kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?стаз – ?ла?атты есім

Нажмите, чтобы узнать подробности

?стаз – ?ла?атты есім. Ш?кірттерін білім н?рімен сусындатып, т?лім – т?рбие беру, жа?сы ?асиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта ба?ыт – ба?дар беруде е?бегі зор. Бала бойына ата-анадан кейінгі а?ыл-ой, адамгершілік, ?дептілік, ар-?ят, ?лтты? сана-сезімді сі?іруші адам –?стаз. Ендеше ?з ісіне берілген, жа?алы?ты жатсынбай ?абылдайтын, ш?кіртіні? жанына н?р ??йып, ?міріне жол сілтеп, адамдарды ба?ыт?а жеткізсем деп ж?ретін ?стаздарды? ж?ні де, жолы да б?лек. ?стазсыз ?мірді? на?ты т?т?асын ?стау м?мкін емес. Адамды т?рбиелеп, оны азамат атандыруды? ?зі бір ?лкен к?ш, сонды?тан да ?стазды? е?бегі – ?лы е?бек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?стаз – ?ла?атты есім »

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам –Ұстаз.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өміріне жол сілтеп, адамдарды бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.





Ұстаз – ұлағатты есім

Ұстаздық – киелі де қасиетті кәсіп, жауапкершілігі зор мамандық. Ұлтты тәрбиелейтін де, сол ұлттың болашағын қалыптастыратын да – ұстаз. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп – өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Бүгiнгi ұрпақ бiлiмдi болса, ел ертеңi жарқын болары сөзсiз.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген елбасы Н.Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы.

«Бұлақ көрсең көзін аш» дейді атам қазақ. Нағыз ұстаз – білім мен тәрбие беріп қана қоймайды, шәкірт бойындағы қабілет пен дарынды тани отырып, оған дұрыс бағыт-бағдар береді, жөн сілтейді. Мұғалім – шәкірт тәрбиелеуші ғана емес, ұлтының, халқының кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби, мәдени дамуына басты ықпал жасаушы негізгі тірек болуы керек.

Әлем бойынша  күнделікті  көптеген  ғылыми жаңалықтар  ашылып  жатыр. Білім, ғылым  саласында жаңа бастамалар  дұрыс жолға  қойылып  дамуда. Сол тың дүниелердің басында  ұстаз тұрғаны белгілі. Әр адам  алғашқы білімді  оқытушысынан алып  өз жаңалығын жасайды. Сондықтан  да, менің ойымша, ұстаз –әр кез жаңалық көшбасшысы.

Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз.

Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам. Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі.

Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы, бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық.

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындауымыз қажет.



С. Арынғазиева

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?стаз – ?ла?атты есім

Автор: Арынгазиева Салтанат Жаркынбековна

Дата: 26.02.2015

Номер свидетельства: 179340


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства