Тіл – ?ай ?лтта, ?ай елде болсада ?астерлі, ??дыретті. Ол ?рбір адам?а ана с?тімен бірге еніп, ?алыптасады.
Тіл байлы?ы - ?рбір елді? ?лтты? ма?танышы. Ол атадан бала?а мирас болып ?алып отыратын ба?а жетпес м?ра. Демек, ?р адам ана тілін к?зіні? ?арашы?ындай ?ор?ау?а, оны? орынсыз ш?барлануыны? ?андайына болса, да ?арсы т?руы тиіс.
Ана тілі – е? басты байлы?ымыз. Ана тілі - е? ?лы мен тамаша тіл. Мені? ана тілім - ?аза? тілі. ?аза? тілі - мемлекеттік тіл. Б?л - ауыр тіл, біра? ?рбір ??рметті азамат?а оны білу керек.
Ана тілі - халы? боп жаса?аннан бері жан д?ниемізді? айнасы, ?сіп-?ніп т?рлене беретін, м??гі ??ламайтын б?йтерегі,- деп Ж?сіпбек Аймауытов айт?андай елін, жерін с?йген ?рбір азаматты? к?кірегінде ана тіліне деген с?йіспеншілігіні? ма?таныш сезімі болуы керек. Себебі, ?аза? тілі – ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік тілі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Тіл та?дыры - ел та?дыры" »
«Тіл тағдыры – ел тағдыры»
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.
Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.
Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.
Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті. Тіл тағдыры – ел тағдыры. Мұны бірінен–бірін бөліп қарауға болмайтыны хақ. Туған тіл қадірің дейміз. Бұл өз еліміздің болашағын ойлағанда оны туған тілімізбен байланыстыра ойлаймыз. Себебі, елді тарихи бұралаңдар мен шатқалдардан алып шығатын қанша адасып, сүрінсе де ақыры түбі елді ежелгі мақсатқа аман алып баратын да осы тіл. Тіл бүгінгі таңда көп адам атүсті түсінетіндей тек сөйлеу құралы емес, ол бұл категориядан шығып, ұлттың саяси құралына айналды. Тілдің күші қарудың күшінен де күшті. «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деген халықтың қазіргі таңда ол шеңберден де асып түсіп, ұлттың ертеңгі мен болашағын қалыптастыратын үлкен саяси-әлеуметтік мәңге ие болып отыр.
Қазақ тілі – халқымыздың ұлттық тілі және әлемдегі ең бай тіл деп саналады. Тіліміз республика Конституциясына негізделіп және ол қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылады. Мемлекеттік тіл Қазақстан халықтарының ынтымақтаса түсуінің негізі болып табылады. Ал ол деңгейге жету үшін тілдің күнделікті қажеттілігі арта түсу керек. Осы орайда тағы да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының “Ана тілінде екі сөздің басын қоса алмайтындар ендігі жерде ойланулары қажет” деген сөзі тек қазақ ұлтын ғана емес, көпшілікті де ойландыруы тиіс. Еліміз тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардан-ақ ел басшылары қазақ тілін өгейсітіп, орыс тіліне бірден басымдылық берді. Себебі олар Кеңес өкіметі тұсында орыс тілі ауанымен жүрген, бойларын құлдық сана жайлаған адамдар еді. Тіл - ұлт рухы. Халқымыз «Тіл - жүректің елшісі, жүректен шыққан сөз жүректерге жол табады», - деп жатады. Демек, тіл тазалығы өте маңызды мәселе.«Тілін білмеген - мәңгүрт». Өзге тілден бұрын әрбір адам өз тілін білуі, құрметтеуі керек.«Тіл тазалығы - жан тазалығы», «Тілін қадірлемеу - өзін қадірлемеу» дегендей, тіл туралы, тілдің қадірі туралы ел ауызында даналық сөздер көп айтылады. Ана сүтімен, ананың әлдиімен санаға ұялайтын тіл болғандықтан әрбір ұлт өз тілін - Ана тілім деп атайды.Біздің тіліміз - қазақ тілі. Қазақ ақыны Жұбан Молдағалиев «Мың өліп, мың тірілген» деп жырлаған дана халқымыз сан ғасырлар бойы талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірсе де, Ана тілі - қазақ тілі, бай мұрасын саф алтындай сақтап, аса қадір тұтып бізге мұра етті.Демек, бүгінгі ұрпақ - біз ана тілімізді ата-бабаларымыздың келешек ұрпақ үшін сақта, жоғалтпа деп мирас еткен аманаты деп біліп, оған қиянат етпей, аса қадір тұтуға тиістіміз. Аманатқа қиянат жүрмейді.