, табанына салғысы келген Ресей патша залымдары мен қанқұмарларын өлсем де табаныммен тіреп жатайын,-депті.

Есетбатыр Бестамақ ауылының төбесі, Елек өзенінің бойында Ақтөбе қаласының оңтүстік-шығысында 35 шақырымдық жерде жерленген. Бұл төбешікке Есет Көкіұлына 1750 жылдары кесене тұрғызылған. 1979 жылы сол жердің жергілікті тұрғындары ұлы батырға ақ кірпіштен құлыптас орнатты. Құлыптастың биіктігі 1,7 метр, ені 3 метр, ұзындығы 5 метр. Алайда ақырында құлыптасты орнынан түсіруге бұйрық берілді.

Бүгінгі күннің кесенесі 1992 жылы 325 жылдығын тойлауда салынған. Кесене қызғылт түсті Маңғыстау жерінен шыққан ұлутастан салынған. Кесене биіктігі 11 метр ені 5 метр. Кесененің сәулеттік қалпі киіз-үй кейпінде, сол өңірлерден өтетін, алыстан жолаушыға көріну үшін салынған. Кесене күмбезінің негізі текше тәрізді. Құрылыстың Батыс қабырғасында батырдың толық бойы кескінделген (мүсін биіктігі 3 метр). Кесененің жоғарғы жақ арқауы эпиграфиялық фриз сияқты келтірілген. Бөлме ортасында алғашқы мола асты үйінді бар, ұлутас тастарымен айналасы безендірілген тастабыт қорапшасы бар. Шығыс қабырғада мемориалды стела және екі араб қолтаңбасынан тақтайша бар.Кесене тарихи ескерткіш түрінде тіркелген, туристік бағыттама түрінде және мемлекеттің қорғауында орналасқан. Кесенеге тас жол және Елек өзені арқылы өтетін көпір салынған. Мұнда қажыға барушыларына жатақ үй салынған. Бөлек арнайы бөлмелер мен қонақтарды қабылдау бөлмелері және намаз бен демалу үшін арнайы бөлмелер бар. Құрбан шалуға және ас дайындауға орындар бар.


Бекіту:


Дұрыс, дұрыс емес.


Тәуелсіздік жолында күрескен

Ірі тұлға

Ел қорғаны

Қазақтың ар намысын биікке көтерген батыр

Қалың жұрттың айбары

Ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі

Пір тұтар әулие

Заңгер

Бітімгер

атқосшы


Сәйкестендіру

Сурет---------------------------------------- «Айбатың аса түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың болсын».

Сурет----------------------------------------------1742 ж. 30 тамызда тархан атағын бірінші болып алған.

Сурет--------------------------------------------достық қатынаста болып, бірнеше рет әскерлеріне басшылық етті.

Сурет-------------------------------------------------1743 ж. 3 шілдеде тархан атағын алған.


Венн диаграммасы


Қазақ елі тарихында Есет есімді үш атақты адам болған. Соның бірі – Кіші жүзге билік жүргізген, ту ұстап, тарлан мінген Есет батыр Көкіұлы. Ол Тама тайпасының Аташал аталығынан. Ол Бөгенбай батырмен бірге жоңғарлардың жойқын шапқыншылығы (1710-1711 жылдар) дәуірінде халық ортасынан шығып, ел намысы мен бостандығын қорғап, жоңғарларға тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетеді. Оның осы жанкешті қаһармандығына риза болған Тәуке хан: «Айбатың аса түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың болсын!»-деп бата беріпті

Екіншісі Есет Көтібарұлы (1803-1889). Қыр Шектісінің Қабағы. Әрі батыр, әрі би. Бұл Есет Ресей отаршылдығына қарсы кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі.

Ал үшіншісі он екі ата Байұлына жататын Беріштен шыққан Есет би (1779-1869).


Қорытынды

Есет батыр туралы бүгінгі тәрбие сағатымызды осымен аяқтай келе айтарымыз, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, елі, жері үшін қаһармандықпен күрескен, ата жауларымен айқасып, жеңіске жетуде өлшеусіз өз үлесін қосқан қазақ батырларының бірі ретінде қадірлеп, ұрпақ алдындағы оның теңдесі жоқ ерлігін бағалап, құрметтеу бүгінгі ұрпақ үлесінде. Осындай батыр бабаның атындағы мектепте оқыған сіздер үшін туын жоғары ұстау сіздердің міндеттеріңіз.






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ұраны Қара бура Есет батыр

Автор: Трумова Бакытгул Тюлегеновна

Дата: 13.11.2017

Номер свидетельства: 438631


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства