kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін-?зі тану п?нінен тренингтер жина?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                       ?зін-?зі тану п?ні бойынша тренингтер

«Кішіпейілділік барлы? мейірімді іскерлерді? патшасы»

Алдын-ала ж?ргізілген ж?мыс:

-         к?ркем ?дебиет о?у;

-         диалог «К??ілді этикет»;

-         ма?ал-м?телдер;

-         ойындар;

-         ата-аналар?а этикет бойынша есте са?тау ережелері.

К?рнекіліктер:

-         ста?андар, т?рбалар, шырын;

-         г?л пішімі, магнитофон, таспа.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану п?нінен тренингтер жина?ы»























Өзін-өзі тану пәні бойынша тренингтер

«Кішіпейілділік барлық мейірімді іскерлердің патшасы»

Алдын-ала жүргізілген жұмыс:

-         көркем әдебиет оқу;

-         диалог «Көңілді этикет»;

-         мақал-мәтелдер;

-         ойындар;

-         ата-аналарға этикет бойынша есте сақтау ережелері.

Көрнекіліктер:

-         стақандар, тұрбалар, шырын;

-         гүл пішімі, магнитофон, таспа.

Күткен нәтижелер:

-         «Кішіпейіл» сөзінің мағынасын түсіндіру;

-         жекетұлға аралық қарым-қатынастың мүмкіндігін және дағдыларын қалыптастыру;

-         өз қылықтарын және өзгенің де талдай білу мүмкіншілігін дамыту.

Өткізу әдісі:

-         Білім алушылар, мен сендерді мектепке кішіпейілділік сабағына қабылдаймын. Қарандаршы, қандай ғажап гүл. Бұл ғажайып гүл. Сендер осы гүлдің ашылғанын қалайсыңдар ма? Оның бір құпиясы бар: егер сенде мейірімді болсаңдар, ол ашылады.

Ойын: «Кішіпейілділіктің сиқырлы шеңбері»

Білім алушылар жұптарымен шеңберде тұрады, өз көңіл-күйлерін бір-біріне таратады.

-         Қайырлы таң,ана!

-         Женя, мен сені көргеніме қуаныштамын!

-         Сәлем Света!

-         Рахмет Ильюша, маған сен ұнайсың!

     Ұл қызды отырғызады.

(гүл жапырағы ашылады). Білім алушылар тілек оқиды.

-         Білім алушылар, сендер жылы сөйлегенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?

-         Қалай ойлайсыңдар, егер адамдар бір-біріне жылы сөз айтпаса, не болады?

-         Қандай қылықтарды кішіпейілді деуге болады? Атаңдар.

-         «Этикет» сөзді оқындар. Бұл не? Қандай мінез-құлық (гүл жапырағы ашылады). Білім алушылар тілек оқиды.

-         Мен сендердің дұрыс жауаптарыңа ризамын.

-         Кішіпейіл деген не?

Басқа адам сені жақсы сезінетіндей өзіңді ұстау. Кішіпейілдік болу үшін «Сиқырлы сөздер» айта білуің керек

Ойын «Кішіпейілділікке адымдар».

Егер «Иә» деген жауап болса балалар алақан соғады.

a)       тәрбиешінің түсіндіргенін мұқият тыңдау;

б)  әңгімені бөліп, бөтен әңгімеге аралау;

в)  қызға орын беру және үлкенге;

г)  ойыншықты тартып алу;

д)  үлкенге көмектесу;

е)  жолдастарыңмен дөрекілену;

ж) далаға бірінші болып шығу үшін, басқаларды итеру;

з)  өтінішпен сұрау, талап етпеу;

(Гүл жапырағы ашылады). Білім алушылар тілек оқиды.

Көрініс элементімен оқу

Ертегі «Кішіпейіл қоян»

Сұрақтар мен тапсырмалар:

-         Қоян туралы не айтасыңдар? Неге?

-         Оның мінезі қандай?

-         Қоянға кішіпейілділік қалай көмектесті?

-         Қоян айтқан барлық жылы сөзді атаңдар?

-         Естеріңе түсіріңдер, өмірлеріңде кішіпейілділіқтің көмектескен кезі болды ма?

(гүл жапырағы ашылады). Балалар тілек оқиды.

Қимылды ойын:  «Кішіпейілді тығылмақтар».

Санамақпен бір бала көз жұмады. Білім алушылар жылы сөздер айтады «рахмет», «сәлем», «мархаббат» т.б. көз жұмушы дауыс бойынша айтқан сөздің иесін табу (мысалы, Света «рахмет» - деді).

(гүл жапырағы ашылады). Балалар тілек оқиды.

                                 Шығармашылық жұмыс:

 «Кафеде» көрінісі

Федя бағанға келеді.

-         Мен келдім! (үнсіздік)

-         менің келгенімді көрмедіңдер ме? Ақша әкелдім! (Федя таң қалады)

-         Ксюша жақындайды

-         Сәлеметсіз бе! Сізден шырын алуға болады ма?

Сатушы:-   Мархабат. Қандай?

Ксюша: -   Маған шабдалыдан.

Сатушы: -Мархабат. Ас болсын!

Ксюша: -         Рахмет

Федя таң қалып:

-         Маған неге ештеңе бермеді?

-         Федя, этикет дегенді білесің бе?

Балалар, Федяға көмектесіңдер.

Федя:

Мен түсіндім! Рахмет! Кешіріңіз. Маған стақан шырын беріңізші, рахмет! Ксюшаны үстел басына отырғызып, шырынды береді. Ксюша алғыс білдіреді. Білім алушылар ды кафеге шақыру. Ұлдар қыздарды қонақ етеді, шырын алып береді (ақырын ырғақты ән ойнайды)

(гүл жапырағы ашылады). Білім алушылар тілек оқиды.Жүрек қуанады

 Қоштасу                      Рахмет, рахмет, рахмет бүгінгі күнге!

                                      рахмет, рахмет, рахмет қазірге!

 «Қамқоршы әлем»

Тәрбиелеушілік тапсырмалар:

-         барлық тірі жанға өнегелілік қарым-қатынастарын қалыптастыру, жануарларға қамқоршы болу керек түсініктерін кеңейту;

-         өз білімдерін тәжірибелік жұмыста, пайдалы іс-әрекеттерде пайдалану;

-         жануарларды ренжітетін білім алушылардың қарым-қатынасын қалыптастыру.

Алдын-ала жүргізілген жұмыс:

-         құстарға жем салғыш дайындау;

-         ойынды үйрену «Қамқоршы әлем»

Көрнекіліктер:

-         «сиқырлы таяқша»;

-         тоты құспен тор, құстар суреті.

Өткізу әдісі

«Қоңыраушалар» әні ойнайды. Білім алушылар шеңберде тұрады.

«Қуаныш шеңбері» тілек.

Бүгін бізде «сиқырлы таяқша» қонақта. Бір-бірімізге тарату арқылы жылы тілек, сөздер айтамыз (білім алушылар тілек айтады). Сендердің тілектерің орындалады, себебі ол сөздер сендердің мейірімді жүрекшелеріңнен шыққан

Ал, енді Л.Н. Толстойдың «Құстар» әңгімесін тыңдаймыз.

Мәтін бойынша сұрақ:

1.        Анасы неліктен «Жақсы ойыншық емес» деді?

2.        Балапанның торда отырған кезін суреттеңдер

3.        Тордан шығатын жер тауып алғанда балапан қандай күйде болды?

4.        Сережа дем алмай, қанаты қайрылып жатқан балапанды көргенде не сезінді?

5.        Сережа балапанға қалай қарады?

Өз жүректеріңді тыңдаңдар. Әңгімеден кейін не сезіндіңдер.

Сюрприз-кездесу.

Мен сендердің жүректеріңнің қайғыра білетінің көзіп тұрмын. Сендердің жүздеріңе қалай қуаныш әкелсем екен? Маған менің «сиқырлы таяқшам» көмектеседі (торды ашамын, ішінде тоты құс)

Тоты құсқа қалай көмек береміз?

Сендер оларға мейірімділік көрсеткенде құстардың ән салғанын естісеңдер ғой.Ал, енді бір-біріңе қараңдаршы, көздеріңде күлкі ойнап, жүздеріңде жылулық көрінді. Алақандарыңды жүректеріңе апарып, тыңдаңдар, не сезіндіңдер?

Дидактикалық ойын «Қамқоршы әлем»

«Кешірімді кітап»

Алдын-ала жүргізілген жұмыс:

-         көріністі үйрену, әңгімелесіп үйрену;

-         ойынды үйрену, өлең үйрену;

-         мақал-мәтелдер оқып, үйрену.

Көрнекіліктер:

  бәрі үшін:  кітап, «күн»,  обруч, «сиқырлы таяқша», әнді сүйемел

әр бала үшінаты жазылған күн сәулесі.

Күткен нәтижелер:

-         өнегелілік қасиеттерін: мейірімділік, қайырымдылық іске асыру;

-         өз қылығы үшін кешірім сұрай білуге үйрету.

Өткізу әдісі:

Тәрбиеші:

Білім алушылар, менде ерекше кітап. Ол сиқырлы «Кешірімді кітап» деп аталады. Көргілерің келеді ме? Менің қолымда сиқырлы таяқша. Мен кітапқа тигізем , біз бәріміз 1-ші бетінде боламыз.

 Павлик туралы әңгіме

Павлик футболды өте жақсы ойнайды, жылдам жүгірді, көңілді бала болды.Бір күні, футбол ойнап жүріп, жанынан аяғын сылтып басып бара жатқан әйелді көреді. Павлик оған саусағын шошайтып, оны мазақ қылып, қатты күлді. Әйел Павликке қарап, басын шайқады да, жүріп кетті.Бірақ, бір күні доп ойнап жүріп, шұқырды көрмеді. Доп қуып жүріп, шұқырға құлап, аяғын сындырады. Павлик ауруханада өте ұзақ жатады. Сосын, жазылып шығады. Бір рет ол сондағы әйелді кездестіріп, оған жақындап келіп, кешірім сұрады.

-         Неге ол кешірім сұрады?

-         Әйел оны кешірді ме?

-         Ол әйелге қандай сөз айтты деп ойлайсыңдар?

-         Ауру әйелге қандай көмек көрсету керек?

-         Әрқашан естеріңе нені алу керек?Қорытынды: Ауру адамға күлуге болмайды, оған көмектесу керек

Тақырыбы: «Мейірімділік»
Мақсаты: Жеке тұлғаның өзіндік қарым – қатынасын дамыту, 

бойына жағымды қасиет сіңіру.

Тренинг барысы:

1. Танысу тренингі.

- оқушылар шеңбер бойынша өздерін таныстырады.

2. Сағат тілі тренингі.

- сағат суретін салады.
- жұптасады.
- сұрақ қойылады.
- өз ойларын айтады.

12.00 – Сіздің сынып серуенге шығуға жиналды, бірақ сіздің жан досыңыз ауруханаға түсті де сол күні оған барып шығу керек болды. Сіз ауруханадағы досыңызға барасыз ба немесе сыныптастармен досыңызға барасыз ба?

15.00 – Аялдамада сізбен бір әже сөйлесті. Сіздің сөйлесуге көңіліңіз жоқ. Сіз мейірімді, жылы жүзді болу ниетімен әңгімені жалғастырасыз ба немесе үзіп жібересіз бе?

18.00 – Сіз мысықтың баласын үйге келе жатырғанда тауып алдыңыз. Бірақ ата – анаңыз оны үйге әкелуге рұқсат етпейді. Егер сіз мейірімді болсаңыз, сонымен қатар ата – анаңыздың қойған талабын бұзбай сіз қандай қылық жасаған болар едіңіз?

21.00 – Сіз жек көретін адам сізге мейірімділік жасады. Сіз оның қылығына қалай жауап берер едіңіз?

3.Эмоция тренингі.

- Оқушылар шеңберге жиналып, эмоция түрлерін мимикамен көрсетеді.
4. «Мейірімділік» тренингі.

- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды 
2. Сергіту сәті.

- өлеңмен танысады.
- өлең жолдарына өз ойларымен әуен, қимыл шығарады.
- топпен айтады.

Біз тамшымыз, біз тамшымыз мұхиттағы
Бір теңіздің , бір теңіздің толқыны
Бізге келіңіз, бізге келіңіз сен және мен
Бәрімізде бір жанұя боламыз

Бір бұтақпыз, бір бұтақпыз бақшадағы
Бір теректің, бір теректің гүліміз
Бізге келіңіз, бізге келіңіз сен және мен
Бәрімізде бір жанұя боламыз

2. Жүректен жүрекке тренингі
- Оқушылар бір – біріне тілек жазып, тілектерін оқиды

----------------------------------------------------------------------------------------------------









































Тренинг сабақ
Тақырыбы: «Жеке адам және өзін - өзі тәрбиелеу»

Мақсаты: Жеке адам, адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттер, 
өзін -өзі тәрбиелеу туралы мағлұмат беру.

Тренинг барысы:

1. Оқушыларға сұрақ қойылады

 Жеке адам дегеніміз кім?
 Оқушылар өз ойларын айтады.

2. Оқушыларға мұғалім адам ғұмырының кезеңдері туралы мағлұмат береді

Адам ғұмырының 7 кезеңі

0 – 12 жас балалық кезең 

13 жас – 25 жас жастық кезең

25 жас – 49 жас ересек кезең 

37 жас – 49 жас мосқал кезең

49 жас – 61 жас кәртаң кезең

61 жас – 73 жас кәрілік кезең

73 жас - 85 жас қарт кезең

Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында оқу - тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі бір мазмұнға ие болады. Жалпы өзін - өзі тәрбиелеу мақсатында әрбір адам ең алдымен өз бойындағы жағымсыз қасиеттен арылуы тиіс. Атап айтсақ: сараңдық, пайдакүнемдік, екі жүзділік ұстамсыздық, күншілдік, жалқаулық, тәкаппарлық т.б. қасиеттер болуы мүмкін. Сонымен қатар 1 адам өз бойындағы тұйықтықтан , 2 – ші адам орынсыз ұялшақтықтан арылғысы келеді? 
Ал, сіздер өз бойларыңызда жағымсыз қасиеттер бар деп ойлайсыздар ма?

Оқушылар өз бойларындағы жағымсыз қасиеттерді атап, қағаз бетіне түсіреді. Жазған қағазды жағымсыз қасиеттерден арылу үшін ұсақтайды.


3. «Менің бойымдағы құнды қасиеттер» тренингі

Әр адамның алға қойған мақсат – мұраты, тілектері болады. Бойына жақсы адами қасиеттерді дарыта алғандар ғана өмір жолындағы қиыншылықтарға қарамастан шыдамдылық танытып, өзін - өзі тәрбиелеп мақсатына жетеді. Ал адам бойында болуға тиісті 20 құнды қасиет бар. Осы қасиеттердің қайсысы өз бойында бар деп ойлайсыздар . Соны белгілейміз.

Адами құнды қасиеттер Менің бойымдағы құнды қасиеттер
1. Өмірге риза болу
2. Ақылдылық
3. Ұқыптылық
4. Кең пейілділік
5. Қарапайымдылық
6. Әділдік
7. Ашықтық
8. Өз бетінділік
9. Принциптілік
10. Шыншылдық
11. Өзіне сенімділік 
12. Еңбекқорлық 
13. Батылдық 
14. Тұрақтылық
15. Төзімділік
16. Сабырлық
17. Тіл табысушылық
18. Саналылық
19. Бауырмалдық
20. Сыпайылық


4. Жақсы қасиетке иелену, жақсы адам атану өз қолымызда. Сол себепті мен сендерге өзін - өзі тәрбиелеуге арналған бетшелер таратамын.

1.Ерекше сабырлылық, ең болмағанда сырттай сабырлы болу.
2. Сөз бен істе әділ болу
3. Қимыл – қозғалыстың ақылға қонымдылығы
4. Тоқтамға тез келе алу
5. Өзің жөнінде орынсыз бір сөз де айтпау
6. Уақытты мақсатсыз өткізбеу, кездейсоқ іске ұрынбай, тек көңілге алған ісіңмен ғана айналысу
7. Қажетті, не ұнамды нәрсеге ғана бой ұсыну, көрсеқызарлыққа салынбау
8. Әр кез өзің істеген іске мұқият есеп беріп отыру
9. Еш уақытта да өткендегі, не қазіргі, не алда болған ісіңмен мақтанбау
10. Ешқашан біреуге жамандық ойламау

----------------------------------------------------------------------------------------

Тақырыбы: «Мінез – көңіл – күй айнасы»

Мақсаты: Ұстаздардың көңіл – күйін көтеру, ұжымда жағымды ахуал қалыптастыру.

Тренинг барысы:

 Ұстаздар 4 топқа бөлінеді.

 Тренинг ережесімен танысады.


1. Амандасу жаттығуы жүргізілді.

Ұстаздар бір – бірімен қол беру арқылы, иықпен, көз қиығымен амандасады. 

2. «Ұстаз таңбасы» топтық жұмыс 

Ұстаздар топқа берілген сөздер бойынша топпен ұстаз таңбасын жасайды.

1 топ – «күн», « кемпірқосақ» сөзі бойынша
2 топ –« қолшатыр», «магнитафон» сөзі бойынша 
3 топ – «жүрек», «машина» сөзі бойынша
4 топ - «шырақ», «шаңыра»қ сөзі бойынша 

3. Сергіту сәті
Сынып бөлмесіне алдын ала тиындар жасырылады.
Сыныпқа жасырылған тиындарды ұстаздар іздеп табады.

4. «Жарнама ролигі» ойыны

1 топ – жиһаз жарнамалайды
2 топ – жемістерді жарнамалайды
3 топ – техника жарнамалайды
4 топ – киімді жарнамалайды

5. Ұстаздар топтарға мінездеме береді.

6. Тілек айту.







«Сенім – менің серігім» атты психологиялық тренинг

Мақсаты :11 – сынып оқушыларын ҰБТ – ға байланысты сенімділікке үйрету , стресстік қалыптан арылу , бір – біріне деген қарым – қатынасын нығайту .
Қажетті құрал – жабдықтар : ақ парақ , қаламсап интерактивті тақта , «Тілек ағашы» тақырыбындағы үлкен ағаш суреті салынған плакат , жапсырма қағаздар , үнтаспа .
1. «Досым, қалың қалай?» жаттығуы .
Жаттығудың мақсаты . оқушылардың көңіл – күйін көтеру , бір – бірімен қарым – қатынасын нығайту .
Шарты : балалар дөңгелене тұрып , жұп – жұп болып , бір – біріне қарап жазылған сөйлемді аяқтайды . Яғни , сұрақты өз ойларымен толықтырады және екіншісі жауап береді .
2. «Сенімділік» жаттығуы .
Мақсаты : оқушыны стресстік жағдайдан арылтып , сенімділікке үйрету .
Шарты :оқушыларға бос парақ таратылады . Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады . Ол бөліктерді 1 , 2 деп белгілеп , бірінші бөлікке жағымды қасиеттерді , ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерді жазу керек те , ортасы қырқылып алынады . Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып , жағымсыздарын қатты мыжып , қоқыс жәшәгәне салады .
3. «Биіктік» жаттығуы .
Мақсаты : оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру , сенімділігін нығайту .
Жаттығу барысы : қатысушылардың біреуі шығады . Оған мынадай нұсқау беріледі : «Қабырғаға жақын тұр , сосын секір . Қай жерге дейін секіргенін бергілеу» .
Талдау . бірінші және екінші белгі салыстырылады . Қатысушылар мынадай сұрақтарға жауап беру керек .:
- Белгі қойылған биіктердің айырмашылығы болды ма ?
- Бұл айырмашылыққа не әсер етеді ?
- Қойылған талап пен мақсат нәтижесі жақсарады ма , әлде нашарладыма ?
- Қалай ойлайсыңдар , өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме?
Қорытынды : Оқушылар өтілген жаттығулардан , түсіндірме жұмыстардан алған әсерін және достарына арнаған тілектерін жазып , «Тілек ағашына» апарып жапсырады .

















«Мен таңдаған өмір...» тренинг - сабақ
Мақсаты: Оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру.
Күтілетін нәтиже: балалардың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын ояту.

Тренинг жоспары:
1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі.
2. «Ойланып көрейік» жаттығуы.
3. «Менің өмірім...» жаттығуы.
4. «Айдар тағу» жаттығуы.
5. «Күлкі «К» витамині» тренингі.
6. Қорытынды.

Тренинг ережесі:
- Тыңдау әдебін сақтау;
- Өз пікірін ашық білдір;.
- Ашық, көңілді болу;
- Белсенділік таныту;
- Сыйластықта болу;
- «Мен»принципін ұстану;
- «Мұнда және қазір» болу.

1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі. Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!

Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен.

Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын. Тренинг барысында 3 топ қатысады. Әр сыныптан 8 оқушыдан. Ал, қалған қатыспайтын оқушылар көрермен және қатысып отырған топтарды бағалаушы болып есептеледі. Тренинг соңында осы 3 топ ішінен жоғары белсенділік танытқан топ анықталып, мадақталады.

2. «Ойланып көрейік» жаттығуы.
Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту.
Уақыты: 5 минут
Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап таңдап алып, дәлелдеңдер.
(қатысушылар іштей екі топқа бөлінеді).
Адам не үшін өмір сүреді?
- - Үлгілі отбасын құру үшін.
- Білім алу үшін.
- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін.
- Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін.
- Өзін өзгелерге таныту үшін.
Өмірден өз орнын табу деген не?
- Жоғары атаққа ие болу.
- Материалдық дербестік және мол дәулетке жету.
- Тату және берік отбасын құру
- Адал достар көп болу.
- Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.
Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
- Еңбекқор, адал, әділ болу
- Қабілетті, дарынды болу.
- Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу.
- Адамдармен тіл табыса білу.

3. «Менің өмірім...» жаттығуы. Бұл жаттығу сұрақ - жауап түрінде өтеді. Яғни, біздің сүріп жатқан өмірімізге қатысты сұрақтар. Мәселен, күнделікті қарап жүрген киноларымызға, қызығушылық танытатын компьютерлік ойындарымыз жөнінде болмақ.
Сұрақтар:
1. Қандай теле сериалдарды білесің?
2. Қандай компьютерлік ойындарды білесің?
3. Сәнге айналып жатқан ұялы телефондар мен оның түрлері.

4. Компьютердің түрлері.

5. Қазіргі өмірде қандай затсыз өмір сүре алмаймын деп ойлайсың?
4. «Айдар тағу» жаттығуы. Біз сіздерге айдар таққымыз келіп отыр, яғни өз өнерлеріңізді көрсетулеріңізді сұраймыз. Қазақта «Өнерлі болсаң, өнерің тасысын» деген сөз бар. Сондай - ақ, қазіргі таңда жастардың бойынан біздер күтпеген, біздер білмейтін өнер түрлері кездесіп жатады. Сол сияқты сіздерден де сондай бір біздер көрмеген, білмейтін өнерлеріңіз болса, ортаға салсаңыздар (Әр сынып оқушысы өз өнерлерін көрсетеді).
5. «Күлкі «К» витамині» тренингі. Бұл тренингте 3 топ «Мен таңдаған өмір...» тақырыбында 3 әзілден көрсетеді.
6. Қорытынды. Мен өмірді сүйемін!
Өмір мені қолдайды!
Өмірім өз қолымда! – деген өлең жолымен бүгінгі тренинг - сабақты аяқтағым келіп отыр. сау болыңыздар!

«Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» 
сергіту тренингі
Мақсаты: тренингке қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, 
Қажетті құралдар: қағаз, қалам, сиқырлы қорап, 
Өтілу барысы:
1. «Бір-бірімізбен амандасайық»
2. «Кел, танысайық»
3. «Молекула» жаттығуы
4. «Сеніп құлау» жаттығуы
5. «Сурет салайық» жаттығуы
6. «Сиқырлы қобдиша
7. Қорытынды «Алма ағашы»

1.«Бір-бірімізбен амандасайық»
Мақсаты бір –біріне жақын болуға, бір-бірін түсіне білуге, тренингке қатынасушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру.
Інұсқа: оң және сол жақ көршілеріңізбен құшақтасып амандасамыз. 
ІІ нұсқа: арқаларыңызды тигізу арқылы
ІІІ нұсқа: оң және сол жақ тізелеріңізді тигізу арқылы
ІV нұсқа: мұрындарыңызды тигізу арқылы

2. «Танысу»
Мақсаты: топқа өзінің есімін таныстыру және тренингке белсенділігін арттыру.
Жүргізілу барысы: Топ сағат тілімен кезекпен кезек өзінің есіміне бойындағы ең жақсы, мақтаныш тұтатын қасиетін айтып таныстыра бастайды. Мысалы: Қарапайым Жангүлмін.
3- жаттығу «Молекула»
Жаттығу барысы
Қатысушылар атомдар секілді қозғалыста болады. Жүргізуші белгілі санды айтқанда, атомдар молекула құрайды. Мысалы, «үш» дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан ұстасып, 3 атомнан тұратын молекула құрайды.
4- жаттығу. «Сеніп құлау» жаттығуы. 
Мақсаты: Сенімділікті және топтың тұтастығын арттыру. 
Бір адам құлайды, қалған адамдар оны тосып алады. Құлаған адам көзін жұмып еркін құлауы қажет. 

5- жаттығу. «Сурет салайық» жаттығуы
Жүргізуші: «Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз.
Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішткентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып салыңыз.
Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?»
Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде-кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол семинар барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған 
6 -жаттығу «Сиқырлы қобдиша» 
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. 
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. 
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын! 

7 жаттығу. Қорытынды: «Алма ағашы»
Тренингке қатысушылар тренингтен алған әсерлерін, жүргізушіге деген тілектерін алмаға жазып, ағашқа іледі.







































Тақырыбы:Қиял ғажайып ертегі

Тренингтің мақсаты мен міндеттері:
Бір-бірімен терең танысу
Өзін-өзі тану, өз мінез-құлқына есеп беру
Көңіл-күйлерін жақсарту, көтеру
Жаттығу: «Ерекше таныстық»
Жүргізуші: Шеңбер бойында тұрып, сіздер кезекмен өзіңіз таңдаған ат немесе қандай да бір ым-ишара көрсетіңіз. Бір-бірін жақсы есте сақтау үшін, жақын болу үшін, жаттығу «қарлы кесек» принципі бойынша жүргізіледі. Яғни 1-ші адам өз атын айтады, ым-ишарат көрсетеді; 2-ші адам – 1-ші адамның атын еске түсіреді. Ымын көрсетеді; 3-ші адам – 1-ші, 2-шінің т.б. солай кезек кете береді. (орындап алған соң ) көңіл-күйлеріңіз қандай? Не сезіндіңіздер? (ереже бойынша қатысушылар эмоционалды көтеріңкі сезімде болды) тамаша онда алға! 

Жаттығу: «Өзін-өзі таныстыру! (Самопрезентация) 
Жүргізуші: Топ мүшелерінің алдында өзіңізді таныстырыңыз. Ол үшін «резюме» құру қажет, яғни келесі мәселелерді жазу керек: 
1. аты, жасы;
2. сүйікті іс (хобби) 
3. өзіңізге ұнайтын мінез сипаты және адамдардағы ұнамайтын мінез сипаты; 
4. не үшін сіз осындасыз; 
5. нені үйренгіңіз келеді; 
6. не нәрсеге қол жеткізгіңіз келеді; 

Ойын: «Поезд»
Жүргізуші: Ойын шеңбер бойында жүргізіледі. Алдымен 1-ші, 2-ші болып бөлініңіздер. 1-ші нөмірлер алақан соғып, 1 рет аяқпен 2 рет, ал 2-шілер – 2 рет алақан соғып, 1 рет аяқпен топылдайсыздар қозғалыс кезекпен 1-ші – 2-ші – 1-ші – 2-ші т.с. шеңбер бойынша поездің даусын келтіреміз, бастадық қарқынды үдетіміз. Тағы қатты. 

Ойын: «Менің көршілерім» 
Жүргізуші: Шеңбер құрып тұрамыз. Сосын 

Ойын: «Кіржуу машинасы» 
Жүргізуші:

Ойын: «Жоғалған заттарды іздеу» 
Жүргізуші: «Біреуіңіз «Жоғалған заттарды іздеу» бөліміндегі қызметші боласыз. Тек «нені жоғалттыңыз және қайда жоғаттыңыз» деген 2 сұрақ қоясыз. Ал қалғанымыз кезекпен шығып, қағазға жазылған затты және жоғалған жерді ым-ишарамен көрсетесіз. Көрермендер соны табады.

Ойын: «Қоштасу»
Жүргізуші: Әрқайсымыз бір-бірімізге тілек айтамыз. Кезекпен кезек барлығымызға тілек айтамыз, кімге қанша айтқысы келсе өзі біледі.





Біз-біргеміз, берік іргеміз
Сабақтың мақсаты: ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін-бірі кеңірек танып білуге, қатысушылылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және күз мезгіліндегі шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру.
1- жаттығу Қатысушылар шеңбер құрып отырады
Нұсқаулық: Барлығымыз орынымыздан тұрып бір бірімізбен қол беру арқылы, құшақтасып, оң иықпен,сол иықпен, оң аяқпен,сол аяқпен, оң тіземен, сол тіземен, балалық еркелікті еске алып мұрын ұшымен сәлемдесеміз.
2- жаттығу Қатысушыларшеңбер құрып отырады.
«Кім жылдам» жаттығуы» 
Нұсқау:
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер» деген сөзді айта отырып, допты бір-біріне лақтырады. Допты қағып алған адам «ауа» деген сөзді естіген адам құстардың, «су» деген сөзді естіген кезде балықтардың , «жер» дегенде аңдардың аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң ойналуы тиіс.

3-жаттығу Қатысушыларды екі қатар сапқа тұрғызу керек.
Нұсқаулық. Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз, мүмкіндігінше әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылу керек.
Бірінші тапсырма бой өлшемі бойынша сапқа тұру керек.
Екінші тапсырма Саптың басында 1- қаңтар, соңында желтоқсан
Туған күндері бойынша орналасу.
Үшінші тапсырма: Саптың басына көзі қою қара адам тұруы керек, ал саптың соңында шашы ең ашық түсті адам тұруы керек.
Қарсы топ мүшелеріне тексерту керек.
4-жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Жүргізушінің қолында доп болады.
Нұсқаулық: Қазір бір бірімізге допты беру арқылы допты қағып алған адам: Сен өмірде қандайсың? Деп сұрақ қояды қағып алған адам өз бойындағы жақсы қасиетін айтады. Әркім өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып шығуы керек.
5-жаттығу. «Тиімді қарым-қатынас орнату» бағытында бейне жаттығу.
Ортаға 6 мұғалім шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым-қатынас құралдарының көмегімен жағдайяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа қатысушылар не жайлы «баяндап» жатқанын шешулері керек.
Жаттығуларды талқылау: Жаттығу қорытындысы менрефлексия жасауда мынадай сұрақтарды қарастыру тиімді.
Жаттығудың қай кезеңдері қиындық тудырды?
Неліктен? 
Қатысушылар қазір өздерін қалай сезініп отыр?
Ойынды жылдам ойнау қиын болды ма? 

Жаттығудың қай кездерінде қандай сезімдер пайда болды?
Қатысушыларға әрбір жағдайға байланысты ұсынылған жағдайға байланысты рөлдерге таңырқаған кездер болды ма?
Қорытынды: Ұстаздарға жаттығу аяқталғаннан кейін рахмет айтып, алған әсерлерімен бөлісу керек.
Шеңбер құрып қол ұстасып отырып, бір –біріне қарап жақсы тілектер тілейді.
Өзіміздің жақсы ниетімізді басқаға білдіргенде,оның сөзсіз өзімізге қайтып оралатынын түсінуіміз керек



Психологиялық тренинг 
Оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйрететін психологиялық ойындар
   
Мақсаты:
Оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйретету
Тренинг барысында қаралып шешілетін міндеттер:
- Тиімді қарым-қатынасқа машықтану эмпатиясын дамыту.
-Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан арылу.
-Өзгелердің қызығушылығымен санасу.
-Өзін-өзі құрметтеуді, өзін-өзі сенуді қалыптастыру.

Тренінг бағдарламасы
• «Танысу» жүргізуші:
Барлығымыз шеңбер жасап отырайық . Қазір шеңбер бойымен
кезекпен жүргізушінің оң жағымдағы отырған қатысушыдан
бастап топқа таныстыруды бастаймыз. Алдымен өз есімдеріңді
айтыңдар. «1-2 сөйлем арқылы қай сыныпта оқитыным өзінің
атым, өзінің мінезі туралы айту керек. Осы сөздерден 
кейін психолог өзін таныстырып әңгімелейді. Психологтан кейін әрбір
адам айналым бойынша өзін-өзі таныстырады. Танысу біткен
соң, таныстырудың қалай өткені туралы пікірталас жүргізіледі.
Психолог топқа мынадай сұрақтар береді.
Кімнің таныстыруы сіздің есінізде қалды және оның  
таныстыруы сізге несімен ұнады?


  « Карусель » жаттығуы.
Мақсаты: Қарым-қатынасты дамытуға арналады
Топ мүшелері 2-ге бөлінеді . 1-ші топ ішкі, 2-ші топ сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды.
Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беру керек, олар тез арада сол рольді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы- сатып алушы ; мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы ; полиция –шофер; әке – бала; анасы –қызы. Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл күйін, қабілетін , өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.
  « Бүлінген телефон » 
Мақсаты: Есту қабілетін дамытуға арналған
Бір сөзді мұғалім бір баланың құлағына сыбырлап сол пікірді қайталайды, солай жалғаса беріп барлық балаларға жеткізеді. Ең соңғы оқушы пікір сөзді естіртіп дауыстап айтады. Мен әрқашан шындықты айтамын.
• Көңіл күйімізді жаттықтыру»
Мақсаты:Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл күйімізді жатықтыра алуға арналады.
Жүргізуші:Бүгін мен сендерге актер болуға үйретемін. Мен
сендерге нені көрсет десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.
1. Қабақтарыңды түйіп,ашулы адамның кейпін көрсетесіңдер 
2. Қатты қорқу қажет.Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан түсіп қалған балапан сияқты,мысықтан қорыққан тышқан сияқты және иттен қорыққан баланы бет -әлпеттеріңмен көрсету қажет.
3. Жылап тұрған адамды көрсету.
4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету
5. Өлең айтып тұрған адамдың сезімін көрсете білу

  Өлең айту « Біз тамшымыз » Сергіту сәті
Өздеріне ұнаған әуенге салып,қимылмен көрсетіп айту керек.Бәрі дөңгелене тұрады да Біз тамшымыз дегенде жаңбырдың тамшысын бір теңіздің толқыны
дегенде қолымен ирелектетіп толқынды көрсетеді
Біз тамшымыз мұхиттағы 
  Бір теңіздің толқыны.

  Бізге келіңіз ²
  Сен мен мен.
  Бәрімізде бір жанұя боламыз
Біз бұтақпыз бақшадағы
Бір бақшаның гүліміз
  қайырмасы
  Ауызша волейбол ойыны.
Мақсаты: Өзінде бар жақсы қасиеттерді бағалай білуге,өзінің қасында жүрген адамдардың жақсы қасиеттерін білуге ,бір-бірін терең түсінуге арналады 
Допты бір-бірне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек.
Мысалы: шыншылдық: мейірімділік; адамдық; адамгершілік әділдік; кішіпейілдік; батылдық; ұстамдылық; жанашырлық.
  Өзінде басым қасиетті айта білулері қаралады.
«Кім екенін тап» ойыны
Мақсаты:Топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей,өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады.Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған бетерді жетекші жинап, араластырады да,арасынан біреуін алып дауыстап оқиды .Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек
Бұл жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап,тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйреді
  "Шөлдеу" ойыны.
Мақсаты: Достыққа,бір-біріне көмектесіп қана нәтижеге жетуге болатына тәрбиелеу
  Балалардың қолдары шынтақтан қозғалмайды. Балалар өздерін ыстық шөл даладамыз деп елестетеді, қатты шөлдеп
жүреді. Бір кезде тостағандардағы суларға кездеседі. Енді
осы суды ішуге амал табулары керек ( бір-біріне көмекте-
сіп қана суды шашпай, шөлдерін қандыруға болатынына
көз жеткізеді).
  "Алып" ойыны.
Мақсаты:Ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
  Екі бала қатар тұрады, біреуінің сол аяғын екіншісінің оң
аяғына байлайды, сөйтіп бір белгіленген жерге барады. Не-
месе: үш, төрт, т.б. балаларды бірге байлайды, сосын олар
бірге жүруге тырысады. ( бақаға ұқсап секіреді).

  "Көпір" ойыны.
  Еденді бормен "көпір" (түзу) сызылады. Екі топ, бір-біріне  
қарсы шыққан балалар "көпірден" құлап қалмай өтуі керек.
Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-
бірін өткізіп жіберулері керек.

ТРЕНИНГ САБАҚ

Тақырыбы: Сыйлықтар

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту. Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық, сыйластық ұғымы туралы түсінік беру; 2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету. 3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, ұйымшылдыққа , адалдыққа тәрбиелеу. БАРЫСЫ: І. Сәлемдесу. – Балалар , келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып бір-бірімізбен амандасайық. Оқушылар хормен: Амансың ба, Алтын күн?! Амансың ба, Көк аспан?! Амансың ба, Жер-Ана?! Амансың ба, достарым?! Сіздерді көрсем қуанам! ІІ. Шаттық шеңбері. - Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Допты беру» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін білдіреді.) Тренинг ережелерімен таныстыру. 1. Бір-біріне сыйлық беру 2. Ұзақ уақыт сөйлемеу. 3. Ұйымшыл болу Танысу тренингі. Бір-бірімізге жылы жүрегімізді сыйлай отырып, танысу ( ойыншық жүректі сыйлау) ІІІ. Кел, ойланайық, пікірлесейік. «Үндемес» ойынын өткізу 1.Берілген бір параққа әр оқушы «Сыйлықты сыйлау» эпизодын үндемей суреттеу 2. Салған суреттеріне топ болып сценарий жазып, көрініс көрсету, қорғау IV. Мәтінмен жұмыс. «Ойды жалғастыр», миға шабуыл Сыйластық Сыйластық – жалпы адамдар, әрине, әркімнен әр түрлі жағдайда сыйласады. Үлкен , дос немесе құрмет қылуға лайықты адамдар арасында сыйластық әр түрлі болады .Сыйластық жалпылай түсінікте біреуге деген жылы ілтипаты мен ықыласы болу керек Сыйлық беру- .......................... 1. Сыйластық дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Сый , құрмет қандай адамдарға көрсетуге болады? 3. «Сіз» деген әдеп, «Біз» деген көмек» -деген мақалды түсіндіріңдер? 4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет? V. «Сыйластық, Бірлік, Достық, Құрмет.» үйін салу. - Балалар, достар мен туыстар арасында сыйластық,бірілік,достық, құрмет болу үшін , үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік. 1.Ел бірлігі – ел теңдігі.-В единстве народа – его свобода. 2.Бірлік болмай тірлік болмас.-Без единства жизни нет. 3.Ынымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді. -Единство и счастье – едины. 4.Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады. -Народ, не знающий единства, с нуждой дружит; народ сильный единством, со счастьем дружит. 5.Бірлікті ел бұзылмас.-Единство народа все беды отводит. 6.Жұмыла көтерген жүк жеңіл.-Легка ноша поднятая сообща. 7.Саусақ бірікпей ,Ине ілікпейді.-Пока альцы не сойдутся и иголку не ухватишь. 8.Ынтымақ болмай іс оңбас.-Без единства ни в одном деле толку нет 9.Сыйласаң, сыйлы боласың. 10.Көпті сыйлағаның, өзіңді сыйлағаның. VI. Тыныштық сәті. - Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің сыйлықты арнаған досын көз алдына елестетіп, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2-3 секунд) - Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық. VII. Дәйек сөз. - Енді балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйек сөзді жаттап, дәптерімізге жазып алайық. « Сыйласаң, сыйлы боласың» VIII. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру. - Балалар шаттық шеңберіне келе қойыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы жылы лебізді білдірейік. Мұғалімдерге жүрекке жылы сөздер жазып беру. IX. Қорытынды. 4. Үйге тапсырма. «Жүректен шыққан» деген күнделік арнау. Күнделікті кімнен жақсы сөз есіттің, кімге жақсы сөз айттың, сол жақсы жылы сөздерді жазып жүру. Сабаққа қатысқан оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып күнге жабыстырады.



Тренинг

Тренинг – ағылшын тілінен аударғанда “үйрету” деген мағынаны білдіреді. Тренинг белгілі бір жетістіктерге жету үшін жобаланған, жүйеленген үйрету немесе оқыту процесінің бір саласы болып табылады. Тренингтің негізгі мақсаты нақты тапсырманы орындауға көмегін тигізетін білім біліктілік қоры мен жек тұлғаның дамып жетілуінде оқыту, үйрету процестерінің интерактивті әдістер арқылы тренингте түзетуге арналған бір сала. Тренинг негізгі құрылымдары іс- әрекет және қимыл ойындары, пікірталас, жағдаятты талқылау.Бұлардың барлығы жеке тұлғаның дамуына тікелей бағытталған. Сонда негізгі мақсат - жеке тұлғаның жақсы сапаларын дамыту, жағымсыздан арылту. Тренинг 10-15 адам қатысуға болады.

Тренер- тренингті жүргізуші адам.

Тренинг жүргізуде тренер маңызды орын алады.

Тренинг негізгі 3 функциялық қызметті орындайды 1. Тренинг барысында бағдарламаның дұрыс орындалуы. 2. Тренинг орындалу реті 3. Тренинг соңында қандай нәтиже болады. Тренингте өткізілетін орын мен құрал-жабдықтар қаматамсыз етіледі. Тренингте әр түрлі тапсырмалар беріледі. Мәселен, демострация, пікірталас, , рөлдік ойындар. Тренер Ой жүргізуші Басқарушы Кеңесші Жаңашыл адам өзің бірқалыпты ұстау Демострацияның тиімділігі: Бұл тапсырманы көрсетумен сипатталған және тренерлердің көмегімен жүргізілетін тактикалық түрі: 1. Зейіннің тұрақтылығы 2. Іс- әрекет барысында топ қатысушысының өзіннің мүмкіншілігі пайда болады. Ситуация немесе рольден ойындар 1. Шындық элементінің болуы. 2. қатысушынның тәжірбиесі 3. Жағдаят белсенділікті артырады. Пікірталастың тиімділігі. 1. Әрбір қатысушы өз пікірін білдіре алады. 2. әрбір адам өз тәжірбиесіне, біліміне сүйенеді Тренингтер “Ия, жоқ” тренингі Мақсаты: Топ мүшелерін психологиялық жағынан белсендіру, жеке тұлғаны сенімсіздік жағдайынның және қысылу сезімнен арылту. Уақыты: 5-7 минут. Осы уақыт жалпы жұмыстың тонусын көтеруге бағытталады. Жүргізілуі: Топтағы балалар тең екіге бөлінеді. Жүргізуші 2 топты бір-біріне қарама-қарсы тұрғызып, саптың басы бойынша І – ші топқа “ия”, ІІ- ші топқа “жоқ” сөзін айтқызады. Қай топ жинақы және шапшаң айтса, сол топ тренингті бірінші бастайды. “Алақан” тренингі Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату. Уақыты:10-15 минут Көрнекілігі: ақ парақ, қарандаш Жүргізілуі: әр топ мүшесі өзінің алақаның ақ парақты түсіреді. Алақан бейнесінің ортасына өз аттарын бас әріппен жазады. Кейін ол өз алақаны бейнеленген қағазды , көршісіне береді, ол көршісі парақтағы бейненің бір саусағына алақан иесіннің жақсы қасиеттерін жазып, суретті әрі қарай жалғастырады. Парақ қағаз өз иесіннің қолына тигенде тренинг аяқталады. Тренинг аяқталған соң әр топ мүшесіне өз алақаны таратылып беріледі. “Төрт құбылыс” тренингі Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту. Уақыты:10-15 минут Жүргізілуі:Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші “су” деген дегенде балалар қолдарын алдарына созады, “ауа” дегенде қолдарын жоғары көтереді, “от” дегенде екі қолын айналдырады, “жер” дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатысса сол ойыннан шыға береді. “ Көңілді шеңбер” тренингі Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту. Уақыты:10-15 минут Жүргізілуі:Балалар шеңбер жасап отырады да, бір-біріне мұқият қарап алады. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балалардың біреуіне әр түрлі заттар қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілірік, бант) Балалар көздерін ашқанда не өзгерді деп сұрау керек. Ең зейінді балаға сыйлық беріледі. «Ойыншықты сипатта» тренингі Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту. Уақыты:10-15 минут Көрнекілігі: ақ парақ, қарандаш, ойыншықтар Жүргізілуі:Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты (мысалы, қуыршақ, түлкі, қоян, мысық т.б.) мұқият қарап алуды ұсынады.(1минут).Алынған ойыншықтар түрлі түсті және бірнеше бөліктен тұруы шарт.Ойыншықты жасырып тастағанда, сол ойыншықтың түсін, көлемін, дене бөліктерін дәл сипаттап берген бала әрі қарай ойынды жалғастыра береді. «Сиқырлы қапшық» тренингі Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату, балалардың қабылдауын дамыту. Уақыты:10-15 минут Жүргізілуі: Жүргізуші балаларды шеңбер жасап отырғызып, өзі олардың жанындағы кішкентай үстелдің жанына отырады. Үстелдің үстінде сиқырлы қапшық тұр.Оның ішінде әр түрлі ұсақ ойыншықтар.бар.Жүргізуші балаларды кезектестіріп шақырып, қапшықтың сыртынан сипалап бірдей екі затты тауып алуды сұрайды.Қапшықтың сыртынан сипап тұрып екі доп, екі машина т.б. заттарды тауып алып, кейін бала олардың не екенін сипаттап айтып береді.Жүргізуші баланың айқанының дұрыс екендігін тексеру үшін тапқан затты қапшықтың сыртына шығарады.Ойын осылайша жалғаса береді. «Кім қалай дыбыстайды» тренингі Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату. Жүргізілуі: Қатысушыларды санына қарап ойынға қатысатын балаларды топтарға (ит, тауық, жылқы) бөледі. Жүргізуші белгі берген уақытта ит тобындағы балалар ит сияқты үріп дыбыстау керек. Дәл сол сияқты тауық, жылқы, мысық топтары да өз топ атауларын қорғап шығады. Соңында жүргізуші өз белгі берген уақытта барлық топ бірдей уақытта өз дыбыстарын салады. “Автобус” тренингі Мақсаты: Жеке тұлғаның эмоциялық көңіл күйін түсіну, вербалды емес қарым-қатынасты орнату. Жүргізілуі: Топ екіге бөлінеді. Екі топ екі автобустқа отырғандай сапқа тұрып, қарама-қарсы жаққа қозғалады. Жүргізуші «сіздер үлкен қалаға келдіңіздер, сіздер мінген автобус бағдаршамға келіп тоқтағанда сіз автобустың терезесінен екінші автобуста отырған таныстарынызды көріп қалдыңыз. Бұл үлкен сәттілік, сіз осы уақытты пайдаланып оған жедел түрде жағдайыңызды айтып жеткізуіңіз керек. Бірақ сіз оны үнсіз түрде понтомикамен көрсетуіңіз керек. Сізде уақыт аз. Сізде уақыт аз, сол уақыттың ішінде сіз танысынызға айтқаныңызды айтқаныңызды түсіндіріп үлгеруіңіз керек. Олда сізбен сөйлемей қарым-қатынас жасау керек» дейді Балалар өз сөздерің понтомимикамен толық жеткізе білулері керек. “Еркін бала” тренингі Мақсаты: Бұл жаттығу қатысушыларға басқалардың алдында қысылмауға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар би терапиясын дамытуға көмектеседі. Уақыты: 30 минут. Жүргізілуі: Балалар үлкен шеңбер жасап отырады.Олардың арасынан бір бала ортаға шығып билейді.Оның қимылы қиын болмауы болуы керек. Жүргізуші бір минуттан соң ол баланы отырғызады да, оның орнына, яғни ортаға басқа қатысушыны шығады.Осылайша әр бала өз еркіммен ортаға шығып, 1-2 минут болсада, өзінің биін билеп ойын жалғаса береді.Ойын соңында бәрі бірге шығып, би билеп көңіл көтеруге болады. “Құлақ – мұрын” тренингі Мақсаты:Балада қабылдау процесінің қалай дамығанын анықтау. Жүргізілуі:Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші “құлақ” деп қолымен мұрынын, ал “мұрын” деп құлағын ұстайды. Ал балалар шатастырып алмай “құлақ” дегенде құлағын, “мұрын” дегенде мұрынын ұстау керек.Шатастырған балаларды ойыннан шығара береді.Соңғы қалған адам жеңімпаз атанады.








ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ — ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ туралы қазақша реферат

  Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы  қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.

Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:

– жеке тұлғаны дамыту;

– қатысушылардың әлеуметтік – психологиялық компетентілігін, білімін көтеру;

–қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;

– өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту;

– өзін-өзі және басқаларды толық тану;

– жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету. Зерттеу жұмысының нәтижелілігі тренингке қатысқаннан кейін тұлғалардың қарым-қатынас барысында өздерін ұстауы, жүріс-тұрысының өзгергендігін, сөйлеу мәнері мен мәдениетінің жоғарылағандығын аңғартады.

Психологиялық тренингті ұйымдастыру ерекшеліктері туралы тоқталып өтейік. Кез-келген практик психолог өз қызмет жолында психологиялық тренингтерді өткізуге міндетті. Бұл тренингтер әр түрлі тақырыптарды қамтиды. Психологиялық тренинг қалай ұйымдастырылады және жүргізілу барысы туралы сөз алдында, «тренинг» ұғымын толық ашып алу қажет. Тренингтің үйрену, білім беру және дамыту ұғымдарына сәйкестігін анықтау.

Үйрену – зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау үрдісі.

Білім беру немесе оқыту тар көлемді әрекеттегі мәселені талдап, кең мағынада шешуде білім және  құндылықтарды жүйелі меңгеру үрдісі.

Дамыту – жеке адамда саналы және бейсаналы үйрену мүмкіндіктерін кеңейту және икемдіктерінің өсуі.

Психологиялық тренингтің ең  маңызды мәселесі — өзінің жек даралық  қасиеттері арқылы  тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек береді. Ал, ол үшін ең бастапқы жағдайда адам өзін жеке тұлға ретінде қабылдап және түсіне  білуге үйренуі қажет. Тренингтердің жағымды нәтижелі болуына  жаттықтырушыға  бірнеше талаптар қойылады:

—        қоршаған жағдай туралы мағлұмат;

—        қатысушылар саны қаншалықты үлкен;

—        бөлме көлемі қандай;

—        бөлме жаңғырығы, акустикасы қатысушыларға  түгелдей естіледі ме;

—        жаттығудың негізгі құрылымы қандай;

—        қандай оқу құралдары қолданылмайды;

—        жаттықтырушы бөлменің қай бұрышында тұрады;

—        плакат, тезис, резюмелер қолданылады ма;

—        орындықтар қалай орналасқан;

—        бөлмеде сағат бөлу қажет пе;

Психологтың қолайлы нәтиже алу мен ықпал ету қабілетін орнату үшін жүргізілетін тренингтің жалпы мақсаты төмендегі міндеттерді шешеді:

—        білімдерді толық меңгеру;

—        жаңаны үйрену мен тапсырманы орындау барысында және топтық қарым-қатынас өрісінде ептілік пен дағдыны қалыптастыру;

—        табысты бірлескен іс-әрекет орнатуды дамыту;

—        өзін-өзі және басқа адамдарды танудың толық және тепе-теңдік мүмкіндіктерін дамыту.

Әрбір бөлімнің құрылымында біз материалды зерттейтін ортақ игеру логикасын және тұлғалардың өзіндік бақылауы мен бағалауын қалыптастыруда төменгі аспектілері жүзеге асырылды:

— Мен қандаймын?

— Мен не істей аламын және осыны қалай қолдану керек?

— Менде жоқ қасиеттерді мен қалай дамытуым және икемдеуін керек?

Әрбір сабақтың құрылымында біз жұмыстың негізгі кезеңдерін ерекшелейміз. Яғни, білім алушы колледж білімгерлерімен түзетіп-дамытатын формалардың дәстүрлі түрлері:

— Сәлем беру рәсімі;

— Жаттығу тапсырмалары;

— Үй жұмысы, өткен сабақтың рефлекциясы;

— Тапсырманың негізгі құрылымы

— Өткен сабақтың рефлекциясы

— Қоштасу рәсімі

Бұл жастағы тұлғалармен осы тектес жұмыстар аптасына 1-2 рет өтеді. Тренинг ұзақтығы – 1 сағаттан 3 сағатқа дейін.

Қасытушылармен жүргізілетін дамыту-түзету жұмыстарының құрылымында келесі бөлімдер ерекшеленеді:

Кіріспе бөлімі. Оның басты мақсаты қатысушыларды тапсырмалармен жұмыс түрімен, топтың бірігуіммен, ондағы жағымды атмосферамен, жеке анализдың алғашқы түрін қалыптастыру және өзін-өзі оқу барысында субъект ретінде тануын қалыптастыру.

«Танымдық үрдісі» бөлімі. Оның мақсаты есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау процестерінің ерекшеліктерін дамыту. Сонымен психологиялық тапсырмалар арқылы осы танымдық белсенділіктің дамуына, шығармашылық қабілеттің қалыптасуына ықпал ету  түрлерін анықтауға көмектеседі.

«Назар аудару» бөлімі. Бұл бөлімде қатысушылардың назарын ортақ мәселені бірге шешуге, бірін бірі қабылдау мен тыңдау ерекшеліктерін қалыптастыруға бағыттайтын түрді игеру.

«Нейропсихологиялық ерекшеліктер» бөлімі мидың доминанттық бөлімімен тығыз байланыстың танымдық аспектілері қарастырылады.

Білім беру орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық,  қоғамдық,  педагогикалық және арнайы ғылымдардағы меңгеру психолог мамандарының қызметімен үйлестіре жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы – тренинг екені дәлел. Тұлғаның жаңа ортаға енуі, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы дұрыс  ұйымдастырылған топтық жұмыстарға байланысты.

Тренинг мақсаты – адамды нақты тапсырманы орындауға қажетті білім, шеберлік және бағытпен қамтамасыз ету. Тренингте өзгеріс, нәтиже бірден көрінеді. Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг теңдігі түрлері де ерекшеленеді. Рольдік тренинг, видеотренинг, қарым-қатынас тренингі, іскерлік қарым-қатынас тренингі, мәдениетаралық өзара әрекет және т.б. Тренингтер белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі. Трениг принципіне жататындар:

1. Белсенділік принципі.

2. Зерттеу және шығармашылық қатынасындағы принцип.

3. Мінез құлық обьективтілік принципі.

4. Қарым-қатынаста субьект, субьектілік принципі.

5. Шындық принципі.

6. Қазір, осы жерде принципі.

«Адам табиғаттың қызық қасиеттерінің бірі оның айналадағы адамдар көзқарасындағы өз бейнесін ойлауға ұмтылғандығы. Кейбіреулер қиналса да соңына дейін ойнап шығады» — деп Ф. Искандер тұжырымдағанындай әлеуметтік – психологиялық тренингтің басты жоспары – ұйымдастырылған іс-әрекетті соңына дейін жеткізу болып табылатынында. Тренинг барысында жеке бастың дамуы туралы мәселелер нәтижелі шешіледі және коммуникативті дағдылар жемісті қалыптастырылады. Сабақ, оқу процесінде ұйымдастырылған әлеуметтік – психологиялық тренингтер білімгерлердің қарым-қатынастары жақсарады, өздерін белсенді қатысушы және басқаларға әсер етуші жағдайда сезінеді, топтың толық сеніміне кіреді. Әр бір бастаған іс-әрекеттінің толық аяқталуын қадағалайды. Ең бастысы – басқаларға  өзінің ойы мен сезімін, уайымы мен күдіктенуін сенуге қорықпайды. Кейбір тренингтерді арнайы жоспарланған адамдарға ғана емес, отбасы мүшелеріне, достары және жолдастарға да жүргізуге болады. Тренинг арқылы жақын адамдардың адамдық қасиеттерін ашып, бағалауға көмек беріледі, сөйлеу мәдениетін, тұлғаның қоғамда өзін ұстау іскерлігін және әдептілік ережелерін сақтауды енгізеді. Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізген тренинг жеке тұлға қалыптасуының жетекші құралы екендігіне толық сенімдеміз.

Әлеуметтік  психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы. Тренингтің бұл түрін тек психология маманының қызметкерлері ғана емес арнайы психологиялық білімі жоқ мұғалімдер де сабақ беру барысында қолдана алады. Оқу және тәрбие жұмысына жағымды өзгерістер енгізуге, оқу процесін белсендіруге тренингтердің ықпалы жоғары. А.С. Прутченков «Мектептегі әлеуметтік – психологиялық тренинг» еңбегінде, дұрыс ұйымдастырылған тренингтің оқушыларға жағымды әсері, ұйымдастырушының шеберлігі, педагогикалық қақтығысты реттеуші құрал екендігін атап  көрсеткен.

Кез келген тұлғаның жаңа ортаға бейімделуі, құрбылар арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуы, өзін дұрыс таныстыра білуі және тб. жағдайлары  кейде айналасындағылар тарапынан ұйымдастырылған әрекеттерге да байланысты әсер етеді. Сондықтан ең алғашқы кездесуде «Танысу» тренингін жүргізуге болады. Бұл тренингтерде қолданылатын ең бастапқы жаттығу болғандықтан қатысушыларды жұмысқа жауаптылықпен қарым-қатынас жасауға жұмылдыру қажет. Кейде жай ғана танысу  мен кездесу адамды түсінуге үлкен маңыз береді. Адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбетінен ғана емес, сөзі арқылы да есте сақтауға болады..

«Шеңбер бойынша сөз тізбегі” ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.

Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз”.  Енді оң жақтағы  ойыншыдан бастап  осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен  айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады. Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.

 «Комплимент» ойыны.

Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды.

Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді.

Тренинг аяқталғаннан кейін қортынды ширингте «Тренинг саған не берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды.

Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал етеді.

Іскерлік ойын «Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі».

Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды. (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады.

Жоғарыдағы жаттығудан кейін эмоциялық қысымды шығару үшін «Жағымсыз эмоциялық күйді шығару» арт терапиялық тапсырма орындалды.

Тапсырма ережесі: Қатысушыларға А4  және А1/4 қағаз беріледі. Олар А1/4 қағазға жағымсыз көңіл күйін түсіреді.  Сол қағазды үлкеннің үстіне жапсырып өзінің қалауы бойынша суретті жалғастырады. Кішкентай қағазды жапсырар алдында мына сөздерді айту маңызды «Өмірді ашық, жарық, көңілді  жағдайлар өте көп». Сурет қатысушының қалауы бойынша, өзі қалай өзгергерткісі келгенше салынады, боялады.

Тапсырманы қорытындылау үшін талқылау сұрақтары берілді:

—  Суретте ненің бейнесі салынған?

—  Осы суретті салғанда қандай сезімде болдыңыз?

—  Бұл сурет сізге нені көруге әсер етті? т.б.

ойын «Әрекет».

Ойын ережесі: Қатысушыларға келесі тапсырмалар берілді. Олар жылдам жауап қайтарулары тиіс:

–            Қандай жағдайда үстелде тамақ жеуге, ал стөлде отыруға болады……

–            Астроном айға телескоппен  қарап тұр, ал егер оған айдан біреу қарап тұрса ше?

–            Полмен патолокты аударыңыз……

–             Картинаны аяғынан басына төңкеріңіз……

–             Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз……

Жоғарыда сипатталған жаттығуларды орындау тиімді. Бұл жаттығуда тапсырма немесе құрал – жабдықтар нақты берілмейді, оның орнына тұлғаның басқалармен бірлескен іс–әрекеттегі қарым–қатынас кезіндегі күйзелісіне, қайтар бағдар беру мүмкіндігін жасайды. Көптеген адамдар қарым қатынас кезінде қиындықтарды басынан кешіруінің бір нұсқасы болуы мүмкін. Өзіңнің  көңіл – күйің дұрысталғаннан кейін өзіңе ғана емес, өзгелерге де көмек жасауға болады.  Ал қайта бағдар берудің екінші нұсқасы негізсіз тәжірибелердің құндылықтары жөніндегі  әңгіме. Осы арқылы адам қоршаған әлем турасында тану дәрежесіне жетеді.

Сонымен танымдық белсенділік адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін біртұтас бөлшегі. Топта үйлесімді қарым-қатынас орнауы үшін  адамның, оқушының, маманның және тб. іс-әркетін сапалы ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт, бағдар беру болып табылады. Оның дәлелі ретінде психологиялық тренингтер жүргізу арқылы тұлғаның танымдық белсенділігін дамытуға тиімді қол жеткізуге болады.

        Қолданылған әдебиеттер:

1.     Бакли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга.- Питер, 2002 г.

2.     Торн К., Макей Д. Тренинг. Настольная книга тренера.- Питер, 2001 г.

3.     Изен Н.В., Пахомов Ю.В.   Психотренинг игры и упражнения. — П., 2000 г.

4.     Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру. – А.-2002 ж.

5.     Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе.- эксимо-пресс, 2001 г.

6.     Сидоренко Е.В. Мотивационный тренинг – Р; 2000 г.

















Психологиялық ойын жаттығулар жинағы

  1. «Дос достыққа» сергіту ойыны (5 минут)

Нұсқау: Қазір сіздер өте бір қызық ойынды ойнайсыздар. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»:

Оң қол оң қолмен!

Мұрын мұрынмен!

«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар.

Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін білеміз.



  1. «Біз, біздің және оқушылардың құқықтары» коллективтік ойыны (10 минут)

Ең маңызды деген құқықтарыңды және өзіңді бейнелей отырып, бірлесіп сурет салу.

Талдау:

  • Бірлесіп жұмыс жасау жеңіл болды ма?

  • Өзіңді қандай күйде бейнеледің?

  • Қандай құқықтарыңды сен ең маңызды деп есептейсің?



Құқықтары қаралады:

Өмір сүруге құқығы.

Зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғануға құқығы.

Оқуға құқығы.

Баланың өзі сенім артатын ересек адамнан, дәрігерден, милиционерден, ұстаздан көмек сұрауына құқығы бар.

Төңірегіндердің сый-құрметіне бөленуге құқықты.

«Жоқ» деген сөзді айтуға құқықты.

Басқа да балалардың және басқа адамдардың да дәл осындай құқықтары бар.



  1. «Ақсақ маймыл» жаттығуы (5 минут)

Қатысушылар өздерін емін-еркін сезініп, жайғасып отырады. Жүргізуші (психолог): «Қазір мен сіздерге тапсырма берем, бұл тапсырманы менің «бастаймыз» деген сөзімнен кейін орындаймыз, «тоқтаймыз» деген кезде тоқтаймыз. Егер берілген ережені белгілі себептермен бұзып алсаңыз, бір рет қолды шапалақтап белгі беріңіз.Басқа нәрсеге алаңдасаңызда осылай жасаймыз» Енді бәріміз көзімізді жұмамыз да «Ақсақ маймыл» туралы ойламаймыз. «Бастаймыз».

Талқылау:

  1. Тапсырма орындау барысында қандай жағдайлар кедергі болды?

  2. Қандай әсер алдыңыз?

  3. Ойды игеру мүмкін ба екен?



  1. «Мен – үйде» және «Мен - жұмыста» жаттығуы (10 минут)

Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс –тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау:

  1. Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.

  2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?

  3. Не себепті айырмашылықтар болады?

  4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?



  1. «Үш жыл» жаттығуы (15 минут)

  1. Бәріміз емін - еркін отырып, терең дем аламыз. Ешқандай нәрсе ойламауға тырысайық.

  2. Елестетіп көріңіз, сіз өзіңіздің үш жыл өміріңіздің қалғанын білдіңіз. Бірақ осы үш жыл ішінде сіз ешқандай да ауырмай, деніңіз сау болып өмір сүресіз. Сіз бұл хабарды естігенде қандай күйде боласыз? Бірден болашағыңызға жоспар құрасыз ба әлде аз уақыт қалғанына өкінесіз бе? Қағаз бетіне түсіріңіз.

  3. Осы қалған өміріңізді кімдермен бірге сүрер едіңіз? Қай жерде сүрер едіңіз? Жұмысыңызды жалғастырасыз ба? Осы уақыт аралығында не істеп үлгеру керек? Осылардың барлығын қысқаша қағаз бетіне түсіріңіз.

  4. Осы осы үш жылдағы өміріңіз бен қазіргі өміріңізді салыстырыңыз.

  5. Қандай ұқсастықтар бар және қандай айырмашылықтар бар? Сол өмірден бүгінгі өміріңізге не қосар едіңіз?

Қорытынды: Енді бұл «үш жыл өмір» - тек ойын үшін жасалған жаттығу деп қабылдап, ол ойдан арылыңыздар. Бұл ойыннан өздеріңізге не алар едіңіздер? Бұл жаттығуды жасай отырып сіз қандай тәжірибе жинақтадыңыз? Қағаз бетіне түсіріңіз.



  1. «Рахмет» жаттығуы

Қатысушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші (психолог) ойша осы сабаққа келгенге дейінгі көңіл-күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» деп айқайлайды.

Талқылау: Қандай сезімде болдыңыздар?



Сабақтың рефлексиясы:

Мен бұл сабақтан алған тәлімім ...

Маған ұнағаны...

Маған ұнамағаны ...

Менің естігім, білгім, жасағым келгені ...

































Тренинг сабақ

«Қиял әлеміне саяхат»

Мақсаты: Оқушылардың таным процестеріндегі қиялын,шығармашылық

қабілеттерін машықтау арқылы жан-жақты дамыту.

Міндеттері:

Психологиялық жаттығулар арқылы білімін арттыру;

- Шығармашылық белсенділіктерін дамыту;

- Ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Кіріспе сөз:

Сәлеметсізде ме,оқушылар?

Бүгінгі тренинг сабағымыздың ерекшелігі «Қиял әлеміне саяхат» деп аталады.Сіздерді қиялдың түрлерімен таныстырып өтейін.

Қиял түрі: Жасампаз,ырықсыз (енжар),ырықты (белсенді),арман,шығармашыл болып бөлінеді екен.

Барысы: Тренингтің ережесін бекіту.

  1. Тыңдау әдебін сақтау

  2. Өз пікірін ашық білдіру

  3. Белсенділік таныту

  4. Сөзді бөлмеу

  5. Күлімдеу

  6. Мадақтап отыру

Танысу тренингі «Менің есімім»

Мақсаты:

Әрбір жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауын,құрметтей алуын,өзіне деген сенімділігін артып,бір-бірімен жағымды қарым-қатынаста орнату.

Нұсқау:

Өз есімдеріңізді табиғаттың бір бөлшегіне теңеп,оның сурет салу арқылы бейнелеп таныстыру қажет.Мысалы: Мен өзімді биік тауға теңеймін,өйткені биік шыңдардан көрінгім келеді. т.б



Тренинг «Бірақта » сөйлемін аяқтау

Мақсаты: Жылдамдыққа, ұшқыр ойға мүмкіндік беру.

Нұсқау: Балалар сіздерге карточка таратамын,сол карточкада аяқталмаған сөйлем бар өз ой,қиялдарыңыз арқылы тиісті сөзді құрастыруларыңыз керек. Мысалы: «Мен көп сөйлеймін, бірақ та бұл өзіме өте ұнайды»

Менің бойым аласа, бірақ та…

Мен ұялшақпын, бірақ та…

Мен білімгермін, бірақ та…

Мен өлең айта алмаймын, бірақ та…

Мен шаршадым, бірақ та…

Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ та…



Тренинг: «Болады,болмайды»

Мақсаты: бала қиялын дамытуға арналған.

Нұсқау: Ал балалар солай болу мүмкін болса, онда қолдарыңды шапалақтайсыңдар,егер ондай мүмкін болмаса-онда аяқпен топылдайды.

Қасқыр орманда кезіп жүреді –(алақандарын шапаттау);қасқыр ағаш басында отыр-(аяқтарын шапаттайды); мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр-(алақан соғады); ит аспанда жүзіп келеді-(аяқтарын шапаттайды); қыз үйдің суретін салып отыр-(қолдарын шапаттайды) ер бала қыздың көйлегін киеді-(аяқтарын шапаттайды);

Психолог: көңіл-күйлеріңіз көтеріліп қалды ма?



Шығармашылық жұмыс



Мақсаты: Балаларды ізденімпаздыққа,ойлау,қиялдау шеберлігін байқау.

Нұсқау: Кез-келген бір бейнені өз қиялдау арқылы кез-келген бейнеге айналдыру қажет.



Релаксация. «Сарқырама»

Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз.2-3 рет деміңізді шығарыңыз.Терең тыныс алыңыз.Өзіңізді сарқыраманың жанында тұрмын деп елестетіңіз.бірақ бұл басқа сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше сарқырама.Судың орнына бұл сарқырамадан жұп-жұмсақ аппақ жарық ағуда.Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз және осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз....Өзіңіздің маңдайыңыз,аузыңыз,беріңіз бен мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз....Ақ жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр,бұл сізге өзіңізді жайлы,сергек сезінуіңізге көмектеседі.Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің бойыңыздағы ауыртпалық пен жағымсыз эмоцияларды алып кеткендей болады.

Сонымен қатар жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып жатыр.Сіз өзіңіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ әрі сергек болғандағын сезіндіңіз.Жарық сіздің аяқтарыңыз бен өкшеңізден ағып кетіп жатқандығын сезіндіңіз.Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп,денеңізді жұп-жұмсақ әрі сергек етуде.Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз,сіздің денеңіз жағымды күштер мен қуаттарға баюда....

Ал енді,сіздің бойыңызды тазартқан сарқырамаға өз алғысыңызды білдіріңіз.

Денеңізді тік ұстап,терең тыныс алыңыз.Көзіңізді ашыңыз.



Психолог: * Қандай сезімде болдыңыздар?

* Жалпы бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңіз?



Қорытынды:

Бүгінгі теренингіміз осымен аяқталды,сіздерге осы білім кемесінде,шығармашылық ізденістеріңді әрі қарай жалғастырып жоғары жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін.Сау болыңыздар!


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?зін-?зі тану п?нінен тренингтер жина?ы

Автор: Умбетова Мейрамкуль Алимбаевна

Дата: 08.02.2016

Номер свидетельства: 290056


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства