kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

СЫНЫПТАН Ж?НЕ МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖА?ДАЙДА О?УШЫЛАР?А ЭКОЛОГИЯЛЫ? Т?РБИЕ БЕРУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі уа?ытта жас ?рпа?ты? жеке т?л?а болып  ?алыптасуына ізгілік, ?ылымилы?, ж?йелік ?станымдарына негізделген ?здіксіз экологиялы? білім беру ж?йесін ??ру, оны? т?рбиелік м?мкіндіктерін саралау ?зекті м?селелерді? бірі болып санал?анды?тан со??ы жылдары республика к?леміндегі мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптарда?ы экологиялы? т?рбие ж?мысы б?рын?ы ?алыптас?ан ба?дарламалада?ы “Балаларды таби?атпен таныстыру” б?лімінен бастау алады. Ал таби?атпен таныстыру – балаларды? тынымын дамытуда?ы басты ??ралдарды? бірі. М?нда  балаларды? ?орша?ан орта  ж?ніндегі ??ым – т?сініктерін  байытатын жалпы ж?не  на?ты  ?ылыми  м?ліметтер алуыны? ма?ызы зор. Таби?атпен  таныстыру барысында “Таби?ат –б?кіл тіршілік атаулыны? ?ясы, тал бесігі,  ?сіп ?нер мекені” екендігі ж?нінде на?ты т?сініктер беріледі. Кейінгі он жылды?та  мектептке дейінгі ж?не бастауыш сынып балаларыны? тірі ж?не ?лі таби?ат?а деген с?йіспеншілік ?арым – ?атынасын т?рбиелеу ма?сатында таби?атпен таныстыру, я?ни таби?атты ?ор?ау – экологиялы?  т?рбие  ж?мысымен ?штастырылады.Мектепте экологиялы? т?рбие ма?ызды орын алады. О?ушыларды таби?атты ?ор?ау?а ша?ыру ма?сатымен т?рлі ж?мыстар ж?ргізілу керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«СЫНЫПТАН Ж?НЕ МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖА?ДАЙДА О?УШЫЛАР?А ЭКОЛОГИЯЛЫ? Т?РБИЕ БЕРУ »


СЫНЫПТАН ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖАҒДАЙДА ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналғандықтан соңғы жылдары республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптардағы экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарламаладағы “Балаларды табиғатпен таныстыру” бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру – балалардың тынымын дамытудағы басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым – түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында “Табиғат –бүкіл тіршілік атаулының ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені” екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Кейінгі он жылдықта мектептке дейінгі және бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым – қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау – экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылады.

Экологиялық тәрбие –жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелесі байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар:

а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасымен өзара қарым – қатынасы, біртектес өмір сүру ортасына ие болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі,

ә) өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір – бірімен қарым – қатынаста болуы.

Оқушылармен экологиялық мақсаттағы ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарының маңызды шарттарының бірі-физиологиялық психологиялық ерекшеліктерін есепке алу болып табылады. Мысалы, төменгі сынып оқушылары білуге өте құмар болып келеді, олардың қызықпайтыны жоқ; аспан мен жер, күн мен жұлдыздар, су мен ауа туралы белгісі кледі. Ал сыныбы жоғарылған сайын экологиялық жағдайлар және өзгерістері туралы белгілері келеді. Балалардың табиғатқа жан-жақты қызығушылығын ескере отырып, мұғалім оларға бағыт береді. Осы мақсатпен зерттеудің жалпыға қолайлы әдісі-бақылау әдісі қолданылады. Экологиялық тәрбие беретін сыныптан тыс жұмыстардың аса маңызды шарты-балалардыеңбегінің қоғамдық пайдалылығын сезіну, табиғатты қарауға және оған жауапкершілік қатынасының қалыптасуы. Егер оқушы өз еңбегінің табиғатқа пайдалы және қажетті екенін көрсе, онда ол жұмысты беріліп істейді. Сондықтан қандай болмасын жұмысты басталар алдында, ол істің практикалық маңыздылығын көрсетуге уақыт бөлу қажет.

Мектеп басшылары мен педагогтық ұжым оқушыларды тәрбиелеудің негізгі орталығы мектеп екенін жақсы біледі. Әр педагог сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың жүйесін ұтымды ойластыруға міндетті. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстардың мазмұны оқушының теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болған жөн. Сыныптан тыс экологиялық жұмысы материалының мазмұндылығы идеялық, методикалық сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты. Оқушыларға әңгіменің тақырыбын ұғындырып, материал табуға, ізденуге тапсырма берілуі қажет. Балалар мұғалімнің тапсырмасын орындай отырып, мәселенің мән-мазмұнына қанығады, пайдалы жағын ұғады. Сыныптан тыс экологиялық жұмысын жүргізгенде, еңбек және эстетикалық тәрбиенің қалыптасуына жүргізілген жұмыстардың әсерінің болуын қарастырған жөн.

Мұғалім сыныптан тыс экологиялық жұмыстарға оқушыларды түгелдей қытыстыра отырып, ұялшақ, бұйығы, нашар үлгеретін балаларды танып біледі, оларға нақты көмек көрсетуге, қабілетін арттыру үшін іске үздіксіз жаттықтыруға міндетті. Мұның өзі жүйелі және жоспарлы шығармашылық еңбек арқылы іске асады.

Сыныптан тыс экологиялық жұмыстарды жүргізгенде, оған оқушыларды көптеп қатыстыру жағын ойластыру керек. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстар қабілетті кейбір оқушылардың үлесіне тимей, барлық оқушыны қамтитын дәрежеде болады.

Оқыту мен тәрбие жұмысы тұтас процесс есебінде оқушының ақыл – ойын жетілдіріп және моральдық адамгершілік сапасын қалыптастыруға бағытталуы керек.

Сыныптан тыс экологиялық жұмыстарды негізгі екі бағытқа бөлуге болады: біріншісіне оқушылардың жалпы жан- жақты тәрбиесі жатады. Әсіресе шәкірттерді саяси - идеялық, моральдық – адамгершілік, еңбекшілдік , эстетикалық жағынанан тәрбиелеуге және олардың тәртібін нығайтуға көңіл бөлу керек. Бұл бағыттағы жұмыстар мектептің жылдық жоспарында көрсетіледі.

Екінші бағыттағы мәселелерге жастары шамалас оқушылар тобынна арналған сыныптық жұмыстар. Бұл сынып жетекшісінің жұмыс жоспарында көрсетіледі. Жұмыстың бұл бағыттағы түрлеріне оқушылармен әңгіме, шәкірттердің жеке кітап оқуы, оқылған кітаптарға конференция ұйымдастыру, музыкалық шығармаларды тыңдау және сол бойынша балалармен әңгімелесу, баяндамалар жасату, балалардың тақпақ, өлең, ертегі айтып беруі тарихи оқиғалар туралы әңгімелер айтқызу, монтаждар құрастыру т.б. жатады.

Сыныптан тыс экологиялық тәрбие жұмыстарында педагогтар мыналарды есте ұстағаны абзал:

  1. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстарға оқушыларды түгелдей қамту

  2. Әрбір оқушылардың талап - тілегі мен қабілетін ескере отырып тапсырмалар беру.

  3. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие жұмыстарының процесінде балалардың инициативасын үздік дамыту және қоғамдық тапсырманы ықыласпен жақсы орындағандарды мадақтап отыру.

  4. Балаларды қоғамдық істердің ұйымдастырушысы болуға және жетекшінің айтқанына бағынып, тәртіп сақтауға дағдыландыру.

  5. Балаларды жоғары идеялықтың үлгі - өнегесіне, ғылым негіздерін үйреніп білуге тәрбиелеу.

  6. Сынып ұжымын білімге, жаңаға құштар да асқақ арманды ұшқыр, ойлы шабытты етіп тәрбиелеу, үздіксіз алға ұмтылдырып отыру.

Сыныптан тыс экологиялық жұмысының түрлері көп. Қандай формада жүргізуді сынып жетекшісі таңдап алады. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие жұмыстарының мектеп баспасөз кғонференциясы, мектеп радиогазеті, конкурстар тақырыбы, ауызша журналдар, белгілі тақырыпқа әңгіме өткізу сияқты мәселелер жатады. Бұлардың әрқайсысын тақырыбына қарай түрлендіріп отыру жетекшінің шеберлігіне байлаысты. Шамамен осындай тақырыптарға үлгі материалдар беріледі және тақырыптық тізімдер көрсетіледі. Материалды тауып, оны жоспарлап алу- әр жетекшінің міндеті. Сабақтан тыс уақытта оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар мыналар: оқудан және сабақтан тыс жұмыстардың етене бірлігі, оқудан тыс уақытта әрбір оқушыға оның мүддесін, бейімділігі мен қабілеттілігін ескере отырып, пайдалы іс тапсыру; жоғары идеялық пен мақсаттылық, қоғамдық пайдалы бағыттылық, сан алуандық, тартымдылық, сыныптан және мектептен тыс істердің романтикасы; оқушылардың өзін- өзі басқару ұйымдарының рөлін арттыру; мектептердің, мекептен тыс мекемелер мен ұйымдардың өзара әрекеті; оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруға жұртшылықтың, ата- аналардың қатысуы болып табылады.

Осы талаптардың кейбіреулерін толығырақ қарастырып көрелік.

Оқудан және сыныптан тыс экологиялық жұмыстардың оқушылармен етене бірлігі. Сыныптан тыс уақытта оқушылардың белгілі мақсаттағы іс- әрекеті бүкіл тәрбие жүйесіндегі құрамды бөлік болып табылады. Сыныптан тыс экологиялық жұмысының нәтижелері мектеп оқушыларының білімге деген құмарлығы, қоғамдық істерге қатысу талабының қаншама дамығандығымен анықталады. Сыныптан тыс экологиялық жұмысы едәуір дәрежеде сабақ үстінде басталады да, сол жағдайдың өзінде оның логикалық жалғасы болып табылады. Оқыту әдістері неғұрлым жетіле түскен сайын үйірмелерді, конкурстарды, олимпиадаларды және т.б. ұйымдастырудың да қажеттігі соғұрлым арта түседі. Қандай да болсын пәнге мектеп оқушылардың қызығуын арттыруды оқу программасының шеңбері іс жүзінде қанағаттандыра алмайды. Оқу және оқудан тыс жұмыстардың бірыңғай жүйеде бір мақсатқа бағындырыла құрылуы қажеттігі осыдан келіп туады.

Мұндай жүйені жүзеге асыруда жалпы мектептік жұмыс жоспарының ролі зор. Ол мұғалімдердің әрқайсысына әр баланың бойындағы үздік қасеттердің бәрін дамытып, оның қабілеттері мен дарынының гүлденуіне толық жол ашатындай шараларды белгілеуге мүмкіндік береді. Егер мұнда сынып жетекшісінің, мұғалімнің, ата- ананың, жұртшылықтың ролі анықталған болса, мұндай жоспар соғұрлым пәрменді болады. Бірақ жоспар болғанмен де, ол істің табысты болуына кепілдік бере алмайды. Мектеп директоры, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы сынып жетекшілерінің қызметін үнемі бағыттап отыруы, тәрбие мәселелері педагогикалық кеңестер мен әдістемелік бірлестіктерге үнемі қамқорлық жасайтын пән болуы үшін үздік мұғалімдердің тәжірибесін таратуы қажет.

Сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бола тұра, бірдей ортақ принциптері де болады:

1. Сыныптан тыс экологиялық жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыру ерікті түрде іске асырылады. Бұл жұмыстардың қандай түріне қатысқысы келеді, қай түрін қалайтынын оқушы өзі таңдайды. Сыныптан тыс экологиялық жұмыс түрлері мен немесе мектептен тыс мекемелер жұмысымен оқушыларды қамту үшін (анкета тарату, әңгімелесу арқылы т.б. жолдармен) күн ілгері оқушыларды зерттеп білу қажет.

2. Оқушы қатыстырылған қандай жұмыстың түрі болса да оның қоғамдық бағыты болу керек. Оқушы өзі қатысып, айналысып жүрген ісінің қоғам үшін, адам өмірі үшін қажет, пайдалы іс екенін білу керек.

3. Сныптан тыс экологиялық жүргізілетін жұмыс түрін белгілегенде оқушы инициативасына, ұсынысына, құштарлығы мен құмарлығына сүйенген жөн. Бұл принцип әсіресе қазір ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені қазіргі халық белсенділігін қажетсінетін демократиялық бағыт жас ұрпақтың өсуіне осы талапты ерекше қояды.

4. Ұйымдастырылған жұмыс түрі оқушылардың белсеніп қатысуын тілейтіндей, ізденушілікке итермелейтіндей болу керек.

5. Балалар мен ұйымдастырылатын жұмыстардың бұл түрінде романтика және ойын басым болу керек. Көбінесе қызығушылық пен эмоциялық әсер етерліктей болғаны жөн.

6.Нәтижелі болуы үшін бұл жұмыстардың нақты белгіленген күні, мерзімі немесе айқын жасалған графигі болуы керек.

7.Тәрбие жұмысының кешенді түрде іске асырылу талабы үнемі сақталып отыруы қажет. Яғни жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бәрінде мақсат тұтастығы, көзделген міндет бірлігі, оның мазмұны мен жүргізілуге қойылатын талап белгілі қатаң сақталуы керек. Мұндай тұтастық пен бірлік баланың санасына, сезіміне және тәртібіне ықпал ету мүмкіндігін туғызады.

8.Соңғы жылдары сыныптан тыс экологиялық жүргізілетін жұмыстарға оқушыларды түгел қатыстыру принципі іске асырылуда. Мұның жақсы нәтиже беріп жүргендері де бар. Мұндай жүргізілетін жұмыстың мазмұны мен түрін балалардың ұғымына, жас ерекшелігіне сәйкес келетіндей етіп таңдау керек.

9. Барлық жұмыс түріне тартылатын оқушымен жұмыс жүргізгенде жас және дара ерекшеліктерін ескеру қажет.

Енді мектеп қабырғасында сабақтан немесе сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың түріне, ұйымдастыру жолына тоқталайық. Мектеп өмірінде кеңінен орын тапқан сыныптан тыс жұмыстың бір түрі – үйірме .Үйірмелер түрі: «Жас натуралистер», «Өлке танушы химиктер үйірмесі», «Табиғатты қорғау үйірмесі», «Орманды қорғаушылар үйірмесі» т.б. Бұларға мұғалімдер немесе ата- аналар арасынан мамандығы бар біреу жетекшілік етеді.

Сыныптан тыс экологиялық жұмыстың екінші бір тиімді түрі тақырыптық кештер мен ертеңгіліктер. Бұл жұмыс түрі оқушының танымдық мүмкіндігін кеңейтеді. Белгілі бір тақырыпқа арналып өткізіледі. Мысалы, «Табиғатты қорғау – сенің міндетің», «Мен және экология» т.б.

Оқушылардың адамгершілік қасиетін нығайтуда, табиғатты қорғауға деген көзқарасын қалыптастыруда, қоғамдық көзқарасқа сенімін арттыруда моральдық тақырыпқа арнап сұрақ - жауап кешін өткізу де өте қажет.

Үлкен тәрбиелік үлгі ретінде ықпал ету үшін мектепке қонақ шақырудың немесе кездесу өткізудің де мәні зор. Кездесуде де айқын мақсат болу керек. Қонақ жай мереке күніне келе ме, жоқ мамандықтың мән- жайын айтуға келе ме?,- деген сияқты күн ілгері тәрбиелік мақсаты анықталып отыру қажет.

Мектеп өмірінде бұрыннан бар, ал қазіргі өмір бағыты бұрынғыдан ерекше бір түрі – сайыстар, түрлі байқаулар мен олимпиада, турнирлер мен фистивальдар немесе тапқыр мен ептілердің, іскерлер мен шешендердің, ой тапқырлығы мен қимыл шапшаңдығын қоғамның болашағына үлес қосуға әзірленген кадрдың білімділігі мен іскерлік сапасын жақсарту міндетін іске асыру мақсатында ерекше тиімді. Сондықтан бұл жұмыстардың түрін кеңінен өрістету- бүгінгі күннің тілегі.

Оқушының елін, жерін жете тануда, өз өлкесін білуде тиімді жұмыс түрі - туристік және өлкетану жұмысы. Қазіргі уақытта жастарға өзі шыққан тегін, түп- тамырын жете білмеу, оны қадірлемеу сияқты айтып көбірек тағылып отырған жағдайда, олқылықтың орнын толтыру мақсатында бұл жұмыстардың тиімді екені анық. Мұражайлар жұмысы арқылы олардың тәрбиелік ролін арттыру үшін ондағы экспозицияларды, мұражай мүліктерінің орындарын жиі өзгертіп, оларды толықтырып, жаңартып, кейде жеке тақырыптық көрме түрлеріне айналдырып тарихи күндерге үндестіре өзгертіп отыру қажет.


Қолданылған әдебиеттер.

1.ҚР конституциясы 30-тамыз 1995жыл

2.ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы 15.07.1997.

3.ҚР стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы.

4.ҚР экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясы. 1997.

5.ҚР экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы. 1998.

6.Экологиялық білім бағдарламасы. 1999.

7.Сколан В.Н: Беседы о природе. М. 1969

8.Сидельковский А.П. Человек и природа. Формирование отношений. Ставропль 1975.

9.Соколов В.А. Природа и человек // Студенческий меридиан. 1977.№ 6 с10.

10.Зверов И.Д. Экологическое образование и воспитание как новая область педагогическии теории и школьной практики // Тез доклад конф Проблемы экологического образования и воспитания в средней школе. Таллин, 1980. С5.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
СЫНЫПТАН Ж?НЕ МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖА?ДАЙДА О?УШЫЛАР?А ЭКОЛОГИЯЛЫ? Т?РБИЕ БЕРУ

Автор: Жолбарысова Жаннар Амангельдыевна

Дата: 28.05.2015

Номер свидетельства: 215887


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства