kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: «Мектепалды даярлы? сыныптарында жа?ашыл ?діс-т?сілдерді пайдалану жолдары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Саба? жоспарыны? т?рі

2.Білім сапасы туралы

3.Адамгершілік т?рбие беруді? к?усар б?ла?ы

 1.Жа?а технологияларды к?нделікті саба? ?рдісіне пайдалану ?шін, ?р м??алім ?зіні? алдында отыр?ан о?ушыларды? жас ерекшеліктерін білуі керек. Жа?а технологияны ж?зеге асыруда м??алім белсенділігі, шы?армашылы? ізденісі, ?з маманды?ына деген с?йіспеншілігі ?лкен роль ат?арады.

Мен ?зім саба? ?ткізу барысында Дьяченконы? ж?птап о?ыту технологиясын та?дап алдым. Онда?ы ма?сатым-?йымшыл бір-біріне к?мектесіп отыратын, іздене білетін білімді о?ушы т?рбиелеу. Басты ба?ыт етіп ?стан?ан б?л технология о?ушыны? ой-?рісін, белсенділігін арттырып, білім сапасыны? дамуына к?мектеседі. ?р о?ушыны? ж?йелі білім алуына кепілдік береді.

Балаларды жетекшілігіме ал?аннан со? о?ушылар?а о?у жылыны? басынан-а? психологтармен келісе отырып, педагогикалы? зерттеу ж?ргіземін. Н?тижесінде саба??а ?абілетті о?ушылармен саба?ты ?абылдауы нашар о?ушылар белгілі болады. Зерттеуден кейін сыныпта?ы 22 о?ушыны ?ш топ?а б?ліп алдым. Олар: 1-мы?тылар, 2-сенімділер, 3-?лсіздер болып белгіленеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «Мектепалды даярлы? сыныптарында жа?ашыл ?діс-т?сілдерді пайдалану жолдары»»

Баяндама

Тақырыбы: «Мектепалды даярлық сыныптарында жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары»


1.Сабақ жоспарының түрі

2.Білім сапасы туралы

3.Адамгершілік тәрбие берудің кәусар бұлағы

1. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін білуі керек. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі үлкен роль атқарады.

Мен өзім сабақ өткізу барысында Дьяченконың жұптап оқыту технологиясын таңдап алдым. Ондағы мақсатым-ұйымшыл бір-біріне көмектесіп отыратын, іздене білетін білімді оқушы тәрбиелеу. Басты бағыт етіп ұстанған бұл технология оқушының ой-өрісін, белсенділігін арттырып, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының жүйелі білім алуына кепілдік береді.

Балаларды жетекшілігіме алғаннан соң оқушыларға оқу жылының басынан-ақ психологтармен келісе отырып, педагогикалық зерттеу жүргіземін. Нәтижесінде сабаққа қабілетті оқушылармен сабақты қабылдауы нашар оқушылар белгілі болады. Зерттеуден кейін сыныптағы 22 оқушыны үш топқа бөліп алдым. Олар: 1-мықтылар, 2-сенімділер, 3-әлсіздер болып белгіленеді.

Сабақ өту барысында балалардың білімін

сияқты белгілермен бағалаймын. 1-2 топтағы мықтылар мен сенімділер берілген тапсырманы өз бетінше орындай алады және бір-біріне көмектесуге, ой-өрісін ұштауға қабілеттілері де жеткілікті. Ал 3-топтағы оқушылыр болса қосымша жұмыс істеуді қажет етеді. Сондықтан бірінші топтағы балаларды көмекке шақыруға тура келеді. Мықтылар мен сенімділердің үлгерімі нашар оқушыларға қарағанда қаншалықты дәрежеде көмек бере алатынын үнемі қадағалап отырамын. Аз уақыт ішінде оқушыларға ілгерілеу байқалады. Сенімді оқушылардан жақсы оқитын, үлгерімі жоғары оқушылар шыға бастайды. Балалардың оқу үлгерімі бойынша сөйлеу дағдысын қалыптастырамын, дыбыстарды таңдау, сөзді буынға бөлу, көркем жазу, сөйлем, сөз құрату, әріптерді қосып оқудың техникалары көрсетіледі. Ал математикадан сандарды тану, амалдарды орындау, есеп шығару, салыстыру, теңдеу шешу бойынша дамиды.

Оқушылардың білімін арттыруға көрнекіліктер мен әдістемелік құралдарды пайдаланған тиімді. Оның ішінде Дьяченконың жұптап оқыту технологиясының сабақ үлгерімін жақсартуға тигізген пайдасы зор. Көрнекілік әдісі арқылы әр оқушы өз ойын дәл айтуға, еркін сөйлеу дағдысына төселеді.

а) Дамыта оқыту әдісі- оқушының өздігінен ойлау әрекетін жүзеге асырады. Бұл әдіс оқушының қабылдау белсенділігін арттырып, қиялын, ойлау әрекетінің әр түрлі іс-қимылын шоғырландырады.

ә) Проблемалық оқыту әдісі- бұл әр оқушының қабілетіне қарай мүмкіндігін терең ашады. Жаңа білімді үйрену үшін оқушы өзінің ішкі мүмкіндігін пайымдап, жинақтайды.

б) Программалық оқыту әдісі- немесе бағдарламалап оқыту. Бұл әдіс-жоғары сынып оқушыларына арналған. Мұнда оқушы компьютерде берілген бағдарламаны шешеді. Өзіне қажетті білімді жинақтайды, өзін-өзі бағалауға үйренеді.

в) Молульдік оқыту әдісі- мұғалім әр тараудың негізгі ой- түйінінен қорытынды шығару, ережені қорыту үшін қолданылады. Модуль- оқушының теориялық білімін тәжірибе арқылы толықтыруына мүмкіндік ашады. Мұның өзін оқушының жас ерекшелігіне қарай ыңғайлап, екшеп алу керек.

г) Тірек белгілер пайдалану әдісі- ойды жинақтауда, өткен тақырыпты бекітуде қолданылатын тиімді тәсілдердің бірі.

Қазіргі таңда оқытудың әдіс-тәсілдері өте көп. Оның бәрін бір сабақта қолдану тіпті мүмкін де емес. Шебер мұғалім сабағының жоспарын оқушының өскен ортасына, қарым-қабілетіне, мектепке дайындық жағдайына орайластырып таңдап алады. Оқушыға білім білік дағдысы тек сабақ үстінде ғана емес тәрбие жұмысы барысында да беріліп, оны күнделікті пысықтап отырады. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың ерекше әдісі ойын әрекеті арқылы жүзеге асады.

Ғылымның «Ойын-еңбек, еңбек-ойын» түріндегі көпке белгілі формуласы осыны айғақтайды. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітеді, таным-түсінігін арттырады. Ойын арқылы ептілікке, сергектікке, тапқырлыққа үйреніп, бір-бірімен тіл табысып, қарапайым еңбек дағдысын меңгере бастайды. Сыныптағы кезекшілік, гүл суару, тақта сүрту секілді қарапайым еңбек дағдысына құлшына кіріседі. Еңбек арқылы ата-анасының өздерін асырап, қамқорлық жасап отырғанын түсінген оқушы- еңбек арқылы есеюге болатынын ұғады. Қарапайым заттың өзі үлкен еңбек. Нәтижесінің жемісі екенін түсіне бастайды.

2. ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Біздің елімізде де осы мақсатқа білім беру жүйесін реформалау мен жан-жақты өзгертуге бағытталған кешенді шаралары іске асырыла бастайды. Бұл шаралар мемлекетіміздің білім беру ісінің әлемдік білім беру жүйесіне кірудің бірден бір жолы. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына 2004 жылда жолдаған жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның біліктілік деңгейімен айқындалады». Әлемдік білім кеңестігінде 12 жылдық жағдайында орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиетінің орны толығымен кіріп, білім беру жүйесінің халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейінді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу қажет.

Баланы оқыту тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі- бұл жылдар бойы көптен ғалым- психологтардың, педагогтардың, практик-мұғалімдердің арасында пікірталас тудырып келе жатқан және күні бүгінге дейін күнтәртібінен түспей жүрген мәселе. Теориялық мәселелерге сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізі үш факторға сай жүзеге асады. Біріншісі- боилогиялық фактор, екіншісі- әлеуметтік орта және үшіншісі- тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі. Ғалымдардың пікірінше осы фактордың ішінде тәрбиенің, оқу тәрбие үрдісінің рөлі зор. Көптеген ғалым- педагогтардың, практик мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты ролді, ең алдымен, оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады. Себебі, сабақ қаншалықты сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ өзіндік белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.

Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел-оқушыны дамытуға бағыттала құрылған жаңа бастауыш білім мазмұны, соның негізінде жазылған жаңа оқулықтар. Себебі мұнда оқушының өз бетімен білім алып, дамуына жете мән беріле бастады. Кезінде өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ ғалымдарының бірі, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы болды. Автордың пікірінше, бала білімді тәжәрибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі- балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар көрсетеді.

Бұдан біз А.Байтұрсынұлының 1920-1930 жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары Ресей ғалымдары В.Давыдов пен Л.Зенковтың дамыта оқыту теориясының негізі болған- өз бетіндік танымдық әрекетінің рөлін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағандығын байқаймыз. Мектепалды дайындық сыныптарында жұмысты ұйымдастыруда, оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, сондай-ақ бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі.

Өз бетіндік жұмыс- бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылар шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай- бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмыста талпынысы басым болады. Сол себепі де бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра білген мұғалімге оның берер маңызы зор. Өз бетіндік жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулуды, оқушылардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін негізгі үш жұмыс түрін атай аламыз. Олар:

  1. логикалық дамытушы орындармен берілген тапсырмаларды орындаудағы өз бетімен жұмыс түрлері;

  2. берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері;

  3. өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармалық бағыттағы жұмыстар.

Мұнда басты назар аударатын нәрсе- оқушылардың ауызша, жазбаша өз ара ұйымдастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету, соның негізінде ғана біздіңше тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншек тәрбиелей аламыз.

Білім беру сапасы- қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдай, нәтижесі сондай-ақ жеке тұлғаның қалыптасуын және даму болашағының қажеттігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелердегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері материялдық техникалық базалары жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет- егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. «Еліміздің 2030 жылы барысқа айналдыратын күш-мектеп парасатында отырған оқушылар мен 1-20 жас аралығындағы жастар» деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интелектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы- оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

Біліктілік:

  1. Білімнің негізінде қалыптасатын үлкен еңбек, яғни:

  • жауапкершілікті сезіну;

  • белгілі бір мәселені шешуге қатысу;

  • білім беру технологияларын түсіну, меңгеру, қолдануда қабілеттілік таныту;

  • еңбекке дұрыс қарым-қатынас;

  • кәсібінде үнемі ізденіс таныту.

  1. Ақпараттық қажеттілікті сезіну.

  2. Көздеген мақсатқа жетудегі әдіс- тәсілдері бір-бірімен сай келуі.

Біліктіліктің негізі:

  1. Оқып үйрену:

  • белгілі бір тәжірибені пайдалана білу;

  • өз білімін өз ара байланыстыра ұйымдастыру;

  • өзін дамытумен дербес айналысу.

  1. Ізеу:

  • әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіру;

  • ақпараттармен жұмыс;

  • құжаттармен жұмыс жасай білу және оларды топтай білу;

  1. Бейімделу:

  • технологиялар мен ақпараттарды қолдана білуге бейімделу;

  • өзгеріске икемдік таныту;

  • қиындыққа көне және жеңе білу;

  • жаңа шешімдер таба білу;

  1. Ынтымақтастықта болу:

  • еңбекке ынтымақтастыққа болу;

  • келіспеушілікпен әр түрлі көзқарастылыққа көрегенділік таныту;

  • келісе білу;

  • шарт жасай білу және оны орындау;

  • тілектестік және ынтымақтастық таныту;

  1. Жұмысқа ниеттілік:

  • жобаға кірісу;

  • жауапкершілікті сезіну;

  • өз жұмысын ұйымдастыра білу;

  • өткенді жаңамен байланыстыруды ұйымдастыру;

  • қоғам дамуына сын көзбен қарай білу;

  • қиындыққа және сенімсіздікке қарсы тұру;

  • өзінің жеке көзқарасын білдіре білу, т.б.

Ю.К. Бабанский мұғалімнің сабақ үстіндегі шығармашылығын 4 деңгейге бөледі:

- мұғалімнің сыныптағы балалармен өзара әрекеті, нәтижеге жетуге ұмтылу;

- мұғалімнің сабақтағы қызметі, яғни жоспардан бастап оқудың мазмұны, соған орай әдіс-тәсілдердің таңдалуы;

- оқушы шығармашылығын қалыптастыру, соны дамыту мүмкіндігін жасау;

- оқушылармен өзара қарым-қатынаста толық дербестік таныту; оқыту мен тәрбиелеуде нақты шығармашылықпен жұмыс жүргізу, оқушыларды өздігінен оқуға жұмылдыру. Мұғалім шығармашылығы мынадан байқалады.

1. Алынған көрсеткіштерге талдау жасау.

2. Кезіккен проблемаларды, ситуацияларды сезіну;

3. Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін құру.

4. Өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді тұрақты түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру.

Ал мұның бәрі мұғалімнің кәсіптілігіне байланысты болмақ. Ол біріншіден, өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу біліктілігі мен қызметінде сапалы көрсеткішке жетуі. Екіншіден, практикалық қызметте педагогтың сапалық көрсеткішін зерттеу біліктілігі. Бұл шебер- шығармашыл-педагогтың өз қызметіне, оның нәтижесінде талдау жасай білу біліктілігін көрсетеді. Әр педагог өз жұмысына талдау жасауда: Неге жеттім? Неге ұмтыламын? Не кедергі жасайды? Сұрақтарын басшылыққа алуы тиіс.

3. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2003 жылдың 28 қарашасында Астана қаласында өткізілген Ұлттық Кеңесте «Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен алатын заңды құбылыс. Мұның ар жағында қоғамдық сананың қалаптасуы, ұрпақ тәрбиесі секілді үлкен міндеттер жатыр»- деген еді.

Мектепте кешенді іс-шаралар жоспарланып жүзеге асырылды. Қоғамның ең жас мүшелері мектеп оқушыларының бойына ұлттық құндылықтарды ана сүтімен сіңіріп, ана тіліміздің уызымен қандырып, тамыры тереңге кеткен ата-бабамыздың ұлттық тәлім-тәрбиесіне жүгіну басшылыққа алынды. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» дегендей мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндердің қанаттарын қатайтып, саналарына білім нұрын құю бүгінгі күні ең басты мәселердің бірі болды. Әсіресе жанталасқан мылтықсыз майдан жағдайында рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше назар аударылды. Сары уыз балапандай болып отырған 6-7 жасар баланың сезіміне әсер ету арқылы кіп-кішкентай оқушы психологиясын, оның жан дүниесін білімге қызықтыра отыра ояту, ұлттық салт-дәстүрімізді күнделікті өмірде бойына сіңіру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың ең тиімді жолдары ізделінді. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу үшін күнделікті өсіп келе жатқан жеткіншекке өз жауапкершілігін, оның қоғамда алатын өз орны бар екендігін, оқушының отбасы, мектебі, қоршаған ортасындағы достары арқылы байланыс жасайтындығын, осы үштіктің бірігуі және оқушының белсенді өмірге көзқарасы оның рухани әлемін байытатынын түсіндіріп қана қоймай, оқушының бос уақытында, күзгі, көктемгі, жазғы, қысқы демалыс кезінде арнайы жорықтар мен экспедициялар ұйымдастыра отырып, оқушының қызығушылықтарына сай балалар мен жасөспірімдердің ұжымы құрылып отырды.

Білім мен тәрбие беруді бір-бірінен бөліп алып қарауға болмайды. Ықылым заманында-ақ атам қазақ отбасында келіндері жүкті болғанын естігеннен кейін енелері «Құрсақ шашу» жасап, ауылға, еліне беделді аналардың басын қосып, батасын алған. Дүниеге келер сәбидің дені сау ұрпақ болуын «Тәңірден» тілеген. Жалпы тарихтан белгілі қазақ өз ұрпағының тәрбиесіне ерекше мән берген. Оған мысал: Шоқан Уәлиханов Айғаным әженің тәрбиесінде болған. Мұхар Әуезовты атасы Әуез 5 жасынан өзі арапша үйреткен. Ұлы Абайдың өлеңдерімен тілін сындыртқан, қазақтың бай салт-дәстүрімен тәрбиелеген. Ал Баянауылдағы кішкентай Әлкейді әкесі Хақан 5 жасынан ескі шағатай, арап тілдерін оқытып, Абайдың өлеңдерін жаттатып, халқымыздың бай інжу- маржандары жыр аңыздарымен, батырлар жырларымен ауыздандырса, «Шілдехана», «Бесік той», «Тұсау кесер», «Тілашар» тойларының бүгінгі кезде жаңғырып, жаңарып өмірге енуі жас ата-аналар мен мұғалімдердің қоғамдық міндетті бірлесіп атқарып жатқанын көрсетеді.

Ата-бабамыз сәбиге ат қоюға да ерекше мән берген. Адамның есімін оның тағдырына әсер ететінін сол кездің өзінде-ақ білген. Біздің ғалымдар оны енді зерттеп жүргеніне куәміз. Ал енді мектеп оқушылар арасынан Абай, Мағжан, Шоқан, Әйгерім, Ғабит, Мұхтар, Ерасыл, Нұрсұлтан, Әлия, Мәншүк, Жібек т.т. есімді балаларды көргенде ата-анасының тарихи ұлы адамдарға ұқсасын деген ниеті мен асыл армандары екенін айтпай-ақ сезуге болады. Демек, уақыт өтсе де тарихи ұлы тағылым жаңғырып келе жатқанын көрмеу мүмкін емес.

Ата-ана отбасында жеті атаға дейін қыз алыспауды мұра етіп қалдырған. Ел мен елді, жер мен жерді ұрпағына аманат етіп, ұрпақтың денінің саулығын, саналы болуының алғы шарттарын жасаған. Біз осы мәңгі ескірмес асыл мұраны жаңғыртып, бүгінгі заманға сай етіп қолдансақ, рухани-адамгершілік тәрбиесінің қазығын нықтап қағатынымызды түсіндік. Қазіргі ұлттық мектептердегі тәрбие бағыттары баланың білімі мен тәрбиесіне ерекше назар аударады. Баланың саналы, рухани дүниесі бай, ізгі болып қалыптасуы бір белгілі уақыт өлшемінде болатын үрдіс. Бір күннің немесе бір айдың жемісі емес; ұзақ жылғы нәтиже екенін мойындауымыз керек. Егер бала дұрыс білім алмай, тәрбиесінде шалалық болса, рухани өмірінде де қалыптаспаған рухани солқылдақтығы болары сөзсіз. Бүгінгі өміріміздегі кездесетін өкінішті жағдайлар болмас үшін әр баланың әр күніне, әр сәтіне ерекше жауаптылықпен қарауымыз керек. Балалардың жазғы демалысында туристік этнографиялық жорықтар, серуендер ұйымдастыра отырып, әр баланың мінезіндегі озгерістер мен рухани шыңдалу сәттерін көріп жүрмін. Жалпы тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу қоғамның барлық мүшелерінің қатысуымен болатын тәрбие. Демек, бірінші айтарым, білім ана тілінде болу керек. Жаhанданудың дәмін татқан бүгінгі жастардың батыстың мәдениетіне еліктеп, өзінің ұлттық байлығынан айырылмас үшін шаңырақта қазақша сөйлеп, мектепті ана тілінде оқып, ұлттық тәрбиенің қайнар көзі ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Та?ырыбы: «Мектепалды даярлы? сыныптарында жа?ашыл ?діс-т?сілдерді пайдалану жолдары»

Автор: Кажиякпарова Ба?ыт Шайзада?ызы

Дата: 09.04.2016

Номер свидетельства: 316839


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства