kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ш.А.Амонашвилидің «Спешите дети, будем учиться летать» еңбегіне пікір.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мнение о книге Ш.А.Амонашвили а том как нужно воспитовать детей, как их нужно окрылять.  Слушать и щитатся мнением учеников.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ш.А.Амонашвилидің «Спешите дети, будем учиться летать» еңбегіне пікір.»

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлтты орталығы

Акционерлік қоғамының филиалы

ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің

Біліктілігін арттыру институты









Ш.А.Амонашвилидің

«Спешите дети, будем учиться летать» еңбегіне пікір.


















Орындаған: «Ш.Уалиханов атындағы

орта мектеп»КММ

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

БаймагамбетоваА.А.

Тексерген: курс тренері Зайсанбаева Гүлнар

Нығметқызы

2016-2017жыл


Ш.А.Амонашвилидің «Спешите дети, будем учиться летать» еңбегіне пікір.

«Спешите дети , будем учиться летать» еңбегінде Шалва Александрович бала тәрбиесіне ерекше көзқараспен қарап, тек ғана мұғалімдерге емес, ата-анағада баланы «қанаттандырыңдар» деген «үлкен» үндеу жолдайды. Ол жүрегінен шыққан үндеуін бүкіл адамзаттық қоғамға бағыштады деседе болады, себебі шығарманың мазмұнынан оқыған қалам іздері әр-бір адамға айтылған деп айталамын. Соның бір дәлелін баланың анасының құрсағында жатып , анасына естірталмаған жанайғай сөздерінен көрдім. Осы бір бөлімді оқып отырып , жүрегінде мейрімділікпен қайырымдылық сезімі бар адам, осыдан былай бала тағдырына бей-жай қарай алмайды. Дәл осы бір жерін оқығандардың бойында талай жақсы қасиеттер қайта оянып, басқаларға дұрыс жолды көрсететін ілім пайда болды деп сенемін.

Сонымен «қанаттандырыңдар»деген не? Оның астында қандай ойлар жатыр? Дүниеге сәби келсе, ол бейкүнә таза пәктікпен келеді. Бойында қоршаған ортаға, адамдарға деген ешбір жаман ойы жоқ. Бетіне қарасаң тек күлімсірейді, не күледі. Ондай таза кім, ол тек ғана періштелер деп ұғады адам баласы. Кішкентай сәбиін періштеге теңеп «ангелочек» деп еркелететіндік осыдан болар бәлкім. Қанат періштеде бар, сондықтан «қанаттандырыңдар», балаға қанат салып беріңдер деген автордың сөзі, баланың таза жүрегін таза күйінде сақтап тәрбиелеңдер деген ой. Ш.А.Амонашвили еңбегінде мысал етіп , Учитель, Он деп Ұлы Жаратушыны көрсетіп отыр. Себебі барлық тәрбиенің бастысы имандылық тәрбиесі. Ал иман деген не, ол сенім. Шариғатта адамға баласы аманат етілген, Қияметте кейін АллаҺ бергенін қайта дұрыс қалыпында қабылдап алады деген ұғым бар. Ал жүрегінде иманы бар , яғни сенімі бар адам осыған ерекше мән беріп жаман етіп баласын тәрбиелемейді.Осы арада екінші келетін философиялық ой «Тәрбиелеу дінсіз, имандылық тәрбиесіз мүмкін емес».

Шалва Александровичтың кейбір сөздері өте әсерлі , өзімді мұғалім ретінде, тіпті адам ретінде қатты ойландырып тұлғамды өзгертті. Соларға біраз тоқтасамба деймін. Біріншісі- «Человечество потому терпит бедствия, потому наша жизнь необлагорожена......Мы пожинаем плоды наших постоянных ошибок. Надо прекратить сеять причины, которые породят в будущем прискорбные последствия». Осыны оқып ойыңа қазақтың «Жақсы сөз, жарым ырыс»деген дана сөздері ойға түседі. Сонымен қатар орыс халқының «Все что не делается, все к лучшему» дегенін үнемі көз алдына қою керек. Баланы тәрбиелеуде , олар кейде қателіктер жіберіп жатса, мұғалімдер айып бетіне басып қатты кетіп жатады. Тіпті «адам болмайсың» деп оның болашағын болжап, балта шауып жатамыз. Ал айтылған сөз, атылған оқ, жоғарыдан аумин қағып алынса , болашақта жамандықта жүрген кешегі оқушының іс-әрекетіне қатысымыз бар екенін сезінбей жатамыз. Сондықтан болған істен жақсылық көру керек екенін ұмытпаңдар делінген. Екінші бір ойлары храм алдында қайыр сұраған балаларға айтқандары. Қоғамда қайыр тілеген балалардың бары, олардың үстінде тұрып пайда көріп отырғандар бар екені, ол пайданың бәрі Ұлы Жаратушы атынан сұралатындықтан асқан сорақылыққа аспан шыдай алмайтындығын айтады. Баланы қанатандырғанның орнына баланың бойына жеккөрушілік, ызақорлық, сенімсіздікпен өзіне-өзі сенбеушілікті салып бергенбіз. Үшіншіден: Адамдар ұшалмаса, балаларын үйретсін. Оларды биікке, алысқа, әдемі қанаттарын кеңінен салып үйретсін, ал ересектер құламасын деп артынан жүрсін дейді. Мұнда баланы жақсылыққа, ізгілікке, мейірімділікке т.с.с. жақсы қасиеттерге үйретсең өзіңде сондай жақсылықтарды басшылыққа аласыңда қоса ұшқандай боласың деп айтылады. Расындада баланы жақсы етіп тәрбиелеу үшін өзің оған үлгі-өнеге бола алмай істегенің бос әурешілік екенін еске салады.

Бүгінгі таңда , мына бір ақпараттық, ғылымның, технологияның жетістіктерімен адам баласының арпалысында, баласын қалай тәрбиелесем деген ой , талайды ойландырып жүр. Соларды шешу жолдары белгіленіп , осы бір шығармада көрсетілген.

Ш.Амонашвили кез-келген адам, мұғалім бала тәрбиесінде жақсылық дәндерін ғана сеуіп өсіру керек деген. Балаға дұрыс тәрбие берудің адам тағдырының, адамзаттың, тіпті Ұлы Жаратушының алдындағы үлкен жауапкершілік екенін ұмытпаңдар деп айтқандай. Себебі баланың жақсы болып өссе ол жақсылық әкеледі, жақсылықты өз баласына сіңіре алады. Тәрбиелеу жолы оңай болмаған, не бір қиыншылықты кезіктіріп иіп отырған жас шыбығымызды, қисайтпай түзу өсірсек, өзімізге жүктелген аманатты дұрыс орындай алғанымыз. Оқыта отырып, өзіміз де оқиық, тәрбиелей келе, өзіміз тәрбиеленейік. Оған мейірімділікті, сенімді, ізгілікті, сыйластықты, басқаларарды сүюуді көбірек қолданайық. Кез келген баланы «қанаттандыра» біліп , олар бізге қарай ұмтыла-асығып «ұшыра» білейік.

Жазған: Баймагамбетова А.А.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ш.А.Амонашвилидің «Спешите дети, будем учиться летать» еңбегіне пікір.

Автор: Баймагамбетова Айнур Адильбаевна

Дата: 07.11.2016

Номер свидетельства: 356119


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства