Просмотр содержимого документа
«Тәрбиеге байланысты атқарылған жұмыстың жылдық есебі.»
«№ 10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сінің 2015-2016 оқу жылы
6 «А» сынып жетекшісі Басбаева Айнурдың тәрбие жұмысы туралы жылдық есебі.
Биылғы оқу жылын 6 «А» сыныбы 24 оқушымен бастады.
Оның 14-қыз, 10-ұл бала. Оның ішінде 15 оқушы алыс шағынаудандарда тұратындықтан тасымалданады.
Қыркүйек айында 6 сыныпқа арнап тәрбие тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, жылдық тәрбие жоспары жасақталып, бекітілді.
Жоспар тәрбиенің 8 бағытына негізделген. Осы жоспарды негізге ала отырып, І тоқсанда төмендегідей іс- шаралар өткізілді.
5.09.15ж «Батырлар – ел қорғаны» ашық тәрбие сағаты.
Мақсаты: оқушылардың қазақ халқының батырларының ерліктері туралы түсініктерін кеңейту. Отанын, елін сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін дамытып, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.
Оқушылар бірнеше топқа бөлініп,сабақ сайыс түрінде өтті.
І. «Кім жылдам» ойынында топтарға 10 сұрақ қойылды. Оқушылар жарыса жауап берді.
ІІ. «Мақал –мәтел » сайысында І,ІІІ топтарға Отан, туған жер туралы, ал ІІ,ІV топтарға ерлік және батырлық туралы мақал- мәтел жазу тапсырылып, оқушылар бұл тапсырманы да белсенді түрде орындап шықты.
ІІІ. «Тұлғаны таны» бөлімінде оқушыларға батырлар туралы мәлімет берілді, ал оқушылар тұлғаны таниды. Бұл сайыста ІІ топ қырағылық көрсетіп, көзге түсті.
Ал соңғы ІV бөлімде «Топ басшылар» сайысында төрт топтың басшылары қойылған сұрақтарға жылдам және дұрыс жауап беру арқылы ІІІ топтың топ басшысы жеңіске жетті. Сабақ соңында жеңімпаздар марапатталып, қорытыланды.
Оқушыларды тақырыппен таныстырып, топқа бөлу.
Берілген сұрақтарға жауап беріп, топтық тапсырма орындауда
Топ басшылар сайысы
12.09.15ж «Отбасы алтын діңгек»тәрбие сағаты.
Мақсаты: бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату.
Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
Ата-анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамдағы жат қылықтардан сақтандыру.
Бұл сабақта оқушылар ата-ананың отбасындағы рөлі мен маңыздылығын түсіне білді.
Үлкендерді қалай құрметтеу керек екендігі жөнінде оқушылар өз ойларын ашық айтып, бірін-бірі тыңдап, пікірлерімен санаса білді.
Мақсаты: Оқушылардың еліне, ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір қасиетін бойларына дамыту.
26.09.15ж «Бақытым да, байлығым да денсаулығым» сынып сағаты.
Мақсаты:Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты жолдары зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.
Мақсаты: Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап, құрметтей білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу. Оқушы бойына қайырымдылық қасиеттерін сіңіру.
Оқушылар үш топқа бөлінді. Кіріспе бөлімінде тақырып туралы түсінік берілді.
Негізгі бөлімінде әр топқа тапсырма беріліп, оқушылар топтық жұмысты жұмыла орындап шықты. Топ ішінде бірнеше жақсы пікірлер айтылып, топта талқыланды. Кері байланыста «Тілек ағашына» оқушылар өз ойларын жпазып қалдырды.
Мақсаты: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру. Сол сөздерден өнеге алуға баулу. Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.
Сабақ барысында оқушыларға жақсы ұлағатты да, өнегелі жақсы мәліметтер берілді.
Қазақтың сандарға байланысты құнды өсиеттері туралы айтылды. Олар:жеті қазына, жеті ата, жеті жұт, жеті күн, жеті ғалым, жеті әулие, жеті жоқ, жеті жетім, бе қару, бес өсиет, бес намаз, үш арсыз, үш тәтті, үш ғайып, үш қадірлі, үш қуат.
Оқушылар бұл сабақтан өмірлеріне қажетті мағыналы да, тәрбиелі азық алды деп ойлаймын.
Мақсаты:оқушыларға экономикалық тәрбие беру, яғни үнемшідікке тәрбелеу.
Кіріспе бөлімінде оқушылар тақырыптың атын ашты. Қойылған сұрақтарға оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, жауап берді. Үлкендер ақшаны қалай табады және оны қалай жұмсайтығы туралы айтылып топ ішінде талқылау жүрді. Қорытынды бөлімінде оқушылар тақырып туралы мақал-мәтелдер жазып, сабақты қорытындылады.
31.10.15ж «Ұялы телефон туралы не білеміз?» пікірталас.
Мақсаты: Ұялы телефонның пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуге үйрету.
Оның адам өміріне қандай қаупі бар екенін туралы мәлімет беру.
Сабақ барысында оқушыларға алғашқы ұялы телефон қашан және қалай пайда болғандығы, оған жылдар бойы қандай өзгертулер енгізіліп, жаңа заманға сай қалай жабдықталғандығы жөнінде сонымен қатар оның тоқта қосылу тұрғанда, қанша уақыт көп сөйлессе, соншалықты зияны бар екендігі жөнінде айтылып өтті. Оқушылар бұдан басқа телефон туралы не білетіндігі жөнінде сыныпта ой қозғап, өз ойларын ашық айта білді.
14.11.15ж «Мұғалім, оқушы, ата-ана» сынып сағаты.
Мақсаты: Оқушы мен ата-ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым-қатынас орнату, бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдікпен адалдыққа шақыру.
21.11.15ж « Отбасы бюджеті және экономика»
Мақсаты: Оқушыларға экономика туралы түсінік беру, отбасындағы бюджетті қалай үнемдеп жұмсауға болатындығы туралы мәлімет беру.
28.11.15ж «ЖҚТБ-ғасыр індеті» ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушыларға ЖҚТБ - ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ - ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру. Бағыты: Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Сабақты бастамас бұрын оқушылар денсаулық тақырыбына байланысты сөздерді айту арқылы үш топқа бөлінді.
Қызығушылығын ояту бөлімінде оқушылар ЖҚТБ сөзіне ассоциация жасады. Оқушылар бұл сөз туралы әртүрлі пікірлер айтты. Біреуі денсаулық, ауру түрі, емхана, қатерлі ауру түрі т.б сол сияқты ойлар айтылды.
Мағынаны тану бөлімінде оқушыларға тақырып туралы таныстырылым және бейнебаян көрсетілді. Келесі тапсырма топтық тапсырма болды.
1топ «ЖҚТБ туралы түсінік».
2 топ «ЖҚТБ-ның таралу жолдары».
3 топ «Салауатты өмір салтын насихаттау».
Берілген уақыт аралығында оқушылар топтық тапсырманы мұқият орындап, постер қорғады.
Ой толғаныс бөлімінде денсаулыққа байланысты бір шумақ өлең құрастырды.
Кері байланыста оқушылар бес саусақты сызып, ішіне сабақтан алған әсерлерін жазып, сабақ қорытыланды.
Бұл сабақта оқушылар ЖҚТБ туралы мәлімет алып, жақсы мен жаманды ажыратып, өздеріне қажет азықты алды деп ойлаймын.
Сынып оқушыларын топқа бөлу
Топтық тапсырма орындау
ЖҚТБ туралы бейне ролик көрсету
Кері байланыс
Мақсаты: Оқушыларға Елбасының өмірі және жеткен жетістіктері мен еңбектері туралы мағлұмат беру арқылы оқушылардың танымдық көзқарастарын кеңейту.
3 топ өздеріне берілген тапсырмаларды жақсы орындап шықты.
Мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиетін сіңдіру. Үлкенді сыйлап,құрметтеуге тәрбиелеу.
19.12.15ж «Тәуелсіздік туымыз» сынып сағаты
Мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту. Туған жеріне, елін деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
26.12.15ж «Қош келдің Жаңа жыл»
Мектеп спорт залында ауданымыздың мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған көңілді жаңа жылдық кеш өткізілді. Кеш оқушыларға ұнады.
14.01.16ж «Қылмыс деген не?» сынып сағаты
Мақсаты: Оқушыларға өздерінің құқықтары туралы және қылмыс жасағанда қандай жазаға тартытылатындығы жөнінде мәлімет беру.
21.01.16ж «Қонақ келсе құт» сынып сағаты
Мақсаты: Оқушылардың жеке танымдық, еріктілік, тәртіптілік ерекешеліктерін ұштау, ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық тәлім-тәрбие тарихынан сынып сағатында мағлұмат беру.
04.02.16ж «Дұрыс тамақтану» сынып сағаты
Мақсаты: Денсаулыққа зиянды тамақтардан аулақ болуға үйрету. Дұрыс тамақтану арқылы оқушылардың денсаулықтарын жақсартуға ықпал ету.
11.02.16ж «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеттен» сынып сағаты
Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға, көмектесе үйрете отырып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман әдеттен жиренуге сезіндіру, түсініктерін дамыту.
25.02.16ж «Селфи деген не?» сынып сағаты
Мақсаты: Селфи сөзінің мағынасын ұғындыру, оның зиянды тұстары туралы ақпарат беру арқылы оқушылардың ұялы телефонды тиімді пайдалануға баулу.
03.03.16ж «Жүректің жылуын сыйлайыншы анама» ашық тәрбие сағаты
Сыныпта мерекелік кеш өткізілді. Кешке оқушылар аналарымен қатысты. Оқушылар аналарға арнап ән шашуларын жолдады.
10.03.16ж «Отбасы құндылықтары» сынып сағаты
Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру. Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салт-дәстүрді түсіндіру.
17.03.16ж «Ұлыстың ұлы күні» сынып сағаты
Мақсаты: Қазақтың жаң жылы туралы мәлімет беру. Оқушылардың бойына ұлттық тәрбиені қалыптастыру, ұлттық мерекемізді қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу.
07.04.16ж «Киелі мекенім-Маңғыстау» таным сағаты
Мақсаты: Оқушылардың Маңғыстау туралы білімдерін дамыту, көрікті жерлері, жер асты мешіттері мен мұражайлар жөнінде кеңінен ақпарат беру.
28.04.16ж «Бірлігіміз жарасқан» ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушыларға ҚР әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Мектеп акт залында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендер ықыласына бөленді.
Мақсаты: Жеңістің қандай қиыншылықтармен келгендігін ұғындыру, оқушыларға патириоттық тәрбие беру.
12.05.16ж «Ұлттық ойындар» сынып сағаты
Мақсаты: Оқушыларды ұлтттық ойын түрлерімен таныстыру, ұлттық сана сезімдерін кеңейту.
19.05.16ж «Табиғат туған анамыз» сынып сағаты
Мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны қорғауға, ластамауға үйрету.
Сонымен қатар сынып белсенділері мектепшілік және аудандық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сыныптың ер балалары волейболдан ІІ орынға ие болды. Ал Лепесова Айнур қыздар арасында өткен аудандық волейбол сайысында күміс медальмен марапатталды. Ал Куралбекова Лаура аудандық би сайысынан арнайы номинациямен марапатталды. Алуадин Ақжүніс, Ходжабаева Джанаргул және Адилханова Ұлжан республикалық шығармалар сайысына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Алдағы уақытта да оқушыларға саналы тәрбие бере отырып, үлкен жетістіктерге жетеміз деген ойдамын.