kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "М??а?али Ма?атаев-поэзия т?лпары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «М??а?али Ма?атаев – поэзия т?лпары»(ашы? т?рбие са?аты)

Ма?саты: М??а?али Ма?атаевты? а?ынды? талантын ш?кірт ж?регіне ?ялату ар?ылы поэзияны с?юге, оны ба?алай білуге, сыршыл да шыншыл а?ын ?ле?деріні? м?ні мен ма?ызына ??ілдіруге, рухани танымын ке?ейтуге ы?пал ету.

Ж?ргізуші: ?рбір ?рпі ?ан?а шом?ан тарихы?а ?ара?дар,

Отырардай опат бол?ан ?ала жо? па, жарандар?

Тату-т?тті бармысы?дар, армысы?дар, Адамдар! – деп М??а?алиды? салемдесу салтымен амандасамыз. ?ош келіпсіздер, ?ле? с?йер, ?нер с?йер ?ауым!

        Бізді? хал?ымызда біртуар азаматтар аз бол?ан жо?. ?азір де аз емес. Кейінгі ?ауым?а ?неге – ?сиеттерін ?анатты ?алам ар?ылы ?алдыра білген зерделі а?ын – жазушыларымызды? бірі, тіпті бірегейі М??а?али Ма?атаев десек,?ателеспейміз. ?йткені,о?ырманны? ?ай кезде де к??іл-к?йін тамыршыдай тап басатын жыр-??дірет М??а?али а?ын?а ?ана т?н.

?лем –дархан,саяла?дар,

Б?рі?е де орын бар,

?ор?ан емес,салтананатты

С?нді сарай со?ы?дар.

- Ей, адамдар, сендер тату, сендер тату болы?дар! –деп жырлап ?ткен а?ын М??а?али Ма?атаев

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "М??а?али Ма?атаев-поэзия т?лпары"»

Тақырыбы: «Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары»(ашық тәрбие сағаты)

Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.


Жүргізуші: Әрбір әрпі қанға шомған тарихыңа қараңдар,

Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар?

Тату-тәтті бармысыңдар , армысыңдар , Адамдар! – деп Мұқағалидың салемдесу салтымен амандасамыз. Қош келіпсіздер, өлең сүйер , өнер сүйер қауым!


Біздің халқымызда біртуар азаматтар аз болған жоқ. Қазір де аз емес. Кейінгі қауымға өнеге – өсиеттерін қанатты қалам арқылы қалдыра білген зерделі ақын – жазушыларымыздың бірі, тіпті бірегейі Мұқағали Мақатаев десек,қателеспейміз. Өйткені,оқырманның қай кезде де көңіл-күйін тамыршыдай тап басатын жыр-құдірет Мұқағали ақынға ғана тән.

Әлем –дархан ,саялаңдар,

Бәріңе де орын бар,

Қорған емес ,салтананатты

Сәнді сарай соғыңдар.

- Ей, адамдар, сендер тату , сендер тату болыңдар! –деп жырлап өткен ақын Мұқағали Мақатаев


Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағима апа былай деген:

"Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз" 


Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали.  яғни биыл ақпанның 9-нда Мұқағали атамыз 85 жасқа толған болар еді.(1 минут үнсіздік)


Жүргізуші:Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса мен бармын , қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Иә, осынау қарапайым қара өлеңде қанша құндылық,қанша ұлылық жатыр десеңізші! Сірә, Мұқаң «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деп өмір сүрген сияқты.

Махсет Жансая «Елім барда»

Тыныштыбаева Ақниет «Отан»

«Сарыжайлау» әні хор

Жүргізуші:Мұқағали – 20 ғасырдың «Ғасыр ақыны» боп танылған поэзия пайғамбары. Жары – Лашын Әзімжанова. «Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан,биік адамгершіліктен тұратын еді» дейді ақын туралы естелігінде. Жырларының құндылығы ақын жанының риясыз тазалығында жатыр деп ұғынуымыз қажет. «Ғажап даналықтың бір көзі – Мұқағали поэзиясы» деп баға береді Әбділда Тәжібаев. Ендеше, Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.

Көшер Диана «Поэзия»

Балтабай Альбина «Музаға»

Жүргізуші: Тіршілікте көрінеміз өлместей,

Тұра алмаймыз ерегіспей, белдеспей.

Өтейікші бірімізді-біріміз,

Өшіктірмей,өкпелетпей, сен деспей.

Егер бір кездерде менің өмірім,творчествам әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім:

Менің қымбатты достарым! Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңімді жинап,бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Естеріңде болсын, әрбір өлеңім өз орнында тұрсын.....

Мұқағали қалам тартпаған, Мұқағали жырламаған тақырып жоқ. Оның қай өлеңі болмасын Мұқағалиды Хантәңірі тауындай асқақтата түседі.


Көшкінбаева Ұлдана «Майгүліме»

Жайғоныс Асылұлан «Ұлыма»

Еркінбекова Айгерім «Майгүліме»


Тума дарын Мұқағалидың өмір мектебі Қарасазда басталды.Ендеше сол Қарасазға арнаған өлеңін тыңдайық

Ермаханбет Диана«Қарасаз»өлеңі

Абдрахман Ерлан « Менің анкетам» өлеңі


Жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы;

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір-бір ер-тұрманы.

Ақын өзі дәл басып айтып кеткендей, тірлігінде аялай білмесек те, Мұқағали дарындылығын кеш мойындап, ол туралы нешелеген естеліктер жазылды. Енді соған құлақ түрелік.(естеліктерді оқиды)
Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады. 
1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті; 
1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы; 
1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады; 
1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады; 
1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түседі. 
1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды; 
1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады; 
1960-1962 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі; 
1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді; 
1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. 
Поэзиядағы алғашқы қадамдары. 
Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960). 
Шығармалары мен аудармалары. 
Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды. 
Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. 
Поэмалары: 
Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар. 
Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы:

“Мен жырламаймын, Сырласамын.Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым” немесе “Тіпті де мен емес-ті “Мен” дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін” дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні “өзін-өзі” зерттеуден тұрады. Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды (“Тауда өстім”, “Тау бір аңыз”, т.б.). “Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған”. Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. “Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген” дейді ақын. 
ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 


Жүргізуші: «Мені сөзге, жырға үйір еткен, халық сүюге тәрбиелеген – әжем» дейді ақын.

Мұқағали Мақатаев – драматург,сатирик,публицист,жазушы,ұстаз,журналист. «Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір, сырлы,мұңлы поэзия»-дейді Ф.Оңғарсынова.

Жігітінен қазақтың дос таба алмай,

Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын,- деп Мұқағали Фаризаға жанын жеген қайғыны жырмен жеткізген.

Орынбасар Миллияна «Фаризаға»өлеңі


Адам жанына жылы шуағын себелеген, жүректің нәзік қылын тербеткен Мұқағалидың қай өлеңін оқысаң да , көңіліңде бір әуен естілгендей болады. Олай болса, келесі кезекті Мұхаңның тағы бір әуенге сұранған өлеңіне кезек берейік.

Едіге Сандуғаш «Арулар»

Косыбек Бақытжан «Автограф



Жүргізуші:

-Ақын деген лапылдаған өрт екен,

Ақындардың жанып өту серті екен,-деп қанатты қалам мен ақ парақты серік етіп, жаратқан жіберген өнерін өлгенше өшірмей , өзіне жүктелген міндетті адал атқарды емес пе?Десе де, «аңсамаймын, алмаймын көп өмірді»деген байыпты болжауы періште құлағына ілініп қалса керек. Сөйтіп, оттай лаулаған қыршын өмір үзіліп кетті.Оның маржан жырлары халқымен бірге жасап мәңгілік өшпейді, қазір жазылғандай,сиясы кеппек емес...


Жүргізуші:Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.   

Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.

Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын  тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.

Оразов Олжас «.....................»

Қоблан Мұхамбет «........................»

Маратов Жанполат «.........................»


Жүргізуші: Бүгін менің туған күнім,

Ой пәлі – ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! –  деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен  жансыз суреттері

Лай су шаймайтын арым бар ,

Дауылдан қорықпас жаным бар,- деп өткен Мұқағали Мақатаев халқын сүйді,халық ақынды сүйді, -деп бүгінгі әдеби кешімізді Мұқағали атамыздың «Сәби болғым келеді» әнімен аяқтаймыз.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Т?рбие са?аты "М??а?али Ма?атаев-поэзия т?лпары"

Автор: Латипова Актлек Конысбаевна

Дата: 05.02.2016

Номер свидетельства: 288881


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства