Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы:" Мені шабыттандырады" атты ЭССЕ»
Эссе.
« Мені шабыттандырады »
Мен бастауыш сынып және өзін-өзі тану пәні мұғалімімін. Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы–бастауыш саты. Келешекте арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ. Жас бүлдіршіндердің ой-қиялын біліммен нұрландыратын, дуниетанымын кеңейтетін–ұстаз шеберлігі.
Ұстаз шеберлігін, кәсіби біліктілігін арттыруда «Өзін-өзі» тану курсының маңызы зор деп есептеймін.Курс тыңдаушысы ретінде жаңа бағыттағы әдістемелермен жаңартылған біліммен қаруландық. Білімімізді жетілдіретін, біліктілікті көтеретін заманауи озық алдыңғы қатарлы технологиялармен оқыту курсы маған бірінші күннен бастап жаңашыл ой салып, жаңа идеялардың тууына әсер етті.
Әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс істегенде ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік бар. В.Г.Белинскийдің: «...ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр» - деген сөзі бар. Себебі , ұстаз болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тәрбиелеу және терең де жан – жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас дұрыс болу керек. Жақсы мұғалім сыныптың көңіл-күйін сезіне біледі.Оқушылардың жан дүниесін түсінеді, олармен қарым-қатынас құра біледі. Мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын өлшемдердің арасында ең басты орында сөзсіз , ұстаздық қызметтің қорытындысы – оқушылардың тәрбиелілігі мен дүниеге көзқарас деңгейін алуы керек. Себебі , олар оқушылардың алған білімімен кешендесіп,өмірде бағыт-бағдар алуға көмектеседі. Осы дәрежеге оқушыларды шебер мұғалімдер жетектейді.