kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сара Тастамбек?ызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Талады?ор?ан ?аласы

Ба?тыбай Жолбарыс?лы атында?ы

 №18 орта мектеп лицейіні?

кітапханашы Ботаева Мария Данабатша?ызы

Та?ырыбы: «А?ын Сара-ту?ан дара» атты  (поэзия – жыр кеші)

Ма?саты: «Ескерткіштер елдігімні? белгісі» атты Талды?ор?ан ?ала к?ні аясында ?тетін жыр кешіне  поэзия с?йер о?ырмандарды ша?ырып, ?аза?ты? белгілі а?ын ?ызы Сара Тастанбек?ызыны? ?мірі мен шы?армашылы?ынан  м?лімет беру, ?нерін  насихаттау.

1-Ж?ргізуші:

Армысыздар ??рметті ?она?тар, ?стаздар, о?ушылар ж?не к?пшілік к?рермендер. Б?гін біз ?ала к?ні ?арса?ында ?ала ?кімі Ермек Амантай?лы Алпысовты? ?олдауымен ?аламызда?ы барлы? ескерткіштерді? ?асында т?рлі шаралар ?йымдастырылып, ?ала т?р?ындарымен, мектеп о?ушыларымен ?ткізілуде. Бізді? б?гінгі жиынымыз А?ын Сара Тастанбек?ызына арнал?ан ескерткішті? ?асында «Ескерткіштер елдігімні? белгісі» атты Талды?ор?ан ?ала к?ні аясында ?ткізіліп отыр?ан «А?ын Сара-ту?ан дара» атты поэзия – жыр кешіне ?ош келді?іздер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сара Тастамбек?ызы»

Таладықорған қаласы

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы

№18 орта мектеп лицейінің

кітапханашы Ботаева Мария Данабатшақызы

Тақырыбы: «Ақын Сара-туған дара» атты (поэзия – жыр кеші)

Мақсаты: «Ескерткіштер елдігімнің белгісі» атты Талдықорған қала күні аясында өтетін жыр кешіне поэзия сүйер оқырмандарды шақырып, қазақтың белгілі ақын қызы Сара Тастанбекқызының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, өнерін насихаттау.

1-Жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар және көпшілік көрермендер. Бүгін біз қала күні қарсаңында қала әкімі Ермек Амантайұлы Алпысовтың қолдауымен қаламыздағы барлық ескерткіштердің қасында түрлі шаралар ұйымдастырылып, қала тұрғындарымен, мектеп оқушыларымен өткізілуде. Біздің бүгінгі жиынымыз Ақын Сара Тастанбекқызына арналған ескерткіштің қасында «Ескерткіштер елдігімнің белгісі» атты Талдықорған қала күні аясында өткізіліп отырған «Ақын Сара-туған дара» атты поэзия – жыр кешіне қош келдіңіздер.

2-Жүргізуші:

Құрметті бүгінгі шараға жиналып отырған қауым. Бүгінгі шарамыздың арнайы қонақтарымен таныстырып өтейік:

Қалалық «Алатау» газетінің бас редакторы, танымал айтыс ақыны Айтақын Әбдіқалұлы Бұлғақов, көптеген айтыстарды жүлдегері қаламыздың тұрғыны А. Жанатбек, _____________________________________________________

Қызымын Тастанбектің атым Сара,

Жасымнан жылап өскен мен бір бала

Он үште өміріме ор қазылып,

Жүрекке өшпестей боптүсті жара, - деп басталатын өлең жолдары бәрімізге мектеп кезімізден таныс. Тастанбекқызы Сара (1853-1907) - атақты суырып салма ақын, сөз майталманы, айтыс өнерінің қайталанбас шебері. Алматы облысының Қапал ауданында дүниеге келген. Руы Найман. Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы да тым ауыр да күрделі. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі немере ағасы Жайсаңбек «Өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіп келген Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы Жиенқұлға атастырады. Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының әрекетін естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп алады. Басы дауға түскен ақын қыздың сол кездегі ауыр тұрмысын бейнелейтін және өзінің тұзаққа түсу себебін көрсететін «Тұзақ» деген өлеңін шығарды. Бірақ бұдан Сараға жақсылық болмайды. Ақырында бар шаруа екі қажының қыздың қалың малын тең бөліп алуға келісуімен тынады.

2-Жүргізуші: Осылайша қаршадайынан басы дау-шараға түскен ақын қыздың бағының ашылуына осы кезде, 1906 жылы ойламаған жерден найман елін аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдында онымен айтысу үлкен себепші болады. Бұл айтыс Сараның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жаяды. Біржанмен айтыс 1871 жылы Талдықорған облысының Қапал – Ақсу өңірінде өтті. Айтыс бірнеше күнге созылды. Бұл айтыста махаббат, әлеуметтік мәселелер қозғалса, әйел теңдігі, адам тағдыры, ақындық өнер, әдет-салт жайлары жан-жақты жырланады. Біржан мен Сара әңгімені амандасу-көрісуден бастап, келе-келе ұзақ сүреге түседі. Екеуі де алғыр, елге атағы шыққан әйгілі ақын екендігін танытады, бірін–бірі қорқыта, шошындыра сөйлейді. Біржан Сараның аяғын аттатпай бірден апшысын қуырып, ақын қызды ықтырып алмақ болады. Алайда Сара Біржанның айбарынан үрейленбейді, оған өзінің ақындық-әншілік өнерін кем санамайтынын сездіреді. Біржан осындай ардақты, ақылды Сараның бір жаманға қор болып бара жатқанын айтады. Бұған қатты қамыққан Сара айтыс үстінде ел-жұртынан басына теңдік беруді сұрайды. Біржан Сараның бұл айтысы атақты екі ақынның өнер жарысы, сөз сайысы ғана болмай айтыс жанрындағы әлеуметтік мәні зор тың тақырыпты әйел теңдігі мәселесін көтереді.

1-Жүргізуші:Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған ақын қыздың тағдыр тізгінінің өз қолдарынан сусып, шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке керенеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасында теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады. Теңдікке жетіп, теңіне қосылып, көзі ашылғандай болған осындай күндердің бірінде Верный қаласынан Әбіштің (Әбдірахманның) сүйегін алып қайтқан жолда Қапалда Абайға көңіл айтуға келген Найман елінің игі жақсылармен бірге Сара да келіп, ұлы ақынмен көріседі, аяулы баласынан айырылған ауыр қайғысына ортақтастығын білдіреді. Жастай жоқшылықты көп көріп, ауыр тұрмысты бастан кешкен теңсіздіктің зардабын шегіп, қайғы мұңды серік еткен ақын қыз көп ұзамай ауруға шалдығып, жалғанның қызығын жарытып көре алмай, ерте көз жұмады.

2-Жүргізуші: Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», « Жайлауда», « Әбіштің аруағына», « Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар.

Ақын Сара 1853 жылы туып, 1907 жылы өмірден өткен. Әкесінің лақап есімі Тастанбек. Ағаштан түйін түйген шебер болған. Азан шақырып қойылған есімі Сұлтанбек. Отыз жеті мүшел жасында, Сара туған соң қайтыс болған. «Қорлық» деген өлеңінде Ақын Сара: «Құдай-ау, әкемді алдың туа сала, атанттың жесір кемпір, жетім бала», дейді. Анасының есімі Жанкөшке, қайнар Шынқожаның қызы. Ақын Сара өте сұлу болған. Ол өзін: «Қамысты терең көлдің сұқсырымын», – дейді. Сұқсыр үйрекке теңеуі, ондай үйрек өте сақ болады. Оны Қаршыға мен Лашынның ең ұшқыры алады. «Күй тартсам бал тамады бармағымнан» деп Құдайберген айтқанындай, Сара күй де шерткен, «Туған елім, өскен жерім» деген өлеңінде ақын Сара:
1-оқушы:

«Тастемір, Сақай, Тұңғат ата-тегім,

Жақсылар жібермеген жауға кегін.

Үш матай: Кенже, Аталық, Қаптағай,

Тұлпардың тұяғы боп туған едім.


2-оқушы:

«Көкжайдақ» туған жерім, тегіс екен,
Алқабы арық, тоған, егіс екен.
Жаратқан жан бергенге дән берген ғой,
Жегенім сол жерімнің жемісі екен», – 
деп ата-тегін, өскен жерін толғаған.

3-оқушы:

Сара туралы Азынақұлұлы Ахмет ақын:
«Қобызшы Байсақ күйші көрген бала,
Талпынады оның айтқан әнін сала.
Қобызды қоңыраулатқан өнерлі адам
Тұрғандай бар қауымнан жеке дара.
Ынтығып ықыласпен тыңдағанда,
Күй қонад көкейіне көкірек жана.
Құмарта күйге ұмсын жүргендердің,
Ішінде ерекшелеу еді Сара - деп жырлаған


4-оқушы:

Ақын Сара жас кезіндегі ауыр халы мен қолына домбыра алғанын өз өлеңінде:
«Қызымын Тастанбектің атым Сара,
Жетім боп жарлы өскен мен бір бала.
Тұрмыстан өспей жатып таяқ жедім,
Болса егер тағдыр сондай, қанша шара.

Жетім деп кемсінбесін мені ағайын,
Қорланбас қорлағанға сөзім дайын.
Аумағы ат шаптырым тастемірдің,
Айнадай, алақандай білем жайын.

Қызы едім Тастанбектің атым Сара,
Елінен шығып жүрген мен бір бала.
Қолыма он үшімде домбыра алып,
Келемін бір сүрінбей жеке дара», – 

5-оқушы:

Ақын Сараның жайнап түрлене, әйел теңдігі «азаттыққа» ұмтылып бекігенін, ақындық өнерінің дәріптелуі туралы Азынақұлұлы Ахмет ақын:
«Ән салып, жиын болса Сара сайрай,
Ішінде сансыз топтың отша жайнай.
Түрленген топ ішінде тоты құсша,
Бастады көргендердің іші қайнай.

Ақын қыз ақ алмастай әнмен сермеп,
Төгілтті сөз маржанын терең тербеп.
Қоғадай топтың басын жапырады,
Қосыла домбырамен қолдағы ермек.

Елдегі жігіттерді ақынсымақ,
Айтысшыл, әбиүрсіз, батыр сымақ,
Қатты айтып, қарсы келсе қателерін,
Жаныштап тастайтұғын батыл сынап.

6-оқушы:

Алдынан адам шықпай бара-бара,
Сайрады Сара топта жеке дара.
Найманның тұғырдағы бұлбұл құсы,
Атанды ақырында ақын Сара.

Сараның ақындығы болды ерекше,
Айтысқа жармаспайтын жәй ерекше,
Жыр қылып заман сырын, тұрмыс мұңын,
Айтатын адамдардай жайы келсе.
Тастанбек өз әкесі жастай өлген,
Емес ед есейгенде көзі көрген.
Көр басып, ұмыт қалған әке атанып,
Ақын қыз елге аян қып шығарды өрден», – дейді.


7-оқушы:

Ақын Сара теңдік жайын, арманы, еңірегені, бір теңі болмағаны туралы елден жасырмай: 
«Қызымын Тастанбектің атым Сара,
Арман көп, аузыма халқым қара.
Қорғалар көп ішінен бұта таппай,
Шырылдаған боз торғай мен бір бала.

Еңіреттің ерте бастан туған елім,
Кір жуып, кіндігімді буған елім.
Кең жатқан садыр, матай елдерінен,
Бір теңім болмады ма, ұлдан менің?

8-оқушы:

Жеткізіп сабырлықпен ұстап бақпай,
Бәйге қып, топқа қосып, тұмар тақпай.
Желкемді көктейінен қидыңдар да,
Бөріге байлап бердің жетім лақтай.

Несіне жасырамын елім сенен,
Еріксіз бір жетіммін, дертім терең.
Адамда құтыла алмас құлға бердің,
Көрдіңдер қанша жазық, жапа менен?» – 
деп зарлаған. 

1-Жүргізуші: Үш матайдың тотысы атанған Сара қалай «ақ бата, ақ қой қаны» торға түсті? Оны Сараның өзі «Тағдыр тәлкегі» деп топталынған дастанда айтады. Дастанды ақын Құдайбергеннен алып, 1938 жылы мұрағатқа тапсырған Қалел Сейсенбеков деген азамат. Дастанда Арнай болыс, Телібай би, Мүсәпір батыр жазықталады. Арнай Сарбасұлы 1869-1930 жылдары өмір сүрген. Бөрібай көтерілісінің 1930 жылы басташысының бірі болғаны үшін атылған. Оның болыс болғаны 1898 жылдың тамыз айы. Арнай болыстыққа Мырзағұлұлы Телібайдың ықпалымен өткен. Тегі Арнай, Телібай би болмаған, болыс болған, Мүсәпір Сараға қиянат жасамаған жандар. Қайта Телібай мен Мүсәпір Сараға азаттық әперуді қолдағандар қатарында.

2-Жүргізуші:Дастанда есімдері басқалардың орнына негізсіз аталып кеткен. Содан шатыс туған тәрізді. Сарамен айтысында Тәсібек ақын: «Өлеңім таусылмайды молдығынан, Сарбастың құтылмайсың зорлығынан», – дейді. Сондықтан Арнайдың әкесі Сарбас бидің қиянатынан Тастанбек жанұясы жапа шегіп, жоқшылыққа ұрынады. Тастанбек өлген соң, Сарбас оның үйелменін қасына көшіріп алған, Сахарияны жалға салып, жарытып ақысын төлемеген. Сараны шешесімен жақтыртпай, Абдыра ауылына көшіртіп тастайды. Тұрысбек қажының кіші әкесі Толқынның малын бағып, ақысын жардымды алмаған Тастанбектің інісі Жайсанбек жесір мен жетімге жаны ашып, Абдыраға келеді. Жас кезінен күреске түскен палуан Жайсанбек даладан бір мал сойып алып, Абдыраға әкеледі. Алғаны Толқынның малы болып, қолы ұзын Тұрысбек қажы іздетіп қудалаған. Сарбас би Тұрысбекті қолдап, ұрлықты Жайсанбектен көріп, Абдыраға келіп, тінтіп, қар астына тығылған етті тауып алады.

1-Жүргізуші:Сарбас би жақынын қорғамай, Тұрысбекті жақтап, Жайсанбекті Қапал түрмесіне айдатады. Жетім мен жесір мүсіркеген жандардың көмегімен тірлік кешкен. Қайыршылыққа да қол созған. Со жылғы қатты қыс пен жұтта Тұрысбек қажы қилы көз, барымташы Жиенқұлға ісі түседі. Жиенқұлдың жасы 45-тен асқан еді. Жиенқұл Маман-Тұрысбек малын қарап, аман қылмаққа уәде етеді. «Сәті түсті» деген оймен Тұрысбек Жиенқұлға қамалған Жайсанбекті «табан асты босатып ал» деп, түрмедегілермен келісіп қойғанын білдіреді де. Жас қызды атастырып әпермек ойын да жеткізеді. Жиенқұл қуана бәрін құп көріп, Тұрысбек қажының қайласымен Жиенқұлды түрмеден босатып, «қажының өзі құда болам» дегеніне одан келісімін алған. Сараның шешесі Жаншөке «өзді-өзі келісіп, болыпты сені соған атастырмақ» деп қызына ұқтырып, «азат болар жолыңды ізде» деген ақыл айтқан. Азаттық аңсаған Сара «ақ бата, ақ қой қаны» өзді-өзі серттесіп атастырған Жиенқұлға бармай, төрт-бес жыл күреседі. Омбыға немесе суға ағып өлмекші де болады. Ақылға салып, ақыры көп көмегімен көпшілікке жария жасауға бел буады. Ел іші жақсылары Есімбек, Арсалаң, Байсақ, Толғанбай, Шерубай, Телібай, Мүсәпір, Ахмет т.б. қолдауымен бостандықа ұмтылған.

2-Жүргізуші:Ақын Сара бауырында Ешкіөлместің тұңғыш рет «азаттық» деп, ту көтерген асыл жан. Сол «азаттық» алған дабылы бүкіл қазаққа, жан-жаққа естіліп таралған. Сара азаттығын өз өнері арқауында алған. Біржан сал «ақ батаны» бұздырып, Сараға теңдік әперген. Біржан сал:

«Омбыда Дюгамельге өтініш қып,

Қорғауға сол баланы талап қылдым.

Сарадай балғын қызға қамқорлық қып,

Құтқардым жауыздардың тырнағынан», –

деп ақын Сараға жасаған қамқорлығын өлеңмен баяндайды. Азаттық әперген «өкіл ағасы» Біржанға алтын білезігін ұсынған Сара «ағатай ескерткіш қып елге апар» деп сыйлайды. Біржан күлдария белбеуін «той жыртысы» деп суыртпақтап жыртып, көпке үлестіріп жіберген. «Мұра» атты өлеңінде Біржан сал:

«Салдым мен ою-өрнек асыл жырдан,

Тайдырмай аяғымды жалғыз қылдан.

Кездесіп наймандағы Сара қызбен,

Толғанбай айтыстырып, қисса қылған», деп айтқан.

1-Жүргізуші:Сәбит Мұқанов: «Біржан мен Сара айтысын көлденең біреу шығарды ма деген көңілге күдік туғызатын жағдай, айтыстың былай басталуында Біржан сал Сараның шешесі, сіңлісімен сөз қақтығыстырады деп айта келе, айтыс ақылмен өлшеніп шыққан, ішінде көлденең, артық сөз жоқ. Жазба әдебиеттің жақсы үлгілері сияқты», – деп ой қорытқан. Дана аталар Айымбетұлы Шүтембаев, Жылқыбаев Ерғали, Бейсебаев Бейсенбек, Мейрамбай Байтолықов жазбаларында: «Толғанбай ақын «Біржан мен Сара» айтысын үш дана қолжазба етіп жазған. Бір данасын өзіне қалдырып, бір данасын Маман, Тұрысбекке, тағы бір данасын Біржанға берген», – делінеді. Бостандық алған Сара ықтиярымен елі тасыбай Алтынбайұлы Бекбаймен (1852-1933 ж.ж.) тұрмыс құрған. Сұңғыла Жаймолда деген ата: «Бекбай ақын Сарамен атас, Сара есімді екінші әйелге үйленген. Бекбайдың үшіші әйелінің есімі Ұлтай. Ал, төртінші алған әйелінің есімін ұмыттым», – деп деректейді. «Ақын Сараның арнауы» атты өлеңінде Сара:

«Елудің үшеуіне келгенімде,

Дерт жеңіп, қалып барад өлеңімде.

Болды ғой қысқа менің қу өмірім,

Алпысқа жетпей бір күн өлемін бе,


Бір аз күн еңбек еттім дос, жаранға,

Өлеңім аз да болса мақтанарға.

Мені де «ұрпағым» деп, еске ал жұртым,

Сараның айтары осы аттанарда», – деп уайым шеккен.
2-Жүргізуші: Ақын Сараның сүйегі Үлгітірек шаруалығындағы «Үш Кәукен» деп аталатын жердегі тасыбай елінің қорымына жерленген. Басына кішкене кеңес дәуірі тұсында кішкене мәрмәр ақ тас қойылыпты. Ол туралы Т.Қалилаханов «Ақын Сара» кітабында жазады. Қазіргі «Ақын Сара ауы­лына қарасты Ақешкі суының бойындағы жеке тұрған зират ақын Сараға арнап салынғанымен онда оның мәйіті жоқ. Құр бір уыс топырақ әкелініп, соған кесене салынған деседі.

«Дара тұлға» атты кітап көрмесімен таныстыру үшін ортаға шақырамыз.

Құрметті шараға қатысушылар, назар салып тыңдағандарыңызға рахмет, осымен шарамыз аяқталды, қош сау болыңыздар.



Сараның «Қарлығаш» дейтін өлеңі

Ойланып терең ойға баттым ағай

Бір таңға көз іле алмай жаттым ағай

Жайдары жүрегіме от боп түсті

Әр сөзі сіздің жазған хаттың ағай


Сөзім жоқ жалғыз ауыз қарсы қояр,

Әр сөзің ем секілді-ақ дертті жояр,

Қорғаған бұтағыңмен бәйтерек ең

Қай жағынан болса да көңілім тояр


Таба алмас қазақ қызы сіздей аға

Етегін жел жаққа ұстап болған пана

Ақ жүрек, адал ниет, асыл сөзді,

Тең тұтқан ғылым, білім-артық баға,

Артық деп айта алмаймын сізден басым

Қыз алып, қызық көрер қамал жасың.


Сырымның бір түйінін түйіп салдым,

Шешсін деп өзі аңғарып мағынасын

Гүл еккен қара тасқа бір қарлығаш,

Мәпелеп өсірем деп шыбықты жас

Тамырын балшық тасып орнықтырып,

Керекке тасушы еді аузымен ас.


Шырылдап қос қанатын көлеңке қып,

Қорғайтын гүл тамырын қызғанда тас,

Қондырмай гүл сусынын қоймаушы еді.

Тамшы қып ағызса да көзінен жас


Қарлығаш қанатымен су себелеп,

Өскені гүл болып шықты елден ерек

Сол шыбық мәуелі ағаш болған шақта,

Көбіне-ақ жан-жануар болды керек,


Құр мүжіп, күлін сормақ көп көбелек,

Шынарға жабылғанда өскен бөлек,

Мейірімді бір қыранның көзі түсті

Ерте ұшып қалықтаған тау көбелеп.

Шынардың басында еді құзғын қарға

Қожаңдап сұс көрсеткен басқаларға,

Тырнағын батырып ол гүл бүріне

Шайқалтып жас шынарды салған зарға


Қыран құс қиялап кеп шыңнан ұшқан

Қанатын қағып өтті қарға тұстан,

Сол құстың қанатынан соққан желден,

Шынардан құрт, көбелек, қарға да ұшқан.


Баяғы бейнет көрген жас қарлығаш,

Гүл егіп, тырнағымен қашаған тас.

Қыранға мың бір рахмет алғыс айтып,

Жүректе – қуаныш, көзінде – жас.


Ойлады ол өзімдік деп енді шынар,

Кетті деп құрт, көбелек гүлге құмар,

Шынарға енді өзі ұя салып,

Егемен ед еңбек жемісін көңіл тынар


Батырдай қорғау үшін туған елін,

Сата ма қанатының қыран желін

Мен бір жан қарлығаштың қамын күткен,

Ағатай әділдеп шеш осы жерін.



Қош бол, елім!

Бір кезде жұртым көріп көз жасымды

Жүргенде бір шапандық олжа сынды

Қанды көз қарақұстың тырнағынан

Босатып зорға алып ем өз басымды


Сонда бір қызыл гүлім сарғайып ең,

Жаралы жүрегімнен













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сара Тастамбек?ызы

Автор: Ботаева Мария Данабатшаевна

Дата: 20.11.2015

Номер свидетельства: 255846


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства