Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіздікке 20 жыл. Т?рбие са?аты »
Сабақтың мақсаты:Тәуелсіздікке 20 жыл.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту.
Көрнекілігі: ҚР картасы, бүктемелер.
Мұғалім:
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Басымызға ноқта киіп, аяғымызға арқан байлағалы 260 жыл болған екен. Бодандықтың бұйдасын о баста өзіміз тілепалғанымызбен, өз еркімен қосылған елдің «еңірегенде етегін жасқа толтырып, тілеп алған аурудың емі жоқ» - дегендей, елімізден де жерімізден де айырылып қала жаздық.
«Мың асқанға – бір асқан», «Ақ көңілдің аты арып, тоны тозбайтынын» ежелден-ақ өсиет ете білген, қаншалықты мың өліп, мың тіріліп жүрсе де атар таң мен шығар күннен күдерін үзбнген туған халқымыз, ақыры тәуелсіздін алды. Тәуелсіздік үшін өмір-бақи күрескен халық, тәуелсіздік үшін қанша қайғы қасірет шекті десеңізші.
«Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат» атты тарихм шеруді бастаймыз! Тәуелсіздіктің белгісі – Алтын адам, барыс.
1-оқушы.
Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым?
Бәлки сақ, бәлки бір ғұннан тудым.
Деп шатыпты біреулер «күннен тудым»
Жоқ ,сірә, мен қара құл күңнен тудым.
2-оқушы.
Тағзым саған!
Азаттық арман жырым.
Дәлелдедің ділсіздің жалғандығын.
Ар-ожданы сақтардың Тұмар патша
Сонау сақ пен ғұндардан болған мығым.
3-оқушы
Жерімізде жау қолы жосығанда,
Тура айтуға тірі тіл жасығанда,
Жалғыз дауыс домбыра емес пе еді?
Қарсы барған қаныпезер Жошыханға.
Мұғалім: ХХ ғасыр басында әлемдік ауқымда асқынған ұлт-азаттық қозғалысына ат салыса алатынадай саяси күштер қазақ халқынан да табылды. Олар қуғын-сүргіге ұшыраған А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Шоқай, М.Дулатов сынды арыстарымыз. Алаш азаматтары өз заманындағы әлемдік ұлт-азаттық қозғалысы көсемдерінің қай-қайсымен де иықтас тұра алады. Тап сол жылдары ұлт-азаттық қоғалысының мұншама шарықтауына тағы да сол мәдени-эволюция заңдылықтары себепші болған-ды.
Қазақ жері бір кездегі қасіретінен енді арылып келеді. Кеңес одағы тұсында құнарлы аймағымыздың 18 мың шаршы келометрі сынақ аландарына бөлініп берілген-ді. Соның 88% бүгінде радиациялық қаупі жоқ деп танылады. 8% әлі зерттелу үстінде.
Д.А:Қонаевтің тағдыры Кремльде шешілді. 1986 жылы желтоқсанның 16-сы күні таңертеңгілікті Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің V Пленумы болды. Пленумды СОКП Орталық комитетінің хатшысы Разумовскийдің ұсынысы бойынша, бұған дейін СОКП-ның Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген, республикаға мүлдем бейтаныс адам – Колбин тағайындалды.
Біздің жастар 1986 жылы желтоқсан айында Алматыда және басқа қалаларда ереуілге шықты. Көтеріліске шыққан жастар, көбінесе студенттер болған. Олар сол жолда құрбан болды. Армандары толығымен іске асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Өкініштісі, құрбан болған боздақтардың осы күге жетпеуі:
Желтоқсан туып ...
Шашырап жатыр ақ мамық,
Желтоқсан түні тұрғандай мұңын ақтарып.
Шыңғырған дауыс естіліп қалып құлаққа,
Теңселіп кеттім,
Үзіліп кетуге шақ қалып.
Сабақтың тақырыбы: «Бірлік» деп соғар жүрегіміз
Мақсаты: Оқушылардың Отан, туған жер, қазақстан, Тәуелсіздік туралы ұғымдары кеңейту үшін; Ой-өрісі, сөйлеу тілі мен жазба тілі, шығармашылық қабілеттері дамыту;Отанын сүйетін, елін, жерін қорғай білетін патриот болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар екі топқа бөлінеді.
І топ – «Қазақстан»; ІІ – «Астана».Әр топтың ұстанымы болады.
Қызығушылықты ояту. «Шаттық шеңберін» құру.
Күн бейнесі.
Мұғалім:
Балалар сендерді алдағы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Еліміздің намысты, білімді азаматтары болыңдар.
Оқушылардың бір-біріне тілегі.
Жаңа күннің бастаулуымен құттықтаймын.
Бүгінгі күніңе қуанышты көңіл күй тілеймін.
Саған көп жақсылық тілеймін.
Саған зор денсаулық тілеймін. Ешқашан ауырма.
Сендей сыныптасыма болғанына қуаныштымын.
Бүгінгі сабақтан 5 алуыңа тілектеспін.
Үнтаспадан әдемі әуен ойналады.
Мұғалім:
Балалар, бір сәт тыныштыққа беріліп, көзімізді жұмып, көз алдымызға кең даламызды, асқар тауларымызды, әсем көлдерімізді елестетейік. Мұқағалидің мына өлеңіне құлақ түре отырайық.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем...
Осы өлеңдегі негізгі ой не деп ойлаайсыздар?
Туған жер, Отан, оған деген сүйіспеншілік.
Отан дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІ. Мағынаны тану.Екі топқа мәтін таратылады.
А) «Аралас оқиғалар» стратегиясы
Мәтінді оқып, ондағы оқиғаларды ретімен орналастырады.
Тәуелсіздік (Желтоқсан оқиғасы)
Қазақстан (Тәуелсіздік алуы)
ІІІ.Ой толғаныс
І топ. «Туған ел» туралы әңгіме (мәтін)
ІІ топ. «Астана туралы өлең шығарады.
Отан
Сабақтың мақсаты: Мүшел жас
Мақсаты: Оқушыларды мүшелі жасты санау есібімен таныстыру. Мүшел жас туралы түсінік беру. Оқушылардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту. Ата-аналармен жұмыс жасау арқылы бала тәрбиесінде ата-ананың орнының ерекше екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: Хайуанаттар суреті, күн бейнесі, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: Сынып оқушылары отырғызылады.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім: Сабақты бастамас бұрын «Бақытты жанұя, ол қандай жанұя?» деген сауал бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер .
ІІ. Мүшел жас және мүшелдік күнтізбе.
Отбасында ерекше аталып өтетін, ерекше ьолып саналатын жас – мүшелі жас. Мүшел жас, мүшел ғұрпы жайлы не білеміз?
Оқушы: Мүшел «12 жыл уақыт мүшел деп аталады». Қазақтың ұлттық ұғымында жас саны мүшел жасымен есептеледі. Халық даналығында осы қағида, шын мәінде, тапқырлық санақ есебі екенін әркімдер, тіпті ғылымның өзі де моыйндайды. Бұл тәсіл өткен жылдарды есептеуге де, адам жасын анықтауға да өте ыңғайлы, әрі бірден-бір оңай есептік жүйе. Мүшелдің алғашқы 13 жылдан бастап, кейін әр мүшел сайын 12 жылдан қосып отырады. Сонда екі мүшел 25, үш мүшел, үш мүшел 37, төрт мүшел 49 және одан әрі осылайша есептеле береді. Бұрын кісілер жасын айтқанда «бес мүшелден екі жыл астым» (63 жас), «алты мүшелге толдым» (85 жас) дейді. Мүшелдің 12 жылдан қайтарылуының өзі адам өмірінің елеулі кезеңіне сәйкес келеді. Мысалы,
бір мүшел (13) балалық,
екі мүшел (25) күш қаут толысуы
үш мүшел (37) жан-жақты толысуы
төрт, бес мүшел (49,61) кемелдену және . одан қарттық сәйкес келеді.
Тышқанн
сиыр
барыс
қоян
ұлу
жылан
жылқы
қой
мешін
тауық
ит
доңыз
Қорытынды:Әр жылға сипаттама беру.
Сабақтың тақырыбы: Қасиетті жеті санының сыры
Мақсаты: жеті саны ұғымына байланысты қастерлі түсініктер мен қағмдаларды дәріптеу. Елбасымыздың «Қазақстан – 2030»бағдарламасында «7» санын қастерлеп көрсеткенін айта отырып оқушыларды халық дәстүрін, Отанын сүюге, елін қастерлеу тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «7» санына байланысты кроссвордтар, сызбалар.
Түрі: пікірсайыс
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылар екі топқа бөлініп отырғызылады. Бірінші топ: «Жеті жарғы»
Ұраны: Жетелі елдің баласы, жеті жаста баспын дер,Жетесіз елдің баласы, жеті жаста жаспын дер»
Тәрбие сағатын ашу. Тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру. Тақырып жайлы алғы сөз.
Не құпия бар екенін кім білсін, әйтеуір қазақ баласы «3» , «5», «7», «9» сандарын қастерлеген, соның ішінде бүгін біз «7» санына тоқталайық. Кәне мысал келтіріңдер.
Оқушылар:
1 Жеті күн. 2.жеті қарақшы 3. Жеті ата 4. Жеті қабат жер 5. Жеті қазына 6. Жеті жарғы 7. Жеті дыбыс 8. Жеті нан.
Топтарды таныстыру. Әр топ аттарын және ұрандарын хормен айтып, төс белгілерін қорғау.
Мұғалім: Өте жақсы, аталған жеткіліктердің әр тармағын талдап, айтсақ әрқайсысы бір-біріне тығыз байланысты бірліктерін тұрады екен.
Жеткіліктердің әрбірін табиғат, өмір аясымен байланыстырса, баламасы былай болады:
1 Жеті ата – «хан»; 2 Жеті қарақшы – «көк тәңірі»; 3 Жеті – «уақыт» 4 Жеті қабат «тіршілік негізі» 5 Жеті қазына – «табиғат сыйы» 6 Жеті жарғы – «күш» 7 Жеті дыбыс – «сезім,көңіл күй» Плакатка жазылған сөздер ілінеді.
Мұғалім: Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басым мақсаттар саны да – жетеу. Ендеше осы жеткілік еліміздің белгісі де көрсетіледі екен. Сонымен сөз кезегі оқушылар тобында.
«Жеті жарғы» тобы.Еліміздің бірінші белгісі – ту.(сипаттау).
«Жеті қазына» тобы.Еліміздің екінші белгісі – Елтаңба.
«Жеті жарғы» тобы. Еліміздің келесі белгісі – Әнұран.
«Жеті қазына» тобы.Еліміздің төртінші белгісі – Қазақ жері деп танимыз.
«Жеті жарғы» тобы.Еліміздің бесінші белгісі – мемлекеттік тіліміз.
«Жеті қазына» тобы. Еліміздің алтыншы белгісі – теңге.
«Жеті жарғы» тобы.Еліміздің жетінші белгісі – «Ата Заң».
Мұғалім:
-Тәрбие сағатына қатысып, белсенділік көрсете алғандарына көптен-көп рақмет!
Сабақтың тақырыбы: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соңы ілер»
Мақсаты:Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдени мұрасын оқушылар бойына дарытып, теориялық білімдерін іс-әрекетпен ұштастыра отырып, ата-аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілерімен, имандылық, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу.
Әдісі: оқушылардан құралған командалар арасында сайыс.
Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер жазылған плакаттар қолөнердің үлгілері.
Мұғалім: «Ата-ана – бәйтерек, бала – жапырақ» деген дана сөз бар. Бәйтерек өз тамырынан қоректік заттар алып, оны жапырақтарына жеткізеді. Жақсы ата-ана да бәйтерек сияқты. Отбасында бала нені көріп өссе, соны бойына сіңіреді. Ұл мен қызды қалыпқ салғандай етіп шығаратын дайын, дайын қателестірмейтін қате жоқ. Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі – ол өзінің отбасы.
Бүгінгі оқушыларды біріктіріп, тәрбие сағатын өткізудегі басты мақсат: ол ата-ана – мектеп – оқушы болып, үщ жақты тығыз қарым-қатынас орнату. Өйткені біздің идеямыз, мақсатымыз, көздегеніміз бір. Ол егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтар тәрбиелеу. Ал бала тәрбиелеуде ата-ананың атқаратын міндеті, парызы ұшан-теңіз. Ендеше бүгінгі «Ұяда не көрсең, ұшқанда соңы ілерсің» атты тәрбие сағатын бастайық.
1-бөлім 1-топ «Бірлік», 2-топ «Ынтымақ».
Ортаға шығып өздерін таныстырады.
2-бөлім «Бәйге»
Сұрақтарға жауап беру, яғни жан-жақты білім деңгейін, сөйлеу мәдениеті мен ұлттық тәрбиені меңгеруін байқау.
Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына не жатқызар едіңдер?
Бала деген кім?
Ұлағатты ырым-тыйымдардың тәрбиелік мәні неде?
Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
Үйдегі алтын қазық кім?
3 бөлім «Құпия хат» баларға арналған хатты оқып, топпен жауап береді.
1-хат
Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй-ішін, нәрселерін, қылығын айтып мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңыздаршы?
2-хат
Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап-ойнап, үй тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен көшіртпесем «Сен сарасың» дейді. Мен не істеуім керек.
Мақсаты: Оқушыларды қазақ жігіті мен қызының бойна тән қасиеттермен таныстыру, мұны ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен байланыстыра білу және тәбие сағаты арқылы қазақ жігіттері мен қыздарының бұрынғы өмірі мен олардың киген ұлттық киімдерін таныстыру.
Көрнекілігі: қазақ қызы мен жігітінің суреті, ұлағатты сөздер.
Ұлағатты сөздер:
1.Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
2.Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі.
3.Жеті атасын білген ұл, Жеті жұрттын қамын жер.
Мұғалім:
Құрметті оқушылар! «Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап ұл өсер» дегендей, халқымыз жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлген. Бүгінгі өтетін «Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым» атты тәрбие сағатында тәлім-тәрбие туралы әңгімелесеміз.
Сұрақтар.
1.Қазақ халқында жігіттің үш жұрты бар дейді, соны кім айтар екен?
Бүгінгі тәрбие сағатын аяқтай отырып, сендерге халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын ұмытпай, қадірлеп жүргендеріне тілекттеспін.
Сабақтың тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты: білімді, жан-жақты болуға үйрету, білуге қызығушылығын арттыру, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға үмтылуын дамыту. Білімде дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: тірек-сызбалар, сұрақтар жинағы, сигналдық белгілер, сағат.
Мұғалім: Құрметті оқушылар сыныпта өткелі отырған «ХХІ – көшбасшысы» атты ойнымызға қош келдіңіздер. Ойынды бастамас бұрын ойынды бағалаййтын әділқазылар алқасын таныстырып өтейік. Енді ортаға ойыныларды шақырайық.
Ойыншымыз – Амалиева Нұрсұлу. Нұрсұлу бос уақытында кітапханаға барып, әдеби кітап оқығанды және тәтті тағамдарды сүйеді. Басты мақсаты оқу озаты болу.
Ойыншамыз – Шамбулов Айбек. Бос уақытында інісіне қамқор болуды қалайды, басты мақсаты – оқу, сүйіп ішетін тағамы анасының дәмді тағамдары.
Ойыншымыз – Қадыров Данияр. Данияр жақсы оқып, үлкен саналы азамат болуды арман етеді. Сүйіп ішетін тағамы қарапайым әжесінің тәтті тағамдары.
Ойыншымыз – мұхамеджанова Замира. Замира бос уақытында серуендегенді, музыка тыңдағанды, анасына еркелегенді.
І кезең – «Бәйге»
Мұғалім:
-Бұл кезеңде сіздер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысыңыздар. Жауабаңыз дұрыс болмаса, келесі бала жауап береді . әр дұрыс жауап үшін 10 балл алуға болады.
Сонымен бәріңізге табыс тілейміз!
1 сұрақ: ҚР-ның Тәуелсіздігі қашан жарияланды?
2 сұрақ: Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты?
3 сұрақ: Желтоқсан жұлдыздарын ата?
4 Сұрақ: Қазақстан рәміздерін ата?
5 сұрақ: Қазақстан халқы өзінің тұңғыш рет президентін қашан сайлады?
ІІ кезең – «Жеті жұртын тілін біл»
Күн мен түн теңелетін жыл мезгелі.
Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ.
Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй-ішінен табылған соң
Далаға кіріп шығар сапары жоқ. (мысық)
Жүз теңгең болғанша
Жүз ... болсын. (дос)
Футболшының алаңдағы ойын заты. (доп)
Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама (кітап)
ІІІ кезең – «қызықты жетілік»
Бұл кезеңде сіздер өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер.
20
40
30
20
40
30
40
20
30
20- Периметрді қалай табамыз? (Барлық қабырғаларын қосу арқылы)
20- Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? Қандай?
20- Қазақтың ұлттық аспабында ойналатын әуен (күй)
30- Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құралды қалай атайды?
30- Елтаңбаның авторлары кім?
30- Көкжиектің негізгі неше тұсы бар?
40- Ы.Алтынсарин қандай әдіс пайдаланды, нәтижесі бар
40- Дүние жүзіне саяхат жасап ел тарихын зерттеген зерттеушуі, саяхатшы кім?
40- Математкидағы көбейту заңдылықтарын атап көрсет.
ІV кезең – «Жорға»
Сиырдың пірі(Зеңгі баба)
Жылдан құр қалған жануар.
Бір заттын көлемін кішірейткенін көрсететін сан.
ҚР мелекеттік тілі.
Басты байлық.
Ел басқару саясатындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға.
Қара алтын.
Ұя салмайтын құс.
Ай.
«Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы.
Абайдың әжесі.
Көру мүшесі.
9*9
Алматыдағы мұз айдыны.
Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі.
Жеңімпазды анықтау.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән менен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар.
Сабақтың тақырыбы: Ел рәміздері – тәуелсіздік айғағы
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәмізддер, үнтаспа, кесте.
Барысы:
Мұғалім: Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсында да мемлекеттігінің белгісі – рәміздері бар.
Тәуелсіз мемлекет – егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілікпен қатар, бірқатар шарттары, басты-басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнділері – Елтаңба, Ту және Әнұран. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды.
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Оқушылар: Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз мемлекет, демократиялы мемлекет, зайырлы мемлекет, құқтық мемлекет және әлеуметтік мемлекет.
Демократиялық
мемлекет
Мемлекеттік рәміздер
Ата заң
Президенттік басқару
Жүйесіне негізделген
Ту
Елтаңба
Әнұран
Біздің еліміз – Қазақстан!
Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Републикасының әнұраны айтылады.
Мұғалім: Енді балалар, көк бұйрақтың жетілдірілген соңғы бейнесіне көңіл бөлейік. Тудың авторы еліміздегі дизайнер өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі, 1961 жылы Чехословакияда өткен халықаралық дизайнерлер байқауның алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.
1992 жылы 4 маусымда Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Ту шашаған сүйіп тұрып: «Мазмұнынаөрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қаситті Туы мәңгі сөнбесін» деген.
ҚР-ның мемлекеттік Әнұранның сөзін жазғандар – Жұмекен нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнінің авторы- Шәмші Қалдаяқов.
Балалар, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.
Еліміздің болашағы сендерсіңдер. Отанды сүюге, қорғауға әрқашанда дайын болыңдар.
Сабақтың тақырыбы: Даналар сөзі – ақылдың көзі
Сабақтың мақсаты: данышпан бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің мәнді сөздерін түсініп оқып, үйренуге және де адал тағылым алуға баулу. Ұлттық дәстүрін білуге талпындыру.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: үш бидің суреті, төсеніш көрпелер, плакатта тау суреті – жұмбақ тас, көлдер, шыңында шешендік сөздер өрнектіліп жазылған.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық.
І кезең. Мақал-мәтелдің айдын көлі.
Мен қойған сұраққа қатысушы мақалмен жауап беру керек.
Мысалы: Жыланды інінен қалай шығарамыз?
Жауабы: жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады.
Инемен құдық қазуға бола ма?
Қар жана ма?
Аппақ қарға бола ма?
Қой мен қасқыр ойлана ма?
Ең тәтті не?
Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
Кімнен кім жаман?
Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
Тауық түс көре ме?
Көрдім, көрмедім дегендер неше сөз?
Оттан да ыстық не?
Отқа түсіп күймеуге болады ма?
ІІ. Кезең: Енді мына сөздерге өсиет құрастырайық.
Жетім
Надан
Қиын
Қымбат
Қасиет
Сөз
Жақын, жаман
Қонақ
Шешен
ІІІ. Кезең: Ақындар жұмбағынан.
Алла жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып, әлі жатыр.
Кезек-кезек жығысып, жатып, тұрып.
Кім жығары белгісіз, түбінде ақыр.
ІV.Қорытынды: Ал балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды көптеген өнегелі сөздер, білім, тәрбие жөнінде жазған ата-бабаларымыздың өсиеттерінен көп-көп мағұлұмат алдыңдар. Бабаларымыздың тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіндеген өсиеттерін өздеріңе мұра тұтындар.
Жаңа жұлдыз ауылының жалпы білім беру мектебі
Тәрбие сағаты:
Мұғалім: Сағымбаева А.Н.
2010 жыл
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ана тілінің қадыр-қасиетін ұғындыру, сүүіспеншілігін ояту. Тілдерін дамыту, мәнерлі сөйлету, ой-өрісін кеңейту. Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу. Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп, жеріне құрмет көрсете білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тіл туралы қабырға газеттері, нақыл сөздер.
Кіріспе сөз. Сіздерді өткір тілді, дарқан пейілді қонақжай қазақ тілінің «Тіл мерекесімен» шын жүректен құттықтаймын.
Мағжан ақын айтқандай: «Тіл адам жанының тілмашы, тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей қор болып қалар еді. Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, ұлт үшін қымбат. Ұлтқа тілінен қымбатнәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады».
Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз,дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек.
1-жүргізуші.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнімменен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
2-жүргізуші. Ана тілі – адам баласының жаралғаннан бері жан дұүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламатын бәйтерегі. Ана тілі жүректің терең сырларын халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын, ұрпақтан ұрпаққа сақтапотыратын қазына.