kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лтты? т?рбиеде ?лылы? бар

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лтты?  т?рбиеде ?лылы? бар.
     ?лттан ?уат кетсе,
     ?рпа?тан ?ят кетеді.
             Халы? даналы?ы
 Т?лімгерлік ?нер мен ?стазды? ?абілет- ж?ре пайда болатын ??былыс.
   Т?рбие ?о?амнан тыс т?ра алмайды. 
Жа?андану ?лкен (глобализация) атты иірімін ?лкен а?ысты? алдында т?р?ан бізді? д?уірде ?лтты? ??ндылы?тан айырылып ?алмауымыз т?рбиеші-педагог ретінде мені де ала?датады.
    ?рине, заман а?ыны, жа?а дамудан ?алып ?оймау керек. 
    Компьютер, интернет, ?лемдік дамудан о?шауланбай отырып, жапонды?тар сия?ты ?ос м?дениеттілік ?лгісін ала ж?рсек, ?лт та тозбайды, ?рпа? та азбайды.
     ?лтты? т?рбиеде ?лылы? бар. Олай дейтін себебім, б?гінгі озы? ойлы педагогтарды? т?рбие ж?нінде айт?ан ?исынын ата-бабамыз ертеде- а? ?иыстырып кеткен.
    «Баланы жастан-ж?ргекте  жат?ан кезінен т?рбиеле»,- деді Макаренко, ал ?аза? хал?ында «Баланы- жастан», «Бала т?рбиесі бесіктен басталады»- деген ?а?идалар бар.
    М?хаммед пай?амбар хадистеріні? ?зі м?н-ма?ынасы тере?, к?нделікті ?мірде жастар?а о? мен солын ажыратар ба?ыт беріп отырады. Хадис ?а?идаларын ?рпа??а берілетін ?р т?рбиені? девизі ретінде алса? болады.
     48- хадис
Адам баласына е? ?асиетті н?рсе- ?ке-шешесі. Шешені сыйламаса?, Отаны?нан безгені?, Отансыз адам хайуанмен те?, оны адам деуге болмайды.
     70-хадис
?ркімні? ?андай адам екендігін білгі? келсе, о?ан халы?ты? ?алай ?арайтынын біл. Оны халы? ?алай ба?аласа, оны? кім екендігі аны?талады. К?пшілікті? берген ба?асы Алланы? ізгілігімен те?. 
    83-хадис
?олы?нан келсе, адамдар?а жа?сылы? етіп, іштей ?уаныш ет. Жаман ісі?е ?ай?ырып, Алладан ?айырымдылы? с?ра. Б?л- имандылы?ты? білімі.
    Руханият, адамгершілік т?рбие та?ырыбына билер с?зі, к?пті к?рген к?не к?з ?арияларды? ?айтарымдары, ?лы ойшылдарды? айт?аны ?зінен ?зі с?ранып т?р емеспе?! 
    ?сек, ?тірік, ма?танша?,
     Еріншек бекет мал шашпа?-
     Бес д?шпанын білсе?із,
     Талап, е?бек, тере? ой,
     ?ана?ат, ра?ым, ойлап ?ой
    Бес асыл іс к?нсе?із.
-Т?рбиесіз берілген білім- ??м?а сі?ген судай- деген жо?па? ?йгілі-екінші ?стаз.
    Заман адамы парасатты, білімді, шешен, компьютер тілін ме?герген, ?ылым мен техниканы? озы? ?лгісін пайдалана алатын, б?секеге ?абілетті, ас?ан зияткерлікті (интеллекті) бойына сі?ірген т?л?а болуы тиіс. 
    Мен ?аза? баласын жа?а ?о?амда жа?ашыл етіп т?рбиелей отырып, ?лтты? менталитеттен алша? болмауды ?сынамын.
   Т?ле биден біреу:
Кейінгі заман ?алай болады?- деп с?ра?ан екен.
Сонда би:
Заман осындай ке?, шуа? болады. 
Біра? адамдарыны? пейілі тар, ?са? болады, депті.
Міне, осындай ?уыс кеуде, пейілі тар, алды - артын болжай алмайтын ?са? адамдарды болдырмау ?шін, ?рпа? бойына даланы? дархан мінезін, бабаны? ?ршіл рухын сі?іру керек.
Бала т?рбиесінде шы?армашылы? ??ндылы?ты? бедерін белгілеу аса ма?ызды. Топ болсын, сынып болсын, ол – ?жым. Сол ?жымда ?ле? жазатын, ?н айтатын, м?нерлеп о?итын, домбыра тартатын, ?р т?рлі актерлік ?абілетке бейім о?ушылар болады. Ондай о?ушыларды? бойында?ы ерекшелікті ал?аш?ы к?ннен бастап бай?ау, ?штау- сынып жетекшісіні? міндеті. Мені? тобымда?ы олар: топта?ы дикторлы? ?ызметін ат?аратын- Г?лмира Исаева, топты? а?ыны ?рі домбыра мен ?н айтатын- Н?зерке Н?рм??анова, ?нші- Н?рг?л Исаева мен Г?лн?р Айтм?хаммет, ?рт?рлі тамашалы? к?ріністі шынайы орындайтын- Дана мен З?уре, т.т. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лтты? т?рбиеде ?лылы? бар»

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі













Досбаева Панар Сейдалықызы





























































Ұлттық тәрбиеде ұлылық бар.

Ұлттан қуат кетсе,

Ұрпақтан ұят кетеді.

Халық даналығы

Тәлімгерлік өнер мен ұстаздық қабілет- жүре пайда болатын құбылыс.

Тәрбие қоғамнан тыс тұра алмайды.

Жаһандану үлкен (глобализация) атты иірімін үлкен ағыстың алдында тұрған біздің дәуірде ұлттық құндылықтан айырылып қалмауымыз тәрбиеші-педагог ретінде мені де алаңдатады.

Әрине, заман ағыны, жаңа дамудан қалып қоймау керек.

Компьютер, интернет, әлемдік дамудан оқшауланбай отырып, жапондықтар сияқты қос мәдениеттілік үлгісін ала жүрсек, ұлт та тозбайды, ұрпақ та азбайды.

Ұлттық тәрбиеде ұлылық бар. Олай дейтін себебім, бүгінгі озық ойлы педагогтардың тәрбие жөнінде айтқан қисынын ата-бабамыз ертеде- ақ қиыстырып кеткен.

«Баланы жастан-жөргекте жатқан кезінен тәрбиеле»,- деді Макаренко, ал қазақ халқында «Баланы- жастан», «Бала тәрбиесі бесіктен басталады»- деген қағидалар бар.

Мұхаммед пайғамбар хадистерінің өзі мән-мағынасы терең, күнделікті өмірде жастарға оң мен солын ажыратар бағыт беріп отырады. Хадис қағидаларын ұрпаққа берілетін әр тәрбиенің девизі ретінде алсақ болады...

48- хадис

Адам баласына ең қасиетті нәрсе- әке-шешесі. Шешені сыйламасаң, Отаныңнан безгенің, Отансыз адам хайуанмен тең, оны адам деуге болмайды.

70-хадис

Әркімнің қандай адам екендігін білгің келсе, оған халықтың қалай қарайтынын біл. Оны халық қалай бағаласа, оның кім екендігі анықталады. Көпшіліктің берген бағасы Алланың ізгілігімен тең.

83-хадис

Қолыңнан келсе, адамдарға жақсылық етіп, іштей қуаныш ет. Жаман ісіңе қайғырып, Алладан қайырымдылық сұра. Бұл- имандылықтың білімі.

Руханият, адамгершілік тәрбие тақырыбына билер сөзі, көпті көрген көне көз қариялардың қайтарымдары, ұлы ойшылдардың айтқаны өзінен өзі сұранып тұр емеспе?!

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек бекет мал шашпақ-

Бес дұшпанын білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз.

-Тәрбиесіз берілген білім- құмға сіңген судай- деген жоқпа? Әйгілі-екінші ұстаз.

Заман адамы парасатты, білімді, шешен, компьютер тілін меңгерген, ғылым мен техниканың озық үлгісін пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті, асқан зияткерлікті (интеллекті) бойына сіңірген тұлға болуы тиіс.

Мен қазақ баласын жаңа қоғамда жаңашыл етіп тәрбиелей отырып, ұлттық менталитеттен алшақ болмауды ұсынамын.

Төле биден біреу:

  • Кейінгі заман қалай болады?- деп сұраған екен.

Сонда би:

  • Заман осындай кең, шуақ болады.

Бірақ адамдарының пейілі тар, ұсақ болады, депті.

Міне, осындай қуыс кеуде, пейілі тар, алды - артын болжай алмайтын ұсақ адамдарды болдырмау үшін, ұрпақ бойына даланың дархан мінезін, бабаның өршіл рухын сіңіру керек.

Бала тәрбиесінде шығармашылық құндылықтың бедерін белгілеу аса маңызды. Топ болсын, сынып болсын, ол – ұжым. Сол ұжымда өлең жазатын, ән айтатын, мәнерлеп оқитын, домбыра тартатын, әр түрлі актерлік қабілетке бейім оқушылар болады. Ондай оқушылардың бойындағы ерекшелікті алғашқы күннен бастап байқау, ұштау- сынып жетекшісінің міндеті. Менің тобымдағы олар: топтағы дикторлық қызметін атқаратын- Гүлмира Исаева, топтың ақыны әрі домбыра мен ән айтатын- Нәзерке Нұрмұқанова, әнші- Нүргүл Исаева мен Гүлнұр Айтмұхаммет, әртүрлі тамашалық көріністі шынайы орындайтын- Дана мен Зәуре, т.т.

Сондай-ақ, қоғам дамуының тұлғаның қалыптасуына әсерін естен шығармаған жөн. Қазіргі заман адамы? Ойланарлық сұрақ. Заман адамының бейнесін С.Дөнентаевтың «Заман адамы өлеңінде шебер айтылған».

Қазргі заман адамы- жас ұрпақ- өте қарқынды даму үстінде. Олардың заманы – компьютер заманы. Қазіргі жастар қиялшыл, әрі еліктегіш. Көп жағдайда ата-ана мен бала, ұстаз бен оқушы арасында түсінбестік болып жатады. Түйіткілдің себебі, көбінесе екі субъектінің екі қоғамның, екі ғасырдың адамы екендігінде. Ондай жағдайда тәрбиелеушінің (Қайсысының болса да) сәл шегініс жасап, баланың жан дүниесіне енуі керек. менің болашақ адамды тәрбиелеуге ұсінған үлгім мынандай:

1. Үш ана 1. Отан

2. Тіл

3. Халық

2. Төрт таған 1. Әдет-ғұрып

2. Рәміздерді құрметтеу

3. Ділі

4. Діні

3. Бес білік 1. Талап

2. Еңбек

3. Терең ой

4. Қанағат

5. Рақым

(рақымшылық)

4. Алты асқақ 1. Көп тіл білу (полиглот)

2. Компьютерді меңгеру

3. Қарым-қатынас мәдениетін игеру

4. Сөйлеу мәдениеті (риторикалық шешендікті

қалыптастыру)

5. Саяси- білімділігін қалыптастыру

6. Бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу

5. Жеті жетістік 1. Парасаттылық

2. Мейірімділік

3. Салауаттылық

4. Көрегендік (болжампаз әрі қиялшыл)

5. Білімділік

6. Еңбекқорлық

7. Тектілік (Текті ұрпақ)

Бұл модельді (үлгіні) талдап, түсіндірудің қажеті жоқ; ең әуелі Мұқағали айтқан «Үш бақытым» екінші Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңі идеясына бағытталған- төрт таған; үшіншісі тәрбиелік жүйе- тәрбие платформасының негізі- Абай айтқан «Бес асыл іс»; төртінші заман үрдісіне сай, жаңашылдықты меңгеру және жалпы мәдениеттілік, ал бесінші, осы тәрбие этаптарының нәтижесі. Жаңа тұлға, ХХІ ғасыр ұланының бейнесі.

Ал бұл тәрбие ұстанымдарының қоғамдық ортадағы қалыптасу деңгейін былай көрсетуге болады: ХХІ ғасыр ұланы- Жаңа тұлға

Ж,О,О (жоғары оқу орыны)

Балабақша























Мектеп (бастауыш және орталау)

Колледдж (арнаулы орта оқу орны)









«Мен ұлттық тәрбиеде ұлылық бар» деген ой- пікірімді ұстана отырып, жастарды жаңашыл болуға шақырамын. Өйткені, қарыштап алға басқан қоғамда, әлемдік даму деңгейінен қалып қоймауымыз керек. Жаһандану (глобализация) үрдісінен қорқудың сыры- адам баласының роботтану, ақыл- ой дамуының тоқырауына әкеліп соға ма деген қауіпте. Компьютер тілін меңгерген ұрпақ- «компьютер басты адамдарға» айналмауы тиіс.

Маған қазіргі жастар ұнайды. Олар жаңашыл, елгезек, сергек, жаңалыққа құмар, жаңалықты, жаңа информацияны қабылдауға бейім.

Қазіргі имандылыққа бетбұрыс «Хабар», «Қазақстан» телеарнасындағы әр түрлі ұлттық таным-тәрбиеге арналған бағдарламалар, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» , «Азамат», «Алтын сақа», «Атамекенге» қатысушы жастар, олардың іскерлік, шешендік, тапқырлық әрекеті – қоғамдық дамудың жақсы нышандары.

Көк бөрінің ұрпағы, көк байрағын желбіретіп, көк жиекке көз тігеді, көк майсалы, жасыл желекті елге айналады әлі!

Азия барысы арзанға алданбай, алысқа шырқайды, алдаспанын қолға алып, арғымаққа тік қонған алпауыт көшпенділер ұрпағы ер түріктің :

Аспанда- көк түрік

Аяғымның астында- жер түрік

Ортасында- ер түрік деп дүниені дүркірете айтқан рухты сөзімен тәрбиеленуі тиіс.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?лтты? т?рбиеде ?лылы? бар

Автор: Досбаева Панар Сейдалиевна

Дата: 11.11.2015

Номер свидетельства: 251297


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства