Хал?ымыз?а ?асырлар бойы арман бол?ан,ата? баба а?са?ан?т?уелсіздік.Т?уілсіздік? ?астерлі мереке.Елімізді б?л к?нге дейін жеткізген ?мытылмас о?и?алар? ел ?ор?ау со?ыстары ?лт азатты? к?телістері ата ?бабаларымызды? ?андай ауыртпалы?ты да к?тере білген, жасымайтын ас?а? жігерлі рухы, ?айтпайтын табандылы?ы ??шпес ?неге, ?лмес м?ра ретінде са?талуы тиіс. ?аза? ханды?ы ?бізді? тарихымызды? ?аза? еліні? бастауы.?аза? ханды?ы ХV ?асырды? ортасында ??рыл?ан.?аза? ханды?ыны? я?ни мемлекетімізді? негізін ?алаушылар Керей мен Ж?нібек.Олар к?шпелі ?збектерден б?лініп, Жетісуды? о?т?стік батысыны ?оныстан?ан.?аза? ханды?ыны? бірінші жылдары ?аза? хандары Сырдария ?алалары ж?не б?кіл Т?ркістан ?шін к?ресті.Парсы деректері бойынша б?кіл Т?ркістан дегеніміз, ол? Шы?ыс Дешті ?ыпша?, Жетісу, О?т?стік ?аза?стан жерлері бол?ан. Осы жерлеге с?лдандар бірінші кезекте ???ы?тарын орнату?а тырысты, ?йткені б?л м?ралы? жерлеріміз деп есептеді ж?не Сырдария бойында?ы ?алаларды? эконономикалы? ?скери стратегиялы? р?лі ?те биік болды. ХVI-ХVII ?асырларды? межесінде ?аза? ханды?ы мынадай ?алаларды? айма?тары кірді олар:Соза?, Сы?ана?, Сауран. ?асым хан хан бол?ан д?уірде ?аза? ханды?ын Батыс елдеріне танытады, М?скеу мемлекеті мен елшілік арасында ?арым - ?атынас басталды. ?аза? жерлерін ?айтадан толтыру?а ?рекеттер жасап, ойраттармен к?рескен ж?не Сібір ханы К?шімні? істеріне ?збек ханы Абдоллахпен ода?тас?ан Ха?назар хан (1538-1580жж.).Біра?,б?л ма?сат?а жетуге мынадай жа?дайлар кедергі жасады:оны? уа?ытында ?аза? шегарасына ?азан,Астрахан,одан кейін Сібір ханды?тарын жаулап ал?ан Орыс мемлекеті ?те жа?ындады.?азак даласына но?ай,баш??рт,сібір татарлары ш?бырды.Сырдарияда ?ара?алпа?тар пайда болды.Жетісуда ?лы ж?зді? ?аза?тарын ы?ыстырып,?аза? жерлерін
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіздік т??ыры »
«Манашы орта мектебі» ММ
Тәуелсіздік ‒ тұғырым
Орындаған : Жакашбаева Г
Сыныбы: 8 «Ә»
2015 оқу жылы
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған,ата‒ баба аңсаған‒тәуелсіздік.Тәуілсіздік‒ қастерлі мереке .Елімізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар‒ ел қорғау соғыстары ұлт азаттық көтелістері ата ‒бабаларымыздың қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы ‒өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуы тиіс. Қазақ хандығы ‒біздің тарихымыздың қазақ елінің бастауы.Қазақ хандығы ХV ғасырдың ортасында құрылған.Қазақ хандығының яғни мемлекетіміздің негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек.Олар көшпелі өзбектерден бөлініп, Жетісудың оңтүстік батысыны қоныстанған.Қазақ хандығының бірінші жылдары қазақ хандары Сырдария қалалары және бүкіл Түркістан үшін күресті.Парсы деректері бойынша бүкіл Түркістан дегеніміз, ол‒ Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлері болған. Осы жерлеге сұлдандар бірінші кезекте құқықтарын орнатуға тырысты , өйткені бұл мұралық жерлеріміз деп есептеді және Сырдария бойындағы қалалардың эконономикалық әскери стратегиялық рөлі өте биік болды. ХVI-ХVII ғасырлардың межесінде Қазақ хандығы мынадай қалалардың аймақтары кірді олар:Созақ, Сығанақ, Сауран. Қасым хан хан болған дәуірде қазақ хандығын Батыс елдеріне танытады, Мәскеу мемлекеті мен елшілік арасында қарым - қатынас басталды. Қазақ жерлерін қайтадан толтыруға әрекеттер жасап, ойраттармен күрескен және Сібір ханы Көшімнің істеріне өзбек ханы Абдоллахпен одақтасқан Хақназар хан (1538-1580жж.).Бірақ,бұл мақсатқа жетуге мынадай жағдайлар кедергі жасады:оның уақытында қазақ шегарасына Қазан,Астрахан,одан кейін Сібір хандықтарын жаулап алған Орыс мемлекеті өте жақындады.Қазак даласына ноғай,башқұрт,сібір татарлары шұбырды.Сырдарияда қарақалпақтар пайда болды.Жетісуда Ұлы жүздің қазақтарын ығыстырып,қазақ жерлерін ойраттар алып алды,Мауреннахдағы өзаратартысты пайдаланып Хақназар Оңтүстік Қазақстан аумақтарнында,Орта Азияда бекігісі келіп еді,бірақ 1580жылы қаза тапты.Осы айтылғандар ХVI-ХVII ғасырлардағы қазақ хандығының бірсыпыра хандарының елеулі істері.Керей мен Жәнібек бастаған ел билеу істерін көптеген хандар жалғастырып,өздерінің даңғыл жолын қалдырған.Мысалы: Тәуке ханның “Жеті жарғысы„ Қасым ханның “Қасқа жолы„ Есім ханның “Ескі жолы „.Бұл айтылған заңдар сол кездегі бұлжытпас қағида болып есептелген.Себебі, осы заңдарды орындамаған адам қатаң жазаға тартылған.
Өзбек ұлысындағы терең дағдарыс Жәнібек пен Керейге Сырдарияның орта ағысы өңіріне,Түркістанға қайта оралып,ендігі уақытта бул аймақта жана мемілекеттің орталығына айналдыру үшін күрес жургізуіне мүмкүндік береді.1470 жылдан бастап Сыр өнірінде қазақ жасақтары көріне бастайды.Осы кезден бастап Шығыс Қыпшақ даласының далалы аудандары мен Сыр бойының орта сағасындағы қалалы орталықтарды өзіне қарату үшін әрекет ету ХV ғасырдың 70-80жылдары,алдымен Жәнібекпен Керей хандардың содан соң олардын мұрагері Бұрындық ханның негізгі арқауына айналады.Бұл жігерлі де мақсатты әрекет ХVғасырдың соңы және ХVI ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ хандарының қызметінде өз жалғасын тапты.Қазақ билеушілерінің Түркістан мен оның төңірегін дегі қалалық орталықтар үшін мұндай табанды күрес жүргізуінің өз себептері бар болатын.Қазақ хандары Сығанақты, Сауранмен қоса Түркістанның солтүстік жақ бетін, Қаратаудың Созақ және басқа елді мекендерімен бірге солтүстік және оңтүстік бет кейін, Сырдың төменгі ағысын, Арал жағалауын иемденді.ХV ғасырдың соңғы онжылдықтарында шайбанилықтар мен қазақ хандары арасындағы күрес Түркістан мен Қаратау өңірі үшін ғана жүргендей көрінгенімен, шын мәнінде , бұл күрес қазіргіОрталық және Оңтүстік Қазақстанның далалы аймақтарын мекендеген халықтарды да Жетісу,Түркістанның солтүстік бөлігін, Қаратау мен Сырдың төменгі ағысы өңірлерін билеген қазақ хандары осы аймақтарға жатқан дала халқын да біртіндеп өзіне қарата бастайды. ХVI ғасырдың соңы алғашқы қазақ хандарының қазақ мемлекетінің нығайта түсуге тікелей қатысты маңызды шараларды атқарған тарихи кезең болды.Орта Сыр өңірі қалалары ерте кезеңдерден дәстүрлі экономикалық, саяси және рухани орталық міндетін атқарып келді.Ал Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығы кезеңінде көшпелі мал шаруашылығы аудандары отырықшы егіншілік жазираларын жалғастырып жатқан бұл өңірдің стратегиялық маңызы артса түспесе кеміген емес.Сондықтан да қазақ хандарының жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттің болашағын тікелей Түркістан мен оның өңіріндегі Отырар,Сығанақ, Сауран, Сайрам, Созақ сияқты қалалармен байланыстыруы толық негізді шешім болатын. Дегенмен бұл мезгіл Қазақ хандығының нығая түсуінің алғашқы кезеңі ғана еді.Қазақ хандығының нғаюына көп септігін тигізген :хандар, жыраулар,батырлар және елшілер.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.
Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар, өткенге деген тағзымды са-лауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін осынау мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жаңа талаптарды алдымызға қойып отыр. Ата-бабаларымыздың жүрегінде тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.
Елімізді бұл күнге дейін жет-кізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, ата-бабаларымыздың қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы - өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс.
Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз.
Біздің халқымыздың ата-мекенді ардақтау сезімі өте терең. Олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген қасиеті, ежелгі дәстүр. Бұл таным, біздің жанымызға ана сүтімен дарыған. Халқымыздың «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өне-гелі істері – елін, жерін қорғау – бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу – парыз деген ізгі мұраты екен.
Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.
Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мү-шесі болып табылатын мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамасыз етілді. Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамудың берік іргетасы қаланды. Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды.
Қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да Отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді. Бүгінде Қазақстанның негізін қазақ халқы құрайды.
Одан кейін славян халықта-рының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек, немістер және татарлар. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол – елі-міздің Ата Заңы, Конституциямыз.
Тарихта талай-талай ауыртпалықты бастан кешірсе де, ешкімге басын имеген қазақ халқы қазір әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде. Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздігі нығая берсін, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!