kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты "Сөзмерген" зияткерлік сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

9-класқа арналған кластан тыс жұмыс. Оқушыларға ұлтымыздың ұмытылып бара жатқан сөздері туралы сайыс арқылы білім беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Сөзмерген" зияткерлік сайысы»

Балмағамбетова Айгүл Жақсыбекқызы, Ақтөбе қаласы

Тәрбие сағаты: «Сөзмерген» зияткерлік сайысы

Тәрбие жұмысының мақсаты:


1. Білімдік: Тәрбиеленушілерді қазақ тілінің сөздік қорымен,

мол мұрасымен таныстыру;

2. Тәрбиелік: Балаларды көркем сөз құдіретін ұғынуға, қазақ

халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге

шақыру;

3. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту, есте сақтау

қабілеттерін арттыру, шапшаңдыққа баулу. Тәрбие жұмысының өткізілу түрі:

3 оқушы қатысқан білімдік сайыс

Тәрбие жұмысының жабдығы:

Интерактивті тақта

(Оқушылар тақтада көрсетілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды)

Тәрбие жұмысының барысы:

Жүргізуші:

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Сіздерге бүгінгі өткелі отырған білімдік танымдық сайыс «Сөз мергенге» хош келіпсіздер дейміз! Бұл сайыстың мақсатын айтпастан бұрын мен қазақ халқының ақиық ақындарының бірі М. Шахановтың өлең жолдарынан оқығым келеді:

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері - түп қазығы, айбыны,

Туған тілі - сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт санасы - тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр, әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға жағдай жасай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.

Ақын айтқан төрт ұлы Ананы аялау, қастерлеп, көз қарашығындай сақтау біздің перзенттік парызымыз. Қазақ халқы өзінің туған тілін, тарихын, салтын, дәстүрін әрқашан да ұлықтап жүруге тиіс. Бүгінгі сайысымызда халқымыздың сөз байлығына, сөз тарихына көз жібертіп, сөздік қорымыздың асыл інжу маржандарына тереңдеп бойлайтын боламыз.

Сайыстың шарты бойынша үш тәрбиеленуші қатысады, олар тақтада көрсетіліп тұратын тапсырмалар бойынша жауап береді. Тапсырмалар оқушының ізденімпаздығын, білімділігін, сонымен қатар ойлау шеберлігін, шапшаңдығын талап етеді. Бұл сөз додасында тек білімпаздық қана емес, жылдамдық та сынға түседі. Сол себепті, құрметті сайысқа қатысушылар, көп ойланып, қапы қалмаңыздар!

«Іске сәт!» деп, сайысты бастайық! Қатысушылар өздерін таныстырып өтсе...

Жүргізуші:

Құрметті ойынға қатысушылар! Сайыс 3 бөлімнен тұрады:

1. «Мықты болсаң, тауып көр» (Сөз тіркесінің мағынасын ашу)

2. «Жүйрік болсаң, шауып көр» (Мақал-мәтел құрау)

3. «Ойлы болсаң, озып көр» (Сөз мағынасын ашу)

Бірінші кезеңнің басталуына назар аударыңыздар! Бұл кезең «Мықты болсаң, тауып көр» деп аталады. Шарт бойынша Сіздер тақтаға қарап жасырынған сөз тіркесінің дұрыс нұсқасын табуларыңыз қажет. Үлгі ретінде мына кестеге көз салыңыздар:


Маңдай



Шертпеді


Самай


Шүйде


Желке


Кестенің сол жағындағы торда «Маңдай, самай, шүйде, желке» деген төрт зат есім берілген де, кестенің оң жағында «шертпеді» деген етістік сөз берілген. Біз дұрыс айтылған сөз тіркесін табуымыз керек болса, «Маңдай» деген нұсқаны аламыз. Сонда «Маңдайынан шертпеді» деген тұрақты сөз тіркесі шығады. Бұл тұрақты тіркестің мағынасы «ренжітпеді» болады.

«Маңдайынан шертпеді» - ренжітпеді

Жүргізуші:

Енді бірінші кезеңіміздің алғашқы тапсырмасына назар салыңыздар!


1 тапсырма


Ақыл


Тоқтатқан

Ес

Жады

Ой


«Ақыл тоқтатқан»

2 тапсырма

Жүрек


Шүберекке түйді

Сөз

Жан

Бауыр

«Жанын шүберекке түйді»

3 - тапсырма


Езу




Тартты


Иек


Ерін


Құлақ

«Езу тартты» - жымиды


4 - тапсырма


Күлкі




Шайдай ашылды


Дауыс


Дем


Ұйқы

«Ұйқысы шайдай ашылды» - сергіп оянды

5 - тапсырма


Көш




Ілесті



Жолаушы


Керуен


Сапар

«Көшке ілесті» - қатарынан қалмады

6 - тапсырма


Сары




Жібін аттамады



Қара


Ала


Шұбар

«Ала жібін аттамады» - алдамады, өтірік айтпады


7 -тапсырма


Дарын






Таудай


Талап

Бақ


Ынта

«Талабы таудай» - ынтасы зор


8 -тапсырма


Тебу




Темір үзеді



Ұру


Соғу


Қағу

«Тепсе, темір үзеді» - мықты, қарулы

9 - тапсырма


Ұл




Жиған жүгіндей


Күйеу


Келін


Қыз

«Қыздың жиған жүгіндей» ұқыпты, әдемі

Бірінші кезеңнің нәтижесі туралы қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық. Аз ұпай жинаған сайыскер ойыннан шығатын болады.

(Қазылардың сөзі тыңдалып, аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығарылады)

Жүргізуші:

Ойынның екінші кезеңі «Жүйрік болсаң, шауып көр» деп аталады. Сайыстың шарты бойынша тақтада берілген тапсырмалар бойынша ойыншылар мақал мәтелді дұрыс құрастыру керек. Мысалы, тақтаға назар салайық:

Ар


Қамыс

Ұят

Намыс

Ықылас


Тақтадағы кестенің сол жағында мақал мәтелдің бірінші бөлігі берілсе, кестенің оң жағында екінші бөлігі берілген. Осы ған қарап біз «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» деп дұрыс жауабын таптық.


1 – тапсырма

Туажат


Абысын

Жұрағат

Жекжат

Ағайын

«Ағайын тату болса көп, абысын тату болса, ас көп»


2 - тапсырма

Қорқақ


Көлеңке

Айлакер

Батыр

Қу

«Қорқақ көлеңкесінен де қорқады»

3 - тапсырма

Қыша



Тас


Қия

Қаңбақ

Қына

«Қына тасқа бітеді, ақыл жасқа бітеді»

4 - тапсырма

Қырық


Ру

Тоқсан

Отыз

Елу

«Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды»

5 - тапсырма

Дауыл



Шөп

Жел

Боран

Құйын


«Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды»






6 - тапсырма

Ажал


Күшті

Дүние

Өлім

Өмір

«Өлімнен ұят күшті»

7 - тапсырма

Азамат


Өнер

Жігіт

Бозбала

Бойжеткен

«Жігітке жеті өнер де аз»


8 - тапсырма

Ақыл


Білім


Амал

Ой

Пікір

«Ақыл азбайды, білім тозбайды»



9 - тапсырма

Қайың


Ер жігіт

Терек

Емен

Қарағай

«Еменнің иілгені сынғаны, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені»

Жүргізуші:

Екінші кезеңнің қорытындысымен таныстыруға қазылар алқасына сөз берелік!

(Аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығады)


Сайыстың үшінші кезеңі «Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады. Сайыстың шарты бойынша екі кезеңнен озып шыққан сайыскер берілген сөздің қай салаға қатысты екендігін, немесе қандай мағына беретінін түсіндіруі қажет. Ендеше бірінші тапсырмаға назар аударалық!


1-тапсырма

Салт -дәстүр


Жалаңқат


Егіншілік

Ер сауыты

Аңшылық

Сұрақ: «Жалаңқат» сөзі не мағына береді және қандай салаға қатысты айтылады?

Жауап: «Жалаңқат» - еш астарсыз, жалаң қабаттан

тұратын батырлардың сауыты


2 тапсырма

Ыдыс


Қолүздік

Сый-сыяпат

Киім

Тағам

«Қолүздік» - қандай да бір іске көмектескендерге

үйдегі бәйбішенің жасайтын сый-сыяпаты

3-тапсырма


Мата



Торқа


Жиһаз

Қару

Құрал-сайман


«Торқа» - ең қымбат жібек мата



Шарт бойынша озып шыққан сайыскер жеңімпаз атанады. Жеңімпаздың сыйлығы тапсырылады.

Жүргізуші:

«Сөз мерген» - тапқырлардың тұлпары,

«Сөз мерген» - ұшқырлардың ұраны.

«Сөз мергенге» жиналады тек қана

Білімді мен біліктінің құрамы.-

деп, бүгінгі білім сайысы өз мәресіне жетті деп жариялаймыз. Келіп, тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет. Көріскенше күн жақсы болсын!


Соңы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Тәрбие сағаты "Сөзмерген" зияткерлік сайысы

Автор: Балмағамбетова Айгүл Жақсыбекқызы

Дата: 27.01.2017

Номер свидетельства: 384659


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства