kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Салауаттану – болаша?ы?ды с?улелендіру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Зеленов ауданы К?шім ауылы К?шім ЖОББМ-балаба?шасы

П?н м??алімі: Сагынгалиева Маркиза Сибатовна 

Саба?ты? та?ырыбы: Салауаттану – болаша?ы?ды с?улелендіру

Саба?ты? ма?саты: балалар?а адам денсаулы?ыны? ?ымбаттылы?ын,  ?мір с?ру ?шін ?ажеттілігін, ба?алы байлы? екенін т?сіндіру. Балаларымызды с?лу да сымбатты, денсаулы?ы зор, к?шті болуы ?шін денені шыны?тыру, олар?а спортпен айналысуыны? ?ажет екендігіні? ма?ызын т?сіндіру. Салауаттану – адам жаныны? да, т?ніні? де тазаруы, денсаулы?ыны? жа?саруы, сонды?тан салауатты ?мір салтын ?йрету.

?олданылатын к?рнекіліктер: с?з ж?мба?, к?н макеті, г?лдер, буклеттер, ?анатты с?здер («Дені сауды? жаны сау» «Денсаулы? кепілі - салауаттылы?»)

Ж?ру барысы:           

О?ушылар ?ш топ?а б?лінеді.

І топ «Салауаттылы?»

ІІ топ «Болаша?»

ІІІ топ «С?улеленген ?мір»

М??алім: «Бірінші байлы? - денсаулы?» деп жайдан жай айтылма?ан. Алдымен адам?а денсаулы? керек. Адам баласын,ы? днесаулы?ы оны? жаны мен т?ніні? саулы?ынан ??ралады. Адам денсаулы?ыны? жа?саруы, рухани жаныны? тазаруы тіршілікте салауатты ?мір салтын ?стануда, салауатты ?мір кешумен байланысты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Салауаттану – болаша?ы?ды с?улелендіру»

Зеленов ауданы Көшім ауылы Көшім ЖОББМ-балабақшасы

Пән мұғалімі: Сагынгалиева Маркиза Сибатовна

Сабақтың тақырыбы: Салауаттану – болашағыңды сәулелендіру

Сабақтың мақсаты: балаларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Балаларымызды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болуы үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуының қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын үйрету.

Қолданылатын көрнекіліктер: сөз жұмбақ, күн макеті, гүлдер, буклеттер, қанатты сөздер («Дені саудың жаны сау» «Денсаулық кепілі - салауаттылық»)

Жүру барысы:

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

І топ «Салауаттылық»

ІІ топ «Болашақ»

ІІІ топ «Сәулеленген өмір»

Мұғалім: «Бірінші байлық - денсаулық» деп жайдан жай айтылмаған. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласын,ың днесаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы тіршілікте салауатты өмір салтын ұстануда, салауатты өмір кешумен байланысты.

Салауаттылық – адам тіршілігіндегі күнделікті өміріндегі қимыл-әрекет, тамақтану, ойлау, әдет, құмарлық, тұрмыстық қарым-қатынас, қимыл-әрекеттер жүйелерінің жиынтығы.

Ал салауатты өмір – жоғары саналы адамгершілік өмір, салауатты салт-сананың жоғары көрінісі. Сондықтан адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы ең алдымен салауатты өмір салтына қалыптастыру бүгінгі күннің жауапты парызы деп санаймын. Себебі ол – адам денсаулығының мықты тірегі. Сондықтан да балалар, біз салауатты өмір салтын ұстануымыз керек. Болашақтың иелері сендер болсаңдар, салауаттану келешегімізді сәулелендіру екенін ұғынайық.

Бүгінгі тәрбие сағатындаосы үш топ арасында «Тіршіліктің көзі – салауатты болашақ» тақырыбында сайсамыз.


1 – бөлім «Таныстыру»

I топ - «Салауатттық»

Ұраны: «Денсаулық кепілі - салауаттылық».

ІІ топ – «Болашақ»

Ұраны: «Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында».

Еліміздің жалғасы – біздер. Сондықтан біз еліміздің салауатты болашағы болғымыз келеді.

ІІІ топ - «Сәулеленген өмір»

Ұраны: «Денсаулығы ғаламның – денсаулығы адамның».

Салауатты өмір салтын ұстансаң, өзіңнің болашағыңды, өміріңді сәулелендіресің. Сондықтан біз тобымызды «Сәулеленген өмір» деп атадық.



2 –бөлім

Денсаулыққа байланысты өлеңдер оқылады.

1 – оқушы: денсаулық – ол шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

2 – оқушы: денсаулық – ол күлуің

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық –ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

3- оқушы: жан сезімін өзінің –

Көңіл-күйін сезімін.

Денсаулыққа жағымды

Көңіл шат, қуаныш

Сезімді рахат, жұбаныш.

4 – оқушы: біз – жүрекпіз өмір үшін соғатын,

Біз - өмірміз күнде көктеп толатын.

Біз – елміз, кіндігіміз ауылдың,

Күн сөнгенше сарқылмас қазынамыз.

5 – оқушы: Ғани Мұратбаев мектебінің жастары

Бүгін міне тамаша іс бастады.

Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

6 – оқушы: Ұрпақ керек ертіңгі алда,

Болашақты болжайтын

Дені таза, тәні таза,

Елін, жерін қорғайтын!


3 – бөлім

Денсаулыққа байланысты мақалдар жалғасын табу

І топ:

  1. Денсаулыққа - ... (зор байлық)

  2. Тәні саудың - ... .(жаны сау)

  3. Емнің алды - ... .(еңбек)

  4. Тазалық – саулық негізі, (саулық – байлық негізі)

  5. Шынықсаң - ... .(шымыр боларсың)

ІІ топ:

  1. Ас тұрған жерде ... .(ауру тұрмас)

  2. Ас – адамның ... .(арқауы)

  3. Денсаулықтың ...тазалық (кепілі)

  4. Жаным арымның ... . (садағасы)

ІІІ топ:

  1. Ауру мен ... араз (тазалық)

  2. Ас тұрған жерде ... тұрмайды.(ауру)

  3. Ішін ... аузыңды тый(ауырса)

  4. Жарлының байлығы - ... саулығы (денінің)


4 – бөлім

Мағынасын ашу.

І топ: «Салауатты өмір салты».

ІІ топ: «Денсаулық – зор байлық».

ІІІ топ: «Өмірің өз қолыңда».


5 – бөлім

«Шынықсаң шымыр боласын» дене жаттығуларын жасаудан сайыс өткізіледі.

  1. Жерден денені көтеру

  2. Отырып тұру

  3. Шеңбермен жарыс

  4. Гимнастика


6 – бөлім

«Денсаулық» сөз жұмбағын шешу

  1. ... саудың жаны сау

  2. Ауырып ем іздегенше,

Ауырмай жол ізде.

  1. ... шымыр боласын

  2. ... болашағыңды сәулелендіру

  3. ... мен тазалық араз

  4. Темекі ...

  5. Таза сөзінің антонимі

  6. ... денсаулық кепілі

  7. Бірінші ... денсаулық


7 – бөлім

Сұрақ – жауап

  1. Зиянды әдеттерге не жатады?

  2. Адамға ең қажетті нәрселер не?

  3. Күн режимін сақтайсың ба?

  4. Тіс ауырғанда қандай ауруға шалдығады?

  5. Тіс дәрігері қалай аталады?

  6. Денсаулықты дегенді қалай түсінесің?

  7. Жарақаттану деген не?

  8. Жеке бас гигиенасының түрлерін ата.

  9. Қан тоқтату үшін қолданылатын дәріні қалай атайды?

10)Көзің ауырса тиым салатын дене мүшесі?...





Қорытынды.

Мұғалім: Денсаулық кепілі – ұқыптылық, тазалық, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу. Сондықтан да «Денсаулық – зор байлық» деген мақалдың мәні осында жатса керек. Басты байлығымызды қорғайық. Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулық кепілі – салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағамызды сәулелендірейік!

.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Салауаттану – болаша?ы?ды с?улелендіру

Автор: Сагынгалиева Маркиза Сибатовна

Дата: 09.02.2016

Номер свидетельства: 290737


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства