kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Бала т?рбиесіндегі ата-ананы? р?лі ж?не мектеппен байланысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналар?а арнал?ан тренинг -саба?.

Е?бек ауылыда?ы мектепке дейінгі  ша?ын орталы?ы бар №22 КММ

Мектеп алды даярлы? сынып жетекшісі:Кажиякпарова Ба?ыт Шайзада?ызы

Саба?ты? та?ырыбы:Бала т?рбиесіндегі ата-ананы? р?лі ж?не мектеппен байланысы

Саба?ты? ма?саты: Бала т?рбиесінде ата-ананы? алатын орныны? ерекше екенін т?сіндіру; ата-ана бойына ?здерін т?рбиеші м??алім ретінде ?арауда ?ызы?ушылы?тарын дамыту; баламен д?рыс тіл табысу?а, с?йлеу м?дениетін ?немі ?олдау?а ой салу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Бала т?рбиесіндегі ата-ананы? р?лі ж?не мектеппен байланысы»



Ата-аналарға арналған тренинг -сабақ

Еңбек ауылыдағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 КММ

Мектеп алды даярлық сынып жетекшісі: Кажиякпарова Бақыт Шайзадақызы





Сабақтың тақырыбы:Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және

мектеппен байланысы

Сабақтың мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

Көрнекіліктер:сыныпты безендіру; слайдтар; электронды оқулықтар; мультфильмдер; құрастыру құралдары; әліппе дәптері және оқу құралдары; үлестермелер; гүлдер.

Слайд арқылы түсіндіріп өту: Бүгінгі жиналысымыз балалардың ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттері туралы болмақ. «ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру жаңа стандарты» бойынша балалардың тәрбие мен білім алуы бірнеше салаларға бөлінген. Олар: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта». Білім беру мазмұны білім беру саласы арқылы жүзеге асырылады. Яғни әр салаға байланысты оқу іс -әрекеттері ұйымдастырылған. 

Баяндама : «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы»


Қазір барлығымыз шеңбер құрып тұрайық: «Шаттық шеңбері». 
Барлық ата- аналардың қолына бір - бір гүл таратып беремін. Мен өз гүлімді сол жақта тұрған адамға беріп, жылы лебіз айтамын. Менің гүлімді алған ата- ана, келесі адамға жылы лебіз айтып, өз гүлін қосып береді. Шеңбер солай жалғасып аяғында бір үлкен шоқ гүл тәрбиешіге қайтып оралады. 
- Міне, құрметті ата- аналар, мен бір кісіге, бір ғана гүл беріп едім, енді ол маған көп гүл болып қайтты. Мен де, сіздер де, балаларымызға осы кезде, осындай кішкентай ғана білім, тәрбие, мейірім сыйласақ, ол ертең өзімізге үлкен сый болып оралады. Осы өткізген «Қуаныш шеңбері», өзін -өзі тану пәнінен үзінді. Енді орнымызға барып тұрайық.

Бүгінгі жиналысымыз өзгеше болғалы отыр. Сіздер бүгін «бала» рөлін ойнайсыздар. Сондықтан мен сіздердің рұқсаттарыңызбен, сіздерге «Балалар» деп сөйлеймін.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (күз)
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар? ( толық жауап алу)
- Кім маған жыл мезгілдерді атап береді ( күз, қыс, көктем, жаз)
- Бір жылда неше ай бар? (бір жылда он екі ай бар)
- Кім маған ай аттарын атап береді? (Атайды) 
- Бір аптада неше күн бар? ( толық жауап алу, атап беру) 
- Жарайсыңдар! 
- Балалар, осы бізді не қоршап тұр? (Табиғат) 
- Дұрыс, ал табиғатқа нелер жатады? (адамдар, жануарлар, өсімдіктер...) 
( Жыл бойы олардың аталуын, табиғатпен байланысын, пайдасы мен 
зияны туралы айтылады)
- Міне, осының бәрін оқытатын «Қоршаған ортамен танысу», «Экология» пәні болып табылады. 

- Мектепке даярлау үрдісінің маңызды іс - әрекеттерінің бірі – «Сауат ашу және

жазу» болып табылады. Балалар дыбыстар әлемін үйреніп, дауысты, дауыссыз дыбыстарды айырып, оларды әріп өткен сайын таңбалауды үйренеді. Сөйтіп буын құрап оқуды да меңгереді. Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында, мен өз тәжірибемде, оқуды ойын түрінде, «Әліпби» мультфильм қолданып немесе қызықты әңгіме ретінде ұғындырамын. Мысалы: (үзінді көрсету) 


- Балалар бүгін біз «Н» дыбысы және әрпімен танысамыз. Кәне, әріптер туралы мультфильмді көрейік ( мұқият қарап, қайталап отырады) 
- «Н» дыбысынан келетін қандай сөздер бар екен? (қол көтеріп кезекпен айтамыз) 
- Нан, нар, наубайхана т.б. 
Енді балалар әліппе – дәптерімізді ашайық. Ондағы суреттерді кім атап береді? Бірінші сөзге дыбыстық талдау жасау, мысалы: НАР деген сөзде бірінші дыбыс қандай? 
-Н – оны айтқанда аузымызда кедергі болып әндете алмайды екенбіз, демек ол дауысты ма, дауыссыз дыбыс па? 
- Дұрыс, дауыссыз дыбыс. (Есімізге түсірейік дауысты дыбысты қызыл түспен,

ал дауыссыз дыбысты көк түспен белгілейміз), таныс әріптерді жазамыз. Балалар суреттің астындағы торкөзді толтырады. 
- Енді кішкене кітапшаның тапсырмасын орындайық. Барлығың менімен бірге оқыңдар: 
«Н» келе жатып, «А» - ға кездесті. Кел екеуміз дос болайық, - деді де, екі әріп қосылып бір буын құрды На, на, на, на; 
«А» келіп: «Мен де сендермен дос болайыншы» - деп, олардың алдына тұра қалды да, өздігінен буын құрды. А – на, а – на ... 
- Алақай, біз оқи аламыз! 

Валеология пәні.

-Енді, балалар, ғажайыпстанға саяхатқа шығайық. (тазалыққа байланысты мультфильм көру, ән айту)

- Қазіргі заманның ағымын байқайсыздар ма, өте динамикалық заман, жылдамдықты, тез шешім қабылдауды талап ететін заман. Балалардың ой - өрісін, логикасын дамытатын «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» атты пәніміз бар.


Балалар сандар қатарын құрып, цифрларды атайды. Тура және кері санау, сандардың көршілерін атау, реттік санау, кеңістікті, жазықтықты бағдарлау, геометриялық пішіндерді танып, олардан әр түрлі композиция құруды, жазбаша логика тапсырмаларын орындап, ауызша есеп құрып оның шешімін табуды үйрететін іс -әрекет. Балалар түстерді естерінде сақтап, сан құрамын жеңіл үйрену үшін, (ал сандар құрамын білген бала жылдам есептей алатын болады) биыл қақпақтарды қолдануды ұйғардым. (Ата – аналарға қақпақтарды көрсетіп, онымен жұмыс істеу әдісімен таныстыру ) 

Геометриялық пішіндерді қолдана отырып, балапан бейнесін жапсыру.

Сергіту сәті:дене шынықтыру пәні бойынша жаттығу жасату.

Музыка пәні бойынша «Кел, ойнайық» әнін айтқызу.

Бала тілі – бал демекші, баланың айтқан тақпақтары, әңгімелеуі бізді сүйсіндіреді. Бірақ өкінішке орай, кейбір балалардың байланыстыра сөйлеуі, тақпақты тұрақты есте сақтай алмауы кездеседі. Бірақ қай бала болмасын сурет салғанды жақсы көреді. Сондықтан біздің «тіл дамыту және көркем әдебиет» деген пәндерімізді оқытқанда, мен өз тәжірибемде схемалық суреттерді қолданамын. Бұл әдістің балалар оқығанды есте сақтауына көптен – көп көмегі бар. Қазір сіздерге кеңес ретінде өткізгім келеді. Бүгін біз «Күз» тақырыбына кішкентай жұмбақ-тақпақ жаттаймыз. (Әдетте алдымен оқып беремін, одан кейін балалармен талдаймыз) Одан кейін схемалық суретін саламыз да, жаттаймыз. Бейнелеу пәні


Мысалы: Жапырақтар сарғайып,
Күн бұлтты болады. 
Жаңбыр жиі жауады, 
Құстар ұшып барады. (Бұл қай кезде болады?) 

Күзгі жапырақтарыңызды қиып алып, бүгінгі сабақ туралы пікірлеріңізді жазып, тілек ағашына жапсырыңыздар.
Ата-аналарға арналған анкета.
Сіздерге көп рахмет. Кездескенше хош, сау болыңыздар!!!!!.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Бала т?рбиесіндегі ата-ананы? р?лі ж?не мектеппен байланысы

Автор: Кажиякпарова Ба?ыт Шайзада?ызы

Дата: 09.04.2016

Номер свидетельства: 316837


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства