kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?л?а ?алыптастыруда?ы отбасыны? р?лі

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                          Сейлбекова Жанат  Мысыралиевна

                                 М?хтар ?уезов атында?ы орта мектепті? м??алімі

                                     Т?л?а ?алыптастыруда?ы отбасыны? р?лі

          Т?ртіпті? е? тамаша мектебі - отбасы. Бала т?рбиесіні? ал?аш?ы алтын ?азы?ы ту?ан ?ясы, ?з отыны? басында?ы т?рбиесі.

         Отбасы - б?л адамдарды? ?леуметтік - педагогикалы?  т?рбие тобы ?рбір м?шені? ?зін - ?зі са?тау, ?рпа?ты жал?астыру ж?не ?зін - ?зі сыйлау ?ажеттігінен туындайды. Отбасында адамны? жеке басыны? ?асиеті ?алыптасады. Ол белгілі д?ст?рлерді?, жа?ымды ?негелерді?, м?раларды? са?таушысы.

       Отбасылы? т?рбие – ата - аналар мен туыстарды? к?шімен на?ты отбасында?ы ?алыптасатын т?рбие мен  білім беруді? ж?йесі.

      Отбасы - адамзат ?о?амыны? е? ша?ын бейнесі.  ?о?амда отбасы екі ?ызмет ат?арады, оны? бірі - д?ниеге ?рпа? ?келу, екіншісі д?ниеге келген с?биді т?ндік жа?ынан дамытуды ?амтамасыз етіп, ?мір бойы рухани жа?ынан жетілдіріп, оны т?л?а ретінде ?алыптастыру.

     Отбасы т?рбиесі  ?о?амда?ы ?згерістермен ты?ыз байланысты, сонды?тан ол ?о?ам м?ддесіне ?ызмет етуі тиіс.

    Отбасында?ы жас ?рпа?ты? т?л?алы?  ?асиеттеріні?  ?алыптасуына ата- ананы?, отбасы м?шелеріні? ?арым - ?атынасында?ы мейірімділік пен махаббат ?ажет. Толы? м?нді отбасы болу ?шін ата - ананы? ж?не бас?а отбасы м?шелеріні?   береке бірлігі, т?сіністікті са?тауы, сонымен ?атар ?р отбасы м?шесіні? ???ы?ы  ?ор?алуы тиіс.

    Отбасыны? негізгі міндеттері:

  • Баланы? ?сіп - дамуына толы? жа?дайлар жасау;
  • Бала?а ?леуметтік - экономикалы? ж?не психологиялы? ?ор?аушы болу;
  • ?з хал?ыны? этно - м?дениетін д?ріптеу;
  • Баланы? адамгершілігін дамыту?а м?мкіндік жасау.

   Отбасылы? т?рбиені? негізгі принциптері:

  • ?сіп келе жат?ан адам?а ?айырымдылы? ж?не мейірімділік к?рсету;
  • Балаларды жан?я ?міріне енгізу, а?ылшы ретінде ?арау;
  • Балалармен ашы? ж?не сенімділік ?арым - ?атынас ??ру;
  • Талап ?оюда ж?йелілік жасау;
  • ?зіні? баласына шамасына ?арай к?мек жасау, с?ра?тарына жауап беруге дайын болу;
  • ?рып - со?у, жазалау?а тос?ауыл жасау.

Міне, отбасы осы міндеттер мен принциптерге с?йеніп е?бек еткенде ?ана ?рпа? т?рбиесі д?рыс ба?ытта ?рбиді.

    Егер бала ?ке - шешесіні? ?депті, ??ыпты, т?ртіпті, аса байыпты екеніне сенетін болса, ол бала ?шін ?лгі - ?неге. ?рі ата - анасын сыйлап, ??рметтеу ар?ылы ?лкендерді ?адірлеп, кішіге ?ам?ор болады. «Бала?а бес жас?а дейін патша?дай ?ара, он бес жас?а дейін ??лы?дай сана, он бестен со? досы?а бала»,- деген ?аза?ты? дана с?зі чех педагогы Коменскийді?: «Баланы ?уелі мейір - шапа?ат?а, сонан со? а?ыл - парасат?а, е? а?ырында пайдалы ?ылым?а баулу керек»,- деген пікірімен мазм?ндас келуінде ?лкен м?н- ма?ына жатыр.

   Жа?сы ?асиет пен жаман ?асиетті бала бас?а жа?тан алмайды, к?біне отбасында к?ргенін ?айталайды. Ата-ана – жан?яны? ж?регі. Олар ?негелі ісімен, ар тазалы?ымен  бала болаша?ын ?алыптастырады. Хал?ымызды? кеме?гер ?лы М?хтар ?уезов былай деген екен: «Адам баласыны? жаман ??л?ы жаратылысынан емес, ?скен орта, к?рген ?лгі- ?неге, білетіндігінен. к?пшілікті адамшылы??а т?рбиелеу ?шін жас буынды жа?сылап т?рбиелеу керек». Ал, осы жас буынды т?рбиелеуді отбасынан бастап ж?не мектептегі т?рбиемен ?штастыра отырып ??лама даналар айт?андай, ?андай ?асиеттерді? ?ажет екенін бала?а дер кезінде сі?іруіміз керек.

      Т?рбие еш?андай ?зіліс дегенді білмейді. Жас ?рпа?ты ?о?амымызды? саналы азаматы етіп т?рбиелеу о?ушылар ?жымымен е?бек етуші  ?стазды? да негізгі міндеті. «Адам?а е? бірінші білім емес, т?рбие керек. Т?рбиесіз білім- адамзатты? ?ас жауы, ол келешекте адам ?міріне ?ауіп ?келеді»,- деп ?лы ?алым- философ ?бу Насыр  ?л- Фараби айт?андай, балалар?а жан- жа?ты т?рбие беруді жетілдіріп отыруымыз басты парызымыз. ?йткені, бала ата - ананы? ?ана емес, ?лыс пен ?лтты? болаша?ы.  Жас ?рпа?ты жан - жа?ты жетілген, а?ыл - парасатты, ?рісі биік азамат етіп т?рбиелеу ?о?амымызды? е? ?зекті м?селесі.  Баланы?  ?дептілік белгілері де, мінез - ??лы? ерекшеліктері де, а?ылы да, ?орша?ан орта?а деген к?з?арасы да осы отбасы ?абыр?асында ?алыптасып, жал?асын мектеп ?абыр?асынан табатыны даусыз. ?лы Абай «Адам баласы адам баласынан а?ыл, мінез, ?ылым, ар деген н?рселермен озады» деген екен.  Ендеше ?рпа? т?рбиесімен ш??ылданып отыр?ан ата - ана мен ?стаздар ?ауымыны? адам мінезін ?алыптастыруда ат?арар міндеті, к?теретін ж?гі, жауапкершілігі мол. « Жа?сы т?рбие, жа?сы ата, жа?сы ана, жа?сы ??рбы, ?стаздан» дегенді  де ?лы Абай айт?ан болатын. Ендеше ?лы ойшыл с?зіне неге ?осылмас?а. Жас ?рпа??а ?лгі болатын да, т?лім - т?рбие беріп, бар жан - т?німен ?мірін ш?кіртіне арна?ан  ?стаз екеніне ешкім к?м?н келтірмес.

    Тіршіліктегі  барлы? н?рсе бір - бірімен саба?тас болатыны сия?ты, баланы? бойында?ы небір жа?сы, жаман ?асиеттерді? к?здері осы т?рбиеде.  Ананы?, т?рбиешіні?, ?стазды? шеберлігіне ?арай бала бойында?ы ?стамдылы?, ??ыптылы?, мінезділік, кішіпейілділік ?асиеттер ?алыптасса, ?ке ар?ылы е?бек?орлы?, батылды?, адамгершілік, азаматты?, табандылы? мінезге ие болма?. Ата- ана ?з е?бегімен, ?мірге деген саналы к?з?арасы, жа?сы ?асиеттері ар?ылы ?адірлі ??мыр кешіп, ?рпа?ына оны мирас ете білсе, ?зінен к?ш - ?уат кетіп, ба?у - ?а?у сия?ты к?тім ?ажет кезінде кімді т?рбиелеп, кімді ?сіргенімен ба?алы болады.

  Отбасы адамны? ту?ан оша?ы, кім - кімге болса да ?ымбат ??ым.  Отбасы ?асырлар бойы ?алыптас?ан адам баласыны?  е? жа?ын топтарыны? бірлесіп, ?мір с?ретін мекені.  Онда адам ал?аш?ы т?рбиені ?абылдап, ал?аш рет ?мір туралы, ?жым туралы ??ымы ?алыптасады. Сонды?тан отбасы адам ?шін е? жа?ын орта.

     Отбасы о?у мен т?рбие ж?мысында мектепті? ода?тасы.  Сонды?тан олар ты?ыз байланысты.  ?йткені баланы? т?ртібі мен о?уы осыларды? ?зара ынтыма?ына байланысты.

    Отбасыны? басты міндеттеріні? бірі - баланы? тіршілік ?рекетін д?рыс ?йымдастыру.  О?ан - к?н т?ртібі, баланы? міндеттері, о?ан ?ойылатын талаптар, ?й е?бегіне ?атынасы, бос уа?ытын ?йымдастыру жатады.

  Отбасында е?бекке, ?зін - ?зі к?туге, тазалы??а ?йрету - келешек отбасылы? тіршілікте ?з бетімен ?мір с?руге білуге ?йретеді.

   Отбасылы? ?мірді? т?рбиедегі ?лгі - ?негесіні? баланы? ?мірге деген к?з?арасыны? д?рыс ?алыптасуына к?п ?сері бар. Ана мен ?кені?  д?ниеге, болмыс?а ?атынасы, ?зара ?арым - ?атынасы, ?о?ам?а ?ділдігі мен шыншылды?ы, жеке басыны? ?амы, ?зімшілдігі бала  т?рбиесіне етер ?сері ?шан те?із.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?л?а ?алыптастыруда?ы отбасыны? р?лі»

Сейлбекова Жанат Мысыралиевна

Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің мұғалімі


Тұлға қалыптастырудағы отбасының рөлі

Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі.

Отбасы - бұл адамдардың әлеуметтік - педагогикалық тәрбие тобы әрбір мүшенің өзін - өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру және өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Ол белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің , мұралардың сақтаушысы.

Отбасылық тәрбие – ата - аналар мен туыстардың күшімен нақты отбасындағы қалыптасатын тәрбие мен білім берудің жүйесі.

Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс.

Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата- ананың, отбасы мүшелерінің қарым - қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата - ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке бірлігі, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығы қорғалуы тиіс.

Отбасының негізгі міндеттері:

  • Баланың өсіп - дамуына толық жағдайлар жасау;

  • Балаға әлеуметтік - экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;

  • Өз халқының этно - мәдениетін дәріптеу;

  • Баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау.

Отбасылық тәрбиенің негізгі принциптері:

  • Өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейірімділік көрсету;

  • Балаларды жанұя өміріне енгізу, ақылшы ретінде қарау;

  • Балалармен ашық және сенімділік қарым - қатынас құру;

  • Талап қоюда жүйелілік жасау;

  • Өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарына жауап беруге дайын болу;

  • Ұрып - соғу, жазалауға тосқауыл жасау.

Міне, отбасы осы міндеттер мен принциптерге сүйеніп еңбек еткенде ғана ұрпақ тәрбиесі дұрыс бағытта өрбиді.

Егер бала әке - шешесінің әдепті, ұқыпты, тәртіпті, аса байыпты екеніне сенетін болса, ол бала үшін үлгі - өнеге. Әрі ата - анасын сыйлап, құрметтеу арқылы үлкендерді қадірлеп, кішіге қамқор болады. «Балаға бес жасқа дейін патшаңдай қара, он бес жасқа дейін құлыңдай сана, он бестен соң досыңа бала»,- деген қазақтың дана сөзі чех педагогы Коменскийдің: «Баланы әуелі мейір - шапағатқа, сонан соң ақыл - парасатқа, ең ақырында пайдалы ғылымға баулу керек»,- деген пікірімен мазмұндас келуінде үлкен мән- мағына жатыр.

Жақсы қасиет пен жаман қасиетті бала басқа жақтан алмайды, көбіне отбасында көргенін қайталайды. Ата-ана – жанұяның жүрегі. Олар өнегелі ісімен, ар тазалығымен бала болашағын қалыптастырады. Халқымыздың кемеңгер ұлы Мұхтар Әуезов былай деген екен: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі- өнеге, білетіндігінен... көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу керек». Ал, осы жас буынды тәрбиелеуді отбасынан бастап және мектептегі тәрбиемен ұштастыра отырып ғұлама даналар айтқандай, қандай қасиеттердің қажет екенін балаға дер кезінде сіңіруіміз керек.

Тәрбие ешқандай үзіліс дегенді білмейді. Жас ұрпақты қоғамымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу оқушылар ұжымымен еңбек етуші ұстаздың да негізгі міндеті. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне қауіп әкеледі»,- деп ұлы ғалым- философ Әбу Насыр әл- Фараби айтқандай, балаларға жан- жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыруымыз басты парызымыз. Өйткені, бала ата - ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың болашағы. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Баланың әдептілік белгілері де, мінез - құлық ерекшеліктері де, ақылы да, қоршаған ортаға деген көзқарасы да осы отбасы қабырғасында қалыптасып, жалғасын мектеп қабырғасынан табатыны даусыз. Ұлы Абай «Адам баласы адам баласынан ақыл, мінез, ғылым, ар деген нәрселермен озады» деген екен. Ендеше ұрпақ тәрбиесімен шұғылданып отырған ата - ана мен ұстаздар қауымының адам мінезін қалыптастыруда атқарар міндеті, көтеретін жүгі, жауапкершілігі мол. « Жақсы тәрбие, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, ұстаздан» дегенді де ұлы Абай айтқан болатын. Ендеше ұлы ойшыл сөзіне неге қосылмасқа. Жас ұрпаққа үлгі болатын да, тәлім - тәрбие беріп, бар жан - тәнімен өмірін шәкіртіне арнаған ұстаз екеніне ешкім күмән келтірмес.

Тіршіліктегі барлық нәрсе бір - бірімен сабақтас болатыны сияқты, баланың бойындағы небір жақсы, жаман қасиеттердің көздері осы тәрбиеде. Ананың , тәрбиешінің, ұстаздың шеберлігіне қарай бала бойындағы ұстамдылық, ұқыптылық, мінезділік, кішіпейілділік қасиеттер қалыптасса, әке арқылы еңбекқорлық , батылдық, адамгершілік, азаматтық, табандылық мінезге ие болмақ. Ата- ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, жақсы қасиеттері арқылы қадірлі ғұмыр кешіп, ұрпағына оны мирас ете білсе, өзінен күш - қуат кетіп, бағу - қағу сияқты күтім қажет кезінде кімді тәрбиелеп, кімді өсіргенімен бағалы болады.

Отбасы адамның туған ошағы, кім - кімге болса да қымбат ұғым. Отбасы ғасырлар бойы қалыптасқан адам баласының ең жақын топтарының бірлесіп, өмір сүретін мекені. Онда адам алғашқы тәрбиені қабылдап, алғаш рет өмір туралы, ұжым туралы ұғымы қалыптасады. Сондықтан отбасы адам үшін ең жақын орта.

Отбасы оқу мен тәрбие жұмысында мектептің одақтасы. Сондықтан олар тығыз байланысты. Өйткені баланың тәртібі мен оқуы осылардың өзара ынтымағына байланысты.

Отбасының басты міндеттерінің бірі - баланың тіршілік әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Оған - күн тәртібі, баланың міндеттері, оған қойылатын талаптар, үй еңбегіне қатынасы, бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Отбасында еңбекке, өзін - өзі күтуге, тазалыққа үйрету - келешек отбасылық тіршілікте өз бетімен өмір сүруге білуге үйретеді.

Отбасылық өмірдің тәрбиедегі үлгі - өнегесінің баланың өмірге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына көп әсері бар. Ана мен әкенің дүниеге, болмысқа қатынасы, өзара қарым - қатынасы, қоғамға әділдігі мен шыншылдығы, жеке басының қамы, өзімшілдігі бала тәрбиесіне етер әсері ұшан теңіз.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Т?л?а ?алыптастыруда?ы отбасыны? р?лі

Автор: Сейлбекова Жанат Мысыралиевна

Дата: 02.03.2016

Номер свидетельства: 301494


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства